Виктор Гюго - француз елінің ірі романтигі, француз романтизмінің негізін салушы


Slide 1

В. Гюгоның “Аластатылғандар”, “Күлетін адам” шығармаларының әлеуметтік сипаты

Дайындаған: Н. Сатылғанова

Қабылдаған:

Slide 2 Slide 3

В. Гюго шығармашылығы

«Твой сын Гюго - один из крупнейших Алмазов венца твоей славы. Трибун и поэт, он гремел над миром подобно урагану, возбуждая к жизни все, что есть прекрасного в душе человека. Он всюду создовал героев и создовал их своими книгами не менее, чем ты сама, за все то время, когда ты, Франция, шла впереди народов со знаменем свободы в руке, с веселой улыбкой на прекрасном лице, с надеждой на победу правды и добра в честных глазах. »

А. М. Горький

XIX ғасыр француз әдебиетiн Виктор Гюгосыз елестету мүмкiн емес. Атақты француз романтигi, француз романтизмының көсемi Гюгоның өнері мен теоретикасы оның көп жақтылығы және әр түрлiлiгімен таң қалдырады: ол ұлы ақын, прозаик, драматург, сонымен қатар әдеби сыншысы және публицист.

Slide 4

В. Гюгоның өмірі мен шығармашылығына шолу.

Виктор Гюго - француз елінің ірі романтигі, француз романтизмінің негізін салушы. Ол романтикалық роман жазуда поэзияға романтикалық театрлардың дамуына көп үлесін тигізді. Виктор Мари Гюго Безансон қаласында 1802 жылдың 26-ақпанында дүниеге келген. Столярлық цех маманының отбасында туған Гюгоның әкесі Наполеонның генерал атағына ие болады. Жазушының анасы Напалеонды жек көрді. Мадрид қаласында Гюгоның әкесі губернаторлық қызметін атқарып жүрген кезінде, ата-анасы ажырасып кетеді. Гюгоның анасы балаларын алып Парижге кетіп қалады. Анасы Гюгоның шығармашылығына көп әсерін тигізді. Ол өзінің алғашқы шығармаларында Бурбановтарды мадақтап, Напалеонды жамандап жазады. Оған классицистік және романтика-лық шығармалар жақын болды. Гюго 14 жасында жазған күнделігінде «Мен Шатабрион болғым келеді, әйтпесе ешкім болғым келеді» деп жазған. Шығармашылығының бірінші ширегі (1820-1850) француз поэзиясы реформасындағы үлесі. Алғашқы өлеңдері 1812-1819 жылдары шықты. Гюго одағы көп көңіл бөледі, онда ол метафора мен теңеуді кең көлемді қолдана білген. Бұл одаларда корольдық Бурбанов династиясының атағын шығарады.

Slide 5

Виктор Гюгоның шығармашылығындағы романтизм

1827 жылда Виктор Гюго XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық төңкерiсi туралы айтылатын, «Кромвель» атты өзінің бірінші тарихи-Романтикалық драмасын жазады. Бұл жерде революцияның көсемi Кромвель күштi адамды сияқты көрсетiледi, бiрақ классицизмнің тұтас қаhармандарына қарағанда ол моралдiқ қайшылықтарды сезінеді: ол ханды құлатып, монарх болуға дайын болады. Драмаға алғы сөз үлкен жария болды, онда Гюго әдебиет дамуы мен адам баласының тарихи дамуын байланыстыруға ұмтылды. Бұл романтикалық қозғалыстың бүтiндiк бағдарламасы болды.

Одан да басқа Гюгоның көп қырлы творчестволық істері қарқындылыққа жетедi. Әсiресе поэзияның бiрiншi бiтiрiлген романтикалық жинағы, Гюгоның үлкен ақындық абыройын құратын «Ориенталия» (1829 ) жинағы түбегейлi құбылыс болды.

Гюгоның көркем өнерiне сирек жанрлық түрлiлiк тән: поэзияда, прозада, драматургияда бiрдей жетiстiкке жетті. Бірақ ең алдымен ол ақын болды.

Slide 6

«Аластатылғандар» («Отверженные» Les Misérables, 1862)

Әлемдік таланттың «Аластатылғандар» («Отверженные» Les Misérables, 1862) -дағы өңдер, өрімдер, өзгеше бояулар, ғажайыптары еріксіз көз тартады. Мұндағы Фантень образы бөлекше сомдалған. Виктор Гюгоның аласапыран оқиғалар мен қасіретті желілерге құрылған ғажайыптарын оқып отырып сонау ХҮІІ ғасырдағы ағылшындардың әлеміне бір барып қайтасың.

Атақты романында Гюго тіршіліктің мәні материалдық өмір емес, имандылық екенін алға тартады. Кезінде орыс әдебиетінің алыбы Лев Толстой француздың таңдаулы романы деп бағалаған бұл шығарма қай заманда да өз құнын жоймақ емес.

Slide 7

аЛАСТАТЫЛҒАНДАР

Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюгоның кең ауқымды эпикалық «Аласталғандар» романы басқа да шығармаларындағы секілді басты кейіпкерлер қақтығысы қайырымдылық пен зұлымдық айқасының романтикалық идеясымен ұласады, әлеуметтік проблемалар этикалық ретпен үндеседі. Жан дүниесінде Құдайды құрмет тұтудан өзге қылаудай міні жоқ епископ Мириэль, әлеуметтік өмірде тек заң мен құқықты бәрінен жоғары қоятын инспектор Жавердің ұстанған қағидаттары мен іс-әрекеттері басты кейіпкер Жан Вальжанның тағдыры арқылы сыналады. Ақырында епископтың мейірімділік заңы Жавердің қатаң құқықтық ұстанымынан басым түседі.

Slide 8

қоғамнан аластатылғандардың тағдыры

Гюгоның 60 жылдары жазылған шығармаларының ішіндегі кесек туындысы -“ Отверженные” роман-эпопеясы. Бұл шығарма сол заманның кең тынысын танытады. Романда оқиғалар тарихи эпизод түрінде ғана көрініс таппай, әрбір образ символдық мәнге ие болады: Жан Вальжан-әділдіктің, епископ Мериэль мейірімділіктің, Жавер - адамдыққа жатпайтын буржуазиялық заңдылықтың, Козетта мен Гаврош - қорланған балалықтың бейнесі.

Гюгоның 60 жылдардағы романдары “ Отверженные”, “Тружники моря”, “Человек, который смеется”, т. б. сюжеттік желісі жеке тұлғаның өзін қоршаған әлеммен күрес әрекетін суреттеуге арналған.

Мысалы: Жан Вальжан буржуазиялық заңдылықтарға, “Тружники морядағы”Жилиат бір өзі теңіз стихиясына, ал “ Человек, который смеется” романындағы Гуинплен ағылшынның ақсүйектеріне қарсы күреседі. Бұл романдарында Гюго байлық пен кедейліктің, ерлік пен сатқындықтың, қайырымдылық пен қаталдықтың қарама-қайшылығын көрсетеді.

Slide 9

Аталған роман-эпопея орыстың ұлы жазушылары Лев Толстой мен Федор Достоевскийге қатты әсер етті. Мысалы, Толстойдың "Соғыс және Бейбітшілік" романы осы туындының орыс мәнеріндегі нұсқасы іспетті. Федор Михайлович те екі күн түрмеде отырған кезінде рахаттана отырып "Аласталғандарды" қайта оқып шыққанын әйелі Аннаға айтқан екен.

Slide 10

"Аласталғандар»

Кейбіреулер романның бас кейіпкері Жан Вальжанның прототипі 1801 жылы ұрланған нан үшін бес жылға айдалған Пьер Морин болған деседі. Өзгелер Франсуа Видок дәл Жан секілді бұрын істі болып, кейін Париж қылмыстық полициясының шефі қызметін адал атқарған ізгі адамға айналғанын айтады.

Slide 11

«Күлегеш» («Человек, который смеётся» L’Homme qui rit, 1869)

«Күлегеш» («Человек, который смеётся» L’Homme qui rit, 1869) романы ішкі қарама-қайшылықтардың тоғысын сыртқы философиялық таныммен суреттеуі тіптен өзгеше. Жай ғана ғұмырдың тәлкегімен жүретін қайманалар өмірі қандай ғажайып суретке айналғанын көресіз. Қарапайым тауар тасымалдаушылардың теңіз мүйісіндегі түрлі әрекеттері өз-өзінің өзгеше айырмашылығымен дараланады.

Slide 12

«Күлегеш»

Шығармадағы компрачикостар ХІІІ-ХҮІІІ ғасырдағы Испания, Англияда балалардың ұрлығымен айналысатын топ. Олар ұрланған сәбилерді ауқаттыларды зеріктірмеу үшін әдейі күлкілі етіп бет-жүзін өзгертіп саудалайтындар болса керек. Компрачикос немесе компрапекеньос («comprachicos») -тер (бала сатып алушы - Р. С. ) осындай аса айуандықпен біріккен қос аяқты кісәпірлер тобыры. Адамзат дәуіріндегі ең қатерлі көрініс ретінде оны жазушы нақтылап көрсетеді. Орта ғасырлық Испания мен Ағылшындар заңнамасында өшкіндеу болса да ізі қалған қасірет еді. Шығармадағы «бақыттылардың бақытсыздарға жасайтын үстемдігінің шегі» осы. Біз «ғажайып ғасыр» деп атайтын ХҮІІІ ғасыр осылай болғанын оқимыз. Виктор Гюго осы ғасырды таза византиялықтар үлгісіндегі ғасыр деп көрсетеді. Алаңғасарлық пен аңқаулықтың соңы жезөкшелікке алмасқан қатыгездік пен аяушылықтың араласқан кезінің керемет сүгіреті осыдан көрінер еді.

Slide 13

«Күлегеш»


Ұқсас жұмыстар
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ
Ағылшын романтизмінің ерекшелігі
ФРАНЦУЗ ТІЛІ
Кәсіпкерлік ұғымы және даму тарихы
Әлеуметтік ілімінің міндеті - әлеуметтік кұбылыстардың болжауға негіз болатын жоғары деңгейде жалпыланған эмпириялық негізделген теориялық қағидаларды жасау
Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Басқару ғылымының даму тарихы
17­-18 ғасырлардағы мәдениет пен ғылым
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМ ТАРИХЫ
Қоғамдағы тәртіп
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz