Іле өзені


Slide 1

http://www. free-powerpoint-templates-design. com

Қазақстан мен Қытай республикасының арасындағы су пайдалануға байланысты келісімдер

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе

Қазақстан мен Қытай арасындағы аса маңызды мәселе

Трансшекаралық өзендер суын пайдалану мен қорғау үрдісінің үш кезеңі

Трансшекаралық өзендерге Қытайлық көзқарас

Траншекаралық өзендерге Қазақстандық көзқарас

Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі трансшекаралық өзендер

5. 1. Ертіс өзені

5. 2. Іле өзені

5. 2. 1. 1970-2013 жылдар аралығындағы Іле өзені бассейніндегі ауыл шаруашылығы жерлерінің қолданылуы көлемі

Қытай мен Қазақстан арасындағы нақты қол қойылған келісімдер

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Cу проблемасы әлеуметтік деңгейден әлемдік саясаттың маңызды факторына айналды. Статистикаға сүйенсек, жер бетінде 263 халықаралық өзен бар: 71-і - Еуропада, 53 - Азияда, 39 - Солтүстік, Орталық Америкада, 60 - Африка құрлығы және басқа аймақта. Олардың 155-і екі, қалғаны үш немесе одан да көп шекарадан өтеді. Мысалы, Еуропадағы - Дунай (10 мемлекет), Африкадағы - Нигер(9 мемлекет), Оңтүстік-Шығыс Азиядағы - Меконг(6 мемлекет) . Халықаралық өзендер бассейнінде жер халқының 40 %-дан астамы өмір сүруде. Сондықтан трансшекаралық өзендердің суын пайдалану мен сапасын қорғау мемлекет экономикасы, шаруашылығы, халықтың денсаулығымен тығыз байланысты. Соңғы 50 жылда трансшекаралық өзендер мен көлдерді пайдалану бойынша 1228 бастама көтеріліп, 150 келісімшарт бекітілді. Яғни, күрделі мәселені шешудің жаңа жолдары қарастырылып, су ресурстары халықаралық байланыстың тетігіне айналды.

Slide 4

Қазақстан мен Қытай арасындағы шешуін таппаған мәселе

Су - Қазақстан мен Қытай арасындағы толық шешіле қоймаған аса маңызды мəселелердің бірі. Екі ел арасындағы тарихтан қалған шекара мəселесі сияқты трансшекаралық өзендер де Кеңес дəуірінен келе жатқан мəселе болып табылады. Аталмыш мəселе алғаш 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында басталған. Ол кезде ҚХР-мен трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану жəне қорғау мəселелерін реттейтін мемлекетаралық келісімді дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілген еді. Тараптар көзқарастарының əртүрлігінен мəселені шешу ұзаққа созылып кетті. Тəуелсіз жас Қазақстан үкіметі трансшекаралық өзендер мəселесін ең негізгілердің қатарына қосты. 1992 жылы Қытай тарапына аталмыш мəселеге сəйкес келісімнің қазақстандық жобасы ұсынылған болатын.

Slide 5

1997 жылы Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті де айтылған ұсынысты қолдайды. ШҰАА үкіметінің бекіткен №635 жобасына сəйкес Қара Ертісті «бұру» жұмысының нақты кестесі құрылған болатын жəне ол жұмыстарды 1999 жылдың қазанына дейін жүзеге асыру қарастырылған .

Содан бұл мəселе бойынша алға басушылық тез байқала қоймайды. Трансшекаралық өзендер мəселесін қайта көтеруге себеп болған жайт - ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданы басшыларының Қара Ертіс ағынының белгілі бір бөлігін провинцияның орталық аудандарындағы шөл далаға аудару туралы шешімі Қазақстанда белгілі болды.

Бірақ соңғы кездері Қытайдың батыс өлкесі, атап айтсақ, Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданында экономикалық даму жылдам қарқын ала бастаған. Əсіресе өндірісті дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Міне, осындай елдің екі жақ бөлігіндегі алшақтықты жою мақсатында батыс аймақтың экономикалық дамуы негізгі мəселелердің бірі болып отыр. Ал өнеркəсіпті дамытуда, халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін судың қаншалықты қажет екенін айтпаса да түсінікті.

Қытайдың экономикалық дамуы оның əр бөлігінде əркелкі. Мысалы, Қытайдың оңтүстікшығыс аймағының даму деңгейі мен халқының тұрмыс деңгейі жоғары, ал дамудың анағұрлым төмен деңгейін Қытайдың батысынан байқауға болады.

Slide 6

Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер суын пайдалану мен қорғау үрдісін 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:

Бұл кезең проблеманың алғаш көтерілуі және ықпалдастық қадамдарымен ерекшеленеді. Қазақстан-Қытай арасында ресми дипломатиялық байланыс орнаған соң, трансшекаралық өзендер мәртебесі тек 1996 жылы мемлекетаралық құқық деңгейінде қарастырыла бастады. 1999 жылы ҚР Президенті ҚХР Төрағасына жолдаған хатында Іле мен Ертістің су қорларын дұрыс қолданбау экологияға зардабын тигізіп жатқанын мәлімдейді. ҚР Президенті ахуалды реттеу үшін бірлескен шара қабылдап, екіжақты келіссөз бастауды ұсынды.

Аталған кезеңде трансшекаралық өзендер тақырыбы ақпарат құралдарында белсенді талқыланып, қос мемлекет нақты іс-қимылдарды қолға алды. 2002 жылы Қытай Коммунистік партиясының хатшылығына Ху Цзиньтао келген соң, құрылған Комиссияның отырыстары басталды. Қосымша сарапшылық топтар іске қосылды. 2003-2015 жылдары Қазақстан-Қытай Бірлескен комиссиясының 13 отырысы өткізілді. 2009 жылы Комиссияның 6-отырысында Ху Цзиньтао Қазақстанға іссапармен келіп, трансшекаралық өзендер суын бөлісу мен қорғау бірыңғай техникалық ауқымнан жалпымемлекеттік деңгейге көтерілді.

2013 жылы 6-8 қыркүйекте Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапарында қоғам алаңдаушылығын ескере отырып, өзара түсіністік негізінде трансшекаралық суды пайдалану жөнінде келіссөздер жүргізетінін айтты. Туындаған мәселелердің барлығын Комиссия аясында шешіп отыратындығы, трансшекаралық өзендердің достық пен ынтымақтастық өзендеріне айналатынына сенім білдірді.

1 - кезең (1992-2002 жж. )

2 - кезең (2003-2013 жж) .

3 - кезең (2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін) .

Slide 7

Трансшекаралық өзендерге Қытайлық көзқарас

Бірнеше мемлекеттен өтетін ірі өзендердің бастауы Қытай территориясында жатыр. Қытай осы артықшылықты тиімді пайдаланады: 1998 жылы ҚХР ШҰАА басшылығы «Қара Ертіс - Қарамай» каналының құрылысын бастап, Ертіс аңғарынан 450 миллион м3 су алып отыратынын және бұл көрсеткішті 1, 5 миллиард м3 жеткізетінін хабарлады. 2007 жылы Іледен Балқашқа құйылатын су қоры жылына 12 млрд. м3 болса, қытайлықтар оны 10 млрд м3 дейін қысқартуды жоспарлаған еді. Сонымен қоса, Іле өзені аңғарында 13 су қоймасы мен 59 гидроэнергетикалық құрылғыны іске асыруда. Қытай гидроэнергетикалық өндірісі 2011 ж. 1060 Гвт болса, 2020 ж. қарай 1500 Гвт-қа арттыру көзделген

«Батысты игеру» саясаты басталған соң, ішкі миграция есебінен Шыңжаң халқының саны артты. 2008 жылдың соңында көрсеткіш 21, 3 млн. -ға жетті. Кейбір дерекке сәйкес, ШҰАА халқы 2030 жылға қарай - 33, 5-40, 6 млн. -ға барады. Яғни, Қара Ертіс пен Іленің суы Шыңжаңдағы халық тұрмысына кеңінен қолданылады.

LOREM IPSUM DOLOR SIT AMET,

CU USU AGAM INTEGRE IMPEDIT.

Мұндай қадамдар өзендердің төменгі ағысындағы қазақстандық қоғамды алаңдатпай қойған жоқ. Ертістің суы тартылған жағдайда Зайсан көліне залалы тиіп, каналдар, Бұқтырма, Шүлбі су қоймалары деградацияға ұшырап, Балқаш көлі Аралдың күйін кешу ықтималдығы БАҚ-та жиі көтерілді. Себебі, Қазақстан да Еуразия құрлығындағы су тапшылығын кешіп отырған мемлекет. Республиканың жер бетіндегі су қорының 40 %-ы көршілес мемлекеттерден келіп құяды. Қазақстан су ресурстары жағынан көрші мемлекеттерге тәуелді.

Slide 8

Соңғы жылдары белсенді айтылмағанымен, аталған тақырып ақпарат құралдарында жиі көтерілді. Шолу жасай отырып, отандық БАҚ-та Ертіс пен Іленің бөгелуі, оның елімізге әкелетін салдары жиі көтерілетінін байқаймыз. Қоғам қозғайтын сұрақ мынадай:

Траншекаралық өзендерге Қазақстандық көзқарас

Алайда ҚХР ресми билігі мұндай алаңдаушылықты жоққа шығарып, көрші мемлекеттердің мүддесі ескерілетінін айтып келеді. Қытай СІМ Ван И ақпарат өкілдеріне: «Мен Қазақстан мен Қытайдың сенімді әріптес екендігін тағы да бір мәрте атап өткім келеді және Қытай трансшекаралық өзендер бойынша Қазақстан мүддесіне зиян келетін еш қадамға бармайды» - деп мәлім еткен болатын.

Slide 9

Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі трансшекаралық өзендер

02

01

03

04

Іле

Қаратал, Ақсу, Лепсі

Қас, Түрген, Талғар, Шарын

Қаскелең, Күрті, Шілік, Қорғас

Ертіс

Бұқтырма, Күршім

Үлбі, Оба, Шаған

Қалжыр, Шар, Мұқыр

Slide 10 Slide 11

Қытай жеріндегі салалары: Қара Ертіс, Бала Ертіс, Қу Ертіс, Қыран Ертіс, Буыршын Ертіс, Қаба, Алқабек, Білезік.

Қазақстанда Ертіске Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Шар, Мұқыр, Шаған, Қазақстаннан шығар жерде Есіл мен Тобыл өзендері қосылады.

Қытайда ұзындығы 300 шақырым, ені 22 м, тереңдігі - 2 - 2, 5 м. болатын Қара Ертіс - Қарамай каналы іске қосылған. Одан жылына Ертістің жылдық ағынынан 5 - 40 % су алу жоспарлануда. Бұл өзен жағалауының құруына, балықтардың, кеме жүзуінің күрт азаюына, шамадан тыс ластанудың артуына әкеліп соқтыратыны мәлім. Өзеннің Қазақстан жеріндегі жағдайы да мәз емес, өзен суы барынша ластануда.

Slide 12

Шығыс Қазақстан аумағында өзеннің төменгі ағысында Бұқтырма су қоймасы салынып, Зайсан көлі оның бір бөлігі болып қалды. Одан әрі төменгі ағысында Өскемен және Шүлбі су қоймалары салынған. Қазір осы су қоймалары шетел компанияларына берілген. Олар көктемдегі табиғи су ағызу науқанын бұзғандықтан, Ертіс жағалауының экожүйесіне құрып кету қаупі төніп отыр.

Өндіріс қалдықтары Ертіс өзенін ластайтын ауыр металдар, қорғасын және улы заттар бөлуде. Су объектілерінің жай - күйі көбінесе тарихи ластанулармен байланысты, оларға су қорғау аймақтары мен белдеулерінде орналасқан тау жыныстарының үйінділері, тау - кен өндірісінің іске қосылмаған объектілерінің қалдық жинау орындары «Чекмарь», «Березовский», «Ақтау» т. б, жатады. Сонымен қатар «Қазмырыш» корпорациясы, «Қазцинк» т. б. өндіріс мекемелерінің қалдықтары құрайды. Соның салдарынан қазіргі күні өзен суы ауыр металдармен ластанып жатыр.

Slide 13

Қазақстанның Алматы облысында және Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы жерімен ағады.

Іле өзені - Балқаш көлі алабындағы өзен. Ұзындығы-1439 км

Суалабының

ауданы -140 мың км²

Орталық Тянь-Шань (Тәңіртау) тауларынан бастау алатын Текес пен Күнес және Қас өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды.

Іле өзені

Ірі салалары:Қас, Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Үсек (Өсек), Қорғас. Балқаш ауданында өзеннен Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары тарамданады

Slide 14

Қазіргі таңда, Іле өзені бойындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің баcым көпшілігі Қытай территориясында орналасқан. Ауыл шаруашылығы жерлерінің екінші үлкен аймағы Алматы мен Қапшағай су қоймасы аралығында орналасқан. Ал, Іле өзені бойындағы табиғи экожүйелер Қазақстан территориясында орналасқан. Соған байланысты, Іле өзені суын пайдаланушы Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы мен табиғи экожүйелерді қолдану бойынша бәсекелестік байқалады. Бәсекелестік климат ауысу мен өзен ағынының жетіспеушілігін туғызатын мұздықтардың еруінен одан күшейуі мүмкін. Қазірдің өзіндегі бәсекелестік Іле өзеніндегі суды шектен тыс пайдалану туралы талқылауларға себеп болуда.

1998 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер бойынша кеңестер өткізіп келді.

2001 жылы екі үкімет арасында трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау туралы келісімге қол жеткізілді.

Біріккен комиссия 2003 жылдан бері Іле өзені бойынындағы су сапасы және табиғи апаттар бойынша жыл сайынғы кездесулер өткізіп келді.

Алайда, Қазақстан мен Қытай арасындағы суды бөлу мәселесі талқыланбады және қарастырылмады.

Slide 15

Мемлекет

1970 ж.

1990 ж.

2001 ж.

2013 ж.

Қазақстан

1, 242, 170

1, 093, 362

613, 317

492, 958

Қытай

572, 294

630, 928

808, 551

940, 276

Барлығы

1, 814, 464

1, 724, 290

1, 421, 868

1, 433, 234

1970-2013 жылдар аралығындағы Іле өзені бассейніндегі ауыл шаруашылығы жерлерінің қолданылуы көлемі (га)

Slide 16

Егер де Іле өзені бассейніндегі жылдық орташа су ағысы ұзақ мерзімде 22, 87 км3 болатын болса, Балқаш көліндегі су қолдану деңгейі 5, 7 км3 пен 8, 5 км3 көлемінде болады. Іле өзенінің Қазақстандағы бөлігіне судың жету тиімділігі төменірек.

Соған орай, Іле өзенінің Қазақстан жағындағы каналдарды қалпына келтіру және суландыру жүйесін тамшыландыру әдісі арқылы модернизациялау - ауыл шаруашылығындағы суды әледеқайда тиімді пайдалануға әсер етеді.

Дегенмен де, Балқаш көліндегі судың көлемі 1980 жылдан бері екі есе өсті. Алайда суды қолдану деңгейі жоғары болғандықтан, су ағысы 1960 жылға дейінгі деңгейге жетпеді. Оның себебі, Іле өзенінің бастауынан ағатын су көлемінің өсуі.

Қазірге дейінгі аралықтың өзінде Іле өзенінің жоғары ағысы яғни Қытай бөлігіндегі судың қолданылу көлемі артып келеді. Сонымен қатар, бұл өзеннің төменгі ағысындағы үлкен көлемдегі экожүйе суды қажет етеді.

Алайда, 2014 жылы Іле өзеніндегі ағыс көлемі өз азаюын көрсетті. Ал өзеннің қазақстандық жағалаудағы экожүйе бөлігі, әсіресе Іле дельтасы суды аз қолданды. Бұл сәйкесінше, экожүйелер өнімділігінің төмендеуіне алып келді.

Іле өзенінің жоғары және төменгі ағысының мәселесі бойынша, Іле өзенінің Қытайдағы бөлігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы судың көп қолданылуы өзеннің Қазақстандағы бөлігінің суды аз пайдалануы негізінде жүзеге асты.

Іле өзенінің су ағысы төмендеген кезде, Балқаш көлі мен Іле дельтасының қазіргі көлемі мен деңгейін сақтау мақсатында Қазақстан мен Қытайдағы суды пайдалану деңгейін азайтуға тура келеді.

Slide 17

Қытай мен Қазақстан арасындағы нақты қол қойылған келісімдер

Slide 18

Бұл келісім ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 10 қыркүйектегі № 989 қаулысымен бекітілді. Осы Келісімнің негізінде трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясы құрылды.

Трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселесі бойынша ресми келіссөздер алғаш рет 1998 жылы өтті. Трансшекаралық өзендер бойынша сарапшылардың бірлескен жұмыс тобы құрылды.

2000 жылғы 6 қарашада Алматыда осы топтың бірінші отырысы өтті, онда 23 трансшекаралық өзеннің алдын ала тізімі келісілді, үш кезең бойынша жұмыстардың тізбесі әзірленді.

Нәтижесінде, 2001 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасында трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғауға қатысты ынтымақтастық мәселелері бойынша келісімге қол қойылды.

Қытайдың трансшекаралық өзендер жөніндегі ұстанымы, ең алдымен, Шыңжаңды Орталық Азиядағы өңірлік және сауда орталығына айналдыру жоспарларымен байланысты, әрі қарай оның ықпалы Орта Шығысқа да таралады.

1998 ж.

2000 ж.

2001 ж.

2002 ж.

Қытай мен Қазақстан арасындағы трансшекаралық өзендер бойынша маңызды жылдар

Slide 19

2001 жылдың қыркүйегінде Астанада қол қойылған трансшекаралық өзендерді қорғау жəне пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 2-бабында трансшекаралық өзендерді пайдалану жəне қорғауда тараптар əділеттiк пен ұтымдылық қағидаттарын ұстана отырып, шынайылық, тату көршілік пен достық тұрғысынан тығыз ынтымақтасатындығы айтылған. Ал 5-бабында: «Тараптар ынтымақтастықты мынадай салаларда жүзеге асыра алады:

Slide 20

LOREM IPSUM DOLOR SIT AMET,

CU USU AGAM INTEGRE IMPEDIT.

Əйтсе де қарама-қайшылықтар жоқ емес, егер Қытай тарапы Ертістен 12 млрд текше метр су ағады деп есептесе, Қазақстан жағы 9 млрд текше метр құрайтынын айтады. Қытай тарапы 12-нің 1, 5-н пайдаланам, оның ешқандай зияны жоқ десе, біздікілер 9-дың 1, 5-ын пайдаланғанда Қазақстан экономикасы мен экологиясына тигізер залалы зор болатынын айтады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерді қорғау жəне пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім трансшекаралық су ресурстарын пайдалануда Қазақстан мүддесін ескеру туралы қытай тарапының қандай да болмасын міндеттерін қарастырмаған. Сондықтан бұл келісім екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер мəселесін толық шешті деп айтуға болмайды. Əйтсе де екі мемлекеттің мұндай келісімге қол қоюын аталмыш мəселені шешудегі тағы бір қадам ретінде ғана бағалаған дұрыс.

Slide 21 Slide 22

Жоғарыда аталған оқиғалардың ішінде ерекше маңызы бар мəселе болып Қорғас өзенінде бірлескен «Достық» су торабынның құрылысын салу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында осы жаңа нысанның құрылысының мерзіміне жəне басқа да мəселелері талқыланды


Ұқсас жұмыстар
Тау мұздықтары
Жайық өзені
Республиканың барлық өзендері
Қ. Р-ның техногенезді даму проблемалары
Биік таулар: Алтай тауы Сауыр- Тарбағатай Тянь-Шань тауы Жоңғар Алатау Алтай тауы
Түргеш қағанаты (699­756)
Қара топырақ
Өзендердің ластану ерекшеліктері
Орал тауларынан
ҚР-НЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz