Абсолютті шамалар


Slide 1

ОҚМА АҚ жанындағы Медицина Колледжі Әлеуметтік Медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық кафедрасы СӨЖ Тақырыбы:Статистикалық шаралардың нақтылығын бағалау. Динамикалық қатарлар

Орындаған: Хусниддинова. Х

Тобы: С-МІҚБ 11. 02. 19 Б

Қабылдаған: Мүсірепова. З. Д

Slide 2

Мақсаты

Студенттерге статистикалық шаралардың міндеттерін және нақтылығы туралы түсінікті қалыптастыру, динамикалық қатар түрлері мен таныстыру.

2

Slide 3

3

І. Кіріспе.

IІ. Негізгі бөлім

1. Медициналық статистика

2. Динамикалық қатар лның түрлері.

3. Интерполяция және экстраполяция. Маусымдық ауытқу.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

ЖОСПАРЫ:

Slide 4

Статистика деген латынша «Stato», ал қазақша «Жағдай» деген мағынаны көрсетеді. Қазіргі кезеңде ғалымдардын көбісі статистикаға мынандай түсінік береді. «Статистика жеке қоғамдық ғылыми бағыт. Ол қоғамдағы белгілі бір мезгілде және кеңістікте жүретін жалпы өзгерістердің сандық және сапалық жағын зерттейді». Осыған қарағанда статистика жалпы көріністерді тұжырымдау үшін қажет екен. Оны жеке көріністерді зерттеуге қолдануға болмайды. Сондықтан оны басқаша «Статистика деген - жалпы көріністердің топтық қасиеттерін математикалық жолмен түсіндіру» деуге болады.

4

Кіріспе

Slide 5

5

Slide 6

Медициналық статистика

Медициналық статистика дегеніміз - қоғамдық тәжірибе саласы және жекеше оқылатын маңызды пән. Ол жалпы статистиканың бір тармағы. Басқаша айтқанда, медициналық статистика қоғамдық медициналық ғылым. Ол денсаулықты және денсаулықты сақтау жұмысын сандық және сапалық жағынан зерттейді. Сонымен қатар, статистиканың әдістері мен әдістемелері арнайы медициналық мәселелерді де шешуге қолданылады. Кез-келген саладағы дәрігерлер мен денсаулықты сақтауды ұйымдастырушылар үшін медициналық статистика денсаулыққа, санитарлық және өндірістік тіршіліктік жағдайға сандық және сапалық баға беруге қолданылатын негізгі құрал болып табылады.

6

Slide 7

Медициналық статистика жалпы статистика ғылымының негіздеріне жүгінеді. Ол үш бөлімнен тұрады:

7

Slide 8

Статистикалық көрсеткіштер

Статистикалық көрсеткіш деп - әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын қорытындылаушы шаманы айтады. Жиынтықтың жеке мәндері белгілерді, ал сандық сапалық сипаттамасы жиынтықтың (топтың) қасиетін-статистикалық көрсеткішті білдіреді. Мысалы, нақты бір студенттің орташа үлгерімі - бұл белгі, жоғары оқу орнының студенттерінің үлгерімі - бұл көрсеткіш болады.

8

Slide 9

Статистикалық көрсеткіштер

•Статистикада қорытындылаушы шамалардың үш тобы бар.

Олар:

абсолютті шамалар,

қатысты шамалар

стандартталған шамалар.

9

Slide 10

Абсолютті шамалар

10

Жеке абсолютті шамалар зерттелетін жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін көлемін білдіреді. Мысалы, бір мектептегі оқушылар саны, бір дүкеннің тауар айналымы, бір жұмысшының айлық табысы және т. б.

Жалпы абсолютті шамалар жеке абсолютті шамалардың қосындысынан алынады. Абсолютті шамалардың көмегімен зерттелетін құбылыстардың абсолютті мөлшерін сипаттайды: көлем, салмақ, аудан, ұзындық және т. б.

Slide 11

Абсолютті статистикалық көрсеткіштер

Абсолютті көрсеткіштер атаулы сандар болып келеді, сондықтан абсолютті шамаларды есептеу кезінде төмендегідей өлшем бірліктері пайдаланылады:

а) табиғи: дана, тонна, литр, шаршы метр, куб метр т. б.

б) құндық: өнім бірлігінің бағасы, өнім бірлігінің өзіңдік құны, сатылған тауар бірлігінің құны;

в) есептік өлшем бірліктері бірнеше табиғи өлшем бірліктерінің тіркесі арқылы алынады. Мысал ретінде тоннокилометр (т/км) алуға болады. Ол көлік жұмысының көлемін бағалау үшін қолданылады: егер салмағы 5 тонналық жүк 50 километр қашықтыққа тасымалданса, онда тасымалдардың көлемі 250 т/км құрайды. г) шартты-табиғи өлшем бірліктері өнімнің көлемін бағалау үшін пайдаланылады. Мұндай өлшем бірліктері энергетикада (шартты отын), консерві өнеркәсібінде (шартты банка), полиграфия өнеркәсібінде (шартты баспа табақ) пайдаланылады; д) еңбек өлшем бірліктері: адам- күн, адам- сағат.

11

Slide 12

Қатысты шамалар

Мазмұнына қарап қатысты шамалардың:

динамикалық,

жоспарлық тапсырманың орындалуы,

жоспардың орындалуы,

құрылымдық,

үйлестік (координациялық),

үдемелік (интенсивтік),

салыстырмалы,

дәрежелік топтары

12

Slide 13

Динамикалық (уақыттық) қатар - статистикалық көрсеткіштердің уақыт бойынша орналасқан мәндерін айтады. Динамикалық қатарлар екіге бөлінеді:

13

Қатар деңгейі - құбылыстың шамасын, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы сандық мәні.

Уақыт көрсеткіші арқылы күн, ай, тоқсан, жыл сияқты уақыт бірліктері анықталады.

Slide 14

14

Өсіңкілік қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсеткен көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес болып бөлінеді.

Толық өсіңкілік қатарларда көрсеткіштер уақыт мерзіміне қарай бірінен кейін бірі үзіліссіз беріледі.

Толық емес өсіңкілік қатарлар деп көрсеткіштер уақыт мерзіміне қарай әртүрлі аралықта, яғни әртүрлі уақыт мөлшері арқылы сипатталады.

Slide 15

15

Құбылыстардың өзгеруін зерттеу, талдауда әртүрлі статистикалық көрсеткіштер қолданылуына қарай өсіңкілік қатарлар үшке бөлінеді: нақты, қатысты және орташа шамалар.

Нақты шамалар өсіңкілік қатар дәрежесі ретінде әрбір уақыт мөлшеріне байланысты қалай өзгергендігін көрсетеді.

Қатысты шамалы өсіңкілік қатар екі уақыттың нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болады, яғни әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандар тізбесін айқындайды. Ол өсу, кему қарқыны ретінде %-пен өлшенеді.

Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі-бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштердің орташа өзгеруін сипаттауды айтады.

Slide 16

16

Құбылыстардың динамикасын зерттеп, талдау үшін динамикалық қатарлардың мынадай негізгі 4 көрсеткішін есептейді:

Абсолютті өсім - белгілі бір уақыт аралығында қатар деңгейінің қанша бірлікке өскенін немесе кемігенін көрсетеді.

Өсу қарқыны - қатар деңгейлерінің өзгеру қарқындылығын сипаттайды.

Өсім қарқыны - абсолютті өнімнің базалық деңгейге немесе алдыңғы мерзім деңгейіне қатынасын айтады.

Өсім қарқынының 1% -ның абсолютті мәні - тізбекті тәсілмен есептелген абсолютті өсімнің өсім қарқынына қатынасын көрсетеді.

Slide 17

17

Тұрақты тәсілмен есептелген нақты өсім:

∆н= Yi-Yo

∆н - нақты өсім;

Yo - тұрақты базалық уақыттың дәрежесі;

Yi - ағымдағы уақыттың дәріжесі;

i - қатардың рет нөмірі.

Тізбектелген тәсілмен есептелген нақты өсімге келесі формуланы қолданамыз:

∆н= Yi-Yi-1

Yi-1 - ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.

Slide 18

18

Егер өсіңкілік қатардағы әрбір уақыт дәрежесін тұрақты бір базалық уақыт дәрежесіне бөлсек, онда оны тұрақты өсу қарқынының коэффициенті деп атайды және ол мына формуламен есептеледі:

Кө= Yi/Yo

Кө - өсу қарқының коэффициенті

Егер өсіңкілік қатардың әрбір уақыттағыдәрежесін өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда өсу қарқыны коэффициенті тізбектелген тәсілмен есептелген болып саналады және мына формуламен есептелінеді:

Кө= Yi/Yi-1

Өсу қарқынының коэффициентін 100-ге көбейтіп, оның %-ін есептеуге (Өқ) болады:

Өқ=Кө*100=(Yi/Yo) /100 - тұрақты тәсіл

Өқ= (Yi/Yi-1) /100 - тізбектелегн тәсіл

Slide 19

19

Егер өсім қарқыны тұрақты базалық уақыт дәрежесі арқылы есептелсе, ол тұрақты өсім қарқыны, ал егер базалық уақыт дәрежесі өзгермелі болса, оны тізбектелген өсім қарқыны деп атайды және келесі формулалармен есептейміз:

∆ө = (∆н/ Yo) *100 - тұрақты тәсіл;

∆ө = (∆н/ Yi-1) *100 - тізбектелген тәсіл

Мұндағы : ∆ө - өсім қарқыны.

Егер өсу қарқынынң көрсеткіштері есептелініпл берілген болса, өсім қарқынын анықтау үшін өсу қарқынан 1-ді немесе 100-ді шегеру арұылы табуға болады.

∆ө = Кө-1 немесе ∆ө = Өқ-100

Slide 20

20

Бір % өсімнің нақты мәнін есептеу үшін әр уақыттағы өсімнің шамасы, сол кездегі өсім қарқынына бөледі және оның мәні тізбектелген тәсілмен келесі формула бойынша есептеледі;

А%=∆н/∆ө немесе А%= Yi-1/100

мұндағы А% - 1 процент өсімнің нақты мәні.

Slide 21

21

Қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін зерттеуде және өндеуде, талдауда келесідей есептеу тәсілдері қолданылады:

біртектес өсіңкілік қатарларды салыстырмалы тәсілмен талдауды қолдану кезіндебіртектес қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі-бір уақыт кезеңіндегі көрсеткіштердің өзгергендігін көрсетеді.

өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру тәсілі негізінде бір-бірімен әртүрлі өлшем бірліктері, әртектес құбылыстар мен процестерден тұратын көрсеткіштерді салыстыруға келмейтіндерді салыстырмалы түрге келтіреді.

уақыт аралығын үлкейту өсіңкілік қатарлар дәрежесі уақытына қарай бір-бірімен жақын болса, олардың даму, кему бағытын анықтау үшін, уақыт аралығының шамасы үлкейтіледі және жаңа қатарлар құрылады.

жылжымалы орташа тегістеу тәсілін қолданғанда есептеуге алынған өсіңкілік қатарлардың сандық мәндері уақыт аралықтарына қарай бірдей мөлшерде болады және көп жағдайда тақ сандық мүшелері бойынша есептеледі.

Slide 22

22

Өсіңкілік қатардың уақыт көрсеткіштері (t) әрқашан белгілі болғанда, тегістелген қатардың дәрежесін (y) табу үшін, а0 және а1 түзу сызықты параметрлерін анықтаймыз.

Ол үшін ең кіші шаршы негізін қанағаттандыру үшін келесі қарапайым теңдеуді шешу керек:

a0n + a1∑t=∑Y


Ұқсас жұмыстар
Медициналық статистика
Өсіңкілік қатарлары
ДИНАМИКАЛЫҚ ҚАТАРЛАР
Өлшеу қателігі. Құрал шкаласының қателерін және жүйелік қателерді есепке алу. Қос қателікті бағалау
Жанама өлшеулер
Өлшеу және өлшеу құралдарын жіктеу
Эпидемиологиялық зерттеулердің кезеңдері
Термодинамика анықтамасы
«Гидравликалық кедергі»
Стандарттау әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz