Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы АҚ жанындағы медицина колледжі Кафедра:Мейіргер ісі СӨЖ Тақырыбы: Пациент пен отбасы мүшелерін оңалту әдістемесіне үйрету.

Орындаған:Умирзакова У. М.

Тобы:С-МІҚБ 11. 02-19

Қабылдаған:Сейілхан А. С.

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері ?

Пациентті оқыту?

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер?

Slide 3

Кіріспе

Адамның қабілеті өзінің жекелік психикалық ерекшелігіне тікелей байланысты. Адамның қабілеті жас кезінен денсаулығына, мінезіне байланысты әр алуан болып, танымдық белсенділігінің деңгейін анықтайды. Мейірбике пациенттердің және оның жанұя мүшелерінің жекелік психикалық жағдайына, қызмет ету сипатына, оқулық және тәрбиелік жағына, жеке қасиеттерін, қарым - қатынасын, ептілік дәрежесінің даму қабілеттіліктерін бағалап отырады.

Slide 4

Реабилитация - адам денсаулығын қалпына келтіретін, оның ең биікке және әлеуметтік, өмірлік интеграциялайтын көп текті үрдіс.

Реабилитация аспектілері медициналақ физикалық, психологиялық.

Профессионалды және әлеуметтік экономикалық болып бөлінеді. Медициналық және физикалық реабилитацияның мақсаты: аурудың еңбекке қабілетілігін және денсаулықты ерте және толық максималді қалпына келтіру.

Slide 5

Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері

дәрі-дәрмектік (патогенетикалық) емдеу-фармакотерапия;

2) қайта ауыстыру хирургиясы (жедел құрастыру-қалпына келтіріп емдеу және пластикалық операциялар, аорто-коронарлы тамырластыру, жүрек қақпақшаларын және қан тамырларын протездеу, ағзаларды қондыру және басқалар) ;

Slide 6

3) емдеудің физикалық әдістері, оның ішінде электрлік емдеу (гальванизация, электрофорез, электросон, диадинамометрия, амплипульстерапия, электро-стимуляция, флюктуризация, дарсонвализация, индуктотермия, ультра жоғары жиілік терапиясы, микротолқынды терапия, кванттық терапия, магнитотерапия), сәулелік емдеу (инфрақызыл сәулелеу, ультракүлгін сәулелеу, лазерлік сәулелеу), ультрадыбыспен емдеу, сумен емдеу, бальнеоемдеу (ванналар, душтар, бассейіндегі сабақ, құйыну, минералды сумен емдеу), жылубалшықпен емдеу (парафиндік-озокеритоемдеу, балшықпен емдеу, емдеу-балшық аппликациялары мен ванналары), деммен қабылдау терапиясы (аэрозоль және аэройнотерапия, галотерапия), баротерапия, оксигенотерапия және басқалардан;

Slide 7

4) емдік гимнастика (жеке және топтық), ертеңгілік гигиеналық гимнастика, мөлшерленген серуендер мен таудың басына шығулар (терренкур), спорттық жаттығулар мен спорттық ойындардан тұратын емдік дене шынықтыру;

5) механотерапия, тракциялық емдеу, емдеудің ортопедиялық әдістері, қолмен емдеу, гидрокинезотерапия, жатқызып емдеу, енжар әзірлеу;

Slide 8

6) қолмен емдеу, массаж (классикалық, сегменттік, нүктелік, перкуссиялық, вибромассаж және басқалар) ;

7) еңбек терапиясы - науқастардағы бұзылған функциялар мен еңбекке қабілеттілікті қалпына келтірудің белсенді әдісі. Еңбек терапиясы жалпы нығайтқыш (сергіткіш), қалпына келтіргіш және кәсіби (бұрынғыны қалпына келтіруге және жаңа, кәсіби сапалар мен қабілеттерді, сондай-ақ еңбек дағдыларын құруға бағытталған) ;

Slide 9

8) психотерапия;

9) диетотерапия;

10) емдеудің дәстүрлі және халықтық әдістері (акупунктура, гомеопатия, фитотерапия) ;

11) әлеуметтік психологиялық емдеу әдістері (шынығу терапиясы, орта терапиясы, сөйлеуді қалпына келтіру терапиясы) ;

12) кинезотерапия - ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіруге арналған арнайы іріктеп алынған денешынықтыру жаттығуларының кешені;

Slide 10

13) эрготерапия - жеке, әлеуметтік және кәсіптік салада тәуелсіздіктің ең биік деңгейіне жетуге бағытталған іс-шаралар кешені;

14) протездік-ортопедиялық көмек - қалпына келтіру, консервативтік және хирургиялық емдеудің кешенін, науқастар мен мүгедектерді протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуді және оларды пайдалануға үйретуді енгізетін медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі;

Slide 11

Пациентті оқыту

Өзіңізге гигиеналық қолайлы жағдай жасаңыз:гигиеналық талапқа сай өзіңізге арнайы бөлме дайындауды өтініңіз

. Бөлмені қажетті заттармен қамтамасыз етілуін айтыңыз. Бөлмені күнделікті сүртіп, ылғалды тазалық жүргізу, күніне 3-5 рет желдетіп отыру керек. Күтімге арналған заттарды (ыдыстар, судно, зәр қабылдағыш) күнделікті дезерітіндімен өңдеп отыру қажет.

Өзіңіздің функциональды жағдайыңызды бақылап отырыңыз(қан қысымы, пульс және тыныс жиілігі, дене температурасы, дене салмағы) .

Slide 12

Уақытылы тамақтаныңыз.

Күніне 4 рет, аздаған мөлшерде Тамақ ішер алдында витаминге бай сусындар, итмұрын қайнатпаларын ішіңіз. Іш қатпасында қажетті диета тағайындалады. Емдік клизмалар жасалады.

Ауырсынуды басу.

Дәрігер тағайындауымен ауырсынуды басатын дәрілерді қолданыңыз.

Медикаментозды емес ауырсынуды басатын шаралар Ароматерапия,

вибрационды стимуляция,

жылумен және суықпен емдеу,

ЕДШ жасау, массаж, емдік ванналар қабылдау.

Физикалық күштен бөлек, есте сақтау қабілетіңізді жақсарту үшін логикалық жаттығулар, кроссвордтар шешіңіз және оқу сіздің денсаулығыңызға жақсы әсер етуі ұзақ уақытты талап етеді, сондықтан шыдамдылық танытыңыз!

Диагностикалық тексеруден өтіп тұрыңыз.

Slide 13

Пациентті оқыту

Анемия кезіндегі дене күтімін үйрету

Тері күтімі


Ұқсас жұмыстар
Оңалту жоспары
Кеш қалпына келтіру
Құқық бұзушылық белгілері
Фармацевтикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылыққа қылмыстық жауапкершілік
Қазіргі кездегі әлеуметтік терапия және оның жүзеге асыру әдістері
Құқықтық норма
Паллиативті терапия
Қарттар үшін профилактикалық медициналық қызметтер
Медициналық массаж
Физикалық оңалту тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz