Микробтарға қарсы заттар


Slide 1

Микробтарға қарсы заттар Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттар

Орындаған:Қуандықова. А Е-304

Тексерген:Купеева. Г

Қызылорда қаласасы 2021 ж

Slide 2

Мақсаты

Микробтарға қарсы заттарды қалай қолдану керек екенің біліп үйрену

Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың түрлерімен танысу

Slide 3

Жоспары

Антисептикалық заттар туралы жалпы түсінік

Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың бөлінуі

Дезинфекцияға қойылатын талаптар

Slide 4

Антисептикалық заттар - бұл инфекциялық үрдістің дамуының алдын алу мақсатында терінің, шырышты қабаттың, жара бетінің және дене қуыстарын залалсыздандыру үшін қолданылатын дәрілік заттар

Дезинфекциялаушы заттар - инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында адамды қоршаған ортадағы (бөлмені, киімдерді, науқасты күту заттарын, жұқпалы науқастардың бөліністерін т. б. ) микроорганизмдерге әсер ету үшін қолданылатын заттар

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың жіктелуі

Галогенді қосылыстар - Хлорамин Б, йодтың спиртті ерітіндісі, йодинол

Тотықтырғыштар - сутегінің асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты

Қышқылдар мен сілтілер - бор қышқылы, аммиак ерітіндісі

Металлдар қосылыстары - сынаптың сары тотығы, сынап дихлориді, күміс нитраты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты

Фенол және оның туындылары - Фенол, резорцин, лизол

Slide 8

Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың жіктелуі (жалғасы)

Альдегидтер және спирттер - формальдегид ерітіндісі, этил спирті

Бояғыштар - бриллиант жасылы, этакридин лактаты

Нитрофуран туындысы - фурациллин

Детергент - церигель, этоний, роккал

Бигуанидтер - хлоргексидин

Әртүрлі табиғи антибактериалды заттар - календула тұнбасы, натрий уснинаты, новоиманин, лизоцим

Slide 9

Галогенді қосылыстар

Хлорамин Б суда ерігенде хлорлы қышқыл түзіледі. Әрі қарай ыдырауы рН ортаға байланысты болады. Қышқыл және нейтралды реакцияға түскенде хлорлы қышқылдан атомдық хлор мен оттегі босап шығады да, микроб жасушасының белоктарымен байланысып, оның денатурациясын шақырады.

Хлорамин Б-ның өткір иісі бар, ол күшті тітіркендіргіш әсер көрсетеді.

Хлор жануарлар тінімен, микроорганизмдермен, органикалық және неорганикалық тіндермен үнемі өзара байланысады. Хлор қоршаған ортаның немесе өңделетін тіндердің суларымен әрекеттесіп, атомдық оттегін түзеді. Ол тотықтырғыш әсер көрсетеді, сондықтан антисептикалық әсер байқалады.

Slide 10

Белокты ортада хлор препараттарының белсенділігі айтарлықтай төмендейді. Антибактериалды әсермен қатар хлор препараттары иісті жояды, ткандерді түссіздендіреді және зақымдайды, металлдардың коррозиясын шақырады, инсектицидтік әсер көрсетеді. Хлорамин Б қолданылуы: жұқпалы жараларды, науқасты күтуге арналған заттар мен науқастың бөлінділерін залалсыздандыру үшін және металл емес инструменттерді, бөлмелерді дезинфекциялау үшін. Стоматология практикасында антисептикалық зат ретінде бұл препаратты стоматитте шырышты қабаттарды, пародонтитте тіс-қызыл иек қалталарын өңдеу үшін және пульпит, пародонтитті емдеуде түбір каналдарын залалсыздандыру үшін кеңінен қолданады.

Хлорамин Б жанама әсерлері: тыныс алу жолдарын және жаққан жердің тітіркенуі. Йодтың спиртті ерітіндісі - құрамында белсенді йоды бар препарат. Фармакологиялық әсерлері: антисептикалық, қан тоқтатқыш, фунгицидтік (саңырауқұлаққа қарсы), иісті жоятын, тітіркендіргіш, алаңдатушы әсерлері бар. Антисептик ретінде операциялық аймақты, тері жарақаттарын өңдеуге, миозит, артрит кезінде алаңдатушы зат ретінде қолданылады. Йод препаратының күйдіргіш әсерін жарақат, травма кезінде қан кетулерді тоқтату үшін қолданады. Стоматологияда стоматитті емдеуге, ал самай-жақ буынының артритінде, периодонтитте ионофорез жасауға қолданылады.

Slide 11

Йодтың спиртті ерітіндісінің жанама әсерлері: препаратты ұзақ қолданғанда йодизм құбылысы байқалады. Тіндердің өткізгіштігі жоғарылап, келесі симптомдар: бездердің секрециясы жоғарылауы, мұрын қабыну, гайморит, фронтит, көзден жас ағу, жөтел, тіндердің ісінуі пайда болады.

Йодинол - құрамы 0, 1% йодтан, 0, 3% калий йодидінен, 0, 9% поливинилді спирттен тұратын, 1% сулы ерітінді түрінде қолданылады. Йодинолдың антисептикалық әсері құрамындағы молекулярлы йодқа байланысты болады. Йодинолдың құрамындағы поливинилді спирт 1. Йодтың босап шығуын баяулатады 2. Оның дене тіндерімен әсерлесуін ұзартады 3. Йодтың тіндерді тітіркендіруін төмендетеді.

Slide 12

Йодинолдың қолданылуы:

Созылмалы тонзилит

Іріңді отит

Іріңді хирургиялық аурулар

Трофикалық және варикоздық жараларда

Термиялық және химиялық күйіктер

Стоматологияда - кариестің асқынған түрлері, пародонтоз, созылмалы периодонтит, ауыз қуысының шырышты қабатының жұқпалы - қабыну аурулары.

Тотықтырғыштар - сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты ерітіндісі

Сутегінің асқын тотығының фармакологиялық әсерлері:

Антисептикалық

Күйдіргіш

Йісті жоятын

Қармаушы (қабынуға қарсы)

Ағартатын

Қан тоқтатқыш

Сутегінің асқын тотығының әсер ету механизмі: іріңді жарада, қанда, және басқа да белокты өнімдерде сутегінің асқын тотығы каталаздық жолмен ыдырайды да молекулалық оттегін бөледі, нәтижесінде көпіршік пайда болады да, жараны механикалық жолмен тазалайды. Жараны тек механикалық жолмен тазалайды. Сондықтан әлсіз антисептик болып табылады.

Slide 13

Әсер ету механизмі:

Микробтарға қарсы - төменгі көнцентрацияда микроорганизмдер ферменттерінің сульфгидрилді топтарын тежейді, жоғарғы концентрацияда - микроб жасушасының протоплазма белоктарының коагуляциясын шақырады.


Ұқсас жұмыстар
МИКРОБТАР МЕН ПАРАЗИТТЕРГЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАЬЫН ПРЕПАРАТТАР
Инфекция және иммунитет
ФОСФОРОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР
Инсектицидтікжәне акарацидтік заттар
Антибиотиктер. Медицинадағы маңызы
Күшті қышқылдар
Әртүрлі топтың өкілдері
Гликопептидті антибиотиктер
Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылығы
Антисептика. Жараға түскен инфекцияға қарсы бағытталған шаралар кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz