Биология пәні бойынша қалыптасатын биологиялық ұғымдарды одан әрі биология курсында дәйекті дамытуға бағытталған қызметін жоспарлау




Презентация қосу
1-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Биология пәні бойынша қалыптасатын
биологиялық ұғымдарды одан әрі биология
курсында дәйекті дамытуға бағытталған
қызметін жоспарлау
ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ
1.Теориялық және эмпирикалық ұғымдар
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А)Ұғымдарды дамыту теориясы
Ә)Ұғымдарды дамыту әдістемесі.
Б)Ботаника пәнінің құрылымы мен мазмұны және оқыту әдістемелері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы биология пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру
әдістері.
• Ұғым – білімнің жинақталған түрі және сонымен қатар биологияны меңгеру
үрдісінде оқушылардың ойлау формасы.

• Жекеленген деректерді, сыртқы белгілерді және қасиеттерді жазып алу, оларды
қорту және жіктеу эмпирикалық ұғымдарға әкеледі, оның жай түсініктен
айырмашылығы шамалы. Бұл деректі жазып алатын білім, ол тек
құбылыстардың сипаттауын ғана береді, олардың мәнін ашпайды. Таным
тарихында бұл білімдері мен практика бірте-бірте теориалық ұғым (білім)
құралатын қор болды.

• Мектептегі биологиялық білім беруде әдетте барлық білім эмпирикалық ұғым
қатарына шығарылады. Ұғымдарды дамыту әдіснамасы принциптері:

• Табиғи нысандардың немесе олардың көріністерін қабылдаудан→олар жөніндегі
түсінікке дейін, түсініктен→ұғымға дейін қарапайым ұғымдардан→күрделі бірнеше
элементтерден тұратын : арнай ұғымдардан→ жалпы биологиялық ұғымдарға
дейін. Таным теориясында ұғымдар абстрактлық ойлау сатысында шындықты
бейнелеудің формаларының бірі.
• Құбылыстарды сипаттайтын эмпирикалық білімге қарағанда,
теориялық білім ғылымды түсіндіріп, мәнін ашады және ғылыми
дүниетанымға, әлем бейнесіне және практикалық проблемаларды
тиімді шешуге негіз болады.

• Эмпирикалық танымнан теориялық танымның айырмашылығы,ол
біртұтастықтан шығады да оның құрылымын түсінуге,
элементтерінің байланысын,олардың қызметі мен дамуын
түсінеуге себеп болады.Теориялық білімді қалыптастыру жолы-
абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу (шыңына
шығу).Абстраклық-айқын емес, анық көрінбейтін, бірақ
әйткенімен де таным нысанын толық анықтайтын, оның
жетілмеген ұрықтық формасы,бөлшегі .

• Танымның негізгі кезеңі –сезім (түйсік),қабылдау және елестету.
• Сезім –ол шындық дүниені бейнелейтін түйсіну формасы ,ол барлық
таным үрдесінің алғашқы баспалдағы.Олардың негізінде нысанның
тұтас кейіпін беретін ,оның сыртқы ерекшіліктерінің жиынтығын
көрсететін (яғни жалпы алғанда зат)қабылдау болады.Қабылдау ол
ұғыну сезімі үрдісінің бастауы . Қабылдау негізінде елестету пайда
болады .Елестету –заттармен құбылыстарды адам санасында тікелей
қабылдау барысында еске түсіру (жаңарту).Осыдан ұғым пайда болады
деуге болады.

• Ұғымның күрделілік дәрежесі заттар мен құбылыстардың толық
көрінуімен анықталады. Ұғым күрделі болған сайын ,оның мазмұнында
көптеген заңдар болады. Осы жағдайдың оқушыларды оқытуда
маңызы зор, өйткені ұғым неғұрлым күрделі болған сайын (яғни, оның
көлемі толығырақ), соғұрлым оқыту үрдісінде оны ашу жолы ұзақ
болуы тиіс. Бұл – эволюциялық, эклогиялық, цитологиялық және т.с.с.
көптеген биологиялық ұғымдарға тән.
• «Күрделірек ұғым» деген сөз ол ұғымда көп белгілер, көп ақпараттар бар деген
сөз. Сонымен қатар ұғым мазмұнының күрделілігі тек ондағы белгілерді
көрсететін элементтер құрамымен ғана емес, олардың сапалық әртүрлілігімен,
мінез- қылығымен және байланыстармен де анықталады. Осы ерекшелік әсіресе
жалпыбиологиялық ұғымдарға тән. Сондықтан мектептегі білім беру үрдісіне
тән ерекше бір жағы ол- ұғым мазмұнының құрылымы болып табылады.

• Биологиялық теориялық ұғымдар. Биология пән ретінде логикалық ретпен
дамитын және өзара байланыста болатын ұғымдар жүйесі болып есептеледі.
Теориялық ұғымдарды қалыптастастыру кезеңдері мынадай: алғашқы
тұтастық абстракцияның құрылуы («жасушаның») – оның байланыстарын
үзбей бақылау—оларды абстрактылық анықтамаларда көрсету – анықтамалар
синтезі.

• Сондықтан оның дамуы теориялардың алмасуы барысында жүзеге асады,
өйткені оның оның мәнін теория ашады. Мысалы, ген ұғымы әуелі абстракция (
тұқым қуалау бірлігі) сияқты қалыптасады, онан соң хромосомалық теория
деңгейінде нақтыланып содан әрі генлік деңгейге дейін дамиды.
• Теориялық білімді түсінуге ықпал ететін не екенін де ескерген орынды. Ол
ақпараттың нақты логикалық құрылымы, абстракциялар мен ұғымдардың пайда
болуы үрдістістерінің ойша айтылуы және абстракциялардың әлем бейнесімен
және эмпирикалық материалдармен ара қатынастарын белгілейтін бейнелер
(нобайлар). Әрбір ұғым бірте-бірте дамытылады , күрделенеді. Мысалы, «жапырақ»
ұғымы тақырып бойынша бірінші сабақта әлі қарапайым , алғашқы, тек бір ғана
білім элементі бар ұғым . Оқушылар жапырақтың жасыл тақтасы мен сағағы барын
, яғни , сыртқы формасы жайлы ғана қарапайым ұғым алады.

• Осы тақырыпты оқу соңына қарай «жапырақ» ұғымы күрделеніп оқушылар олардың
суды буландыруын, әртүрлі өсімдіктер жапырақтарының бейімделу белгілерін (түк
басу жапырақ тақтасының кішіреюі, инеге айналу т.б.) біледі. «Жапырақ» деген
күрделі ұғым морфология , анатомия, физиология және жапырақ экологиясы сияқты
ұғымдарды жинақтап қорытады.
• Ұғымдарды дамыту теориясы.
• Ұғымдарды дамыту дегеніміз – шын мәнінде білімді бірте – бірте толықтыру мәселесі береді ,
олай болса оқытудың қандай да бір кезеңінде оқу пәніндегі ұғым мазмұнын кеңейтеді.
Биологиялық ұғымдарды дамыту қарапайымнан күрделіге қарай немесе нақтыдан талданып
қорытылғанға абстрактылыққа қарай жүруі мүмкін.
• Жалпы биологиялық заңдылықтар жөніндегі ұғымдар: ағзалардың жасушалық құрылысы,
мүшелердің формасымен функциясымен байланысы, ағзалардағы зат және энергия айналымы,
өзін-өзі реттеуі , өзін-өзі тудыруы, көбею, органикалық дүниенің дамуы т.б.
• Оқыту міндеттері –ұғымдарды жоспарлы тудыру мен оны дамыту болып есептеледі.
Ұғымдардың көпшілік бөлігінің дамуы бағдарлама мазмұнына,тақырыптардың логикалық
тізбектестігіне байланысты сияқты. Дегенмен осы өткен жылдарда анықталғандай осы
ұғымның дамытылып жылжуында біраз ақтаңдақтар бар. Мысалы ,балалар 6-шы сынып
курсы соңында өсімдіктер мен жануарлаға тән ерекше белгілерді олардың қызметін
байланыстыра алмайды. Оқушылар біліміндегі осындай олқылықтар мен білімді меңгерудің
әлсіздігі олардың білімінің қабылдау деңгейінде немесе алғашқы қарапайым түсінік деңгейінде
қалуынан болады . Бір сабақта немесе бір тақырыпта қалыптастырылған ұғым басқа
ұғымдармен байланыстырып әрі қарай дамытылмайды . Ал «әрбір оқу пәнін оқыту дегеніміз
білім жүйесінің үздіксіз үрдісі » екенін есте ұстаған орынды (К.Ушинский). Ұғымдарды дамыту
үшін ұстаз шеберлік танытып,көп күш жұмсап үнемі мқсатты бағытталған түрде әртүрлі
әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы шығармашылқпен еңбек ету керек
• Биологияны оқыту әдістемесінде ұғымдарды қалыптастыру мен дамытуға бұрыннан
бері зор көңіл аударылады. Н.М. Верзилиннің жетекшілігімен «Биологиялық ұғымдарды
дамыту теориясы» жасалды (1956). Бұл еңбек биологияны оқыту әдістемесіне
маңызды оқиға болды. Теория мектеп курстарында және жалпы алғанда биология
пәнінде оқу материалын таңдауды анықтауда және орналастыруда ғылыми қор
(база) жасады, оқыту әдістері мен тәрбиені қайта қарауға әсер етті. Ұғымдарды
дамыеу теориясы арнайы зерттеулер аясында, оның ішінде биологиялық ұғымдардың
арнайы топтарын (табиғаттанушылық, , экологиялық, эволюциялық физиологиялық,
систематикалық, генетикалық т.б.) дамудың тиімді әдістемесін жасауда,
оқушылардың өз беттерімен ойлай алуын дамытуда, орта мектепте биологияны
оқыту әдістерін дамытуда біраз бағыттарды белгіледі.

• Мұғалім ұғымды жетілдірудің барлық жолдарын, оның бір-біріне араласуы, қосылуы
жағдайларын білуі керек. Жалпыбиологиялық басты ұғымдарды ажыратып, олардың
тақырыптан тақырыпқа , курстан курсқа қарай жылжуын бақылап отырған дұрыс.
• Жасуша жөніндегі тақырыптарда оқушылар жапырақтың қарапайым құрылысымен танысып, жекелеген
ұлалар жөнінде мағлұматтар алады. «Жемістер» және «Тұқым» тақырыптарында олардың түрлерімен,
құрылыстармен танысып қарапайым түсініктер алады. «Тамыр» тақырыбында құрылысы мен суды сору
қызметі жөнінде мағлұмат алады, «Жапырақ» тақырыбында оның ішкі және сыртқы құрылысы жөнінде
түсініктер бар. Осы сыныпта берілетін зат алмасу «Фотосинтез», «Жапырақтың суды буландыруды» және
«Өсімдіктердің тыныс алуы» деген тақырыптар күрделі де маңызды зат алмасу ұғымы жөнінде мағлұмат
береді, бұл тіршілік әрекеттерімен және тіршілік жағдайларымен байланысты болғандықтан ерекше көңіл
аударуды қажет етеді. Осы жердегі ұстаздың міндеті ұғымдардарды дамытуда жалпы өсімдіктерде
қандай үрдістер жүретіндігі және олардың байланысының қандай жағдайларын түсіндіру.

• Ұғымның дамуына себін тигізетін: оқу материалын баяндау логикасы: қорытындылауды талап ететін
мәселелерді қою: анықтау, салыстыру, жіктеу сияқты қабілеттерді жаттықтыру: ескі білімді жаңамен
байланыстыратын қайталау жүйесі, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, сұрақтар беру.

• Биологиялық ұғым тек сол уақытта дұрыс қабылданады, егер оқылатын құбылыс не зат жөнінде анық
түсінік болса, яғни тікелей қабылдау, бақылау, көру болса. Биологияны оқытуда оған тән ерекшелік-
оқылатын затты қарау және зерттеу.

• Ұғымдардың алғашқы пайда болуына аса маңызды болатын- тірі нысандарды көру. Ұғымдарды одан әрі
дамытуда тірі нысандардан басқа, әртүрлі жасанды көрнекіліктер: кестелер, сызбанұсқалар, суреттер,
кинолар жақсы көмек болады.
• Оқу процессінің және оқулықтың мазмұны дегеніміз — адамзат баласының ғасырлар
бойы жинаған білім саласындағы байлықтарынан сараптап отырып, жас ұрпақтарды
оқыту.

• Оқытудың мақсатын анықтау (не үшін оқыту? – деген сұраққа жауап) – бұл оқулық
пәнінің дидактика мен әдістемесінің негізгі бір проблемасы болып келеді. Оның шешілуі
биология пәнінің құрылысы, мазмұны, оқыту әдісі және жалпы бағытына байланысты.

• Биология пәнінің мұғалімі жалпы биология және әр курс бойынша оқыту мақсатын
білуі қажет.
• Биологияны оқыту мақсаты ‑ қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен
жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің мазмұнын
қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның
жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары
негізінен мектептегі педагогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту
мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемалары болып табылады.

• Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы
сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша
мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі
әлеуметтік жүйелер мен ғылымың жетістіктері болып табылады.

• Оқу процессін ұйымдастырушы, анықтаушы фактор ‑ мектеп. Жалпы мемлекеттік
стратегия жеке білімнің дамуына байланысты. Білім берудің мазмұны екі бағытта: ұлттық
және жалпы адамзаттық мазмұнында жүргізілуі тиіс. Бұл білім берудің негіздерімен,
гумманизациялау, жекелеу, біріктіру, жаңа ақпараттық оқу технологиясын қолдану және
жеке тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі. Білім берудің тиімділігі және
танымдылықты арттыру мақсатында білім берудің спиральды құрылымымен мазмұндау
ерекшеліктерінің бірі, оқушы өзінің көз алдына басты проблемаларды ұстай отырып,
білімдік мәселелерді біртіндеп кеңіте береді.
• Ботаника «Өсімдіктану» пәнінің құрылымына келер болсақ, ботаника жақсы дамыған
ғылымдардың бірі. Ботаника өзінің мазмұны және құрылымы жағынан да өте күрделі,
ғылыми маңызды. Көптеген ғылыми зерттеулердің арқасында нақтылы
материалдардың жинақталуына байланысты ботаника ғылымынан бірнеше жеке
салалар дами бастады. Қазіргі ботаника ғылымының 20‑ға жақын негізгі бағыттары
мен тараулары бөлініп жеке бір салаларына айналды (альгология, микробиология).

• Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар және мүктер қазіргі ботаниканың жеке бір
саласы болып табылады. Балдырларға келетін болсақ ол топырақ жасалу процессіне
қатысумен қатар су экосистемасының динамикалық тепе‑теңдігін сақтауға
қатысады. Ал осы топтағы өсімдіктердің практикалық маңызын, қызық факторларын
оқушыларға айтуға болады. Мысалы, жасанды тоғандарда балдырлар балық үшін ең бір
азық қоры болып есептеледі. Балдырларды пайдалана отырып сулардың, тоғандардың
әртүрлі ластануын табиғи жолмен тазартуға қолданылатыны да үлкен маңызды іс.
Көптеген балдырлар биоиндикаторлар. Олар арқылы топырақтың, сулардың
ыластануын анықтауға болады. Ғылыми жаңалықтар бойынша балдырлар ластанған
суқоймаларынан ауыр металдарды сіңіріп, фиторемедиацияға қатысады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Эксперименттік биология сабақтарының әдістемесі
Биология оқу әдістемесінің дамуына үлес қосқан Қазақстандық адіскерлер жане олардың еңбектері
Биологиялық ұғымдарды дамытудың теориялық әдістемесі
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында Биология пәнінен зертханалық оқу үрдісін ұйымдастыруда басшылыққа алатын инновациялық әдіс - тәсілдер
БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МӘНІ
Дағдыларды дамыту
Конкурстық есептер
Позитивизм жайлы
Биология бойынша зерттеушілік әрекетке үйрету
Мектептегі информатика курсында
Пәндер