Қазып алынған өлексені соттық сараптау




Презентация қосу
Қазып алынған өлексені соттық сараптау

Орындаған: Кусаинова Салтанат
Кентаев Шыңғыс
Тексерген: Зарханова Ажар
Сабақтың мақсаты: Эксгумацияланған жануар өлексесін зерттеуді
меңгеру.

• Соттық-ветеринарлық сараптау тәжірибесінде эксгумацияға, яғни,
бірінші реттік немесе екінші реттік сойып-зерттеу мақсатында көміп
тасталынған өлексені қайта қазуға тура келетін жағдайлар кездеседі.
Ол тергеу барысында өлексені тексеру қажеттігіне туындаған жаңа
жағдайлар анықталғанда жүргізіледі.
• Эксгумация (лат.еx-асты, humus-жер) – соттық-ветеринариялық,
криминалдық экспертиза және қайта патоморфологиялық зерттеулер
жүргізу үшін жерленген өліктің мүшелерін жер астынан шығару.
Эксгумацияны тергеуші немесе соттық-ветеринариялық эксперт
соттық және тергеу орындарының өкімі бойынша жүргізеді. Ерте
көмілген өлікті немесе өлген жануарлардың мүшелерін соттық және
тергеу практикасында ауру диагнозын, тірі кезіндегі морфологиялық
өзгерістерін немесе өлімнің себебін анықтау үшін соттық-
ветеринариялық экспертизаны өткізу кезінде шығарады. Өліктің
немесе патматериалдың эксгумациясына дейін соттық және тергеу
органдарының өкімі бойынша соттық-ветеринариялық эксперт
анықталады. Эксперт шешілуге жататын сұрақтар мен жағдайды
қарастырып, уақыты мен патматериалды және өлімнің көмілген жерін
белгілеп, жүргізу тәртібі мен зерттелетін әдістерін анықтайды.
Өлген жануарлардың патматериалдарын немесе
өлікті эксгумациялау мына жағдайда болуы мүмкін.

• 1. паталогоанатомиялық зерттеусіз көмілген жануарлардың
зорлық көрсетумен өлтірілгендігі туралы сұрақтарды анықтау
үшін.
• 2. тергеу және соттық істе қойылған ауру диагнозы мен
жануар тектес өнімнің ветеринариялық-санитарлық бағасына
байланысты сұрақтар туындағанда
• 3. тергеу барысында жаңа жағдайларды анықтау үшін жануар
өлімі немесе оның қадықтарын қайта ашуды талап еткенде
• Сот орындарының эксгумирленген өліктің эксгумациясын және
соттық-ветеринариялық экспертизаны өткізу туралы қаулысында
эксгумация мен экспертизаның өткізілуінің қажеттілігін туындатқан
жағдайда анықталады. Сонымен қатар шешілуге жататын сұрақтар,
зерттеу нысаны мен көмілген орны көрсетіліп, экспертизаны
жүргізетін ветеринарлық дәрігер тағайындалады.
Эксгумирленген өлікті немесе бөлек мүшелерді соттық-
ветеринариялық зерттеуді эксперт тиянақты түрде және белгілі бір
жүйемен іске асырып, соңында зерттеу қорытындысымен аяқталады.
• Соттық-ветеринариялық зерттеуге дайындау және өту барысында жануар
өлімінен кейін паталогоанатомиялық және гистологиялық зерттеуде
ұлпалар мен мүшелердің патологиялық қызметін анықтауды
қиындататын аутолитикалық өзгерістер дамитынын ескеру қажет.
Өлік қысқы уақытта жердің тереңгі қабаты мен төменгі температурада
жазғы уақыттағы жердің беткі қабаты мен жоғарғы температураға
қарағанда ұзағырақ сақталады.
Жануар өлгеннен кейін және көмілгеннен кейін қаншалықты ерте
эксгумация мен патоморфологиялық зерттеу жүрізілсе, соншалықты
жануарлардың тірі кезіндегі морфологиялық өзгерістер, ұлпалар мен
мүшелердің патологиялық қызметін анықтау мүмкін екендігі белгілі.
• Эксгумацияға жүгінбес бұрын келесілерді ескеру қажет. Жер бетіне
қарағанда өлексе жер астында ұзақ сақталады, сонымен қатар, ондағы
жануардың өлімге ұшырауына себеп болған патологиялық өзгерістерді
анықтау үнемі мүмкін бола бермейді. Мысалы, жұмсақ ұлпалардағы
патологиялық процестерді толық дәрежеде анықтау өлексесінің
бұзылуына дейін ғана мүмкін болатындығы белгілі. Сондықтан, қазып
алынған өлекседе майлы және түйіршікті дистрофияны белгілеу мүмкін
болмайды, өйткені олар қандай ма болмасын ыдырауы сатысында
болады. Осы себептерден мұндай өлекселерде ұлпалар гиперемиясы да
қиын анықталады. Жұмсақ ұлпаларда жіті қабыну іздері ұзақтау
сақталады, бірақ ол да шіру масына қарай жойылып кетеді. Бұл арқылы
жұмсақ ұлпалардағы, созылмалы қабынулар, цирроз, гиаминоз кезінде
байқалатын дәнекер ұлпаларының өсуі мен әк тұздарының
жинақталуымен болатын процестерді анықтауға болады.
• Сүйектер жер астында жылдар және тіпті ондаған жылдар бойы сақталуы
мүмкін. Сыну, бас сүйегінің, сүйектердің сынулары, сүйектердегі оқпен
жарақтану сияқты сүйектер патологиясы түрлері өлексені көміп тастаудан
кейінгі бірнеше жылдардан соң да анықталуы мүмкін.
• Өлекседе минералдық улар, мысалы, мышьяк, фтор, сынап және т.б.
өте ұзақ сақталады. Осы себептерден, аталған улармен улану
жағдайларына күмән туындаған жағдайларда, ыдырап бұзылып кеткен
ұлпаларды химиялық зерттеу оң нәтиже беруі мүмкін. Улануға күмән
туындаған жағдайда зерттеу үшін өлексенің қалдықтары ғана емес,
өлексенің астындағы жерден де сынама алынады.
• Қазып алынған өлексені сараптау кезінде, басқа да кез келген соттық-
ветеринарлық сараптаудағыдай заттық айғақтар бола алатын
материалдар алынып, сақталынады. Бұл кезде жұмсақ ұлпаларды
10%-тік формалин ерітіндісінде бекіту ұсынады. Бөгде денелер-ине,
оқ, сым және басқаларды- олармен ұлпалармен бірге сақтауға болады.
Сұрақтар

• Эксгумация және эксгумациялық соттық ветеринарлық жарып сою дегеніміз не?
• Қай органдардың шешімі бойынша жануарлар өлексесін және мүшелерін эксгумациялауға
рұқсат етіледі?
• Соттық ветеринарлық сараптау үшін эксгумация мерзімдері қандай?
• Соттық ветеринарлық сараптауда эксгумацияланған патматериалды зерттеу үшін қандай
зерттеу тәсілдері қолданылады?
• Эксгумацияланған патматериалды қалай сақтайды және зерттейді?
• Соттық ветеринарлық тәжірибеде жануарлар өлексесі және мүшелерін эксгумациялаудың
маңызы.

Ұқсас жұмыстар
Соттық ветеринариялық токсикология
Ет және ет өнімдерін соттық ветеринарлық-санитарлық сараптау
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы туралы ақпарат
Сараптау деп алға қойған міндеттің нақты фактілер негізінде шынайы шешімін табу мақсатымен білікті маман жүргізген тауарды сараптамалық зерттеу
Еттің балаусалығын зертханалық әдістермен тексеру
ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Соттық - психологиялық сараптаманың түрлері
«Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау.»
Сотты құжаттармен қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік негіздер
Жануарлардың қарапайым саңырауқұлақтармен ластанған азықпен улануы
Пәндер