ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ


Slide 1

Зертханалық жұмыс - 6

Тақырыбы: Аймақтық және жергілікті билік органдарынын әлеуметтік-экономикалық басқару саясаты (Шымкент қаласы бойынша) .

Slide 2

Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласы

Денсаулықтың медициналық-демографиялық көрсеткіштері.

2018 жылы 0-35 жас аралығындағы әрбір үшінші өлім сәби жастағы балаларда болған. 5 жыл ішінде 28 %-ға төмендеу үрдісімен 0-18 жас аралығында бір жасқа толмаған балалардың өлімі бірінші орында, екінші орында - 25 %-ға төмендеумен жасөспірімдер өлімі (15-19 жас), үшінші орында - 24 %-ға төмендеумен 5 жасқа дейінгі балалардың өлімі болған. Ересектер арасында ерлер өлімі басым. Ерлер мен әйелдер арасындағы өлімнің ең көп айырмасы 25-29 жас аралығында, 2, 8-ге 1 арақатынасында, бұл жарақаттардың, жол-көлік оқиғаларының және суицидтердің жоғары деңгейіне байланысты.

Slide 3

Аурулар құрылымында өлім себептерінің арасында қан айналымы жүйесінің аурулары (бұдан әрі - ҚЖА) бірінші орында. 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда ҚЖА-дан 167, 38 қайтыс болды

бұл 2015 жылмен салыстырғанда 13 %-ға төмен. Стационарларда ҚЖА-дан қайтыс болғандардың арасында 40, 4 %-ы еңбекке жарамды жастағы адамдар (15 - 64 жас аралығында) болған

2018 жылы нерв жүйесінің аурулары өлім бойынша екінші орында (15, 7 %) болды (егде адамдардың көпшілігінің қайтыс болу себебі ретінде аурудың осы санаты көрсетіледі) . Үшінші орында - тыныс алу ағзаларының аурулары (11, 6 %)

Өлім себептерінің төртінші орнында - ісіктер (8, 8 %) . Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырылуда, астанада Ұлттық онкология орталығын салу басталды.

Жарақаттанудан, жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын өлімнің төмендеу үрдісі бар: 100 мың адамға шаққанда 2015 жылы 82, 5 мың адамнан бастап 2018 жылы 66, 59-ға дейін.

Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандардың саны жоғары күйінде қалуда (2015 жылы - 2439 адам, 2018 жылы - 2413 адам)

Slide 4

Денсаулық сақтау жүйесін SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1) халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамту; 2) денсаулық сақтау саласындағы шығыстарды тиімді бақылау; 3) клиникалық қызметті стандарттау; 4) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бірыңғай сатып алу (ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сатып алу құнын төмендету) ; 5) денсаулық сақтауды цифрландыру; 6) медициналық ЖОО-лардың озық шетелдік университеттермен стратегиялық әріптестігі.

1) халықтың денсаулық сақтау мәселелері бойынша сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі (мінез-құлықтық қауіп факторларының денсаулыққа әсер ету дәрежесі) ; 2) мемлекеттік денсаулық сақтау секторындағы медицина қызметкерлерінің бәсекеге қабілетсіз жалақысы; 3) медициналық ұйымдардың ескірген инфрақұрылымы және медициналық техникамен жеткіліксіз жарықтандырылуы; 4) денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлардың теңгерімсіздігі; 5) сервистің және медициналық көмек сапасының біркелкі емес деңгейі; 6) ақпараттық технологиялардың жетілдірілмеуі.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1) жасанды интеллектті енгізу және толық цифрландыру; 2) халықты хабардар ету және өз денсаулығын сақтауға тарту үшін мобильді және веб-қосымшалар; 3) "Саламатты қалалар" ДДҰ бастамасы; 4) денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықтың сауаттылық деңгейін арттыру және мінез-құлықтық қауіп факторларын төмендету; 5) дербестендірілген медицинаны дамыту; 6) емдеудің инновациялық әдістерін және технологияларын, оның ішінде биофармацевтика саласында енгізу; 7) денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік; 8) денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайту.

1) елден жоғары білікті кадрлардың кетуі; 2) ауаның, топырақтың және судың ластануы; 3) инфекциялардың пандемиясы және олардың тез таралуы; 4) инфекциялық емес аурулар ауыртпалығының өсуі; 5) дәрілік заттардың тиімсіз пайдаланылуы, микробқа қарсы резистенттілік; 6) халықтың күмәнді дереккөздер арқылы теріс ақпарат алуы, халықтың вакцинациялаудан бас тартуы; 7) пациенттердің комплаенттілігінің төмендеуі (медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын сақтамауы) .

Slide 5

Шымкент қаласының білім беру жүйесі

Шымкент қаласындағы 752 білім беру мекемелерінде 330218балалар білім алуда. Оның ішінде:

мектептер - 178, оқушы саны - 225295(орта мектеп - 133, оқушы - 206658, кешкі мектеп - 4, оқушы - 774, мамандандырылған мектеп - 6, оқушы - 3887, арнаулы мектеп-интернат - 5, оқушы - 881, жекем. - 30, оқушы - 13095) ;

балабақшалар - 526, бала саны - 77 271(мем. - 79, бала - 19 001, жекем. - 447, бала - 47 447, мектепалды даярлық топтар - 10 823 бала) ;

колледждер- 31, студенттер саны - 27046 (мем. - 11, студент - 14 031, жекем. - 20, студент - 13 015) ;

қосымша білім беру мекемелері - 9, бала саны - 20 061;

арнайы мекемелер (ПМПК - 1, ППТК - 3, Оңалту орт. ) - 8, бала саны -606.

Шымкент қаласының білім басқармасында 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың есебі

Slide 6

Шымкент қаласының білім саласына 2020 жылға 106 909 902, 0 мың теңге бөлініп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 54%-ға артып отыр.

Білім қорына бөлінген қаржы

2020 жылы жалпыға міндетті білім қорына 3 408 977, 0 мың теңге қаралған (2019 ж. - 1 152 170, 0 мың тг. ) . Оның ішінде:

1 953 088, 0 мың тг. - әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 42 368оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз етуге;

184 849, 0 мың тг. -7 241 оқушылар жазғы сауықтыру лагерлерінде демалыспен қамтуға;

1 271 040, 0 мың тг. - жаңа оқу жылында 42 368 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларына «Мектепке жол» акциясы барысында көмек көрсетуге.

Slide 7

Білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын дамыту

Slide 8

Қазіргі таңдағы орта білім беру ұйымдары оқушыларына таратылған компьютер саны - 33 840 дана.

Оның ішінде:

01. 07. 2020 ж. дейінкомпьютерлер саны - 20 201 дана;

2020 - 13 639 дана (ҚРҮкімет қорынан- 9444, ЖБ - 4195) .

Қалған22 716 компьютер(ҚРҮкімет қорынан - 21 716, ЖБ - 1000) ағымдағыжылдың 30 .

Slide 9

шымкент қаласының логистикасы

Мемлекет басшысының макро аймақтарды қалыптастыру шеңберінде көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігі тарапынан көліктік-логистикалық орталық салуға 92 гектар жер телімі бөлінді.

Оның 20 гектары инфрақұрылымды салуға бағытталса, 72 гектарында 8 инвестициялық жобаның құрылысы қолға алынды.

Бөлінген жер телімі Шымкент қаласының халықаралық әуежайынан 2 шақырым, Батыс Европа - Батыс Қытай халықаралық жолынан 4 шақырым және трансазиялық темір жол магистралінен 500 метр қашықтықта орналасқан.

Slide 10 Slide 11

шымкент қаласының инфрақұрылымы

Шаһарда соңғы болған жаңалықтың бірі - «Төлем» электронды билеттендіру жүйесі. Осынау элек­трон­ды билеттендіру шарасы өткен жылдың 15 қазанынан бастап іске қосылды.

Іске қосылғаннан бері 26, 8 млн транзакция жасалып, жолаушылардың 80 пайызы 22, 7 млн теңгеге картаны пайда­ланған. Жалпы, мегаполисте жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын 1 050 қоғамдық көлік бар. 18 тасымалдаушы 79 бағытта қызмет көрсетеді. 79 маршруттың 57-і кешенді схемаға сәйкес келеді.

Күнгейде қаланы сапалы интернетпен қамту шаралары да кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар былтыр үш кезеңге бөліп қарастырылған. «Алғашқы кезең бойынша қазір қаладағы шағынаудандар мен тұрғын алаптар аума­ғына 11 базалық станса орнатылды.

Алтын­төбе, Көкбұлақ, Солтүстік-батыс және Достық (Солтүстік саяжай), тұрғын алаптарында базалық стансалар толық іске қосылды. Асар, Асар-2, Шымсити, Шымсити-2, Тұран және Ақтас-2, Айкөл шағынаудандары да бар. Ал биыл 2-кезең бойынша 14 жер қарастырылып, оның координаттары мобильді байланыс операторына жолданып, 8 жерге жеке инвестор қаражаты есебінен антенна-матчталық құрыл­ғыларға мобильді байланыс операторларының базалық стансаларын орнату жоспарланып отыр.

Олар: А2 трассасы, Аэропорт маңы, Солтүстік-батыс, Қайнар бұлақ саяжай алабы, Тассай, Құрсай, Р32 трас­сасы, Ынтымақ (Тұрлан) шағынау­дандары. Қалған 6 елді мекенге (Абдулабад, Забадам, 226 Орам, Асар, Самал-3, Достық шағынаудандары) мобильді байланыс операторлары тарапынан коммерциялық нысан иелерімен келісу арқылы базалық стансаларды орнату жоспарлануда.

Slide 12

Шымкент қаласының спорт саласы

Slide 13

БЮДЖЕТТІК-САЛЫҚТЫҚ САЯСАТ

Қала бюджетінің көлемі 243, 1 млрд. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 66, 4%-ға өсті. Әлеуметтік саланың маңыздылығы ескеріліп 146, 2 млрд теңге бағытталды. Бұл жалпы бюджет көлемінің 60, 1%-ын құрады.


Ұқсас жұмыстар
Жекелеген пациенттерге медициналық көмек көрсету
Қант диабеті бар пациенттерге мейіргерлік күтімді ұйымдастыру
Медицина социологиясы
МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ УПРАВЛЕНИЯ МЕМЛЕКЕТТІК ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
Ақпараттық ғасыр үшін критикалық ойлау технологиясын дамыту
Медбикелік күтімнің бағасы
АҚПАРАТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДЫ БІРЛІКТЕРІ
Медициналық технология, мақсаты мен міндеттері
Отандық телемедицинаның даму жағдайы мен болашағы
Пациент қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz