Аталық және аналық жыныс жасушалары


Slide 1

Гаметогенез. Овогенез. Сперматогенез.

Нұр-Сұлтан

2022ж

«Астана медицина университеті» КеАҚ

Медициналық генетика және молекулалық биология кафедрасы

Дайындаған: Қуатбек Нұрай Дайырбекқызы

Факультет:Жалпы медицина

Топ: 130 топ

Қабылдаған:Нуркешова Э. Т.

Күні:21. 04. 2022ж

Slide 2

ЖОСПАР:

I Кіріспе бөлім

1. 1 Адамның эмбриологиясы.

II Негізгі бөлім

2. 1 Аталық және аналық жыныс жасушалары.

2. 2 Онтогенез

2. 3 Ұрықтану

2. 4 Бөлшектену

2. 5 Ұрықтан тыс ағзалар, олардың шығу көздері, қызметтері.

2. 6 Плацента, оның түрлері, қызметтері.

2. 7 Дамудың қауіп-қатерлі кезеңі

III Қорытынды бөлім

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

КІРІСПЕ

Жыныстык көбеюдiң ен көне түрiне гаметалардың косжыныстылығы (гермафродитизм) жатады. Онда организмде, аналық, әрi аталық гаметалар дамып, олар қосылып, жаңа дараққа бастама береді. Бұл құбылыс көптеген өсiмдiктер, омыртқасыз, кейбір омыртқалы (кейбiр балықтар) жануарларға тән. Эмбриология адам ұрығы дамуының, яғни оның құрылысы және қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Slide 4

ГАМЕТОГЕНЕЗ

Гаметогенез (gametogenesis; грек, gametos - жыныс, жыныс клеткасы; genesis - шығу тегі) - жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі (ең, жұмыртқалық) даму процесі.

Аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары - овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды.

Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ең) сирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.

Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.

Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік сперматоциттерге айналады.

Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.

Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.

Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.

Slide 5

Гаметогенез сатылары:

Өсу аймағы

Көбею аймағы

Пісіп-жетілу аймағы

Қалыптасу аймағы

Slide 6

Адамның аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар немесе спермиялар, ұзындығы шамамен 70 мкм, басы және құйрығы болады. Сперматозоидтың басында цитолемма рецепторы анықталады, оның көмегімен ол аналық жыныс жасушасымен әрекеттеседі.

Сперматозоидтың басы сопақша тегістелген пішінді, құрамында хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар, кішкентай тығыз ядросы болады. Адам сперматозоидының ядросында 23 хромосома болады. . (Олардың біреуі жыныс хромосома - Х немесе Y, қалғандарыаутосомалар) . 50% сперматозоидтарда Х - хромосома, 50% - Y - хромосома болады. Ядроның алдыңғы жағы сперматозоидтың тысын құрайтын жайпақ қаппен қапталған. Онда акросома орналасады. Сперматозоидтың тысы мен акросома Гольджи кешенінің туындысы болып табылады. Акросомада ұрықтандыру кезінде аналық жыныс жасушасын қаптайтын қабықшаларды ерітуге қабілетті ферменттер жиынтығы бар, олардың арасында негізгі орынды гиалуронидаза және протеазалар алады.

Аталық және аналық жыныс жасушалары (гаметалар)

СПЕРМАТОЗОИД

Slide 7

Сперматозоидтың құйрық бөлімі

байланыстырушы, аралық, негізгі және терминалды бөлімдерден тұрады. Байланыстырушы бөлімде немесе мойнында центриольдер орналасады, ядроға жақын орналасқан, проксимальды және дистальді центриольдың қалдығы. Осы жерде осьтік жіпше басталып, аралық, негізгі және терминалды бөлімдерге жалғасады. Аралық бөлімінде 2 орталық және 9 жұп шеткері микротүтікшелер болады. Микротүтікшелерден жұп өсінділер немесе «қолдар» шығады, олар АТФ-лық белсенділікке тән, динеин нәруызынан тұрады. Динеин митохондриялар өндіретін АТФ-ты ыдыратады, спермияның қозғалуына қажет химиялық энергияны механикалыққа өзгертеді. Сперматозоидтың терминалды немесе соңғы бөлімінде аксонема қалдығы болады, ол саны біртіндеп азаятын, жеке-жеке орналасқан микротүтікшелермен аяқталады.

Slide 8 Slide 9

Аналық жыныс жасушасы

Аналық жыныс жасушасы гаплоидты, ядрошығы жақсы дамыған. Цитоплазмасында ақуыз синтезінің аппараты және Гольджи кешені жақсы дамыған. Бұл кешенде кортикальды түйіпшіктер орналасады. Оларда гликозаминогликандар және әртүрлі ферменттер болады, аналық жыныс жасушасын полиспермиядан қорғайтын кортикальды реакцияға қатысады. Адамның жыныс жасушасы мөлдір қабат пен фолликулярлық эпитиолициттер қабатынан тұрады. Мөлдір аймақ гликопротеиндерден және -хондроитинкүкірт, гиалурин және сиял қышқылдарынан тұрады. Бұлар полиспермияға бөгет жасайды. Фолиикулярлық эпителиоциттердің өсінділері трофикалық және қорғаныштық қызмет атқарады. Жыныс жасушаларының жетілуі цитоплазмада ұрықтың қоректенуіне қолданылатын, ақуызды-липидтік қосындылар болып табылады, саруыздың болуына, мөлшеріне және орналасуына негізделеді. Адамда жыныс жасушасы екіншілік изолецитальды саруызы түйіршектерінің мөлшері аз, азды -көпті біркелкі орналасқан.

Slide 10 Slide 11

Сперматогенез бен оогенездің ерекшеліктері

I. Ер адамда жыныс безінің 1 жасушасынан мейоз нәтижесінде толыққанды 4 сперматозоид түзіледі. Әйелдерде мейоз кезінде жыныстық жетілу сәтінен бастап бір ізашаржасушадан ай сайын бір функционалдық жұмыртқа жасушасы түзіледі.

II. Жыныс бездері жасушаларының көбеюі ер адамдарда өмір бойы әсіресе жыныстық жетілу кезінде қарқынды жүреді. Әйелдерде бұл үдеріс жатырішілік дамудың тек төртінші айына дейін жүреді. Кейін аналық без жасушаларының едәуір бөлігі жойылады.

IV. Сперматозоидтерде цитоплазма аз және арнайы қабықшасы болмайды. Жұмыртқа жасушасында қоректік заттар мөлшері мол көп цитоплазма жинақталады.

III. Қозғалғыштық тек аталық жыныс жасушаларына тән.

Slide 12

Онтогенез

Адам ұрығы дамуының, яғни оның құрылысы және қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әртүрлі ішкі және сыртқы зиянды факторлардың әсерінен қалыпты эмбриондық даму, ана- нәресте жүйесіндегі қатынастар бұзылуы болады. Осы эмбриопатияларды аллодын- алу, емдеу шараларын жете зерттейді.

Эмбриондық

Посэмбриондық

Slide 13

Эмбриогенез кезеңдері

Ұрықтану, нәтижесінде бір жасушалы зигота түзіледі

2. Нәтижесінде бластула түзілетін ұрықтың белшектенуі ( ұрықтанудан кейiнгi I тәуліктін аяғынан 7 тәулікке дейін жалғасады ) .

3. Гаструла -үш жапырақты ұрық түзіледі ( 7-17 тәуліктер аралығында жүзеге асады ) .

4. Органогенез- ұрық жапырақшаларының ұлпаларға дифференциацияет мүшелердiн және мүшелер жүйесінің түзілуі.

Slide 14

Ұрықтану

Ұрықтану -аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылып, сапалы жаңа жасуша -зигота пайда болады. Ұрықтану жатырдың омпулярлық бөлігінде 12 сағат ішіндежүреді.

Ұрықтану процессі 3 фазадан жүреді:

1. Гаметалардың алыстан әрекеттесуі және жақындауы.

Бірінші фаза кезінде жұмыртқалық жасушалар сперматозоиттар тартуға қабілетті пептидтер бөледі капацитация реакциясы жүрмейінше сперматазоиттар жұмыртқалық жасушаға бірден енуге қабілетті болмайды. Капацитация реакциясы кезінде әйелдің жыныс жолдарындағы секреттің әсерәнен сперматозоиттардың белсенділігі артады

2. Жақыннан әрекеттесу және аналық жыны жасушасының белсенділігінің артуы.

Аталық және жыныс жасушаларының әрекеттесуіне байланысты спермияларда акросомалды реакция жүреді. Бұл реакция кезінде сперматазоиттардың қышқыл ферменттері гиалуронитазамен тайпсиндер бөлініп олар жылтырауық қабық пен сәулелі тәждегі геалурондық қышқылдырды және белоктарды ыдыратады нәтижесінде сәулелі тәждің жасушалары жоғалып, жылтырауық қабық ериді де сперматозоид аналық жасушаға енеді. Сүтқоректілерде ұрықтану кезінде жұмыртқалық жасушаға бір ғана сперматозоид енеді. Мұндай құбылыс Моноспермия деп аталады.

3. Ооплазмаға сперматозоидтың енуі.

Үшінші фаза кезінде ооплазмаға сперматозоидтың басы және құйрығының аралық бөлігі енеді, осыдан кейін ооплазманың шеті тығыздалып ұрықтану қабығы түзіледі. Яғни, кортикалды реакция жүреді.

Slide 15

Бөлшектену

Бөлшектену -жаңадан пайда болған жасушалардың аналық жасушаның көлеміне дейін өсуінсіз өтетін, зиготаның жасушаларға (бластомерлерге) митоздық бөлінуі. Адам зиготасының бөлшектенуі толық, біркелкі емес, асинхронды болып сипатталады. Митоздық бөлінудің барлық сатыларын өтіп, зигота екі жаңа жасушаларға бластомерлерге бөлінеді. Бірі күңгірт және ірі бластомер - ЭМБРИОБЛАСТ деп аталады, ал ұсақ және ашық бластомер- ТРОФОБЛАСТ деп аталады. Эмбриобластан ұрық және ұрықтан тыс мүшелер дамиды (хорион, плацентаның ұрық бөлігі, амнион, сарыуыз қапшығы, аллантоис) . Жасушалардың бөлшектенуі кезінде эмбриобластан қарағанда трофобласт тез бөлінеді. Нәтижесінде трофобласт жасушалары эмбриобласт жасушаларынынан тыс өседі. Сондықтан пайда болған клеткалық масса - МОРУЛА екі топ жасушадан тұрады.

Slide 16

Бластула

Ұрықтану өте салысымен зигота дамуының алғашқы сатысы басталады. Бұл саты бластула (өсу) сатысы деп аталады. Осы саты кезінде қарқынды бөліну - митоз өтеді. Жасушалардың тез бөлінетіні соншалық, қысқа интерфаза сатысында өсіп те үлгере алмайды. Бластула сатысында ұрық ұсақ жасушалар түрінде топтасып, бластомерлер деп аталады. Бұл «жасуша түйірлерінің» пішіні, жасушалар мөлшері, жасушаның орналасуы тірі мақұлықтардың түріне байланысты сан алуан болып келеді. Бластула - бұл жасушалары ерекшеленіп үлгермеген көпжасушалы ұрық. Бұл кезеңде ағзада жыныс мүшесі дамиды. Сондықтан бластула бір қабатты ұрық деп аталады. Бластула ұрықтанғаннан кейін 7 күнде түзіледі.

Slide 17

Гаструла

Гаструла - ұрық дамуының екінші сатысы. Бұл кезенде көптеген маңызды оқиғалар өтеді, яғни жасушалардың жіктелуі - ұрық жапырақшалары; гаструла(қарын) қуысы, желілену (омыртқалыларда) және жүйке тақташалары пайда болады. Біз үшін ең маңызды окиға - ұрық жапырақшаларының - жасушалардың ерекшеленген, жіктелген қабаттарының пайда болып қалыптасуы. Ұрықтың ертерек даму сатысы - эктодерма және ішкісі - энтодерма. Сондықтан гаструланы қосқабатты ұрық немесе ұрық дамуының екі қабатты сатысы деп атайды. Даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма жекеленіп шығады. Сөйтіп гаструланың кейінгі сатысы үшқабатты болады.

Slide 18

Нейрула

Нейрула (жүйкелік) - ұрықтың тек желілілерге ғана тән гаструладан кейінгі сатысы. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлын дамиды. Және жүйке жүйесінің тақташасы дамиды.

Slide 19

Ұрықтық қабаттар

Эктодерма

Эндодерма

Мезодерма

Вегетативті жүйке жүйесінің

ганглиясы, бүйрек үсті безінің

жасушалары, пигмент жасушалары,

көру, есту, иіс сезу, терінің, шаштың,

тырнақтың, терінің, эпидермистің

компоненттері, жұлын, ми, с үтті,

тіс эмальдары, ауыз қуысы мен тік ішекті ң эпителийі.

Ішек эпителийі, бауыр, ұйқы

безі, өкпе және тыныс алу

эпителиі, мүшелері, асқорыту мүшелері.

Жүрек, бүйрек, Шеміршек және сүйек қаңқасы, терінің және қаңқа бұлшы қеттерінің дәнекер қабаты, қан айналымы, ағзаның ағзалық және репродуктивті жүйелері.

Slide 20

Адам эмбрионының мәртебесі 3 аптадан бастап сақталады, жүктіліктің 8-9 аптасына дейін жүреді.

Эмбрион -ана ішінде дамитын ағза

Slide 21

ҰРЫҚТАН ТЫС (ПРОВИЗОРЛЫҚ) МҮШЕЛЕР

Ұрықтан тыс ағзалар деп эмбриогенезде ұрық денесінен тысқары қалыптасып, оның өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін өте маңызды функцияларды атқаратын және онтогенездің тек қанна пренатальді кезеңінде болатын құрылымдарды атайды. Провизорьлық ағзаларға амнион, сары уаз қабы, аллантоис, хорион, плацента жатады. Ұрықты қоршағандықтан, олардың біреулерін (амнион, хорион, аллантоис) ұрық қабықтары деп атайды. Плацента, ұрық қабықтары және кіндік бау анна организмі мен ұрық арасындағы екі жақты қатынастарды камтамасыз етіп, босану кезінде нәрестеден кейін шығатынбала жолдасын құрайды.

Slide 22

Ұрықтан тыс мүшелердің пайда болуы(схема) :

1 - амниондық көбікше;

1 а -амнион қуысы;

2 - ұрық денесі;

3 -сары уаз қабы;

4 - ұрықтан тыс целом;

5 - біріншілік хорион бүрлері;

6 -екіншілік хорион бүрлері;

7 - аллантоис жа пырақшасы;

8 - үшіншілік хорион бүрлері;

9 - аллан-тоис;

10 -кіндік бау;

11 - тегіс хорион;

12 - котиледон дар

Slide 23

Амнион(амниондық қабық, амнионды қап, қағанақ)

Ұрық қабықтарының бірі, ұрық дамуы үшін қажет суллы органы қамтамасыз ететін уақытша ағза. Адам эмбриогенезі гаструляцияның екінші фазасында амнион эпибласт жасушалары арасындағы кішкене қуыс- амниондық қабық құрайды. Оның сыртқы қабығын ұрықтан тыс эктодерма және мезодерманың париетальді жа пырақшасынан тұратын жартылай мөлдір жұқа амнион қабығы құрайды. Қуысқа қараған амниондық эпителий қағаннақ суын өндіруге және оны резорьбциялауға арте маманданнады. Қызметтері: Қағаннақ суын өндіру; Ана мен ұрық арасындағы зат алмасуға плацента құрылуына қатысу; Ұрықты қолайсыз әсерлерден қорғау; Пренатальды диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Slide 24

Сары уаз қабы

Адам ұрығы дамуының 2- а птасында қалыптасып, ол ұрықтың қоректенуін аз ғанна мезгіл қамтамасыз етеді. Себебі, 3-а птадан бастап, ұрық пен ана организмі арасында байланыс орнап, гемототрофты қоректену өтеді. Сары уаз қаптың қабырғасы екі қабаттан тұрады: ішкі қабаты-ұрықтан тыс энтодерма, ал, сыртқысы -ұрықтан тыс мезодерманың висцеральді жапырақшасы. Функциясы: 3 а птадан бастап, ұрықтан тыс мезодерма да эмбриондық гипопоэз өтеді; Энтодермасынан біріншілік жыныстық жасушалар-гоноциттердің даму көзі; Сары уаз каптың ұрық ішегімен байланысы сары уаз сабақшасы деп аталатын қуысты жіп түрінде сақталады; Эмбрион дамуының 7-8 а птасына дейін қызмет атқарып, 3-айдың соңында кері демиды да, қан тамырларын плацентаға өткізетін тар түтікше түрінде кіндік бау құрамына кіреді.

Сонымен қатар, САРЫ УЫЗ ҚАБЫ ұрық үшін өте маңызды уақытша (провизорлық) мҥше болып табылады, себебі оның қабырғасында келесілер дамиды:

Қанның алғашқы жасушалары (гемопоэтикалық дің (стволовые клетки) жасушалары, біріншілік және екіншілік эритроциттер, лейкоциттер - гранулоциттер) .

2. Біріншілік жыныстық жасушалар (гонобласттар), кейінірек овогенез және сперматогенезге қажетті.

3. Алғашқы қан тамырлары, ұрыққа алғашқы қан жасушалары мен біріншілік жыныс жасушаларының тасымалдануын қамтамасыз етеді.

Slide 25 Slide 26

Жатырдағы дамудың 16-тәулігінде адам ұрығында сары уаз көбікшесінің артқы қабырғасынан ұрық сабақшасына қарай саусақ тәрізді кішкентай өсінді-аллантоис өсіп шығады. Аллантоис хорионның дәнекер тінді табақшасына жетпей бітеу аяқталады. Ұрық денесінен шыққан кіндік қан тамырлары аллантоисты бойлай болашақ плацентаға қарай бағыттайды да, плацентаның тамырлы торин құруға қатысады. Эмбриогенездің 2-айында аллантоис редукцияға ұшырап, сары уаз қаптың дәл сендай қалдығымен бірге жасушалық тарпан түрде кіндік бау құрамына кіреді.

Аллантоис


Ұқсас жұмыстар
Гаметогенез жә не ұрықтану процесі
Қосарлы ұрықтану
Жыныс жүйесінің эмбрионалдық даму көздері мен даму жолдары
ГАМЕТОГЕНЕЗ САТЫЛАРЫ
Тозаңның түзілуі
Жыныстық гармондар және олардың қызметі
Аналық жыныс гормондарының препараттары
Жыныс жасушаларының құрлысы және дамуы
Аналық жыныс бездері туралы
Гаметогенез және ұрықтану. Геннің құрылымы және қызметі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz