Аллельді гендер - хромосоманың бір жұбында орналасатын гендер
Презентация қосу
1. Аллель — сәйкес хромосомалардың бірдей
үлескілерінде болып, баламалы (қарама-қарсы
қалыптағы) белгілерiнің дамуына жауап беретін дәл
сол геннің әр түрлі қалпы.
Аллельді гендер — хромосоманың
бір жұбында орналасатын гендер.
Доминантты және рецессивті
аллельдер болады.
Аллельді емес
гендердің өзара
әрекеттесуінің түрлері
Комплементарл
ық
Эпистаз
Полимерия
Плейстропия
Комплементарлық
Комплементарлық- екі не бірнеше аллельді емес доминантты
гендердің бірін-бірі толықтырып, бір белгіні жарыққа шығару.
Мысалы, көгілдір қауырсынды тотықұсты сары қауырсынды
тотықұспен будандастырса, бірінші ұрпақтың (Ғ1-дің)
будандары біркелкі жасыл қауырсынды болып шығады. Оларды
өзара будандастырғанда екінші ұрпақта — Ғ2-де төрт түрлі
фенотип көрініс береді. Атап айтқанда, 9 жасыл түсті, 3
көгілдір, 3 сары және 1 ақ қауырсынды ұрпақтар алынады. Ғ2
ұрпақ дарақтарының генотипіне назар аударсақ, бұл
будандастыруға екі жұп аллельді емес гендердің
қатысатындығын байқауға болады. А гені — қауырсынның
көгілдір түсін, ал В гені сары түсті болуын анықтаса, олардың
рецессивті а және b аллельдері қауырсынның ақ түсті болуын
анықтайды.
Эпистаз
Эпистаз - бір геннің әсерін екінші геннің
толық басып тежеуін, оның көрінуіне
мүмкіндік бермеуін атайды
Басқа гендердің әсерін басып тастайтын
гендерді супрессор, немесе ингибитор деп
атайды. Ондай гендер тірі организмдердің
бәрінде де кездеседі.
Белгінің көрінуіне мүмкіндік бермейтін
гендер – эпистаздық гендер деп, ал әсері
басталып тасталынатын гендер
гипостаздық гендер деп атайды.
Эпистаз 2-ге бөлінеді
Рецесси Доминантты
вті
Полимерия
Егер гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір
белгінің көрінуіне екі, үш немесе одан да көп
гендердің әсері болса, ондай
құбылысты полимерия деп атайды. Мұндай гендерді
полимерлік гендер дейді. Оларды бірдей әріптермен
белгілейді, бірақ индексі өзгеше болады. Мысалы,
А1 А1 А2 А2 немесе a1 a1 а2 а2, A1 А1 А2 А2 А3 А3 немесе
a1 a1 а2 а2 а3 а3. Полимерлі гендер өсімдіктер мен
жануарлардың бағалы, сапалы белгілері мен
қасиеттерін бақылайды. Мысалы, өсімдік бойының
биіктігі, пісу мерзімі, дәнінің орташа салмағы,
майлылығы, қанттылығы, нәруыз мөлшері, т.б.
Полимерия құбылысын алғаш рет 1908 жылы
швед ғалымы Нельсон-Эле бидай дәні түсінің
тұқым қуалауын зерттегенде ашқан. Ол түсі
қою қызыл бидай дәні мен ақ түсті бидай
дәнін будандастырғанда, бірінші ұрпақта
өсімдіктер дәнінің түсі аралық ашық қызыл
болған. Ал екінші ұрпақта 64 өсімдіктің ішінде
бір ғана ақ түсті дәнді өсімдік, қалған
дәндердің түсі қою қызылдан, ақшыл қызылға
дейін болған. Сонымен белгілердің ажырауы
63 : 1 сан қатынасында жүрген.
Белгілердаң полимерлік тұқым қуалау
жағдайында, екінші ұрпақта пайда
болған организмдер, белгілері жағынан
ата-аналық түрлерімен салыстырғанда не
басым, не әлсіз болуы мүмкін. Мұндай
құбылысты трансгрессия деп атайды
Плейстропия
Гендердің көп жақты әсері деп бір геннің
бір белгінің дамуына ғана емес, бір
мезгілде бірнеше белгінің фенотиптік
көрінуіне әсерін айтады. Бұл құбылысты
Мендельдің тәжірибелерінен байқауға
болады. Мысалы, бұршақ өсімдігінде А гені
үш белгінің дамуын бақылайды: тұқымның
қабығының қара түсін, гүлінің қара қошқыл
түсін және сабағының қызыл түсін.
Плейстропия
Қорытынды
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен дамуында
тұқымқуалаушылық шешуші рөл атқарады.
Өйткені эволюция барысында қалыптасқан тіршілікке қажетті
жаңа белгілермен басқа да өзгерістер осы
тұқымқуалаушылыққа байланысты ұрпақтан ұрпаққа беріліп,
бекітіліп отырады. Тұқымқуалаушылықтың негізінде
органдардың алуан түрлі топтары қалыптасты, дербес және
біртұтас жүйелер (популяциялар, түрлер) құрылып, олардың
тіршілік етуіне және қоршаған орта жағдайларына сай
бейімділіктің сақталуына мүмкіндік туды. Сондықтан да
тұқымқуалаушылық эвол. әрекеттің негізгі қозғаушы күшінің
бірі болып табылады. Табиғатта тұқымқуалаушылық
өзгергіштікпен қатар жүреді. Ауыл шаруашылығы мен
медицина үшін тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын
зерттеп білудің маңызы зор.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz