Ветеринария факултеті




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
«Ветеринария» факултеті
«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы

17 – практикалық сабақ
Тақырыбы:
“Ветеринариялық құжаттарды
құрастыру”

оқытушы Абдуалиева А.А.
Сабақтың мақсаты:
Ветеринариядағы іс
құжаттарын жүргізуді үйрену

Міндеті:
Ветеринариядағы іс құжаттарын
жүргізуді меңгеру
Ветеринариялық құжаттарды: мал дәрігерлік
куәліктер, хаттамалар, актілер, анықтамалар,
шешімдер мен бұйрықтарлың жобаларын,
ветеринариялық есепке алу және есеп беру
құжаттырының түрлері, құжаттарды қабылдау,
жіберу және тіркеу, орындалуына бақылау, сонымен
қатар қажетті ақпаратты сұрастыру және тікелей
ветеринариялық субъектілерінде (мемлекеттік және
жеке меншіктік) құжаттарды сақтау бойынша
жүргізілетін жұмыстардың жиынтығы
ветеринариялық медицинадағы іс құжаттарын
жүргізу болып табылады.
Жеке меншік мал дәрігерлері және мемлекеттік және жеке
меншіктік ветеринариялық субъектілері іс жүргізу
бойынша шамамен келесі іс қағаздарын жүргізеді:
• экспедициялық – келіп түскен ветеринариялық құжаттар
мен басқа да корреспенденцияларды қабылдау және
таратып беру, ветеринариялық шығыс құжаттарын
жөнелту;
• кеңселік – ағымдық ветеринариялық іс жүргізу үшін
жиынтық номенкулатураны құрастыру, ветеринариялық
субъектінің атына келіп түскен 52 құжаттарды тіркеу,
орындаушыларға құжаттарды үлестіріп тарату,
құжаттардың орындалуын бақылауда ұстау, шығыс
құжаттарын рәсімдеу және оларды пошта арқылы жөнелту,
іс құжаттарын жүргізудің негізі мен құрылымы бойынша
қызметкерлерге түсініктеме беру;
• мұрағаттық – істің номенкулатуралық жиынтығын
құрастыруға қатысу, аяқталған ветеринариялық істің
жоспарлы түрде мұрағатқа түсуін қамтамасыз ету,
ветеринариялық субъектілердің (мекемелердің)
мұрағатына түскен құжаттық материалдарды есепке алу
және сақтау;
• машиналы жазбалық – материалдарды компьютерлік
теру, қайтадан теру, редакциялау және оқып шығу;
• хатшылық – ветеринариялық субъекті немесе қызмет
жетекшісінің тапсырмаларын орындау;
• курьерлік – жоғары тұрған ветеринариялық мекемелерге
(субъектілерге) және басқа да адресаттарға
ветеринариялық құжаттар мен басқа
корреспонденцияларды жеткізуді қамтамасыз ету.
Мемлекеттік және жеке меншік
ветеринариялық қызметттердің
әр түрлі субъектілерінде өз іс
номенкулатуралары жүргізіледі.
Төменде аудандық мемлекеттік
ветеринария басқармасы мен
жеке мал дәрігерлік емханада
жүргілетін іс құжаттарына
мысалдар келтірілген.
Аудандық мемлекеттік ветеринария басқармасында келесі іс
құжаттары жүргізіледі:
1. Ветеринариялық есепке алу журналдары. Олар
нұсқаулыққы сәйкес жүргізіледі.
2. Жоғарғы тұрған мемлекеттік ветеринария органдарына
ұсынылатын ауылдық округтің және жеке меншіктік
ветеринария субъектілерінің мемлекеттік ветеринария
инспекторларының сәйкестелінген үлгіде толтырылған
ветеринариялық есеп беру құжаттары.
3. №2 және №3 үлгісіндегі ветеринариялық куәліктер,
анықтамалар.
4. Ветеринариялық шараларды (вакцинация,
дегельминтизация, жануарларды емдік-алдын алу өңдеу, қора-
жайларды зарарсыздандыру және т.б. жұмыстар) жүргізу
туралы актілер.
5. Өлекселерді жарып сою хатамасы.
6. Ветеринариялық зертханаға зерттеуге жіберілетін
материалға ілестірілетін құжаттар.
7. Диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша
зертхананың қорытындысы.
8. Індетке қарсы, жұқпалы, инвазиялық ауру ошақтарын
жою шараларының, субъектінің күнтізбелік жоспарлары.
9. Ішкі тәртіп ережелері және басқарма қызметкерлерінің
қызметтік нұсқаулықтары.
10. Мемлекеттік ветеринария басқармасының бұйрықтары,
өкімдері.
11. Әр түрлі мекемелермен, ұйымдармен, шаруашылықтың
субъектілерімен және азаматтарымен хат жазысу.
Жеке меншік емханалар бойынша келесі іс құжаттары
жүргізіледі:
1. Белгіленген үлгідегі есепке алу журналдары.
2. Мемлекеттік ветеринария органдарына ұсынылатын
ҚР Ұлттық статистикалық Комитетімен бекітілген
үлгілер бойынша дайындалған ветеринариялық есеп
беру құжатттары.
3. Өлекселерді жарып сою хатамасы.
4. Ветеринариялық зертханаға зерттеуге жіберілетін
материалға ілестірілетін құжаттар.
5. Патологиялық материалды, азықтарды, суды, қан
сарысулары сынақтарын, несепті, нәжісті және т.б.
зерттеу нәтижелері туралы ветеринариялық
зертхананың қорытындылары.
6. Бруцеллезге, туберкулезге, лейкозға және басқа аураларға
тексерілетін жануарлардың тізімі.
7. Қызмет көрсетілетін аймақтағы індетке қарсы алдын алу
шараларының жоспарлары.
8. Емхананың ішкі тәртіп ережелері.
9. Клиенттердің шақыруын тіркеу журналы.
10. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарымен және
басқа да шаруашылық субъектілерімен хат жазысу.
11. Індетке қарсы шараларды жүргізуге және зооветеринариялық
тауарларды және т.б. сатып алу бойынша жасалған келісім-
шарттар.
Әрбір ветеринариялық субъектіде ветеринариялық құжаттарды рәсімдеу
және сақтаудың белгіленген реті болады. Орындалған және дұрыс
рәсімделген құжаттарды іс құжаттарын жүргізуге жауапты ветеринария
маманы номенкулатураға сай етіп қатаң түрде топтастырады. Толық
сақталуы мен қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып құжаттарды
сақтауды жүзеге асырады.
Іс құжаттарын құрастыру кезінде келесі талаптардың сақталуын
қарастырады:
• іс құжаттарының аталуына сәйкес мазмұнына қарап құжаттарды
жинақтау;
• бір күнтізбелік жылдың құжаттарын бір іске топтастыру;
• хронология бойынша бір істің ішіндегі құжаттарды жүйелендіру,
мысалы жауап құжаттарын сұрақ құжаттарынан кейін орналастыру; •
тігілетін іске артық немесе қайталанушы құжаттардың даналарын
тіркемеу керек.
Ветеринариялық субъектілердің іс құжаттарын жабылатын үстелдер
немесе шкафтарда сақтайды.
ОЙЫН
«Кім
жылдам?»
Адасқан әріптер...

Қ Ұ Ж
Е Т Л
Е
В А Я
З
Т
Адасқан әріптерден сөз құрап, не жататынын
атап айтыңыз!
Сөйлемді толықтыр:
1. Экспедициялық – келіп түскен 4. • курьерлік – жоғары тұрған
………… мен басқа да ……. ………..(субъектілерге) және
қабылдау және таратып беру, басқа да ……… ветеринариялық
ветеринариялық шығыс құжаттар мен басқа
құжаттарын …….; корреспонденцияларды жеткізуді
2. машиналы жазбалық – қамтамасыз ету.
материалдарды ………, …….., 5. Мемлекеттік және жеке
редакциялау және ……….; меншік ……….. әр түрлі
3. • хатшылық – …………немесе субъектілерінде өз іс ……….
қызмет жетекшісінің жүргізіледі.
тапсырмаларын орындау;
ИЯ - ЖОҚ
1. Ветеринариялық есепке алу журналдары. Олар нұсқаулыққа
сәйкес жүргізіледі. (ия/жоқ)
2. Ветеринариялық шараларды (вакцинация, дегельминтизация,
жануарларды емдік-алдын алу өңдеу, қора-жайларды
зарарсыздандыру және т.б. жұмыстар) жүргізу туралы актілер.
(ия /жоқ)
3. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарымен және
басқа да шаруашылық субъектілерімен хат жазыспау. (ия/жоқ)
4. Індетке қарсы шараларды жүргізуге және зооветеринариялық
тауарларды және т.б. сатып алу бойынша жасалған келісім-
шарттар.(ия/жоқ)
5. Хатшылық – ветеринариялық субъекті немесе қызмет
жетекшісінің тапсырмаларын орындамау (ия/жоқ)
Сұрақ-жауап
1. Ветеринариялық құжаттарға нелер жатады?
2. Экспедициялық дегенді қалай түсінесіз?
3. Мұрағаттық дегеніміз не?
4. Кеңселік дегеніміз не?
5. Машиналы жазбалық дегенімізді қалай түсінесіз?
6. Аудандық мемлекеттік ветеринария
басқармасында қандай іс құжаттары жүргізіледі?
7. Жеке меншік емханалар бойынша қандай іс
құжаттары жүргізіледі?
НАЗАР
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Қазақ ғылыми - зерттеу ветеринария институты ЖШС Жалпы сипаттама
Жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық және емдеу шаралары
ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ ТҰТАСА ЖӘНЕ БУЫНДЫ БАЙЛАНЫСЫ
ҚҰС ЭМБРИОГЕНЕЗІ
Ветеринарияда пайдаланатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар
Негізді дайындау
Ота техникасы
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша
Шошқа тілмесі
Құс боррелиозы
Пәндер