Еуропадағы ағартушылық дәуір эстетикасы



ХҮІІІ ғасырдағы Еуропадағы ағартушылық дәуір эстетикасы
Орындаған: Н. Сатылғанова

Ағартушылықтың бастауы
XVIII ғасыр тарихында, әсiресе Еуропа үшiн өзгерiске толы болды. Бұл кезеңдi Ағартушылық дәуiрi деп атайды. Жаңа заманда адамдар өздерi өмiр сүрген әлемдi ретке келтiруге ұмтылды. Дiнге, құдайға сенушiлiк әлi де болса санада жеткiлiктi түрде күштi болғанымен, ол сенiм екiншi кезекке ығыстырылып, ал ақыл-парасатқа деген сенiм мен адамдардың данышпандық қуаты көптеген бiлiмдi адамдар үшiн жаңа дiн секiлдi болды. Олар қоршаған әлемдi - табиғат әлемi мен адамзат қоғамын ақыл-парасат, ғылым және тәжiрибе арқылы тануға ұмтылды. Ғылым-бiлiм жарық сәулесi тәрiздi бiлiм- сiздiк түнегiн сейiлтедi деп есептедi. Зиялы қауым қоғамдағы өмiр сүрiп отырған тәртiптерге сын көзбен қарай бастады. Бұл ұғымдар ағартушылық деп, ал бiлiмдi адамдар арасында үстемдiк құрған сол идеялар дәуiрi

- Ағартушылық ғасыры деп аталды. Ол XVII ғасырдың екiншi жартысынан XVIII ғасырдың соңына дейiн созылды. Сол кездiң алдыңғы қатарлы адамдары өздерiнiң қабiлетiн ғылымда, бiлiмде, саясатта, қоғамдық iс-әрекеттерде, өнерде көрсетуге тырысты. Идеялары мен iс-әрекетi замандастары мен ұрпақтарының өмiрiне үлкен ықпал көрсеткен адамдарды ағартушылар деп атады. Ағарту ғасырының бiлiмдi адамы - бұл кiтаби мәдениет адамы. Оның өмiрiндегi бiлiм салт-дәстүрлерге қарағанда анағұрлым үлкен рөл атқарады. Ол уақыттың аса көрнектi өкiлдерi өздерiн ғылым, бiлiм беру, қоғамдық қызмет, өнер салаларында жарқын көрсеттi. Олар қоғамда өтiп жатқан оқиғалардың мәнiн ашуға және талдауға, табиғаттағы барлық үдерiстер мен құбылыстарды сана, ғылым мен iс-тәжiрибелiк тұрғыдан зерделеуге ұмтылды. Олардың теориялық және iс-тәжiрибелiк еңбектерi ағартушылық еңбектер деп, ал олар өмiр сүрген уа- қыт - Ағартушылық дәуiрi деп атала бастады. Бұл ғасыр Еуропа елдерiнде жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастардың одан әрi дамуына қуатты серпiн бердi.

Ағартушылық дәуірі
Ағарту дәуірі - 18-19 ғасырларда дамыған идеялық ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында
Вольтер,
Руссо,
Монтескье,
Гердер,
Лессиң,
Шиллер,
Гете,
Десницкий, Козельский,

Олар өз уағыздарын, қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, әсіресе, билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни догматтарға, схоластикалық ой-ағымдарына қарсы болды. Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды. Ағартушылық 18 ғасырдағы әлеуметтік көзқарастардың қалыптасуына едәуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама өзіндік сипатта өркен жайды.


ХҮІІІ ғасырдағы Еуропадағы ағартушылық дәуір эстетикасы өкілдерінің өнер және әдебиет жайлы толғамдары
ХVІІІ ғасырда, уақыт революцияға жақындаған сайын, француз ағартушыларының халыққа айтқан сөздері ынталана түсіп, соның арқасында театрдың рөлі де арта түсті. ХVІІІ ғасырда Францияның бірінші ұлы ағартушысы Франсуа Мари Вольтер (1694-1778) болды. Ағартушылыққа жауыздық пен діншілдікке қарсы бағыт әкелген Вольтер трагедиялары борыш пен сезім бірлігінің гуманистік идеясын уағыздады. Оның кейіпкерлері эмоционалды, қызуқанды және сахналық әрекеті де байырақ әрі динамикалық жағынан күштірек болды. Бұл ағартушылық эстетикасының бағыты классицизмнің ережелерін ұстанбауынан айқындалды. Вольтердің барлық жазған пьесаларынан өзіне үлкен табыс әкелгені "Заира" және "Мұхаммед" трагедиялары болды.



ХVІІІ ғасыр ортасынан француз және еуропалық ағартушылықтың ірі өкілі Дени Дидро (1713-1784) болды. Дидро пьесалары театр репертуарына толық енбегенімен драматургиядағы жаңа бағыт - тоғышарлық драманың пайда болуына әкелді. Дегенмен де Дидроның театрға байланысты ең үлкен жұмысы 1773 жылы жазылған "Актер туралы порадокс" трактаты болды. Бұнда Дидро әр түрлі өмірлік типтерді сахнаға шығару үшін актерлік ойынның қандай болу керектігіне тоқталған. Бұл актерлік өнер туралы, ең толық әрі тұжырымдалған ағартушы реализмнің принциптері болды.

ХVІІІ ғасырда Францияның ең басты театры "Комеди Франсез" болды. Актерлік өнер Анри Лyи Лекен (1729-1778), Ипполита Клерон (1723-1803) мен Мари Дюмениль (1713-1802) шығармашылығы арқылы дамыды. Актерлік өнерде жоғары азаматтық әдеп толыққанды мінездер жасау және тарихи шындыққа ден қою мақсатына ұласты. Театрдың прогресшіл қайраткері, әсіресе Франсуа Жозеф Тальма (1763-1826) Ұлы Француз революциясы кезінде классицизмге жаңа революциялық-қаһармандық үн қосты.



ХVІІІ ғасырда ағылшын театры ағартушы классицизм драматургиясына өз үлесін қосты. Ерлікті, ізгі жандарды және буржуйлар, тоғышарлар тұрмысын жалаң сезіммен, патетикалық рухта бейнелейтін тоғышарлық драма мен көз жасы аралас комедия секілді жанрлар пайда болды. Жай, қарапайым адам трагедиясы сахнаны жаулап алды. Сонымен қатар ағылшын театрында пантомима, балладалық опера және репетиция деп аталған кіші жанрлар етек жаяды. Ағартушы дәуірінің ірі драматургтері Генри Филдинг (1707-1754) пен Ричард Шеридан (1751-1816) қаламынан туған драмалық шығармаларда феодалдыққа қарсы идеология мен реалистік ағымдар белең алды. Сол кездегі Лондонда екі басты театр болды: 1682 жылы қалыптасқан Друри-Лейн және одан елу жылдан кейін қалыптасқан Ковент Гарден. Ағартушылық дәуірінің сахналық өнеріне Д. Гарриктің шығармашылығы үлкен әсерін тигізді. 1747 жылы ол Друри-Лейн театрын сатып алып, оның басында отыз жылдай тұрды.
Друри-Лейн


ХVІІІ ғасырдағы ағылшын ағартушыларының театр эстетикасына сүйене отырып, классицизмнің шарттылықтарына қарсы күрес жүргізді.
1744 жылы ол шағын "Актерлік өнер туралы тәжірибе" еңбегін басып шығарады. Бұдан оның рөл жасауға қалай келетінін көруге болады. Рөл үстіндегі жұмыс, оқиғаны талдаудан басталатын. Актер әр жағдайда кейіпкерінің не сезгенін білуі керек еді. Одан кейін актер сезімді бет-әлпетімен, қимыл-қозғалысымен шығаруы керек. Жұмысқа мимика, пластика, дауыс косылатын. Осының бәрі Гаррикті жақсы техникалық актер ретінде танытты. Сонымен бірге ол трагедиялық рөлдерден комедиялық рөлдерге жеңіл ауысатын. Ол Уильям Шекспирдің 25 пьесасында, соның ішінде Гамлет, Королъ Лұп, Макбет, Бенедикт рөлдерін ойнаған. 1763 жылы Гаррик екі жылға Еуропаға кетеді. Қайтып келгеннен кейін ол жаңа рөлдер жасаған жоқ, көбінесе режиссерлік жұмыспен айналысты. Гарриктен ағылшын режиссурасының жаңа тарихы басталады деп айтуға болады.

Ағартушылқ реализмнің дамуы. Қоғам өмірінде өнер, білім, ғылымның кенінең насихатталуы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz