Медициналық статистиканың теоретикалық негіздері
Презентация қосу
<< ОҚМА>> АҚ жанындағы Медицина Колледжі
Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық
денсаулық кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Медициналық статистиканың теоретикалық
негіздері.Статистикалық зерттеуді ұйымдастыру және кезеңдері.
Орындаған: Кулыбек Құралай
Қабылдаған: Мүсірепова З.Д
Тобы: С-МІҚБ 11.02.19 А
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Медициналық статистика дегеніміз не?
2. Медициналық статистиканың негіздері.
3. Статистикалық зерттеуді ұйымдастыру.
4. Статистиканың кезеңдері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Статистика деген латынша <
деген мағынаны білдіреді.Қазіргі кезеңде ғалымдардың көбісі
статистикаға мынандай түсінік береді.Статистика ол
қоғамдағы белгілі бір мезгілде және кеңістікте жүретін жалпы
өзгерістердің сандық және сапалық жағын
зерттейді.Статистика деген-жалпы көріністердің топтық
қасиеттерін математикалық жолмен түсіндіру деуге болады.
Негізгі бөлім
Медициналық статистика дегеніміз - қоғамдық тәжірибе саласы және
жекеше оқылатын маңызды пән.Ол жалпы статистиканың бір
тармағы.Басқаша айтқанда,медициналық статистика қоғамдық
медициналық ғылым.Ол денсаулықты және денсаулықта сақтау жұмысын
сандық және сапалық жағынан зерттейді.Сонымен қатар статистиканың
әдістері мен әдістемелері арнайы медициналық мәселелерді де шешуге
қолданылады.Кез келген саладағы дәрігерлер мен денсаулықты сақтауды
ұйымдастырушылар ұшін медицналық статистика дегсаулыққа сандық
және сапалық баға беруге қолданылатын негізгі құрал болып табылады.
Медициналық статистика жалпы статистика ғылымының негіздеріне
жүгінеді.Ол үш бөлімнен тұрады.
1.Денсаулық статистикасы – тұрғындардың денсаулығын анықтау
барысында олардың саны мен құрамы,өсімі мен өмірінің ұзақтығы,жеке
аурулардың таралуы,мүгедектің денгейі және жеке адамдардың физикалық
дамуы туралы деректерді жинап зерттеу жүргізеді.Оның барысында
денсаулыққа қоршаған ортаның зиянды заттарының тигізетін әсерін
анықтайды.
2.Клиникалық және экспериментальдық зерттеулер статистикасы –
зерттеуде қолдану көптеген сұрақтарды шешеуге көмектеседі.Оның ішінде
жоспарлау,клиникалық және лабораториялық зерттеулерді ұйымдастыру
алынған көрсеткіштердің статистикалық тұрғыдан дұрыстығын және
зерттелген қоғамдық жайлардың обьективті заңдылықтарын анықтау.
3.Денсаулықты сақтауды басқару статистикасы.
Денсаулықты сақтау статистикасы бірнеше тармақтарға бөлінеді.
1.Емдеу – алдын алу мекемелерінің статистикасы
2.Санитарлық және эпидемияға қарсы күресетін мекемелер статистикасы
3.Әйелдердің босануына көмектесетін және денсаулығын қорғайтын
мекемелерінің статистикасы
4.Медицина қызметкерлерінің статистистикасы
5 Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғайтын мекемелер
статистикасы.
Статистика (лат. status– жай-күй) –
білім саласы, бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен
үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым;
қоғам өмірінің (экономиканың, саясаттың, т.б.) сандық заңдылықтарын
олардың сапалық мазмұнымен ажырағысыз байланыста сипаттайтын
статистик. ақпаратты жинап, өңдеуді, талдау мен жариялауды қамтитын
практик. қызмет саласы;
жарияланатын сандық деректердің, бақыланбалы нысанның сан немесе сапа
тұлғасындағы күйін тиянақтайтын бақылау нәтижелерінің жиынтығы.
қоғам өмірінің сандық жақтарында болатын құбылыстарды меңгеретін және
көп жылдық тарихы бар ерекше ғылым немесе білім саласы. Оның шығу
төркіні әр түрлі қоғамдық тұтынушыларға, мал санына, жер-су көлеміне,
дүние-мүлік және басқалар есебіне байланысты.
әр-алуан белгілі бір статистикалық деректер жиыны ретінде де түсінуге
болады (өлім статистикасы, торбетке кіру статистикасы т.б.).
Статистика сөзі ғылыми әдебиетте 18 ғасырда қолданысқа енді және
алғашқыда “мемлекеттану” деген мағынада ұғынылды. Бірақ статистика
ғылымы 17 ғасырдың ортасында “саяси арифметика” нысанында дами
бастады. Ғылымдағы бұл бағыттың бастауында ағылшын ғалымы –
Уильям Петти (1623 – 1687) тұрды. Статистика терминін ғылымға 1746
жылы неміс ғалымы Готфрид Ахенваль өзі сабақ беретін Германия
университетінде “Мемлекет ісін жүргізу” курсының орнына
“Статистиканы” қолдануды ұсынды. Осыған қарамастан статистиалық
санаулар бұданда ерте жүргізілген болатын: Көне Қытайдахалық санағы,
Көне Римде елдердің әскери күшін салыстыру, азаматтардың мүліктерін
бағалау. Статистика 19 ғасырдың басында А.Кетленің және оның мектебі
өкілдерінің еңбектерінде қоғамдық құбылыстардың заңдылықтарын
зерделейтін ғылым мен құралға айналды. Статистика қоғамдық ғылым
ретінде қоғамдық құбылыстарды олардың сапалық мазмұнымен тығыз
байланыста қарастырылатын сандық қатынастарының қалыптасу және
өзгеру заңдылықтарын зерделейді. Қоғамдық құбылыстарды белгілі бір
уақытпен және орынмен байланысқан нақты тарихи жағдайларда сандық
тұрғыда зерделеу статистика ғылымының айрықша белгісі болып
табылады.
Заңдылықтарды тану және құбылыстардың дамуын айқындайтын
факторларды анықтау үшін пайдаланылатын статистик. сипаттамалардың
өзіндік ерекшелігі олардың сандық және сапалық қасиеттерінің ажырағысыз
бірлігінде. Сондықтан статистика ғылымы әлеуметтік-экономикалық
құбылыстарды талдауды өзіндік (ерекше) әдістер, тәсілдер, ережелер
жиынтығы, яғни статистик. әдіснама арқылы жасайды. Оны басқа да
ғылымдар өз зерттеулерінде, тәжірибесінде қолданады. Статистик.
әдіснаманың негізгі бөліктеріне статистик. байқау, топтастыру, орта
шамалар, индекстер, корреляц. талдау, т.б. әдістер жатады. Мемлекеттік
статистика – статистик. ақпаратты жинау мен өңдеудің орталықтандырған
жүйесі. Статистиканың негізгі салалары: статистиканың жалпы теориясы –
статистик.
I кезең. Жоспар және бағдарлама құру.
Зерттеу жоспары:
· Зерттеу нысанын анықтау – нысан туралы мәліметтер жиналатын
статистикалық жиынтық.
· Зерттеу орнын анықтау - аймақ, мекеме.
· Зерттеу жүргізу уақытын (мерзімін) анықтау.
· Бақылаудың түрін (бір жолғы, ағымдық) және әдісін (тұтас, тұтас емес)
анықтау.
· Зерттеуді орындаушылар және бастығы
· Зерттеудің техникалық құрал жабдықпен қамтамасыз етілуі
· Зерттеудің құнын бағлалау.
Зерттеудің бағдарламасы:
• Статистикалық жиынтықты, жиынтық бірліктерін, зерттеу бірліктерін
анықтау.
• Зерттеу бағдарламасын анықтау, яғни тіркеуге тиісті белгілер тізімі бар
алғашқы статистикалық құжатты анықтау
II кезең. Статистикалық мәліметтерді жинақтау (статистикалық
бақылау).
Статистикалық бақылау – бұл зерттелетін бірліктерді арнайы
медициналық есеп құжатында тіркеу.
Статистикалық бақылау жинақ бірліктерін қамту толықтығына,
уақыт бойынша факторларды және зерттеу тәсілдерін тіркеуге
жіктеледі.
III кезең. Жиналған мәліметтерді өңдеу:
· Жиналған мәліметтерді есеп құжаттарында толықтығы мен толтыру
дұрыстығына тексеру, көшірме нұсқасын жою.
· Әрбір белгінің жанына шартты белгі қою жолымен шифрлау (кодтау).
· Шифрға сәйкес карталарды топ бойынша жайып салу әр топтағы картаны санау.
· Жалпы мәлімет құрастыру, яғни салыстырмалы және жалпылама көлемін алу
үшін алдын ала макеті құрастырылған кесте үлгісіне есептеу нәтижесін енгізу
IV кезең. Алынған мәліметтерге талдау жүргізу
Талдау ретті:
· көрсеткіштерді есептеу (орташа және салыстырмалы шамалар);
· алынған мәліметтерді көрсететің графикалық бейнелерді (суреттерді)
құрастыру;
· зерттеу нәтижелерін салыстыру;
· берілген зерттеу бойынша тұжырым, қортыныдыны және ұсыныстар
жасау.
Бұл кезеңде арнайы статистикалық әдістер қолданылады: стандартау
әдісі, корреляция әдісі, дисперсиялық талдау, дискриминантты талдау
және т.б.
Медициналық-биологиялық зерттеу үдерістерінде, өте жиі нақты
мәселені шешуге қажетті статистикалық әдісті таңдау қиынға соғады.
Статистиканың әдістері:
1)статистикалық бақылау, яғни
бастапқы мәліметтерді жинау;
2) жиналған мәліметтерді өздеріне
тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу
және жинақтау;
3) жинақталған, өңделген
мәліметтерге талдау және
қорытынды жасау.
Статистикалық бақылау - қоғамдық құбылыстар туралы
мәліметтерді жоспарлы және ғылыми ұйымдастырылған түрде
жинау
Статистикалық бақылау жұмыстарының 3 кезеңі:
статистикалық бақылаудың дайындық
жұмыстары
қажетті материалды (бастапқы мәліметтерді)
жинау
жиналған материалды өңдемес бұрын
тексеру
Статистикалық бақылауға қойылатын талаптар:
статистикалық мәліметтердің толықтығы және
практикалық құндылығы
мәліметтердің дұрыстығы және дәлдігі
уақыт және кеңістік өлшемдері бойынша мәліметтердің
салыстырмалы болуы
бақылау жүргізілетін жиынтықты іріктеудің негізді
болуы (жалпы жиынтықты сипаттауы)
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы
мәліметтер жан-жақты тексеруден өтеді.Онда бақылауға
жататын бірліктердің толық қамтылғандығы, көрсеткіштердің
дұрыс толтырылғандығы мен салыстырмалылығы,
есептелгендігі және т.б. қарастырылады. Бірақ, есеп беру немесе
арнайы ұйымдастырылған бақылаудың қайсыбірін алсаң да,
онда әр түрлі себептердің салдарынан қате кетуі мүмкін.
Статистикалық әдістерде клиникалық, лабораториялық және
экспериментальдық зерттеулерде қолдану көптеген сұрақтарды
шешуге көмектеседі. Оның ішінде жоспарлау, клиникалық және
лабораториялық зерттеулерді ұйымдастыру, алынған
көрсеткіштердің статистикалық тұрғыдан дұрыстығын және
зерттелген қоғамдық жайлардың объективтік заңдылықтарын
анықтау, колданылған алдын-алу және емдеу шараларының
медициналық тиімділігін бағалау жұмыстары да бар. Бұл жерде
медициналық статистика өзінің қоғамдық қасиетін жоғалтпайды
Статистикалық зерттеулер тек қана ғылыми жұмыста емес,
сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінің күнделікті қызметінде
де қолданылады. Денсаулықты сақтау жұмысында және арнайы
медиңиналық зерттеулерде статистикалық әдістеме бірінен соң бірі
орындалатын төрт кезеңнен тұрады. Ол кезеңдердің әрқайсысы
көптеген статистикалық қимылдардан құралады.
Статистикалық әдістеме
зерттеулердің жоспары мен бағдарламасын жасау;
статистикалық бақылау мен есепке алуды ұйымдастыру;
статистикалық топтау, өңдеу, жинактау және материалдарды
есептеп ыңғайлау;
талдау, тұжырым шығару, жұмысты жақсартуға ақыл қосу және
алынған зерттеудің қорытындысын күнделікті жұмыска енгізу
Қорытынды
Сонымен қатар, статистиканың әдістері мен әдістемелері арнайы
медициналық мәселелерді де шешуге қолданылады. Кез-келген саладағы
дәрігерлер мен денсаулықты сақтауды ұйымдастырушылар үшін медициналық
статистика денсаулыққа, санитарлық және өндірістік тіршіліктік жағдайға
сандық және сапалық баға беруге қолданылатын негізгі құрал болып табылады.
Статистика бұқаралық әлеуметтік – экономикалық жағдайларды,
құбылыстарды зерттейді. Жинақтау, топтастыру және жалпылама
көрсеткіштерді есептейді.
Көптеген құбылыстар статистикалық жиынтықтарды құрайды, зерттелу
қасиеттерінің ең төменгі тасушысы – жиынтық бірлігі, тасушы сипатына
сандық және сапалық қасиеттер жатады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz