КЛАССИЦИЗМ ӨНЕРІНІҢ ТУЫП ҚАЛЫПТАСУЫ



Батыс еуропа эстетикасы тарихынан (ХҮІІ-ХҮІІІғ) . ХҮІІ ғасырдағы Батыстағы Еуропаның обсалюттік монархиялық ел билеу жүйесі. Классицизм өнерінің туып қалыптасуы
Орындаған: Н. Сатылғанова

БАТЫС ЕУРОПА ЭСТЕТИКАСЫ ТАРИХЫНАН (ХҮІІ-ХҮШ ғғ)
Алғашқы эстетикалық көзқарастар Ежелгі дәуірде, Мысырда, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда, Грецияда алғашқы өркениеттер дәуірінде пайда болды. Эстетикалық ойлардың ортасында эстетикалық сананың шындыққа деген қатынасы туралы мәселе тұрды. Эстетика пәні адам қоғамы мен оның мәдениетін дамыту барысында өзгерді. Қоғамдық-тарихи практиканың дамуымен және адами білімнің жалпы прогресімен бірге эстетика объектісі болып табылатын заттар мен құбылыстар шеңбері кеңейеді, олар туралы ұғымдар да өзгереді. Эстетикалық ой Табиғатта, қоғамда, өмір салтында, адамдардың қарым-қатынасында эстетикалық даму мен қызмет етудің негізгі заңдарын, сондай-ақ эстетикалық сананың нысандарын (сезім, қабылдау, қажеттілік, талғам, бағалау, идеалдар), эстетикалық көріністің жоғары түрі ретінде өнер қоғам өмірінде пайда болуының, дамуының және орын берудің негізгі заңдылықтарын зерделейді деп есептеледі.

ХҮІІ ғасырдағы Батыс Еуропаның бірсыпыра елдерінде (Франция т. б. ) орнаған абсолюттік монархиялық ел билеу жуйесі. Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы. Классицизм эстетикасының көне грек өнері мен қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен байланысы, нормативтік сипаты. Өнер мұратын жоғары қауымның мүддесімен ұштастыруы, шектеулілігі.
Н. Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты - классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы.
ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы өкілдерінің өнер, әдебиет жайлы толғамдары. Ағартушылық реализмнің дамуы. Қоғам өмірінде өнер, білім, ғылымның кеңінен насихатталуы.
Ағатушылық эстетикасының классицизмнің нормативтік, сословиелік шектеуліліктерін т. б. қайшылықты жақтарын батыл сынауы.
Д. Дидроның, И. Гердердің, Лессингтің еңбектеріндегі өнердің бұқаралығы, өмірмен байланысын күшейту, шынайылығы т. б. озық ой-толғамдар.
Лессинггің «Лаокон. . . » еңбегінің маңызы.

Ағартушылық дәуір эстетикасының озық және әлсіз жақтары.
Көркемдік әдістің негізі-дүниетаным. Өйткені көркем шығарма жазушының өмір тарихымен тікелей байланысты. Жазушының творчествоы оның адамдық болмысымен, азаматтық бітімімен өзгеден бөлек өз өмір тәжірибесімен, білімімен, мәдениетімен, дүниетанымымен біте қайнасып жатады. Әрбір жазушның бүкіл шығармашылығының өн бойынан идеялық-көркемдік негіздің (идея-тақырып-мінез-тіл) тек сол жазушыға тән осындай шығармашылық ерекшелік.

Стиль деген терминнің мағынасы әр түрлі: байырғы римдіктер сырлы тақтаға сөз жазатын бір ұшы қалақша, бір ұлы сүйір таяқшаны стиль деген болса, кейін әркімнің қолтаңбасы, жазу өрнегі, сөз мәнері, сөйлеу машығы, ақыр аяғында әр суреткерге тән өнер ерекшелігі стиль атанған. «Тмінез қандай болса, стиль де сондай» деген Платоннан бастап, «Адамның барлық қасиеті стильде тұрады» деген Стендальға дейін талайлар стиль туралы өз пікірлерін айтқан.
Стиль деген-ұғым ғылым мен өнер атаулының бәріне қатысты және олардың әр саласындағы сипаты әр түрлі. Ғылым мен өнер ғана емес, бұл ұғым өмірде де жиі кездеседі: жұмыс стилі, кеңсе стилі, газет стилі, киім стилі т. б.

Классицистер қаламынан туған көркем шығармалар «өнердің табиғилығы мен еркіндігін талақ етті; шындыққа болған адамдар орнынан ешбір елде, ешбір жерде болмаған дерексіз елестер қаптап кетті» (Белинский) .
Осы тұстағы (ХҮІІІ ғасырдың ортасы) өмірдегі абсалютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм (француз сөз-сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалыптасты. Сентиментализм әуелі Англиядан ағылшын жазушысы Стерннің «Сентиментальдық саяхатынан» басталды да кейін Францияға, Германияға, Россияға ауысты.

Франциядағы абсолютизмнің қалыптасуы
Француз абсолютизмі мен экономикасының даму ерекшеліктері. Францияны біріктіру XI Людовиктің тұсында (1461-1483) аяқталды. XVI ғасырда ірі герцогтік Бретань Францияға қосылғаннан кейін Франция өзінің аумағын қалыптастырып, Батыс Еуропадағы орталықтандырылған аграрлы ірі мемлекетке айналды. Франция - Лангедок, Прованс, Дофинэ, Бургундия, Бретань және Нормандия провинцияларынан тұрды. XVI ғасырдағы саяси-әлеуметтік өзгерістер Францияда абсолюттік монархияны қалыптастырды. Басқа Еуропа елдеріндегі абсолютизммен салыстырғанда француз абсолютизмі күшті дамыған классикалық түрде орнықты. Феодалдық дворяндар елдегі артықшылық жағдайдағы абсолютизмнің арқа сүйер негізгі тірегіне айналды. Француз королін католиктік шіркеу де қолдады. Жаңадан дамып келе жатқан буржуазия тобының өкілдері де абсолютизмді қолдап отырды. Себебі, қаржысы жетерлік буржуазия өкілдерінен мемлекеттік шығын көбейген сайын өкімет қарыз алып отырды.


Француз абсолюттік монархиясының негіздері XI ғасырда Людовиктің мирасқоры VIII Карл (1483-1498), XII Людовик (1498-1515) кезінде қалана бастаған еді. Ал I Францискінің тұсында (1515-1547) ол одан әрі күшейді. I Франциск шіркеуді толық өзіне бағындырды. Болонь келісімі бойынша Рим папасы X Лев француз короліне епископтарды тағайындауға келісім берді және француз шіркеуінің тапқан пайдасының басым көпшілігін иемденуге рұқсат етті.

XVII ғасырдың екінші жартысында Францияда шексіз абсолюттік монархия түпкілікті орнады, ел билігі түгелдей корольдің қолына жинақталды.
Абсолюттік монархияның негізгі белгілері:
корольдің сөзі бүкіл ел үшін заң болды;
король қазынаны өзі басқарды;
соттарды өзі тағайындап отырды;
армияны өзі басқарды;
салық мөлшерін өзі белгіледі;
салық жинаушыларды өзі тағайындап отырды;
елдің барлық халқы корольдің боданы деп саналды;
ағылшын корольдері сияқты француз корольдері де шіркеуді өздеріне бағындырып алды.


Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы.

Классицизм өнердің өзгеше бір типі ретінде XVII ғасырда Францияда пайда болды. Ол өз кезеңінде өнердің басқа түрлеріне де (сәулет, сурет т. б. ) ықпалын тигізді. Классицизм өнері Францияда абсолюттік монархия (елді жеке адамның билеуі, яғни корольдік билік) билеген кезде күшті мемлекеттік идеясын насихаттау мақсатынан туындады. Мемлекет күшті болу үшін оның басшысының шексіз билігі, беделі болуы керек деп саналды. Жаңа өнер билік басындағылардың іс-әрекетін ардақтау, сарай маңьшдағылардың өмірін көрсету, өзгелерғе үлгі ету - мемлекетке қызмет ету деп түсінді.

Бұл бағыттың алғаш негізін қалаушы ақын Ф. Малерб болды, ол одалар жазып корольді, жоғары қауым өкілдерін мадақтады. Ал француз ақыны, сыншы, эстет Н. Буало классицизмнің теоретигі саналады. Ол «Поэтикалық өнер» деген өлеңмен жазған трактатында жаңа өнердің мақсат-міндетін айқындап, жанрларды жіктеп, оларға сипаттама берді.

Н. Буало
Н. Буало бүл өнердің обьектісі - сарай, билеуші жоғары қауым өмірі мен тіршілігі, өнер туындысы осы шындықты бейнелеп, жоғары қауымның талап-тілегінен шығьш отыруы керек деп есептеді. Бүл өнер негізінен көне гректің классикалық өнерін үлгі тұтып, соған еліктегендіктен классицизм деп аталды. Буало әйгілі үш бірлік (орын, уақыт, оқиға) заңцылығын қаламгерлердің қатаң сақтауын талап етті. Ол жанрларды өнердің мақсатына қарай жоғары және төменгі деп екіге бөлді. Жоғарғы жанрларға мемлекет адамьшың, үлгілі азаматтардың өнегелі ісін, ой-сезімдерін танытатын Ода мен трагедияны жатқызса, жеке адамдардың күнделікті өмірін бейнелейтін төменгі жанрларға комедия, сатира, элегияны жатқызды, олардың тіліне дейін (қарапайым) мән берді.

ХҮІІІ ғасыр Батыс Европа өнеріне жалпы сипаттама.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz