Айыр өркешті түйе



Қазақстанда түйе даму тарихы және қазіргі жағдайы
Орындаған: Бақытжан. Ә
Тексерген:Мирзакулов. С
“Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті”
Кафедра : Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. 1 Түйелер
1. 2 Түйе атаулары
1. 3 Түйе ерекшеліктері
1. 4 Халық өміріндегі түйенің рөлі
1. 5 Түйе қолтұқымдары
1. 6 Түйе өнімдері
1. 7 Қазақстандағы қазіргі кездегі түйе шаруашылығы
III. Қорынтынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Түйелер (лат. Camelus) - сірітабандылар отряд тармағының түйетәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы.
Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) - негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), - Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері - Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады.
Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі - қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек.

Түйе атаулары
Ілөк, Інген, Айыр, Алмас, Аруана, Асау түйе, Атан, Божығай, Босалаң түйе, Босалаң түйе, Бура, Бұзбаша, Бір қырыққан түйе, Дөненше, Жабы түйе, Жайланған түйе, Жасық түйе, Жатаған түйе, Жөңшең, Көшек, Қағылжың түйе, Қайымал інген,
Қара тіс, Қоспақ, Құнанша, Мая, Нар, Нартайлақ, Нарша
Сақа түйе, Соқтан, Тайлақ, Тұмса, Тығыршын, Шалағай түйе
Шаңырақ түйе, Шау түйе, Шырынсыз түйе.

Ерекшеліктері
Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді.

Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.
Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы жүйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі.
Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені - төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл- қазы» деп атайды.
Түйенің ұрғашылары 3-4 жаста, буралары 5-6 жаста жыныстық жағынан толық жетіледі. Сыңар өркешті түйенің буаздық мерзімі - 1З, айыр өркешті түйенің буаздық мерзімі 14 айға созылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды. Ботасы нәзік, ерекше күтімді қажет етеді, күніне 6-7 рет емеді. Бота анасын 18 айдай еміп жетіледі. Түйе 30-35 жыл жасайды.

Халық өміріндегі түйенің рөлі
Ертеде түйелі көш «сахараның салтанатты» деп аталған. Ежелгі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі керуен жолының тарихы түйе түлігімен тікелей байланысты. Төрт түліктің бойында болатын жақсы қасиеттердің бәрі түйе малының бойынан табылады. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерінде түйеге қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Бұл ой-тұжырымдар түйенің тіршілік ерекшеліктерін айқын аңғартады. «Түйесі бардың - киесі бар», «Көтерем деп түйедей безбе - салтанатың емес пе? Тебеген деп биеден безбе - қос қанатың емес пе?». Түйе түлігін қастерлен «ұлық» деп те атайды. Түйешіні «ұлық баққан» деп құрметтеп, оған көпшілік жиналған жерде төрдей орын берген. Кейбір аймақтарда түйені «кәуіс» деп атайды. Түйе түлігіне арналған аңыздар бойынша шығарылған күйлер де ел арасына кеңінен таралған. Сүгірдің «Бозінгені», Ықыластың «Желмаясы», Тәттімбеттің «Бозінгені» және т. б.
Түйені алғаш жүк тасымалдау мақсатында көш көлігі ретінде үйреткен. Ерте замандардағы ел мен елдің арасындағы сауда-саттық түйелі көш керуендері арқылы жүргізілген. Тарихи деректерде Самарқан саудагерлерінің сапарға Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы жазылған.
Ертеде қазақ даласында түйесі көп адамдар аз болмаған. Ертеректе Ақтөбе өңіріндегі Сортаңды, Шақытты жерлерін жайлаған Қара деген кісінің 3 мың түйесі болған.

Түйе қолтұқымдары
Айыр өркешті түйе
Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Оны кейбір аймақтарда «айыр түйе», Арал мен Каспий аралығының тұрғындары «түс түйе» деп атайды. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Айыр өркешті түйе ғылыми тілде «бактриан» деп аталады. Оның денесі ірі, салмағы 450-690 килоға дейін жетелі. Қазіргі кезде айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы бар. Олар - қалмақ, қазақ және монгол қолтұқымдары. Қазақстанда көп өсірілетіні қазақтың айыр өркешті түйесі. Ол құрғақ далалы, шөл-шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімді келеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі.

Сыңар өркешті түйе
Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде «дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - «нар». Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар бойы халықтық сұрыптау әдісімен өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті, қымыраны және шудасы үшін өсіру пайдалы. Мамандардың пікірі бойынша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең.

Түйе өнімдері
Сүті
Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер мол. Түйе сүттен шұбат дайындалады (қымыран деп те аталады) . Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады.
Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да анықталған.
Шудасы
Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалады.

Қазақстандағы қазіргі кездегі түйе шаруашылығы
Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
Түйе шаруашылығы, түйе өсіру- мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні - киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

Елімізде Түйе шаруашылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты түрліше қарқында дамыды. Қазақстанда 1927 ж. 1, 2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104, 6 мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт аралығында мал басы 105, 0 - 154, 0 мың аралығында болып, ең жоғ. көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153, 9 мың) . 1980 - 95 ж. аралығында жыл сайын 5, 0 - 9, 0 мың т түйе еті, 4, 5 - 5, 0 мың т шұбат, 700 - 1000 т жүн өндіріліп келді.
Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 - 6 есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.

Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі 98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ заттың үлесі 14, 5 - 15, 5%-ға, май - 5, 5 - 6, 5%-ға, белок - 4, 0 - 4, 5%-ға, сүт қанты - 5, 0 - 5, 5%-ға, минералды заттар 0, 6 - 0, 8%-ға сәйкес келеді. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майл. 5, 5 - 7, 0% болатын 4 - 6 л, маусымда 1200 л сүт сауылса, дара өркешті таза тұқымды аруана маясынан майл. 3, 5 - 4, 2% болатын 12 - 15 л, маусымда 3500 л сүт сауылады. Қос өркешті және дара өркешті түйелердің будандарынан бір маусымда майл. 4, 0 - 4, 5% болатын 3000 л сүт өндіріледі. Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан ұзақ мерзімге сақталады (30С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды) . Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.

Түйе шаруашылығының тиімділігі ет өндіру жұмыстарын ұтымды ұйымдастыруға тікелей байланысты. Қоңды түйелер етінің құрамында 17 - 22%белок, 12% май ұлпалары болады. Тағамдық қасиеті және құнарлылығы бойынша түйе еті сиыр етімен деңгейлес.
Өзіндік құны арзан әрі сапалы түйе етін өндірудің басты жолы түйені жайып-семірту екендігі ғыл. -өндірістік тәжірибелердің нәтижесінде дәлелденді. Түйелер көктемгі және күзгі жайылымдарда тез қоңданады. Етті бағыттағы Т. ш-н ең алдымен шұбат өндіру ісімен ұштастырған жөн. Ет өндіретін Т. ш-тарында қазақтың қос өркешті түйесімен қатар, олардың інгендерін қалмақ және түрікмен түйе бурасымен шағылыстыру арқылы алынған будандарды барынша көптеп өсіру тиімді болып табылады. Будан буыршындар салмағы жергілікті түйе төлдерінен 80 - 120 кг-ға артық болады. Жайылымда семіртілген құнанша, дөненше буыршындардың сойыс шығымдылығы 51, 7 - 52, 5%-ға, ірі сақа түйелерде бұл көрсеткіш 55 - 58%-ға жетеді. Түйелердің салмағы жыл маусымына байланысты өзгеріп отыратындықтан, көктемде жайып семіртілген сақа буралар мен інгендерді маусым - шілде, ал жас буыршындарды қараша - желтоқсан айларында етке өткізген орынды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz