Мәңгілік Ел идеологиясы: тарихи негіздері, құндылықтары және патриоттық актінің рөлі


Slide 1

Қазақ қоғамының ортақ идеясы - Мәңгілік ел

ОРЫНДАҒАН: Аутен Әсел Үсенқызы

ҚАБЫЛДАҒАН: Шамшиденова Факия Мещведеновна

Slide 2

НЕГІЗГІ СҰРАҚТАР:

01

02

03

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары

«Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі - болашақ Қазақстанның іргетасы

2

Slide 3

«Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты

01

Slide 4

4

2014 жылы 17 қаңтарында ҚР Президенті Н Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінігі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық - тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл - Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.

Slide 5

5

Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғалымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел - түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея. . » - екендігін жазған. Мәңгілік ел - мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап. Мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда. ҚР Президенті Н Ә. Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының негізінде Ресейлік емес, түріктік-ынтымақтастыққа қол жеткізіп, көне түріктердің мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін дәлелдеуіміз керек. «Тұтас түрік елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Мәңгілік Ел - идеясы қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз -

өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз. !

Slide 6

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары

02

Slide 7

7

Мәңгілік Ел - ортақ тағдыр. Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Мәңгілік Ел - ел болашығының іргетасын қалаған басты құндылықтар. Мәңгілік Елдің 7 басты құндылығы:

Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз. Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанмыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімніің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады. Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бірге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге танытуға мүмкіндік берді. Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

Slide 8

8

Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз. Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз. Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұсынатын боламыз. Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады. Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз. Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз. Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Slide 9

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі - болашақ Қазақстанның іргетасы

03

Slide 10

10


Ұқсас жұмыстар
Мәңгілік Ел идеясы: тарихи негіздері мен ұлттық стратегиялық құндылықтары
Мәңгілік Ел идеясының тарихи-идеялық негіздері және Қазақстанның даму стратегиясындағы рөлі
Мәңгілік Ел идеясының тарихи негіздері мен Қазақстан-2050 стратегиясы
Мәңгілік Ел идеясының тарихи маңызы және Қазақстан-2050 стратегиясындағы рөлі
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: ұлттық идеяның философиялық-тарихи негізі мен білім беру рөлі
Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылуы және құндылықтары
Мәңгілік Ел идеясы және Қазақстанның даму келешегі
Мәңгілік Ел: тәуелсіздік, ұлттық бірлік және тарихи мерейтойлар
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру жобалары: Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік пен білімнің стратегиялық рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz