Көптік жалғау жалғанбайтын зат есімдер




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Зат есімнің түрленуі
Орындаған: Исатай Ж.
Тобы: Фи- 18-5к
Қабылдаған: Ырсымбетова Н.

Шымкент,2020ж.
Жоспар:

Кіріспе
1.Зат есім сөз табы ретінде
2.Зат есімнің түрленуі.Зат есім және көптік жалғау
3.Зат есімнің тәуелденуі
4.Зат есімнің септелуі
5.Зат есімнің жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зат есім сөз табы ретінде

Ұғым
Зат атауы:тас
атауы:
кітап,ағаш,
қуаныш,
сызғыш
ақыл,бақыт

Құбылыс
Зат есім –заттың,ұғымның атауы:
атын білдіретін сөз табы. найзағай,
жел,боран

Сұрақтары:Кім?не? Жалқы
есім:Үсен,
Алматы
Зат есімнің түрленуі.Зат есім және көптік жалғау
Сөйлем ішінде зат есімге жалғаудың жалғануын зат есімнің түрленуі дейміз.Зат есімдерге
көптік жалғау буын үндетігі заңы мен ілгерінді ықпал заңдылықтары бойынша
жалғанады.Мысалы: ағаштар,есіктер,балалар,көшелер,адамдар,гүлдер т.б.
Көптік жалғау жалғанбайтын зат есімдер

Сан есіммен тіркескен зат есімдерге көптік жалғау
жалғанбайды.Мысалы: 5 үй (5 үйлер емес)

Бір –ақ рет кездесетін жалқы есімдерге көптік жалғау
жалғанбайды.Мысалы:Ай,Марс,Алматы

Көптік ұғымды өзінің лексикалық мағынасымен білдіретін
зат есімдерге көптік жалғау жалғанбайды. Мысалы:газ
тектес атаулар,кен атаулары,сұйықтық ұғымы,табиғат
құбылыстарының атаулары,дерексіз зат есімдер,жұптық
ұғымды білдіретін зат есімдер.
Зат есімнің тәуелденуі

Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөздің (заттың)біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді екенін білдіреді.
Менің ұстазым Біздің ұстазымыз
Сенің ұстазың Сендердің ұстаздарың
Сіздің ұстазыңыз Сіздердің ұстаздарыңыз
Оның ұстазы Олардың ұстаздары

жақ Жекеше түр Көпше түр
1-жақ -ым,-ім,-м -ымыз,-іміз,-мыз,-міз

2-жақ -ың,-ің,-ң -тарың,-терің,-дарың,-дерің,-ларың,-лерің -
-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз тарыңыз,-теріңіз,-дарыңыз,-деріңіз,-ларыңыз, -
леріңіз
3-жақ -сы,-сі,-ы,-і -сы,-сі,-ы,-і
Зат есімнің септелуі

Септік жалғаулар сөзге буын үндестігі мен ілгерінді ықпал заңдары бойынша жалғанады.Тек
көмектес септік жалғауы ғана буын үндестігіне бағынбай жалғанады:баламен,доспен т.б.

Септік Жай септеу Тәуелдеулі септеу
Атау Бала,әже Балам,әжесі
Ілік Баланың,әженің Баламның,әжесінің
Барыс Балаға,әжеге Балама,әжесіне
Табыс Баланы,әжені Баламды,әжесін
Жатыс Балада,әжеде Баламда,әжесінде
Шығыс Баладан,әжеден Баламнан,әжесінен
Көмектес Баламен,әжемен Баламмен,әжесімен
Зат есімнің жіктелуі

Зат есімнің жіктік жалғауды қабылдауын зат есімнің жіктелуі дейді.Жіктік жалғау сөз бен
сөзді байланыстырады,бастауыш баяндауышты өзара қарым-қатынасқа түсіреді.

Жақ Жекеше түрі Көпше түрі
1-жақ Мен студентпін Біз студентпіз
2-жақ Сен студентсің Сендер студентсіңдер
3-жақ Ол-студент Олар -студенттер
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ибрагимов Қ.Қазақ тілі мен әдебиеті:Талапкерлерге арналған оқулық-.-тест/-
Алматы:ШЫҢ-КІТАП,2017.-316б.
2.Томанов М.Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.Фонетика/Морфология.-
Алматы:«Мектеп»,1981.-206б
3.Б.Қ.Қасым/Қазақ тілінің сөзжасамы: жаттығулар жіне тапсырмалар:оқу құралы.-
Қарағанды: «Medet Group» ЖШС.-2016.-228б

Ұқсас жұмыстар
Септік жалғауы
Зат есімнің түрленуі туралы ақпарат
Зат есімнің түрленуі.
Көптік жалғауы және көптік категориясы
Грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірліктер
Зат есім туралы ақпарат
Көптік жалғаулары
Зат есімді оқыту әдістері
Сөздің морфемалық құрамы
Баланың балаға
Пәндер