Ғылыми конференцияларға баяндама дайындау және презентация жасау бойынша нұсқаулық


Slide 1

Ғылыми конференцияларға баяндама дайындау.

Дайындаған: Н. Сатылғанова

Қабылдаған:

Slide 2

Ғылыми конференцияларға баяндама дайындау.

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін жазу және оны әдеби көркемдеу - зерттеу жұмысының негізгі элементі болып табылады.

Зертеу жұмысы нәтижелерін баяндау немесе жазба түрінде орындауда олардың мәтінінің дұрыстығы, оның стилистикасы мен тыныс белгілері ережелерінің дұрыс орындалуына байланысты екеніне шүбә келтіруге болмйды.

Slide 3

Зерттеу жұмыстары мазмұнына сәйкес төмендегілерді болады:

Ғылыми стиль - ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама дерексіз, логикалық, дәлеледеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, ғылыми терминдер.

Публистикалық стиль - газет, журнал, митинг, жиналыстарда пайдланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.

Slide 4

Баяндама

Баяндама - негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т. с. с., жөніндегі хабарлама. Оның баяндалу ұзақтығы 10-20 минут. Көбінесе, аралығы 2 инетервалмен басылған бір беттегі материалды оқып шығуға 2 минут көлемінде уақыт кететіндіктен, оның көлемі 5-10 беттен аспағаны жөн.

Slide 5

Баяндама дайындауға қойылатын талаптар.

Баяндама толық 4 бетке дейін (суретті қоса есептегенде) Word 6. 0, 7. 0 for Windows97-2000 редакторында, А4(210х297) форматты парақта дайындалып берілуі тиіс, қолданылатын шрифт - Times New Roman, Kz Times New Roman. Интервал - 1. парақтың барлық жағынан 25 мм алаң қалдырылуы тиіс. Материал төмендегі ретте орналасады: бірінші қатарда ЖОК көрсетіледі, 1 қатар тастап - баяндаманың тақырыбы (бас әріптермен), 1 келесі қатарда мекеменің және қаланың аталуы, бір қатардан соң резюме (тақырыпсыз курсивпен) қазақ (орыс тіліндегі баячндамалар үшін) немесе орыс (қазақ тіліндегі баяндамалар үшін) және ағылшын тілдерінде келтіріледі. Осыдан кейін бір қатар тастап, баяндаманың негізгі тексті басылады.

Slide 6

Әдебиеттер тізімі

Әдебиеттер тізімі негізгі тексттен кейін бір қатар тастап басылады.

Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысы нәтижелері бойынша орындалған жұмыстарға, ғылыми есеп, монография, оқу құралдары жазылады. Олардың бірінші беттерінің (титулдік) жазылуы белгілі формаға сәйкес келуі керек.

Текст жазылуы төмендегі : сол жағы - 30мм кем емес, оң жағы - 10мм кем емес, жоғары жағы - 15мм кем емес, төменгі жағы 20мм кем емес болуы керек.

Slide 7

Ғылыми баяндамалардың әдеби көркемделінуі

Ғылыми баяндамалардың әдеби көркемделінуі төмендегі формалар түрінде орындалады.

Реферат - қандай да бір мәселе төңірегінде әдебиеттерге және басқа да ақпараттарға сыни көзқараста талдау жасалынған дүние.

Баяндама тезисі- баяндама мазмұнында айтылатын мәселелердің қысқа, логикалық нұсқасы.

Slide 8

Кіріспе.

Кіріспе. Кіріспе сөзі үлкен бас әріппен КІРІСПЕ түрінде жеке жолға жазылады. Кіріспеде - ғылыми мәселенің қазіргі жағдайы, жұмыстың мақсаты, оның жаңалығы және көкейкестіліг жазылады.

Тарау. Тарау өте қысқаша құрастырылғаны жөн. Онда тарау мазмұны, параграфтары т. с. с., ашылатындай, жазылған еңбекутің өн бойын қамти алатын болуы керек. Егер тарау аттарының бірі арнайы атауға, екіншісі басқа мағынада болса, бұл немқұрайлылықтың белгісі деген сөз.

Slide 9

Қорытынды

Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша презентация немесе баяндама жазу кезінде оқушылар, студенттер, мұғалімдер кең ауқымды еңбек етеді. Олар жоғарыда айтылған ережелерді қатаң сақтап ескерсе онда жасаған жұмыстары жеміссіз қалмайды.

Slide 10

Презентация дегеніміз не? Презентация жасауға арналған 7 кеңес

Презентация - бір нәрсені (ұйым, жоба, өнім және т. б. ) таныстыруға арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.

Презентацияның мақсаты - тыңдаушыларға презентация нысаны туралы толық ақпаратты ыңғайлы түрде жеткізу. Қазіргі уақытта презентация маркетингте қолданылады. Презентацияда бір мақсатта жұмылдырылған мәтіндер, гипермәтіндік сілтемелер, компьютерлік анимациялар, графика, видео, музыка және дыбыстық жазбалар болуы мүмкін (бірақ барлығы болуы міндетті емес) . Сонымен қатар, презентация ақпаратты оңай қабылдау үшін ұйымдастырылған сюжет, сценарий және құрылымға ие.

Slide 11

Ақпараттық блоктарды дұрыс орналастырыңыз

Еуропалық топтардың тілдерінде ақпартты солдан оңға және жоғарыдан төменге қарай оқыған ыңғайлы. Бұл ерекшелікті біле отырып, адамдардың назарын ең маңызды болып табылатын слайдтың бөлігіне аударуға болады. Бұл 100 пайызға жұмыс жасайтын қарапайым әдіс.

Ол ақпаратты құрылымдайды және визуалды иерархияны (көзбен шолу баспалдағын) пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғарыда келтірілген мысалда дұрыс слайдтың қалай құрастырылғанын көруге болады. Онда алдымен үлкен қаріппен жазылған тақырып, содан кейін шағын түсіндірме мәтін, ал оң жақта - иллюстрациялар тұрады. Сонда көрермен алдымен тақырыпты көреді, содан кейін мәтінге көз жүгіртіп шығады. Тек содан кейін барып оның көзі, суреттер орналасқан жерге солдан оңға қарай қозғалады.

Slide 12

Ешқандай ұзақ сөйлем болмауы керек

Жақсы презентация қарапайым және түсінікті болуы керек. Оның міндеті - тақырыпқа тереңдемей, көрерменге негізгі идеяны жеткізу. Көптеген дизайнерлердің мәселесі, олар мүмкіндігінше көп айтқысы келетіндіктен слайдты ақпараттармен толтырып тастайды.

Бірақ, аудитория презентацияны оқымауы керек - керісінше, тыңдауы тиіс. Ал суреттер мен тақырып ақпараттың қабылдануы мен меңгерілуін жақсартады. Сондықтан презентацияларда тым ұзақ сөйлемдерді қолданбаңыз. Тек идеяларыңызды қорытындылап, оларды тізіп жазып, слайдта көрсетсеңіз болды. Сондай-ақ, бір слайдта тым көп тармақ болмауы керек. Тіпті, бір слайдта 10 тармақ болса, оның өзі көп. Бұл жағдайда ақпаратты екі слайдқа орналастырған жөн.

Slide 13

Аз болса, жақсы деген сөз

Жоғарыда айтылғандай, PowerPoint-тегі нашар презентацияның басты белгісі - слайдта ақпараттың шектен тыс көп болуы. Бұл жағдайда аудитория не туралы айтылып жатқанын түсіну үшін көп күш жұмсауға мәжбүр болады. Слайдты толықтай ақпаратпен толықтырып тастаған дизайнер өз клиентінің жұмысын қиындатып, кедергі жасайды. Олар ділмардың жұмысын жеңілдетуге тырысамын деп, тапсырманы жеңілдетудің орнына, керісінше, бәрін қиындатады.


Ұқсас жұмыстар
Дипломдық жұмысты дайындау, рәсімдеу және қорғау бойынша әдістемелік нұсқаулық
MS PowerPoint бағдарламасында презентация құру: практикалық нұсқаулық
PowerPoint бағдарламасы: презентация жасау және слайдтарды жобалау негіздері
Баяндама әзірлеу кезеңіндегі ғылыми этика нормалары мен олардың бұзылуы
PowerPoint терезе элементтері және үлгі негізінде презентация жасау әдістері
PowerPoint бағдарламасында презентация құрастыру бойынша сабақ жоспары
Кәсіпорын экономикасы пәні: өндірісті техникалық және ғылыми-технологиялық дайындау бойынша оқу практикасының есебі
Гофр қағаздан раушан гүлін жасау: құралдар мен қадамдық нұсқаулық
Блум таксономиясына негізделген емтихан сұрақтарын дайындау және өткізу жөніндегі нұсқаулық
Ауру тарихын толтыру және науқасты курациялау бойынша клиникалық нұсқаулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz