Статистикалық көрсеткіш


Slide 1

« Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы » АҚ жанындағы медициналық колледж

СӨЖ

Тақырып: Статистика және оның медицина мен денсаулық сақтаудағы рөлі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасы

Орындаған: Кулыбек Құралай

Тобы: С-МІҚБ 11-02-19А

Қабылдаған: Мүсірепова З. Д

Slide 2

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1 ) Статистика жалпы түсінік.

2 ) медициналық статистика.

3 ) Статистика денсаулық сақтаудағы рөлі.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

І. Кіріспе

Статистика деген латынша «Stato», ал қазақша «Жағдай» деген мағынаны көрсетеді. Қазіргі кезеңде ғалымдардын көбісі статистикаға мынандай түсінік береді. «Статистика жеке қоғамдық ғылыми бағыт. Ол қоғамдағы белгілі бір мезгілде және кеңістікте жүретін жалпы өзгерістердің сандық және сапалық жағын зерттейді». Осыған қарағанда статистика жалпы көріністерді тұжырымдау үшін қажет екен. Оны жеке көріністерді зерттеуге қолдануға болмайды. Сондықтан оны басқаша «Статистика деген - жалпы көріністердің топтық қасиеттерін математикалық жолмен түсіндіру» деуге болады.

Slide 4

Статистиканың материалдық бөлімі деректі сандардың жиынтығынан тұрады. Ал медициналық статистиканың материалдық бөлімі тұрғындардың денсаулығы туралы деректі цифрлар жиынтығынан құралады. Медициналық статистика тек кана ғылыми немесе пәндік бағыт емес, сонымен катар қоғамдық тәжірибе. Оның көмегімен медицина мекемелері есепке алу және есеп беру жұмыстарын атқарады. Есепке алудың терең мағынасы бар. Ол есепке алудың жоспарлаумен тығыз байланысты бірыңғай жүйесі.

Slide 5

Есепке алудың түрлері

Оперативтік

статистикалық

БУХГАЛТЕРЛІК

Slide 6

Статистикалық әдістерде клиникалық, лабораториялық және экспериментальдық зерттеулерде қолдану көптеген сұрақтарды шешуге көмектеседі. Оның ішінде жоспарлау, клиникалық және лабораториялық зерттеулерді ұйымдастыру, алынған көрсеткіштердің статистикалық тұрғыдан дұрыстығын және зерттелген қоғамдық жайлардың объективтік заңдылықтарын анықтау, колданылған алдын-алу және емдеу шараларының медициналық тиімділігін бағалау жұмыстары да бар. Бұл жерде медициналық статистика өзінің қоғамдық қасиетін жоғалтпайды.

Slide 7

Статистикалық зерттеулер тек қана ғылыми жұмыста емес, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінің күнделікті қызметінде де қолданылады. Денсаулықты сақтау жұмысында және арнайы медиңиналық зерттеулерде статистикалық әдістеме бірінен соң бірі орындалатын төрт кезеңнен тұрады. Ол кезеңдердің әрқайсысы көптеген статистикалық қимылдардан құралады.

Slide 8

Статистикалық көрсеткіш

Статистикалық көрсеткіш деп - әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын қорытындылаушы шаманы айтады. Жиынтықтың жеке мәндері белгілерді, ал сандық сапалық сипаттамасы жиынтықтың (топтың) қасиетін-статистикалық көрсеткішті білдіреді. Мысалы, нақты бір студенттің орташа үлгерімі - бұл белгі, жоғары оқу орнының студенттерінің үлгерімі - бұл көрсеткіш болады.

Slide 9

Статистикалық әдістеме

зерттеулердің жоспары мен бағдарламасын жасау;

статистикалық бақылау мен есепке алуды ұйымдастыру;

статистикалық топтау, өңдеу, жинактау және материалдарды есептеп ыңғайлау;

талдау, тұжырым шығару, жұмысты жақсартуға ақыл қосу және алынған зерттеудің қорытындысын күнделікті жұмыска енгізу.

Slide 10

Статистикалық жиынтық

Статистикалық жиынтық дегеніміз - сапасы жағынан бірыңғай деректердің, жағдайлардың және жаңалықтардың белгілі бір бағыттағы жиынтығы.

Статистикалық жиынтыктың жеке деректері, көріністері - бақылау көрсеткіші деп, ал бақылау көрсеткіштерінің деректерін - есепке алынатын белгілер деп атайды.

Slide 11

Статистикалық есептеу

Статистикалық есептеу - қорытындылау және оны таблица түріңде көрсетумен аяқталады. Ол абсолюттік сандардан тұрады. Материалдарды талдау барысында абсолюттік сандардан - жалпылама көрсеткіштер жүйесі жасалады. Оған статистикалық коэффициенттер мен орта сандар жатады.

Slide 12

Статистиканың ең бір маңызды міндетіне көріністер мен өзгерістердің өзара байланысын анықтау жатады. Олардың байланысының екі түрі белгілі - қызметі жағынан және коррсляциялық. Қызметі жағынан байланыста - көріністердің белгілі бір көрсеткішіне, алдын ала белгілі екінші өзгергіш көрсеткіші сәйкес келеді. Корреляциялық байланыста - бір белгінің көрсеткшіне, баска бір белгінің бірнеше көрсеткіші тура келуі ықтимал. Оларға дәрежелі корреляция және квадраттау әдісімен корреляциялау жатады.

Статистикада регрессия коэффициенті деген көрсеткіш бар. Ол бір көріністің көрсеткіші бір рет өзгергенде, екіншісінің қалай өзгеретінін көрсетеді. Алынған көрсеткіштерді талдау және әсерлеп көрсету мақсатында статистикада графикалық бейнелер қолданылады. Олар диаграмма, картограмма және картодиаграмма түрінде түсіріледі. Диаграммалардың сызықша, радиалды, келемді, мүсінді және бағаналы түрлері бар.

Slide 13

Медициналық статистика

Медициналық статистика дегеніміз - қоғамдық тәжірибе саласы және жекеше оқылатын маңызды пән. Ол жалпы статистиканың бір тармағы. Басқаша айтқанда, медициналық статистика қоғамдық медициналық ғылым. Ол денсаулықты және денсаулықты сақтау жұмысын сандық және сапалық жағынан зерттейді. Сонымен қатар, статистиканың әдістері мен әдістемелері арнайы медициналық мәселелерді де шешуге қолданылады. Кез-келген саладағы дәрігерлер мен денсаулықты сақтауды ұйымдастырушылар үшін медициналық статистика денсаулыққа, санитарлық және өндірістік тіршіліктік жағдайға сандық және сапалық баға беруге қолданылатын негізгі құрал болып табылады.

Slide 14

Медициналық статистикада статастиканың өзге салаларына қарағанда «Үлкен сандар» заңдылығын жиі қолданады. Ол мынандай жағдайларда кездеседі:

Аз көлемдегі бақылауды жүргізгенде;

Орта керсеткіштерді сараптап, олардың арақатынасын анықтауда;

Зерттеулер өте аз бақылауға сүйене жургізілген жағдайда.

Slide 15

Медициналық статистика жалпы статистика ғылымының негіздеріне жүгінеді. Ол үш бөлімнен тұрады:

Slide 16

Тұрғындардың денсаулығын анықтау барысында олардың саны мен құрамы, өсімi мен омірінің ұзақтығы, жеке аурулардың таралуы, мүгедектің деңгейі және жеке адамдардың физикалық дамуы туралы деректерді жинап зерттеу жургізеді. Оның барысында денсаулыққа қоршаған ортаның зиянды заттарының тигізетін әсерін анықтайды. Осы корреляциялық байланыстарды жете білу денсаулықты күшейтуге бағытталған шараларды жетілдіруге көмектеседі.

Slide 17

Денсаулықты сақтау статистикасы бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар:

әйелдердің босануына көмектесетін және денсаулығын қорғайтын мекемелерінің статистикасы

медицина кызметкерлерінің статистикасы

емдеу - алдын-алу мeкeмeлepінiң статистикасы

санитарлық және эпидемияга қарсы күресетін мекемелер статистикасы


Ұқсас жұмыстар
Статистикалық мәліметтерді жинақтау,топтау және түрлері
Статистикалық көрсеткіштер
Статистикалық таратпалы қатарлар Статистикалық кестелер
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері
ИНДЕКСТЕР
Орташа шамалар
Семей қаласының демографиялық жағдайын зерттеу
Медициналық статистика
Абсолютті шамалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz