Жеміс жидек кондитер өнімдері мармел




Презентация қосу
Жеміс жидек кондитер өнімдері

мармел
Пастила Тосап
ад

Джем Повидло Желе

Цукатта Конфит
р юр
Бұл бұйымдарды жасау үшін негізгі шикізат
қант, сірне, жемістер немесе жидектер, желе
түзуші заттар (пектин, агар-агар,
модифицирленген агаройд, крахмал),
сонымен қатар тағамдық бояғыштар,
ароматты заттар, органикалық қышқылдар,
эссециялар және т.б. жатады.
Мармелад желе тәрізді консистенциялы, қант-сірне
сиропын, жеміс-жидек езбесін және желе түзуші заттардың
сулы ерітіндісін вакуум аппаратта қайнату арқылы алынған
өнім. Алынған мармелад массасын қалыптайды, суытады
қалыптардан алып қант себеді және кептіреді.
Мармеладтың екі түрі
ажыратылады: жеміс-жидек
және желе мармеладтары.

форма Кесілг
лы ен

Жеміс-
жидек
Қабатт
Пат
ы

Желе
Формалы мармелад әртүрлі мармелад Кесілген мармелад – алма
формалы кішігірім пішінді алма немесе мармелады пласттарын кесу
көк өрік езбесі негізінде жасалған арқылы алынған тік төртбұрышты
өнімдер; кейбір сорттарына басқа түрлі өнімдер; бетіне қант немесе қант
езбелер қосады да қантпен себеді. ұнтағын себеді
Қабатты мармеладты негізінен алма езбесінен
дайындайды. Мармелад массасын пергамент қағазы
төселген жәшіктерге немесе қораптарға (картон полимерлі)
құяды, онда ол біртіндеп қоюланады да, бетінде жұқа майда
кристалды қабат түзеді.

Пат өрік езбесі негізінде жасалған домалақ, овал
формалы өнімдер. Пат бетіне қант немесе қант
ұнтағын себеді. Оның ылғалдылығы төмен және
тығыз созылмалы консистенциялы болады
Мармелад сапасына қойылатын талаптар.
Мармелад дәмі иісі және түсі айқын білінетін, бөтен дәмсіз болуы керек.
Консистенциясы – желе тәрізді, патта – тығыз, созылмалы.
Сынуында түрі – таза, берікті, желе мармеладты үшін шынылы.
Пішіні – дұрыс, суреті – анық болуы керек.
Беті таза қантпен немесе қант ұнтағымен біртекті себілген немесе жұқа
кристалды қабатпен жабылған болуы керек.
Физика – химиялық көрсеткіштерден әр түріне ылғалдылығы, редуцирленген
заттардың массалық үлесі, қышқылдылығы, күлділігі және т.б. нормаланады.

Пішіні бұзылған, езілген қанты көп, берік емес, аса қышқыл немесе өте өткір
дәм иісті, жабысқақ бетті, сонымен қатар физика-химиялық көрсеткіштері
ауытқыған мармеладтарды сатуға болмайды.
Мармеладты қораптарға, құрама банкілерге полимерлі
пакеттерге буып түйеді. Өлшеп сатылатын мармеладты,
фанерлі, ағаш және картон жәшіктерге нетто массасы 6-7 кг
болатындай етіп салады.
Мармеладты құрғақ, таза, желдетілетін бөлмелерде 18-20оС
температурада және 75-80% салыстырмалы ауа
ылғалдылығында сақтайды.
Сақтау мерзімі шикізат түріне, қалыптау әдісіне,
буып-түюге байланысты.
Пласт жеміс-жидек, агар мен пектинде жасалған
формалы және кесілген желе мармеладтарын – 3
ай;
целлофан немесе полиэтилен пакеттерге
салынған формалы жеміс жидек мармеладын
және патты – 2 ай;
диабеттерге арналған мармеладты – 1 айға дейін;
қораптарға салынған – 15 тәулік сақтау керек.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Ұнды кондитер өнімдерінің технологиясы
Кондитер өнімдері - әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер
Қантты түріне карамель
Көктемде тамақтану
Емдік тамақтанудағы стандартты емдәмдер жүйесі
Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу
Диета түрлері
Қажетті заттар
Жидекті жеміс
Балық өнеркәсібі
Пәндер