Мұздық денудациясының басым аймағы


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

СОӨЖ

Алматы 2020ж.

Slide 2

Мазмұны:

Кіріспе 1. Мұздық (гляциалдық) процестер 2. Мұздықтардың түрлері

3. Жамылғы мұз басқан аймақтардың бедер пішіндері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Мұздық- ұзақ уақыттар бойына сақталатын ұдайы қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз жинағы; таулы өлкелерде, қарлы деңгейден жоғары аймақтарда қалыптасқан Мұздық өз салмағымен төмен қарай жылжи отырып, қарлы деңгейден төмен аймақтарда абляцияға ұшырайды. Мұздық - ауқымды су қоймасы. Достастықтағы мұздықтардың мұз массасының өзi 7 мың текше шақырым су құрайды екен. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы территориясының өн бойын шарлаған өзендердiң төрт жылғы ағын суы. Ал осы мұздықтар ерiген күнде Әлемдiк мұхит атаулы 5 сантиметрге көтерiледi.

Кіріспе

Slide 4

1. Мұздық (гляциалдық) процестер

Хионосфора (грек сһіоп - қар жəне sparіa - шар) деп өз құрамында атмосфералық ылғалдың басым көпшілігі қатты заттар күйінде тұратын тропосфераның қабатшасын айтады.

Мұздық бедер түзілу процестер мұз əрекетіне тікелей байланысты. Мұндай процестердің дамуы үшін жер бетінің белгілі бір аймағында мұздықтың ұзақ уақыт сақталып тұруы қажет.

Егер жер бетінің қандай да бір бөлігі хионосфера шегінде болса, онда мұз қалыптасу жағдайы тууы ықтимал. Мұнда қар жауу басым болып, үнемі қар мен мұз сақталуы мүмкін. Хионосфераның төменгі шегі - қар сызығы

1. Мұздық (гляциалдық) процестер

Slide 5 Slide 6

2. Мұздықтардың түрлері

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Тауда мұздықтардың пайда болуы қар жұрнағынан немесе фирн дақтары қалыптасу кезеңінен басталады. Қар шекарасына сəл жоғары тау басындағы беткейлердің ойпауытты жерлерде қыстай жиналған қар жазда еріп үлгермейді. Келесі жылы мұнда тағы да жаңа қар түседі. Сөйтіп қар біртіндеп фирнге, кейін мұзға айналады. Мұздың тұрақты жиналған қоры астында жатқан тау жыныстарының аяздық үгілуіне қолайлы жағдай туғызса, ал қар сулары үгілген заттардың төмен қарай сырғып шығуына қамтамасыз етеді. Мұнда температура ауытқып, судың қату жəне еру процесі кезек-кезек ауысуы нəтижесінде онымен беттескен түпкі тау жыныстарының бұзылуын нивация дейді. Соның нəтижесінде жиналған қардың астыңғы жағы төмендеп бірте-бірте тау беткейінде орындық (кресло) тəріздес артқы қабырғасы құламалы немесе тік келген, түбі жайпақ ойыңқы пайда болады. Мұндай бедер пішінін кар (шотландша - орындық) деп атайды

Іле Алатау. Саты өзені алабының суайрық бөлігінде дамыған кар бедер пішіні (Суретті түсірген Б. Ж. Аубекеров) .

Slide 11

3. Жамылғы мұз басқан аймақтардың бедер пішіндері

Жамылғы мұздықтар таулық мұздықтарымен салыстырғанда əлдеқайда көп, ауқымды. Олар тіпті кей түста бүтіндей бір аралдар мен құрлықтарды алып жатыр. Мəселен, Гренландиядағы сірескен мұздықтардың қалындығы 3 км-ден асса, Антрактидада ол 4 км-ге дейін жетеді. Міне, осындай ғаламат қалыңдығына байланысты мұз астындағы бедер пішіндері мұздықтың таралуына пəлендей əсер ете алмайды. Жамылғы мұздықтардың үстіңгі беті əдетте дөңестеу, жазық келеді, яғни қалқанға ұқсас болады. Олар Арктикалық жəне Антрактикалық климат белдеулерінде таралған, ал бұлардағы қардың шегі теңіз деңгейіне дейін жетеді немесе одан сəл биігірек орналасады.

Жамылғы мұздықтардың жылжуы қысымның айырмашылығына байланысты пайда болады да, мұздық "қалқанының" ортасынан басталып, жан-жағына жылжып тарамдала тарайды.

Мұздықтың қоректену аймағы "қалқанның" кіндік тұсында орналасқан. Ондағы мұздың жыл сайынғы еруі оған түсетін қар мөлшерінен кем болады. Қоректену аймағынан қашықтаған сайын абляция арта түседі де, мұздың қалындығы кеми бере, мұздықтың шет-шеті мұз астындағы бедеріне бейімделе бастайды (мəселен, Гренландияның оңтүстік-шығыс бөлігінде осыңдай құбылыс айқын байқалады) . Мұздық балансының артуы мен кемуінің арақатынасына байланысты оның жиегі бір қалыпта тұрмайды, осциляция құбылысы болып тұрады.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Қорытынды

Мұздық шөгінділерде құрылыстық материалдармен қатар, кейбір шашылымдардың түрлерін кездестіруге болады.

Мұздық шашылымдары таулық мұздықтар немесе көне құрлық мұздықтар əрекетінен түзіледі. Олар мореналық жəне флювиогляциалдық шашылымдарға бөлінеді. Мұндай шашылымдар аз іріктелген жəне пайдалы қазбаларға бай емес, ал егер мұздық өзінің жылжу жолында көне теңіздің немесе аңғарлардың аллювийлік шашылымдарды бұзып алып кетсе, онда бағалы құрамбөліктермен баюы мүмкін. Осындай алтынның мореналық шашылымдары Канада да (Клондайк) жəне Америка Құрама Штатындағы алмастың шашылымдары бар. Шашылымдардың қалыптасуына флювиогляциалдық шөгінділерде материал-дың іріктелуіне қолайлы жағдай туады. Осыған ұқсас алтын шашылымдар Жаңа Зеландияда жəне платина шашылымдары Канадада кездеседі.

Slide 15

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. С. А. Құсайынов, Жалпы геоморфология. Оқулық. Алматы-2012.

2. Веселова, Халықова. Жалпы геоморфология, Алматы, 1997.

3. Ә. Б. Байбатша «Жалпы геология» 2012.

4. Н. Туякбаев, К. Арыстанов, Б. Абишев «Жалпы геология курсы» 1993.


Ұқсас жұмыстар
Тау мұздықтары
МҰЗДЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ
Алтай таулы аймағы
Тропикалық типтегі өзендер
Құрылыс керамикасын өндіруге арналған шикізат
Сулы мұзды селдер секундына
Қашықтықтан зерделеу мәліметтері бойынша Орталық Азия территорясының мұздану серпінін бақылау
Маусымдық қар шегі
Қазақстан аумағындағы мұздықтар — жер суару мен гидроэнергетиканың басты көзі. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы
Алматы мемлекеттік қорығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz