Күл тегін жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында
Презентация қосу
«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
университеті»
«Мәңгілік Ел» және «Рухани
жаңғыру» жаңа Қазақстан
философиясы
Жоспар:
1. Кеңістік-уақыттық континуумдағы «Мәңгілік ел» және «Ұлы Дала»
категориялары.
2. «Мәңгілік ел» идеясы.
3. Н. А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық
мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы-21ғасырдағы Қазақстан дамуы
болашағын айқындайтын маңызды құжат. Қазақстанның қоғамдық
санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары
Мәңгілік Ел және Ұлы Дала түсініктері Қазақстанның тұрақты дамуының синонимдері
болып табылады. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тараз қаласында Қазақ
хандығының 550 жылдығына арналған монументті ашу рәсімінде мәлім етті.Біз бүгін
Қазақстан хандығының 550 жылдығын салтанатты түрде атап өтудеміз. Осы арқылы біз
қазақтар мен осы жердің тарихының тамыры өзге халықтардікі секілді тереңде
жатқандығын айтамыз. Сонымен бірге бұл атаулы мерейтойды біздің елімізде тұрып
жатқандардың барлығы атап өтуде, яғни бірыңғай халық, бауырлас болып отырған кез
келген этникадағы біздің азаматтар мерекелеуде және біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз.
Бүгінде Мәңгілік Ел және Ұлы Дала түсініктері біздің тұрақты дамудың, мемлекетіміздің
синонимдері болып табылады, - деді Президент.Елбасы мерекеге байланысты Тараз
қаласын көркейту үшін барлық өңірлер қосылғанын айта келе, 20-ға жуық көше жаңадан
салынғанын, монументтер орнатылып, үйлер мен қоғамдық нысандарға жөндеу
жүргізілгенін атап өтті.Мемлекет басшысы бүгінде Жамбыл облысы қарқын дамып келе
жатқандығын, индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында 33 жаңа нысан іске
қосылып, 35 мың жаңа жұмыс орындары ашылғанын жеткізді. Екінші бесжылдықта 27
жаңа нысан іске қосылып, 6 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ
Ел Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдете түсуге
бағыталған жаңа міндеттерді жүктейді. Мақаланың «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты бөлімінде
ұлтымыздың сан ғасырлық тарихынан жеткен «жеті қырын» анықтап көрсетеді.
Бұлардың барлығы біздің мемлекетіміздің тамыры соңғы отыз жылдың шеңберінде қалмай, одан әріден
бастау алатындығын нақтылай түсу деген пікірдемін.
Ал, мақаланың екінші - «Тарихи сананы жаңғырту» бөлімінде осы Ұлы даланың «қырларын» таныту, оның
ішінде өзіміздің болмысымызды тану және оны басқа елдерге мақтанышпен таныту мақсатындағы нақты
шараларды белгілеп берген. Жалпы алғанда, Елбасы мақаласының мақсаты – елдің бүгінгісі мен ертеңі үшін
ұлттық патриоттық пен отансүйгіштік рухты көтеру деген ой қорытындыладым. Қазіргі қоғамды алға жетелеу
үшін азаматтарымыздың негізге тірегі, берік өзегі болуы – сенімділікті арттырады.
Өзінің елі мен жері үшін асқан сүйіспешілікпен өмір сүретін, еңбек ететін адамдар – қоғамды жетелеуші
күшке айналады. Осылайша, халықтың санасы жаңғыруы мен жаңаруы нәтижесіндегі адам капиталы қазіргі
келеңсіздіктерден: сыбайлас жемқорлық, қылмыс пен ұрлық, алаяқтық пен тасжүректік сияқты толып жатқан
дерттерге қарсы тұрады, азайтады немесе мүлдем болдырмайды деген сенімдемін.
Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары, «Төрінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының
өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдаулары – барлығы Ұлы дала төсіндегі Қазақстанның Мәңгілік
Ел болуы идеологиясын біріктіреді.
Мәңгілік Ел» ата-бабамыздың сан мындаған жылдар бойғы асыл арманы екені
баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып
тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні
түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл
армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда
«қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын
естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға
жетелейтін идеясы бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы», - деп атап өтті Елбасы.
Сонымен қатар, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік Ел» ұғымы ұлтымыздың
ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алынғанын алға
тартты.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасы
Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың негізі
мектепте қалануы тиіс. Орта білім беру жүйесінде «Мәңгілік Ел» идеясы балалар мен
жастарды жоғары руханилық, азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік
қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын, жаңа қазақстандық патриотизм
мен бірігу сезіміне тәрбиелеуге бағытталған.
Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру аясында қоғамдық-гуманитарлық циклды пәндердің (қазақ тілі, қазақ
әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, Қазақстан тарихы) оқу бағдарламаларының базалық мазмұнына Мемлекет
басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсанда сөйлеген «Тәуелсіздік толғауы» мәтіні енгізілді. Пәндерді оқыту
окушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және патриоттық сезімдерін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық
идеясын өмірде жүзеге асыруға деген ұмтылысын, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық
өзіндік сана мен төзімділікті дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен
экстремизм идеологиясын саналы түрде қабылдамау, этносаралық және мәдениетаралық байланыс
жағдайында қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.
Әлемдік тәжірибені саралай отырып, оқыту мен тәрбиелеуді заман талабына сай жаңашылдықпен
ұйымдастыру бүгінгі жаһандану заманында басты мәселе болып отырғаны белгілі. Оқушылардың
функдионалдық сауаттылығын арттырудың негізгі бағыттары білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту мен
педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, оқушы өміріндегі отбасының рөлін ескеруді қамтиды.
Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда,
функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырумен де байланысты. Негізгі мақсат -
оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі
өзгертудің негізі болып отыр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту Қазақстанның әлемнің
бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену процесінде ең маңызды болып табылады
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай
Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік
жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған
идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін
Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр
бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс
шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас
ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың
нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін,
халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [2, 63 б.]. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын
тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп
беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының
Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы
полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс
деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды.
Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы
үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел»
идеясын нық бекемдейді.
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 7 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
1. МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 1 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ. Мәңгілік ел –ортақ тағдыр Мәңгілік ел – жалпы қазақ үйінің ұлттық иедясы Мәңгілік
ел – қазақстанадықұтарды біріктіретін және болашығымыздың қалауын құрайтын басты құндылықтары. Мәңгілік Ел, бұл-
Тәуелсіздік және Астана. Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз. Біз Астананы халқымыздың гүлденуі
мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
2. МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 2 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің Отанымыз
бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры
мыңжылдықтарға жалғасады.
3. МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 3 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият. Азаматтық және
рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді. Біз еліміздің
бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
4. МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 4 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім. Біз
мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап,
қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
5. МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 5 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Елдің барлық табыстары мен
жетістіктері – барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық
әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды
құндылықтарымызды нығайтамыз.
6. Мәңгілік ел –ортақ тағдыр Мәңгілік ел – жалпы қазақ үйінің ұлттық иедясы Мәңгілік ел – қазақстанадықұтарды біріктіретін және
болашығымыздың қалауын құрайтын басты құндылықтары. МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 6 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ Мәңгілік Ел, бұл –
Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз. Біз Қазақстан халқының
мәдени әралуандығын арттыра түсеміз. Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге
қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз. Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз.
7.МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 7 БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ Мәңгілік Ел, бұл –
Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және
өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. Ұлттық қауіпсіздікті
нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті
парызы болып саналады. Біз бейбітшілік пен келісім идеясын
ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада
мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз. Біз Мәңгілік
Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз. Біз
Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен
жаңа биіктерде желбірететін боламыз. Бұл – біздің болашақ
ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін
жасаған саналы таңдауымыз!
МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫМЕН ТӘРБИЕЛЕНГЕН
ТҰЛҒА МОДЕЛІ Мәңгі Ел ұғымы қасиетті, киелі,
Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені. Тебіреніп бұл
сөзге бабалардың аруағы, Тереңдегі тарихтың
ағытылар тиегі Аласұрған теңіздей төңкерілген
жалғанда, Өлмейтұғын өмірді ағсамайтын ел бар
ма? Арпалысып бағыпты Күлтегіндей батырлар,
Төныкөктей данышпан, Елтерістей хандар да. Асыл
арман жолында қаншама жұрт қан кешкен,
Аждаһамен алысып, алпауытпен белдескен. Өсиетін
ойдырып қара тасқа ақыры, Қара жердің бетінен
зым-зия боп мәңгі өшкен. Өкінішін оқысаң таста
қалған солардың, Сай-сүйегін сырқырап, көкірекке
толар мұң. Тұздай құртып тұқымын талайларды
тоздырған, Тәлкегінен тағдырдың келді сабақ алар
күн. Мәңгілік Ел дегенді оңай айту да, Біле-білсең,
ағайын, бағыт анық, ой тура. Тылсымменен
тілдеспей , отқа түсіп, су ішпей, Абыройға бөленген
қай заманда,, қай тұлға?
Сонымен, бағзы заманалардан бастау
алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи
сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз
мемлекетіміздің рухани тұрғыдан
тұрақты даму ресурсына айналып отыр.
Оны Елбасы кеше ғана жария еткен
2015 жылға арналған Жолдауында
айқын көрсетіп берді: «Біз
Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді
басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің
даму даңғылын Нұрлы Жолға
айналдырдық. Mәңгілік Ел – елдің
біріктіруші күші, ешқашан таусылмас
қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050»
стратегиясының ғана емес, XXI
ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің
мызғымас идеялық тұғыры, болашақтың
бағдары»
Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт
бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге
ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол
замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін
қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың
мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі
философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ
ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік
мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында
тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй
атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім
атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде
көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық
болғысы келмеген деген түсінікті, халқына
жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге
болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы,
ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық
көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі
мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып,
болашақта мәңгі ел болуын қалаған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп,
жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере
отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа
деген өзінің парасатты пікірлері мен
көзқарасын білдірді. «Екі дәуір түйіскен өліара
шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және
жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете
түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп
отыр... Мен барша қазақстандықтар, әсіресе,
жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау
ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп
сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі
ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты
қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады.
Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар
табысты ел болып, жарқын болашаққа деген
сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз
бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz