Қабілет: анықтамасы, түрлері және қалыптасу теориялары


Slide 1

Қабілет

Орындаған: Жүніс Диана

Тобы: ПСХ 21-4

Қабылдаған: Сайлыбаева Қ. Ә.

Slide 2

Қабілет дегеніміз - адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.

Slide 3

Қабілет 2ге бөлінеді

Белгілі бір іс-әрекетке адамның икемділігі мен қабілеттілігін айтады

Жалпы

Жалпы адам баласы еңбек етуге, өмір сүруге, білім алуға қабілетті

Арнайы

Slide 4

Жалпы қабілеттер іс-әрекеттердің барша түрінде қажет. Олар қарапайым және күрделі болып ажыратылады.

●Қарапайым қабілеттер - болмысты жай бейнелеуде, қабылдау, ес, ойлау, қиял мен еріктің әдеттегі, барша тек өкіліне тән деңгейде қалаған әрекет орындауда іске қосылады.

●Күрделі қабілеттер - оқуда, бақылау, шығармашылық істерінде көрініп, ақыл-ес дамуының жоғары деңгейін танытады. Қарапайым және күрделі қабілеттердің қажетті деңгейдегі дамуы болмаса, тұлға адами іс-әрекеттердің бірде біріне араласа алмайды.

Іс-әрекет түрлеріне орай арнайы қабілеттер - сызу, көркемөнер -әдеби, нақты-ғылыми (математикалық және т. б. ), тәжірибелік-ұйымдастыру, тұрмыстың-жасампаздық, т. с. с. болып ажыралады.

Slide 5

Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атаймыз.

Қорытындылай келе, «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін ( Б. М Теплов) атайық:

1. Қабілет- бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.

2. Қабілет- барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір немесе бірнеше іс әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.

3. Қабілет нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

Slide 6

Қабілеттің түрлері

Оқу және творчестволық

Ой өрістік және арнайы музыкалық

Сурет салу

Физикалық

Slide 7

Ғалым Б. М. Тепловтың түсіндіруінше: «Қабілеттердің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы дарындылық деп аталады . . . Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Белгілі бір қабілеттіліктің дамуына себепші болатын жақсы нышанға тән қасиеттің бір белгісі - ондай қабілеттің арнауы педагогикалық шара қолдануды тілемей-ақ өз бетімен ерте көзге түсуі.

Slide 8

Әрқашан қабілет пен дарынның ерте дамуын кездестіруге бола бермейді . . . Кейбір қабілет ерте көзге түспеуіне қарап, қабілеттілікке нышан жоқ деген қорытынды жасауға болмайды. Дарынды бірер іске шеберлік дегенмен шатастырмау керек. Қызметті жақсы орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Адамға белгілі бір қызметті көңілдегідей атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қыйысуын - қызметтің сол саласына талант деп атайды. Адам неғұрлым талантты, дарынды болған сайын, ол өзінің еңбегін, шығармашылық тапқырлығын үстей береді, сөйтіп, оның еңбегі жігерлі еңбек болады . . . Талант - «Бұл жұмыс үрдісінің өзін», еңбекті сүюшілік. Еңбекке бейімділік және қабілет әрбір таланттылықтың ең басты құрамасы болады. Әркім өзінің өмірін саналы түрде құруы үшін, өзінің қабілетін дұрыс бағалай білуі керек».


Ұқсас жұмыстар
Темперамент, мінез және қабілет: тұлға құрылымының теориялары мен сипаттамалары
Темперамент: анықтамасы, теориялары және түрлері
Қабілет пен темперамент: анықтамасы, типологиясы және тарихи-ғылыми негіздері
Батпақ: анықтамасы, қалыптасу себептері, өсімдік жамылғысы және түрлері
Құқықтың пайда болуы мен қалыптасу жолдары: теориялары мен мазмұны
Мемлекет және азаматтық қоғам: анықтамасы, пайда болу теориялары, функциялары мен түрлері
Дәріс 13: Көшбасшылық стильдері мен теориялары, қалыптасу факторлары
Мінез: анықтамасы, физиологиялық және психологиялық негіздері, типологиясы мен қалыптасу ерекшеліктері
Әдеби тіл: анықтамасы, нормалары, белгілері және қалыптасу жолдары
Темперамент түрлері мен мінез-құлықтың психологиялық құрылымы: қажеттілік, қызығушылық, қабілет және дарындылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz