ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯ пәні
Презентация қосу
«ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯ» пәні
Дәріс 3 - 4. План, карта, профиль,
план масштабы және дәлділігі.
Геодезиялық план жəне
құрылыс сызбаларын құрудағы
шартты белгілер.
Орынғожин Ерназ Советович,
Техника ғылымдарының докторы,
Профессор,
ҚР ҰИА академигі
Алдыңғы дәрістерде 1 - 2.
Геодезия. Инженерлік (қолданбалы)
геодезия. Жер пішіні жəне оның
өлшемдері туралы жалпы түсінік
туралы өттік.
Геодезия – жер бетінде өлшеу əдістері туралы ғылым. Бұл
əдістер инженерлік құрылыстар мен ғимараттарды жобалауда,
салуда, осы жұмыстардың картасын, планын жəне қималарын
(профиль) салу үшін, Жердің пішінін, өлшемдерін анықтауда
қолданылады. Əртүрлі ғылыми жəне қолданбалы салаларына
байланысты геодезия төмендегідей бірнеше ғылыми салаларға
бөлінеді: геодезия немесе топография, жоғарғы геодезия, аэро-
фототопография, космостық геодезия, қолданбалы (инженерлік)
геодезия.
Геодезия немесе топография – Жердің кішігірім бөлігінде
түпкілікті өлшемдер жүргізу арқылы оның карта немесе планын
құрастырумен шұғылданады. Осы жұмыстардың жиынтығын
топографиялық түсіріс деп атайды.
Инженерлік (қолданбалы) геодезия – өндіріс орындарын,
гидротехникалық, көлік-жол қатынастарын жобалауда, ізденіс
жұмыстарында геодезиялық өлшем əдістерімен шұғылданатын
ғылым.
Геодезиялық теория жəне іс жүзінде алға қойылған инженер-
лік есептерді шығаруда математикалық есептеу машиналарының,
астрономияның, геофизиканың, геологияның жəне де басқа са-
бақтас ғылымдардағы техниканың соңғы жетістіктері (жоғар-
ғы дəлдікті оптикалық, электронды, жарық, лазерлік теодолит-
тер, арақашықтық өлшегіштер, нивелирлер, фотограмметриялық
аспаптар жəне де басқа жабдықтар) қолданылады.
Жоғары геодезия – Жердің пішіні жəне оның сыртқы грави-
тациялық көлемін (бетін) геодезиялық, гравиметриялық жəне
астрономиялық өлшемдер жүргізу арқылы анықтау, сонымен бір-
ге Жер серіктерінің жылжуын бақылап отыру. Жер серіктерінің
пайда болуы космостық геодезия саласының пайда болуына əсер
етті.
Аэрофототопография – Жер бетінде аэрофототүсірістер
ар қылы оның картасын немесе планын құрастырумен шұғыл-
данатын ғылым.
Жер пішіні жəне оның өлшемдері туралы
жалпы түсінік
Жердің жалпы пішіні үшін, ойша материктер астынан жүр-
гізілген, тыныш жағдайдағы мұхит деңгейінің бетін (жазық-
тығын) түсінеміз. Мұндай жазықтықты деңгей бет деп атайды.
Кеңістікте (жер бетінде) пландық жəне биіктік орналасула-
ры геодезиялық жолмен анықталып, барлық территориясын қамтитын
геодезиялық торды құрайды.
Пландық геодезиялық торлар триангуляция, трилатератция,
полигонометрия жəне осы əдістердің құрама түрлерімен құры-
лады.
Триангуляция төменгі ретпен құрылады. Жер бетінде А, В, С
нүктелерін бір-бірінен жақсы көрініп тұратындай етіп бекітеді
(1-сурет). Егер олар бір-бірінен тікелей көрінбесе, олардың үстіне
арнаулы белгілер орнатады. Бұл белгілерді пирамида немесе белгі
(сигнал) дейді. Əрі қарай АВС үшбұрышының бір қабырғасының
ұзындығын (мысалы, АВ қабырғасын алайық) жəне барлық ішкі
бұрыштарын өлшейді. АВ қабырғасын базистік қабырға деп
атайды.
Трилатерация – триангуляциялық əдістермен құрылады да,
өзгешелігі – олардың бұрыштары емес, əр үшбұрыштың барлық
қабырғаларының ұзындықтары жоғары дəлдікті арақашықтық
өлшегіштермен (сəуле, лазерлік, радио-қашықтық өлшегіштер)
өлшенеді.
Полигонометрия əдісінде, геодезиялық торларды қисық сы-
зықты жүрістермен құрады да, оны полигонометриялық жүріс
деп атайды. Полигонометриялық жүрістерде қабырғаларының
ұзындықтарын жəне жүріс бағытымен бұрыштарын өлшейді.
I жəне II класты нивелирлік торлар топографиялық түсіріс-
тер мен инженерлік-геодезиялық жұмыстардың негізі болып
есептеледі. I класты нивелирлік торды темір жəне автомобильдік
жолдар бойымен тұйық полигон немесе жеке жүрістер ретінде
құрады. II класты нивелирлік торды, I класты торлардың
қосындары арасында жүргізеді, ал олар болмаған жағдайда жеке
жүріс ретінде құрады.
III класты нивелирлеу, I жəне II класты Мемлекеттік тор-
ды дамыту үшін оның ішінде жүргізіледі де, ол топографиялық
түсірістердің биіктік негізі болып есептеледі жəне əртүрлі ин-
женерлік есептерді шығаруда пайдаланылады.
IV класты нивелирлеу III класты нивелирлеу торын жиілету
үшін құрылады жəне инженерлік-геодезиялық есептерді шы-
ғаруда кеңінен қолданылады. Нивелирлік жүрістер өзінен класы
жоғары нивелирлік торлар қосындарымен түйісіп отырады неме-
се өз бетімен тұйық полигон құрайды.
План, карта жəне профиль туралы түсінік
План деп кішігірім жер бөлігінің масштабпен сызылған
бейнесін айтады. Планда жер бетінің қисықтығы (дөңестігі) еске
алынбайды, яғни жер беті жазықтық ретінде қабылданады.
Жер бетінің үлкен аймақтарын немесе барлық жер бетін қағаз
бетіне кескіндеу, яғни картасын жасау үшін, алдымен оның кіші
бөліктерінің планын жасайды. Əрі қарай графикалық жолмен тор
көз құрады да, оған жер бетіндегі құрылымдардың сұлбасын жəне
жер бедерін салады. Осындай ретті əдіспен жер бетінің үлкен
аймағын қағазға түсіру (бейнелеу) карта деп аталады.
Жергілікті аймақты картаға түсіргенде карта беті жазықтыққа
емес, сфералық бетке сəулеленеді. Нəтижесінде карта бетіне
түсірілген жер сұлбасының, құрылымдардың толық геометриялық
ұқсастығы сақталмайды, жəне де олардың тұрақты масштабы
болмайды, себебі сфералық бетке жазықтықты жиырылымсыз
жəне оның үзілмелі тұстарын жазып кескіндеу мүмкін емес. Осы
кемшіліктер карта мен планның басты айырмашылығын көрсе-
теді. Планның кез келген тұсында масштаб тұрақты болады.
Сонымен карта дегеніміз – Жер бетінің барлық немесе оның
аумақты тұсының деңгейлік дөңестігін есепке ала отырып,
кішірейтілген, қағазға түсірілген кескіні (бейнесі).
Барлық карталар қайда қолданылатынына байланысты жал пы
географиялық жəне арнаулы болып екіге бөлінеді.
Жалпы географиялық карталар масштабтарына жəне то-
лықтықтарына байланысты шолу (масштабы 1:1 000 000 кіші)
жəне топографиялық болып бөлінеді. Карталар шартты түрде ірі
масштабты (масштабы 1:100 000 жəне одан ірі), орташа мас-
штабты (1:1 000 000 масштабқа дейін) жəне ұсақ масштабты
(масштабы 1:1 000 000 одан ұсақ) болып бөлінеді.
Арнаулы карталардың топографиялық карталардан айырма-
шылығы, мұнда кейбір табиғи құрылымдар түбегейлі түсіріледі
(өзен құйылымдары, автожолдар, құнарлы жер қыртысы, өсімдік
түрлері, т.т.).
Қолданылуына байланысты карталар сан алуан болады:
оқулық, жолаушылық, теңіз картасы жəне т.т.).
Профиль дегеніміз – жер бетінің тік жазықтықтағы тік қимасы.
Мысалы, 2-суреттегі топографиялық планнан АВ бағытының
профилін салу үшін, кез келген ab сызығын жүргізіп, оның үстіне
пландағы горизонтальдардың осы АВ сызығымен қиылысқан
1-7 нүктелерін салады. Əрі қарай осы нүктелердің биіктігін,
белгілі бір масштабта ab сызығына перпендикуляр етіп салады.
Перпендикулярлардың ұшар бастарын бір-бірімен қоссақ, осы
бағыттың профилі пайда болады.
Профил салу инженерлік ізденіс, авто жəне темір жолдарды,
каналдарды, мелиораторлық жəне гидротехникалық құрылыс тар-
ды салуда жəне т.б. жұмыстарда кеңінен қолданылады.
Дәріс 3.
План, карта, профиль, план
масштабы және дәлділігі.
Геодезиялық план жəне
құрылыс сызбаларын құрудағы
шартты белгілер.
10 слайд
Топографиялық пландар мен сызбалардың əзірленіп,
көрнекі болуына шартты белгілерді дұрыс жəне көркем
орындағанда ғана қол жеткізуге болады. Пландар мен
сызбалардағы құрылымдарды жеңіл оқи алу үшін, оған
салынған заттар өзінің жер бетіндегі түріне пішіні жағынан
ұқсас болуы керек, яғни қандай зат екенін меңзеп тұруы
керек. Шартты белгілердің екі түрі (тобы) болады:
масштабтық (сұлбалық) жəне масштабтан
тыс.
Масштабтық шартты белгілер арқылы өз түріне
ұқсас, шартты белгісі арқылы оның шамасын жəне пішінін
анықтауға болатын заттарды (жер бетіндегі
құрылымдарды) кескіндейді.
Масштабтан тыс шартты белгілер, берілген
масштабта оның көлемдік бейнесін салу мүмкін болмаған
жағдайда пайдаланылады, себебі берілген масштабта
бұл заттар планда көп орын алуы
мүмкін.
Планның немесе картаның мазмұнын толық түсіну жəне оқи
алу үшін, қосымша түсініктемелер беріледі. Мысалы, аралас
ағашты орманда, ондағы ағаштардың екі басым түрлерінің шарт-
ты белгілерін көрсетеді, яғни басым түрінің шартты белгісін сол
жағына жазады; өзеннің ағыс бағытын үшкілмен жəне осыған
ұқсас басқа да заттардың ерекшеліктерін түсінік беріп, көрсетіп
отырады.
Масштабтан тыс шартты белгілерді сызу кезінде олардың осі
тік, заттың жəне қосындардың центрі оның пландағы жағдайына
дəл келуі керек.
Көбінесе шартты белгілерді əртүрлі түспен салады: барлық
жер бетіндегі заттар (құрылымдар) жəне олардың аттары қара
түспен; жер бедері (рельеф) – қоңыр; су жиектері – сары-көк; су
арналары – көк (кобальт түсті); отқа берік құрылыс материал-
дарынан салынған кварталдар жəне автожолдардың дені – қоңыр.
ТМД елдеріндегі () қолданылатын шартты белгілер, карта-
лар мен пландарды орындау (кескіндеу) тəртібі, ондағы барлық
мекемелер мен ұжымдарына арналып, сондағы тəртіппен іске
асуы керек. «Недра» шығармашылығы арқылы жарық көрген
“Условные знаки для топографических планов масштабов
1:5000, 1:2000, 1:1000 и 1:500” оқулығы негізінде орындалуы ке-
рек. Дегенмен аталған оқулық барлық құрылыс алаңдарындағы
инженерлік құрылыстардың жəне олардың жеке элементтерінің
көп қырлылығын толық көрсете алмайды. Сондықтан жобалық,
ізденіс жəне құрылыс-монтаждау жұмыстарында аталған шартты
белгілерге қосымша (толықтырылма) ретінде Бас (генаральный
план) планды құру, қадалау сызбалары, жер қазу жұмыстарының
картограммасы, өндірістік жəне технологиялық сызбаларындағы
қолданылатын шартты белгілерді жəне де басқа белгілерді пай-
даланады. Бас планда қолданылатын кейбір шартты белгілер
төмендегі 1.1-кестеде көрсетілген.
Карта немесе план бетіне кез келген бір жер
бетінің кескінін салу үшін, сол аймақты бірнеше
рет кішірейту керек (қанша рет
кішірейтілетіні беріледі). Осы кішірейту дəрежесі
немесе жер бетіндегі сызықтың оған сəйкес
пландағы жазық жазықтық-
тағы проекциясының қатынасы масштаб деп
аталады.
Масштабтар сандық жəне графикалық
(сызықтық жəне көлденең) болып бөлінеді.
Сандық масштаб кəдімгі қарапайым бөлшек
ретінде беріледі, оның алымы бір, ал бөлімі бүтін
сан, мысалы 1:1000, 1:2000, 1:5000 жəне де
осыған ұқсас бөлшек сандар. Сонымен, планнан
алынған кез келген бөлшектің алымындағы
бірлікке, соншама есе кішірейтілген бөлшектің
бөліміндегі сан дəл келеді. Сонда, 1:1000
масштабы үшін, пландағы 1 сантиметрге жер
бетіндегі 100 сантиметр дəл келеді деген сөз.
Сызықтық масштаб дегеніміз – масштабтың негізі деп
аталатын, үстіне тең бірнеше кесінділер салынған түзу
сызық. Пландағы масштаб негізінің ұзындығы бүтін
метрлік (шақырымдық) санға тең. 3 а-суреттегі негізі 2 см
сызықтық масштаб 1:1000 сандық масштабқа дəл келеді.
Сол жақтағы кесінді 10 тең бөлікке бөлінген. Сондықтан
бұл бөліктердің оннан бір бөлігі көз мөлшерімен алынады.
Сызықтық масштаб ретінде кез келген миллиметрлік
бөліктері бар кəдімгі сызғышты пайдалануға болады.
Сызғышқа арақашықтық циркуль-өлшегіш арқылы
салынады. Сызғыштан кіші арақашықтықты көзбен
жобалап алмас үшін, яғни үлкен дəлдікпен өлшеуде
көлденең масштаб қолданылады.
Əр 2 см сайын бөлінген сызық үстіне перпендикуляр
түсіріп, олардың үстіне бір-біріне тең 10 бөлік салады.
Осы бөліктер арқылы масштаб негізіне параллель
сызықтар сызады. Сол жақтағы тік бұрыштың төменгі
жəне жоғары сызықтарын тең 10 бөлікке бөледі (2 мм).
Əрі қарай жоғары сызықтың сол жақ нүктесін төменгі
сызықтың бірінші бөлігімен қосады, ал жоғарғы
сызықтың бірінші бөлігін, төменгі сызықтың екінші
бөлігімен жəне осындай жолмен барлығын қосып шығады.
Негізі 2 см, осындай жолмен құрылған масштаб қалыпты
көлденең масштаб немесе жүздік көлденең масштаб
деп аталады.
Көлденең масштабты пайдалану өте қарапайым,
мысалы, 1:2000 (1 сантиметрде 20 метр бар).
Көлденең масштаб арқылы арақашықтықты (кіші
бөліктерін) сантиметрмен емес, метрмен
салуға болады .
Адамның пландағы арақашықтықты қаруланбаған
көзбен салу (анықтау) дəлдігі 0,1 мм деп
қабылданған. Сондықтан жер бетіндегі сызықтың
сол масштабтағы пландағы ұзындығының 0,1
мм, масштабтың дəлдігі деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1. План, карта, профиль, план масштабы және дәлділігі.
2. Геодезиялық план жəне құрылыс сызбаларын құрудағы шартты
белгілер.
3. План мен картаның айырмашылықтарын атаңыз.
4. Профиль дегеніміз не?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz