Лептоспирозды диагностикалау, емдеу және індет ошағынан арылу шаралары


Slide 1

2-сабақ Тақырыбы: Лептоспирозды балау, дауалау, індет ошағынан арылу шаралары

Slide 2

Мақсаты: Лептоспирозды балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу.

Қажетті жабдықтар: Қан сарысуы, термостат, центрифуга биологиялық микроскоп; конденсор; Флоринский пробиркасы; штативтер; лептоспир штамының антигенді тірі себіндісі.

Slide 3

Сабақ мазмұны: Лептоспироз (Leptospirosis) - табиғи ошақты, дененің қызуы көтерілуі, несепте қан мен терінің сарғайып, өліеттенуі, ішек-қарынның қимылы нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Slide 4

Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда лептоспирозбен шошқа және сиыр жиі ауырады. Сонымен қатар жылқы, қой ешкі, түйе, марал, сағақ, буйвол, ит, түлкі, қарсақ, әртүрлі кемірушілер бейім. Итпен салыстырғанда мысық анағұрлым төзімді, күзен де сирек ауырады, үй және жабайы құстар төзімді келеді. Лептоспирозбен адам да ауырады. Адам бұл ауруға бейім болғанымен, оның қоздырушысын ары қарай тарату жолында "биологиялық тұйықтық" болып есептеледі де, індеттенуде онша маңызы болмайды.

Slide 5

Лептоспирозбен кез-келген жастағы жануар ауыра бергенімен, жас төл ересек жануарлардан гөрі аса сезімтал. Сондықтан тәжірибе жүзінде жұқтырғанда енесін еметін жаңа туған жануарларды таңдайды. Жұқтыру үшін зертханалық жануарлардан сары атжалман (золотистый хомяк), теңіз тышқаны, көжек, күшік т. б пайдаланылады.

Slide 6

Зардапты лептоспиралардың бастауы мен қоймасы - ауылшаруашылық және жабайы (әсіресе кеміруші) жануарлар. Олардың денесінен ауру қоздырушысы сыртқы ортаға несеп, нәжіс, сүтпен, танау мен жыныс мүшелерінен аққан сора, шәует арқылы шығады. Әсіресе жасырын білінбей ауыратын лептоспиралар алып жүретін жануарлардың індеттік маңызы аса зор. Аурудан сау емес шаруашылықтарда лептоспироз алып жүретін жануарлар сиыр мен қойда 14-20%, ал шошқада 30-38%-ке жетеді. Лептоспира алып жүру мерзімі сиырда 6 айға, қой мен ешкіде 9 айға, шошқада 2 жылға, итте 3 жылға созылады. Кемірушілер өмір бойы лептоспералар алып жүреді.

Ауру мен микроб алып жүруші жануарлардан бөлініп шыққан лептоспиралар суды, жемшөпті, жайылымды, топырақты, төсеніш және басқа сыртқы ортадағы заттарды ластайды, олар аурудың жұқтыру факторына айналады. Лептоспироздың ең негізгі берілу факторы су арқылы жұғу. Әсіресе кеппейтін шалшық, тоқтау су, батпақ, ағысы баяу бұлақтар, ылғал топырақ ауру тарату үшін өте қауіпті.

Slide 7

Вакцина егілмеген малдарда қан сарысуында титрі 1:50, вакцина егілген малда 1:100 және одан жоғары болғанда лептоспирозға ауру деп есептеледі.

Серологиялық зерттеулер нәтижесінде лептоспироз қоздырушылары антиденеде ең жоғары титрде анықталғанда, лептоспира сол серологиялық топқа жатады. Реакцияда лептоспира анықтаған кезде ауылшаруашылық малдардың қан сарысуын 10-12 күннен кейін қайталап тексеред

Slide 8

Студенттердің өзіндік жұмысы: Індеттік жағдай: сүт фермасында сауын сиырлардың арасында 3 сиыр ауырады. Клиникалық белгілері: азықка зауқы нашар, сүт сарғыш түсті, желін үрпісінде көпіршіктер байқалады, коньюнктивасы, көрінетін кілегейлі қабықтары сарғыш, зәр қоңыр түсті.

Алдын ала балау - лептоспироз.

Тапсырма:

1. Алдын-ала балауды дәлелдеу.

2. Сүт фермасын лептоспироздан сауықтыру жоспарын құру.


Ұқсас жұмыстар
13-сабақ: Ұсақ күйістілер обасын балау, дауалау және індет ошағынан арылу шаралары
Жануарларда лептоспирозды диагностикалау және күресу шаралары
Шошқалардың жұқпалы атрофиялық риниті: емдеу және індеттен арылу шаралары
Лептоспироз індет ошағында жүргізілетін алдын алу, диагностика және емдеу шаралары
Аусылды балау: диагностикалық әдістер, зертханалық протоколдар және індет ошағын жою шаралары
Сарып (бруцеллез) індет ошағында жүргізілетін анықтау, алдын алу және сауықтыру шаралары
Олигоспермия және астенозооспермия жағдайындағы ерлер бедеулігін диагностикалау мен емдеу
Бруцеллезді диагностикалау әдістері, патогенезі және ветеринариялық-санитариялық шаралары
Бұзаулар мен иттердегі ротавирустық инфекцияларды диагностикалау және емдеу
Эмоциялық стресс: анықтамасы, белгілері және арылу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz