Ауруды ажыратып балау




Презентация қосу
Аусылды балау, дауалау, індет
ошағынан арылу шаралары
Мақсаты: Аусылды балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру
және дауалау шараларымен танысу.

Қажетті жабдықтар: Аусылды КБР-да балауға арналған жинақ,
эритроцит, комплемент, гемолизин, ветеринариялық термос.
Сұрақтар:1. Аурудың анықтамасы.
2. Індеттік ерекшеліктері.
3. Ауруды балау әдістері
4. Ауруды ажыратып балау
5. Аурудан сауықтыру жөне алдын алу шаралары.
• Сабақтың мазмұны: Аусыл ( лат. Aphtae epizooticae, ящур,
ағыл. Foot and mouth disease - FMD) аса жұғымтал жіті өтетін,
қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың
терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй
және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.
• Қоздырушысы – Aphtovirus – РНҚ-лы, Aphtovirus
туыстығына, Pikornaviridae тұқымдастығына жатады.
Вирионның мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте
күрделі. Антигендік қасиеті бойынша 7 серологиялық типке: О,
А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип
бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, А-32, С-5,
САТ-1 – жеті, САТ-2 – үш, САТ-3 – төрт, Азия-1 – екі. Бұл
тармақтары мен варианттары бір-бірімен иммунологиялық
айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа
типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады.
• Балау. Аусылға диагноз қою үшін
індеттанулық деректер, клиникалық белгілері
және зертханалық зерттеулердің нәтижелері
пайдаланылады. Аусыл ең алғаш
байқалғанда міндетті түрде қоздырғыш
вирусты бөліп, оның типі мен вариантын
анықтайды. Ол үшін кемінде 5 г. афтаны тең
мөлшерде алған таза глицерин мен рН 7,4-7,6
фосфат буферінің қосындысынан даярланған
консервантқа салып зертханаға жібереді.
• Індеттік ерекшеліктері. Аусылға бейім
жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас,
түйе, бұғы және көптеген тағы ашатұяқтылар
(сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл ауруға ит пен
мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де
шалдығатыны туралы хабарлар бар. Ең сезімтал
жанурларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда,
ауру малды бағып күткенде, аусылмен адам да
ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі
жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді.
• Аусылдың қоздырушысының бастауы – ауырған, оның
ішінде аурудың жасырын кезеңіндегі және вирус
тасымалдаушы мал. Мұндай жануарлар вирусты сыртқы
ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп
шығарады. Бұның нәтижесінде қора-жай, әртүрлі құрал-
саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары, т.б.
ластанады.
• Вирус жанурлардың денесіне негізінен жемшөп және
сумен бірге, әртүрлі ластанған заттарды жалаған кезде
ауыздың кілегей қабығы, желін мен сирақтың зақымданған
терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік
жолмен енеді.
• Аусылдың вирусын тасымалдауда адамның атқаратын ролі
зор. Ол малмен жанасады және бір жерден екінші жерге
жүріп-тұру, жол жүру арқылы үлкен қашықтықтарға ауру
таратады. Вирусты механикалық жолмен әртүрлі көлік, құс
пен басқа да оған бейім емес жануарлар, оның ішінде тағы
жануарлар мен әртүрлі жәндіктер тасымалдайды. Таралу
жолдарының көптігі аусылдың әрбір білінген кездерінде
мұқият талдау жасап, одан ары тарамауы үшін шұғыл шаралар
жүргізуді талап етеді.
• Аусыл кең жайылған індет ретінде жылдың әр мезгілінде,
оның ішінде күздің аяғы, қыстың басында жиірек байқалады.
Әдетте індет 5-8 жылда, кей жерлерде 2-3 жылда қайталанады.
• Антиген даярлағанда аусылмен аурған жануардан
алынған күлдіреуіктің қабыршағының концервантын
физиологиялық ерітіндімен шайып, сүзгіш қағазбен
кептіріп, өлшеп, ұсақтап және келіде құммен мұқиат
езіп, үстіне салмағынан екі есе артық физиологиялық
ерітінді қосады. Дайындалған суспензияны бөлме
температурасында 2 сағ ұстап экстракциялайды,
минус (10...20)0С 5...8 сағ мұздатады. Еріткеннен
кейін центрифугалайды. Бетіне бөлініп шыққан
сұйықтықты бөліп алып 58 °С 40 минут
инактивтендіріп және КБР антиген ретінде қолданады.
• КБР қою әдісі:

• 1. Гемолизинді титрлеу. Гемолизинді жаңа сериясын
алған титірлейді. Биологиялық өндірісте даярланатын
гемолизин негізінен глицеринмен (1:1)
консервацияланады. Гемолизиннің титірін анықтау үшін
оның негізгі 1:100 (0,1 см3 гемолизин + 9,9 см3
физиологиялық ерітінді) езіндісінен тиртін анықтауға
қажетті езінділері даярланды. Езінділерді даярлау 1-ші
кестеде көрсетілген.
• Гемолизиннің даярланған езінділеріне 0,2 см3 2 %
эритроцит және 1:20 қатынастағы комплементті 10 мин
37-380С температурадағы су моншасында ұстап титрі
анықталады. Гемолизиннің титрін анықтау схемасы 2-
ші кестеде көрсетілген.
• Студенттердің өзіндік жұмысы. Індеттік жағдай: Сиыр фермасында
300 сиыр бар, олардың 100 сауын сиыр, 100 қашар, 40 бордақылауға
қойған тайыншалар, 60 бір жасқа дейінгі бұзаулар. Сауын сиырлар мен
қашарлардың арасында ауру мал байқалды. Олардың дене қызуы
көтеріліп, ауыздың кілегей қабығында, терісінде желін бетінде, тұяқ
ашасында күлдіреуіктер пайда болып, малдың кейбіреулері ақсап,
сиырлардың сүті тартылады. Алдын ала қойылған балау -аусыл. Індеттік
тексеру барысында малдарлың аусылға қарсы вакцинделмегені
анықталды. Сонымен қатар фермаға ветеринариялық-санитариялық,
ережелер (дезинфекциялық кедергі, ветсанжібергіш жоқ) ұзақ уақыт
бойы сақталмай келеді.
• Тапсырма: 1. Ауруға қорытынды балау қою үшін не істеу қажет.
• 2. Індет ошағын жоюдың жоспары қалай құралады.
• 3. Індеттен қауіпті аймақта жүргізілген шаралардың кешені қандай.

Ұқсас жұмыстар
Шошқаның атрофиялық ринитін дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
Түйе цефалопинозы, балау және ветеринариялық шаралары
Індетті лимфангитті балау, дауалау және сауықтыру шаралары
Ауески ауруы
Жылқылардың артериті
Жіті жүйелі қызылша
Шошқаның африкалық обасы
Тауық шешегінің вирусы
Шмалленберг ауруы
Құстардың инфекциялық бронхиті ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Пәндер