Акабане ауруы




Презентация қосу
Акабане ауруы
ЖОСПАР:
1. Аурудың аталуы және анықтамасы
2. Тарихи деректер
3. Қоздырушысы
4. Індеттік ерекшеліктері
5. Дерттенуі
6. Өтуі және симптомдары
7. Патологоанатомиялық өзгерістері
8. Балау
9. Емі
10. Иммунитет
11. Дауалау және күресу шаралары
Аурудың аталуы және анықтамасы

• Акабане ауруы (Morbus Akabanae-лат.,
Akabanae disease-ағылш.)- мидың
зақымданып, тұла бойы бұлшық еттері
солып, өкпенің әлсіреуімен, іш тастап шала
төл тууымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер

• Аурудың ауқымы түпкілікті анықталмаған. 1959 жылдан
бастап ол Жапонияда тіркелді, онда көптеген жануарларды
қамтып індет түрінде өтті. 1972 жылы Австралияда
анықталды, серологиялық зерттеуге сәйкес солтүстік
аймақтарда және жаңа оңтүстік Уэльсте кеңінен таралған.
1969 жылдан бастап Израильде тіркелген, Кенияда
вирустың бөлінуі туралы хабарламалар бар (А.Оуа, 1961; R.
L. Doherty, 1972; D. Metselaar, 1976). 1978-1980 жылдары
Кореяда сиырлар жаппай Акабане ауруына шалдықты (U.
V. VAC, 1980). Вирусты бейтараптандыратын антиденелер
Кипрдегі сиыр мен қойдан анықталған (R. E. Sellers, 1981).
Қоздырушысы
• Қоздырушысы Bunyaviridae тұқымдастығының Bunyavirus туыстығына
жатады. Көлемі 90-100 нм, кейбір вириондар 130 нм дейін жетеді.
Алғаш рет Жапонияда масалардан бөлініп алынған (А.Оуа, 1961).
• Акабане вирусы тышқанның баласында (миына жұқтырғанда 2-3
күннен кейін паралич байқалады), тауық эмбрионында бөліп алады.
Ауру қоздырушысы ауыстырылатын : маймылдың Vero, аламанның
ВНК — 21 және өкпеден даярланған hmlu-1 торша өсінділеріне бейім.
Торша өсіндісінде цитопотогендік әсер байқалады.
• Тәжірибелік жолмен сиыр және қой мен ешкінің буаз кезінде
жұқтырғанда вирусемия дамиды және вирусқа қасы бейтараптайтын
антиденелер пайда болады, сонымен қатар жатырдағы төлдің
зақымдануы байқалады. Виремияның ұзақтығы 3-4 күн (Н. Куроги,
1977, 1978).
Індеттік ерекшеліктері
•Табиғи жағдайда сиыр, қой, ешкі ауырады (Т.омори, 1974; V. Inaba, 1975). Австралияда
вирус клиникалық сау буйволдан бөлініп алынған (St. George, 1977). Ауру індет түрінде
жүреді. Ауру сонымен қатар белгілі бір аумақтарға, маусымға тән және белгілі бір
уақыттарда қайталанып отырумен ерекшеленеді.
•Вирус трансмиссивті жолмен және плацента арқылы таралады. Тасмалдаушылары
Жапонияда Aedes vexans, Culex tritaeni-orhynchus масалары; Австралияда — Culicoides
brevitarsis (A. Oya, 1961; R. L. Doherty, 1972; 1973; T. St. George, 1978) шіркейлері екені
мәлім болды.
•Вирус жұқтырған енесінен төліне плацента арқылы беріледі. Ауру алдымен тамыз
айында іш тастаумен және төлдің өлі тууылуымен басталып, қазан айында шегіне
жетеді, ал екінші көтерілуі ақпан айына тура келеді. Бұл кезде негізінен жаңа туылған
төлдерде ауру анықталады. Осыған байланысты буаз сиырлар тамыз айында вирусты
жұқтырады. Бұдан ары инфекцияның дамуы бірнеше факторларға байланысты.-
вирустың уыттылығына, төлдің даму кезеңіне байланысты. Әдетте, буаздықтың соңғы
кезінде уыттылығы төмен вируспен зақымданғанда, жаңа туылған төл аман қалады,
бірақ оларды зақымдану дәрежесі әртүрлі (Т.омори, 1974). Буаздықтың алғашқы
кезеңінде вирусқа аса сезімтал төл өлімге ұшырап, іш тастау болады.
Өтуі және симптомдары
• Табиғи жағдайда аурудың жасырың кезеңі анықталмаған. Буаз сиырларға
қолдан жұқтырған кезде (жүктіліктің 62-96-шы күні) вирус 18-ші күні төлден
анықталған. Барлық жаңа туылған төлдер зақымдалғандығы анықталды.
• Аурудың негізгі клиникалық белгісі буаз малдың іш тастауы, төлдің өлі тууы,
уақытынан ерте тууы және төлдің дене мүшелерінде байқалатын
кемтарлықтар. Туған бұзаулардың миы суланып, буындары бүгіліп, түзелмейді
(артрогрипоз), теріасты шелі қанталап, денесі сарғайады.
• Ересек сиырларда аурудың белгілері жем-шөпке зауқы төмендеуі, денесін
дұрыс меңгере алмай жүрісінің бұзылуы, бұлшық еттерінің солғындауы,
тынысының тарылуы.
• Жас сиырларда ауру жасырын түрде өтеді. Вирус анықталған жануарлардың
тек бір тобында ғана кератоконьюнктивит анықталған (Т.St. George, 1978).
Патологоанатомиялық өзгерістері
• Тастанды төл мен денесінде кемістігі бар
жаңа туған бұзаулардың миында асқынған
дистрофиялық өзгерістер байқалады,
өкпеде гипоплазия, тұла бойы бұлшық
еттінде атрофия және дегенерация,
жұлында қабыну белгілері болады. Қой мен
ешкіде патологоанатомиялық өзгерістер
аурудың сиырдағы белгілеріне ұқсас.
Балау
• Балау індеттанулық деректерге, клиникалық белгілеріне, вирусологиялық және серологиялық
зерттеулердің нәтижелері негізінде қойылады. Вирусты бөліп алу үшін төлдің ағзалары немесе ауру
жануарлардың қаны қолданылады. Вирустық материалды тышқанның баласына (миды зақымдау)
немесе торша өсіндісіне жұқтырады. Бөлініп алынған вирус бейтараптау реакциясында айқындалады.
• Зертханалық балау үшін гемагглютинацияны тежеу реакциясы ұсынылған. Ауру жұқтырған
жануарлардан (қозы, лақт, бұзау) алынған қан сарысуларында ГАТР-да анықталған антиденелердің титрі
вирусты бейтараптандыратын антиденелердің титрлерімен бірдей және зерттеу барысында олардың
деңгейі төмендемегені анықталды.
• Ретроспективті диагностиканың ең сенімді әдісі-бейтараптандыру реакциясы. Вирусты
бейтараптандыратын антиденелерді анықтау диагноз қою үшін жеткілікті негіз болады, мұны жапон
және Австралия мамандары жүргізген далалық зерттеулердің тәжірибесі дәлелдейді.
• Диагноз қою кезінде эфемерлі безгекті, Ибараки ауруын, қойдың катаральды безгегін болдырмау керек.
• Диагноз қою кезінде австралиялық ғалымдардың тәжірибесі назар аударуға тұрарлық. Бастапқыда
Солтүстік Австралиядағы ірі қара малдың арасында Акабане вирусын бейтараптандыратын антиденелер
кеңінен таралғаны көрсетілген. Содан кейін вирусты бөліп алу және 12 сентинель тұқымды сиырдағы
бейтараптандыратын антиденелердің динамикасын зерттеу үшін ай сайын 3 жыл бойы қан алынды, ал
қан соратын жәндіктердің белсенді жазы кезінде ол күн сайын немесе апта сайын алынды. Сонымен
қатар, шіркейлер бар жерге жақын жерде ұсталды.
• Жануарларда кератоконьюнктивиттерден басқа аурудың клиникалық көріністері байқалған жоқ.
Қазаннан қарашаның соңына дейінгі кезеңде 12 жануардың 3-іне 14 Акабане вирусының изоляты
бөлінді. Сол уақытта барлық тәжірибедегі сиырларда бейтараптаушы антиденелердің титрінің
жоғарлауы байқалды. 101 шіркей тобынан с. brevitarsis (5314 ұрғашы) 3 вирус изоляты бөлінді. Бұл
жануарларда виремия кезінде ғана мүмкін болды (т. George, 1978).
Дауалау және күресу шаралары

• Жалпы індетке қарсы шаралар қолданылады.
Ауру және ауруға күдікті жануарларды уақтылы
анықтайды және оқшаулайды. Қан соратын
жәндіктермен - осы аурудың қоздырушысымен
күресуге ерекше назар аударылады. Балау қою
үшін, сондай-ақ індеттік жағдайды бағалау үшін
серологиялық реакцияларды қолдану
ұсынылады.
• Жапонияда алюминий фосфаты гелі бар
өлтірілген формолвакцина ұсынылды. Вакцинаны
арасына 4 апта салып екі рет егіледі, қалыптасқан
иммунитет сиырды уытты вирустан қорғай алады.

Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық науқастарды заманауи тексеру әдістері
Биіктік ауруы
Кілегейлі қабықтар мен мүшелердің құрамындағы эпителий тіндерінің мамандануы
Ауру формалары
Нан аурулары
Гүлді өсімдік аурулары
Аддисон ауруы
Ішек инфекция аурулары
Протозоидтық аурулардың эпизоотологиясы, патогенезі және иммунитеті
Гликогеннің алмасуы
Пәндер