Ұсақ кұйістілердің обасын балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу




Презентация қосу
13-сабақ

Тақырыбы: Ұсақ кұйістілердің обасын балау, дауалау, індет ошағынан
арылу шаралары
•Мақсаты: Ұсақ кұйістілердің обасын
балау әдістерін меңгеру, індет ошағында
сауықтыру және дауалау шараларымен
танысу.
•Қажетті жабдықтар: ИФТ жинағы,
дозатор, қан сарысуы, термостат.
• Сабақ мазмұны: Ұсақ күйістілердің обасы
(Pestis ovium et caprarum, чума мелких
жвачных) – катарлы геморагиялық энтерит,
ойылымды өліеттенген стоматит,
лимфоидты ағзалардың зақымдануымен
сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырушысы.

• Қоздырушысы. Paramyxovivridae
тұқымдастығының Morbillivirus туыстығына
жататын РНҚ құрылымды вирус. Антигендік
қасиеті бойынша сиыр обасының,
етқоректілер обасының, қызылшаның
вирустарына жақын. Қой эмбрионы
бүйрегінің алғашқы өсінінде өседі. Бұл ортада
өсірілуге бейімделген соң басқа да бастапқы
және көшілетін ұлпа өсіндерінде өседі.
Індеттік деректер
• Негізінен қой мен ешкі ауырады. Қойға қарағанда ешкінің
бейімділігі жоғары. Жабайы ашатұяқтылардан таутеке,
газель (қара құйрық), ларистан қойы, қолдан жұқтырғанда
америкалық ақ құйрық бұғысы ауырады. Сиыр мен шошқа
симптомсыз ауырады. Инфекция қоздырушысының
бастауы айқын және жасырын ауырған, және жасырын
кезеңдегі жануарлар. Вирус көз жасымен, мұрын
сорасымен, жөтелгенде шашырандымен, барлық
секреттерімен және инкременттерімен бөлініп, тікелей
жанасу арқылы респираторлық және алиментарлық
жолмен беріледі. Ауруға бейім жануарлар арасында таралу
көрсеткіші 90%-ға жетеді.
• Балау. Диагноз қою үшін індеттанулық,
клиникалық, патологоанатомиялық деректерді
талдап, гистологиялық тексеру кезінде ауыз бен
ішектің эпителийінде, лимфоидтық ағзалардың
ретикулярлық жасушаларында арнайы
денешіктер болатындығы ескеріледі.
• Зертханалық тексеру вирусты бөліп алуға,
серологиялық реакцияларда вирустық
антигендерін және телімді антиденелерді,
вирустық геномын анықтауға бағытталады.
Нәтижелердi бағалау

• Нәтижелердi визуальды түрде бағалайды
немесе реакцияны тоқтатқанан кейiн 3 сағаттан
асырмай спектофотометр көмегiмен бағалайды.
• Визуальды бағалау. Егерде өзiндiк
антиденелер болса (терiс сынама), оң
бақылаудағы ерiтiндi түсiмен салыстырғанда
(микропанельде үшiншi горизонтальды қатар)
зерттелетiн 1:200 қатынастағы қан сары суы бар
шұңқырлар қатарында қоңыр-сарғылт түс пайда
болады.
Терiс деп

•Түсi өзгермеген немесе әлсiз терiс
бақылау түсiне ұқсас болғанда сынамаларды
терiс деп санайды.
•Спектрофотометриялық санау.
Реакциянның нәтижесiн арнайы
вертикальды сәулесi бар, толқын ұзындығы
490Нм фотометрлерiнде бекiтедi.
Нәтижелердi оптикалық тығыздық
бiрлiгiнде шығарады (ОТ 490).
Оң сынама деп

• Оң сынама деп ОТ490 1:200 қатынастан
бастап екi және одан жоғары терiс
бақылаудың оптикалық тығыздығынан
асқанда санайды, бiрақ 0,200 ден төмен
болмау керек.
Дауалау және күресу шаралары.
• Аурудың алдын алудың ең басты шарты шеттен әкелінетін мал арқылы жұғу
қаупіне тосқауыл қою. Ол үшін малды тек қана бұл аурудан сау елден ғана
алу керек. Ұсақ күйістілер обасынан таза болып есептелуі үшін елдің
территориясында кем дегенде 3 жыл бойы ауру тіркелмеуі керек. Егер ауру
байқалса, оны стемпинг-аут арқылы тоқтатқан жағдайда ең соңғы мал
сойылып, толық дезинфекция жасалған соң 21 күн өткенде ауру жоқ деп
есептеледі. Егер стемпинг-аут жүргізілмесе соңғы ауырған мал жазылған
соң, немесе сойылған соң 6 ай өткенде ғана ауру жоқ деп есептеледі.
• Ұсақ күйістілердің обасы байқалған жағдайда сауықтыру шараларының
нәтижесі ауырған малдардың түгелдей жойылуына байланысты. Ең тиімді
әдіс стемпинг-аут, яғни ауруға бейім жануарларды, ауырғандарын да,
ауырмағандарын да сою. Бұл әдіс бұрын оба байқалмаған аймақта
қолданылады. Обадан таза емес өлкелерде ауруға клиникалық немесе
серологиялық диагноз қойылған малдар ғана сойылады. Мұндай сауықтыру
шаралары ұзаққа созылады, нәтижесі де тұрақты емес.
Қорытынды
•1. Қорытынды балау қою.
•2. Індеттен сауықтырудың жоспарын
белгілеу.

Ұқсас жұмыстар
Лептоспирозды балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу
Ауруды ажыратып балау
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Індетті лимфангитті балау, дауалау және сауықтыру шаралары
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Індет ошағы
ЖЫЛҚЫ ДЕЛБЕСІ
ИТ ОБАСЫ
Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы, құрылымы, түрлері және олардың шекарасын анықтау
Індет ошағының, қатер төнген аймақтың шекарасын анықтау
Пәндер