Найроби ауруы


Slide 1

16 сабақ

Найроби ауруы

Slide 2

Найроби ауруы (лат. -Morbus Nairobi ovium et caprarum, ағыл. Nairobi sheep and disease, -Найроби овец и коз) -ыстығы көтеріліп, геморрагиялық гастроэнтерит арқылы байқалатын жіті өтетін қой мен ешкінің трансмиссивті жұқпалы ауруы.

Slide 3

Тарихи деректер.

Алғаш рет 1910 ж. Кенияда Найроби қаласы маңында байқалған. 1931-1935 жылдары Угандада анықталып, 1955 ж. Белгиялық Конгода (Заир), 1960 жылдан Оңтүстік Африка Республикасында орын алған. Вирусы зерттеліп, серологиялық тексеру жүргізу нәтижесінде бұл ауру Танзания, Сомали, Ботсване, Намибия, Мозамбик қатарлы Африка елдерінде қой мен ешкіде тіркелді

Slide 4

Қоздырушысы

Қоздырушысы - РНҚ құрамды буньявирус туыстығына жататын вирус, вириондары морфологиялық тұрғыдан миксовирустарға ұқсас, пішіні -домалақ, диаметрі 70-80 нм. Тауық эмбрионында өспейді, қозы мен лақтың бүйрегінің торша өсіндісінде, ақ тышқанның, аламан тышқанның бүйрек торшасының көшірілетін өсіндісінде, басқа да жануарлардың торшаларының алғашқы өсінінде өседі

Slide 5

Төзімділігі

Найроби ауруының вирусы -20oС жағдайында екі айға дейін, цитратты қанда бөлме температурасында 30-45 күн, 50% глицеринде 90 күнге дейін сақталады, қышқыл ортаға төзімді, тасымалдаушы кененің ересегі мен балапан құрттарында 1-1, 5 жылға дейін сақталады. Эфир мен дезоксихолатқа сезімтал, 60oС температурада 3-5 мин өткенде белсенділігін жояды.

Slide 6

Індеттік ерекшеліктері

Табиғи жағдайда бұл ауруға ең бейім жануар қой, әсіресе 1 жасқа дейінгі қозылар өте сезімтал, жергілікті африкалық массай тұқымы сырттан әкелінген биязы жүнді қойлардан бейімділігі жоғары. Ешкі бұл ауруға бейім келеді, бірақ ауру тараған аймақта біршама төзімді болады да, ауру субклиникалық сипатта өтеді. Сиыр мен су сиыр төзімді, инфекция оларда жасырын түрде ғана байқалады. Жылқы, есек, қашыр, шошқа, ит, қоян, егеуқұйрық, теңіз тышқанының вирусқа сезімталдығы жоқ. Бұл ауру адамға да жұғады, ауырып жазылғанда қанында вирусты бейтараптаушы антиденелер анықталады. Инфекция қоздырушысының бастауы ауырған қой мен ешкі. Вирус негізінен бауыр мен көкбауырда шоғырланады, ыстығы алғашқы рет көтерілген кезде қанда болады да, біраздан кейін титрі төмендейді. Дене қызуы қайталағанда вирустың белсенділігі төмендеп, бұл кезде бөліп алу және қан арқылы жұқтыру мүмкіндігі азаяды. Ауырған малдан сау малға вирус қан сорушы жәндіктер арқылы беріледі. Негізгі тасымалдаушысы иксод кенелері: Rhicephalus appendiculatus, Rhinocephalus bursa, Rhinocephalus evertsi, Rhinocephalus pulchellus, Ambiomma variegatum. Вирус трансвариалды жолмен көбейіп бұл кенелердің арасында айналымда болады.

Slide 7

Дерттенуі

Теріден өткен вирус қан арқылы ішкі үлпершек ағзаларға жетіп көбейеді де, патологиялық өзгерістер тудырады. Дененің ыстығы көтерілген кезде қанда болады да, ыстығы қайтқанда қанда байқалмайды. Вирус сөл түйіндерінде, бауырда, көкбауырда, бүйректе шоғырланады, несеп пен нәжіс арқылы бөлінеді.

Slide 8

Өтуі мен симптомдары

Жасырын кезеңі 36 сағаттан 16 күнге дейін, негізінен 5-6 күн. Ауру көбінесе жіті жағдайда өтеді. Бастапқыда дененің ыстығы күрт көтеріліп, 41-42oС-қа жетеді де 2-10 күнге созылады. 1-3 күн өткен соң ыстығы қайтып, бұл мезетте іші өтіп, нәжісінің иісі тым жағымсыз, жалқақтанып, қан араласады. Жануар қатты күйзеліп, басын төмен салып, тынысы жиілеп, дем алғанда ыңырсиды. Танауынан іріңді сора ағады, кейде қанмен араласып бөлінеді. Сыртқы жыныс мүшелері ісінеді. Буаз саулықтар іш тастайды. Ауру жіті өткенде дененің ыстығы кенеттен төмендеп, жануар бірнеше сағатта өліп қалады. Жітіден төмен өткенде дененің ыстығы қайтқан соң 1-5 күн өткеннен кейін өліммен аяқталады. Ауру жасырын түрде байқалғанда қой мен ешкіде клиникалық белгілер байқалмайды да, қан сарысуында телімді антиденелер болады.

Slide 9

Патологиялық анатомиялық өзгерістер

Өлексені сырттай қарағанда денесінің артқы жағы сұйық нәжіспен ластанып, кейде қан араласқан, ал бастың беткі бөлігінде, танауының айналасында сораның кепкен қабыршақ- тары байқалады. Танау қуысының кілегей қабығы көгеріп, бозарған, көбінесе конъюктивит болады. Сойып қарағанда ас қорыту жолдарының ерекше зақымдалғаны айқындалады, ұлтабардың, аш ішек пен тоқ ішектің кілегейлі қабықтары қанталап қабынған, ал өңеш пен таз қарын өзгеріссіз. Шажырқай сөл түйіндері бозарыңқы, шектен тыс ұлғайып, тілгенде жиналған сөлі ағады. Кеңірдектің төменгі жағы мен бронхыларда көбіктенген бөлінді болады. Жүрек еті болбырап, жүрек қуысында ұйымаған қан болады, көбінде эпикард пен эндокардта ноқатты қанталаулар орын алады. Бүйректерінде гломеру- лярлы нефрит байқалады. Саулықтарда іш тастаған жағдайда жыныс ағзалары қанталап қабынады, ал буаз емес жануарларда ондай өзгерістер байқалмайды.

Slide 10

Балау


Ұқсас жұмыстар
Кения - Британ достастығынакіретін республика
Қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралы ұйымдар
Туристік ұсыныстардың дифференциясы
АФРИКА ЕЛДЕРІ
Вирустардың нуклеин қышқылы
Биіктік ауруы
Кілегейлі қабықтар мен мүшелердің құрамындағы эпителий тіндерінің мамандануы
Ауру формалары
Паренхималық дистрофия
Нан аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz