Стандартталған коэффициенттер




Презентация қосу
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық » кафедрасы

Реферат
Тақырыб:Тікелей емес және жанама стандарттау
әдістері.

Орындаған:Набиева Р.Б
Тобы:СМІҚБ 11.02.19 «Б»
Қабылдаған:Мусирепова З.Д
Жоспар:
• Кіріспе
• 1. Стандарттау әдісі деген не?
• 2. Стандартталған коэффициенттер
• 3. Стандарттаудың тікелей әдісі
• Қолданылған әдебиеттер:
Кіріспе
• Стандарттау әдісі құрамы бойынша ерекшеленетін
жиынтықтардың (жасы, жынысы, мамандығы және т.б.)
жіті көрсеткіштерін салыстыруда (туылудың, өлім-жітім,
ауру және т.б. жалпы көрсеткіші) қолданылады.
Бұл әдіс жиынтықтың құрамындағы мүмкін болатын
ықпалдың қандай да бір белгі бойынша салыстырылатын
көрсеткіш шамасының өзгерісін болдырмауға мүмкіндік
береді.
Осы мақсатта жиынтықтың құрамы айтылған белгі
бойынша теңестіріледі, ол арықарай стандартталған
коэффициентті есептеуге мүмкіндік береді.
Стандартталған коэффициенттер
Стандартталған коэффициенттер – шартты жобаланған (долбарлы) шамалар.
Олар жиынтық құрамындағы айырмашылық болмағанда, салыстырылатын көрсеткіш
шамаларының мәндері қандай болатынын көрсетеді.
Стандартталған коэффициенттер туылудың, өлім-жітімнің, ауырудың әр түрлі жастағы
және жыныстық құрамы бойынша салыстырмалы деңгейін талдау жасау үшін қолданылады.
Стандартталған коэффииенттерді есептеудің әдістері:
• тікелей;
• жанама;
• кері.
Стандарттаудың жанама және кері әдістері қайтыс болғандардың (туылғандардың)
жас құрамы туралы немесе тұрғындардың жас құрамы туралы ақпарат болмаған
жағдайда қолданылады.

Қазіргі кезде бұл әдістер көп керек етілмейді, себебі стандарттаудың тікелей әдісін
қолдану үшін мәліметтер алуға жеткілікті мүмкіндіктер бар.
• Стандарттаудың тікелей әдісі – тұрғындардың жас құрамы белгілі
болғанда және қайтыс болу (туылу) жасының коэффициенттерін
есептеуге мәліметтер бар болған жағдайда қоданылады
• Стандартталған көрсеткіштерді есептеудің үш әдісі бар: тікелей,
кері , жанама. Осылардың ішінде ең жиі қолданылатын-тікелей
әдісі. Бұл әдістің бес кезеңі бар:
1. кезең – жалпы және жеке (әр топқа сәйкес) қарқынды
көрсеткіштерді есептеу.
2. кезең- стандартты табу немесе есептеу.
3. кезең-стандарттың әрбір тобына сәйкес «болжау» көрсеткіштерін
есептеу.
4. кезең-нақты стандарттық көрсеткіштерді табу.
5. кезең-әр топ бойынша қарқынды (не орта мөлшерді) және
стандартталған көрсеткіштерді салыстыру. Қорытынды жасау.
Стандарттаудың тікелей әдісі келесі кезеңдерден тұрады:
1) Жалпы және дербес жіті көрсеткіштерді есептеу:
• жалпы – тұтас жиынтық бойынша;
• дербес – айырмашылық белгісі бойынша (жынысы, жасы, еңбек өтілі және т.б.).
2) Стандартты анықтау, яғни салыстырылатын жиынтық үшін бірдей сандық
құрамды ортадан берілген белгісі бойынша (жасы бойынша, жынысы, т.б) таңдау
жасау.
Ереже бойынша, стандарт үшін сәйкес топтардың сандық құрамының
қосынды немесе жартылай қосындысы алынады. Сонымен бірге кез келген
салыстырылатын жиынтықтардың құрамы, сондай-ақ қандай да бір жиынтықтың
сондай белгісі бойынша құрамы стандарт бола алады.
3) Стандарт тобындағы топтық жіті көрсеткіштер негізінде 1-кезеңде
есептелген құбылыстың күтілетін абсолютті шамасын есептеу.
Салыстырылатын жиынтықтағы қорытынды сан топтағы күтілетін шамалардың
қосындысы болып табылады.
4) Топтағы қорытынды күтілетін шаманы және жаңа стандарт-ортаны
қолданып, салыстырылатын жиынтық үшін стандартталған көрсеткіштерді
есептеу.
5) Стандартталған және жіті көрсеткіштердің қатынасын салыстыра отырып,
қорытынды жасау.
Пайдаланған әдебиеттер:

• . 1 «Стандарттау, метрология және
сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев,
Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-
Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-
Принт», 2005-288б
3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау,
сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу,
сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев,
Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

Ұқсас жұмыстар
Стандарттау әдісі
Қаржылық коэффициенттер әдісі
БІР УАҚЫТТЫ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІ
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша шығын есебі
Перцептивті модельдеу әрекеті
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ СИМПЛЕКС ӘДІСПЕН ШЕШУ
КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ
БАҒАЛАУ ТАРИХЫ
Кәсіпорында еңбеақы төлеу
Алғашқы пайда остикалық тестілеудің болуы әдістердің шығуы топтамасы
Пәндер