ДРАМАТУРГИЯ ЖАНРЫ, ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ




Презентация қосу
ДРАМАТУРГИЯ ЖАНРЫ,
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Дайындаған: Н.Сатылғанова
Қабылдаған:
ДРАМАТУРГИЯ ЖАНРЫ,
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Драматургияға екінің бірі қалам тарта бермейді.
Әдебиеттегі қаламның кемелділігін қалайтын жанрдың
бүгінгі көрінісі қандай? Театр репертуарының
жұтаңдығын инсценировка арқылы шешуге бола ма?
Бұл туралы театртанушылар қандай пікірде?
Драматургияны «қазақ әдебиеті үшін жас жанр» деген
ойлар да бар. Дегенмен ұлттық драматургияның
бастауы мен дамуы өткен ғасырдан басталатынын
айтсақ, одан бергі уақытты есептеп берудің қажеті де
шамалы. Бірақ бүгінгі таңда драматугияда буын алмасу
үрдісі болып жатқанын жоққа шығаруға болмайды.
Сондықтан бүгінгі бұл тақырыпта аға буынмен қатар
жастарды да сөйлетуге тырысайық.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫ
Драматургия – көркем әдебиеттің өте күрделі
жанрларының бірі. Қазақ әдебиетінде ол біршама
кештеу қолға алынған жанр болғанына қарамастан,
әдебиет тарихынан оның қаншама жарқын үлгілері ойып
тұрып өз орнын алды. Тәуелсіздік алған кезеңде де бұл
жанр тоқырап қалмай, керісінше жаңа бір леппен қайта
қарқын алғандай. Бұған себеп көптеген ақын-
жазушылар өз күштерін осы драматургия саласында
сынап бақты. Солардың ішінде қазақ драматургиясының
дамуына зор үлес қосқан Әбіш Кекілбаев, Қалихан
Ысқақов, Дулат Исабеков, Сұлтанәлі Балғабаев, Төлен
Әбдіков, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Баққожа Мұқай,
Тынымбай Нұрмағамбетов, Серік Асылбекұлы, Ысрайыл
Сапарбаев, Иран Ғайып, Шахимардан Құсайынов,
Рақымжан Отарбаев, Жолтай Әлмашов, Роза Мұқанова,
Думан Рамазан секілді шығармашылық тұлғалар бар.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ДРАМАТУРГИЯ
МЕН ТЕАТР
Күрделі уақытта өмір сүрген қазақ елінің өмірінен ерекше
орын алатын көркемдік игілік, эстетикалық байлықтардың бірі
драматургия мен театр. Бұл күнде драматургия саласында Д.
Исабеков, Қ. Ысқақов, Ә. Тарази, Т. Нұрмағанбетов, С. Балғабаев, И.
Оразбаев, И. Сапарбаев өнімді еңбек етуде. Ал аға буынның ізін
жағастырып жүрген қазіргі қазақ драматургиясының
өкілдері С. Асылбеков, Е. Аманшаев, Р. Мұқанова, Р. Отарбаев, Е.
Жуасбек, Т. Жандәулет және т.б. Дәуірдің көркемдік санасы оның
өзіндік поэтикасынан көрініс табатыны белгілі. Қазіргі әлемдік
әдебиеттану ғылымында поэтика мәселесі айтарлықтай қарқынды
зерттелгенімен, әлі күнге дейін бұл ұғымның нақты анықтамасы жоқ.
Драматургия - көркем әдебиеттің ең ежелгі түрінің бірі. Шығарма

көлемін шектеу, диалог пен монологқа негізделген кейіпкер сөзі мен
сахналық әрекеттің өмір шындығын, образ даралығын ой-сезім
қақтығыстары, драмалық тартыс ауқымында ашу бағытындағы
айрықша мәні, мәтіндік мазмұн, авторлық ұстанымың көркемдік өзегі
туындының сахналық қойылымында ғана ашылатындығы
драматургияның дара сипаттарын, күрделі жанрлық табиғатын
айқындайды.
СӘКЕН ЖҮНІСОВ
«КЕМЕҢГЕРЛЕР МЕН КӨЛЕҢКЕЛЕР»
С.Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен
көлеңкелер» атты драмалық шығармасы –
М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов сынды
қазақ әдебиетінің алыптарын кейіпкер етіп
ала отырып, қоғамдағы шындықты, тартысты
жағдайларды, кемеңгерлердің азаматтық
ұстанымдары мен дүниетанымдарын, оларды
аңдып баққан көлеңкелердің іс-әрекеттерін
қым-қиғаш тартыс үстінде шеберлікпен
танытқан көркем туынды.
Ш.МҰРТАЗАЕВТЫН "СТАЛИНГЕ ХАТ",
"БЕСЕУДІҢ ХАТЫ"
Жиырмасыншы ғасырда халқымыздың басынан небір нәубет өтті.
Соның бірі ¬– ашаршылық. Ұжымдастыру науқаны халқымызды
негізгі кәсібі мал шаруашылығынан ажыратып, малынан айырған
еді. Малынан айрылған ел жаппай аштыққа ұрынды. Қолдан
ұйымдастырылып, халқымызды қынадай қырған сол зымиян
саясатқа ашық қарсылық танытып, сын сәтте батылдық танытқан
қазақ зиялылары да болды. Сталинге арналғанымен,
Голощекиннің қолына түскен “Бесеудің хатын” Ғабит Мүсірепов,
Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев,
Қадыр Қуанышев сынды ел азаматтары бірігіп жазған еді.
Наразылық хаты сұрапыл кезеңнің шындығын көрсеткен құжат
ретінде тарихта қалды. Бодандыққа көнгісі келмейтін өр рухтың
бұлқынысынан Кремль де сескенді. “Бесеудің хаты”: “... Мал
басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын
қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық
жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?..»
деген батыл сауалмен басталып, дәлелді дәйектермен
жалғасады.
Осы хаттың негізінде белгілі қаламгер Шерхан Мұртаза
«Бесеудің хаты» тарихи драмасын жазды. Пьесада хат
Голощекиннің қолына түскеннен кейінгі бюро жиналысы
бейнеленеді. Шығарма Ғабиттің ұлттың мүддесін қасқайып
тұрып қорғап, шындық үшін басын өлімге тіккен ерлігін
көрсетеді. Ел ішінде болып жатқан сұмдық оқиға Ғабиттің
әңгімесімен беріліп, оқырманның жүрегін шымырлатады.
Жазушы бюро отырысы соңында Голощекиннің көзіне тура
қарап: “Сендер қисапсыз қылмыстарыңнан мәңгі бақи
құтыла алмайсыңдар. Ал, атыңдар!” деп қасқаяды. Жазушы
сөзі қазақтың жоқшысы болар азаматтардың бар екенін, әлі
де туылатынын сездірген еді.

Пьеса эпилогы Тұрар Рысқұлов пен Ғабит Мүсіреповтің ана
дүниедегі пайымдарымен аяқталады. Екі тұлғаның елесі
тамұқты кезіп жүріп, халықты азаптаған залымдардың
өздері азапқа түсіп жатқанын көреді.

«Бесеудің хаты» - жас ұрпаққа азаттықтың қандай
қасіретпен келгенін ұғындырар сүбелі туынды.
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ «ТОР»
ДРАМАСЫ
Ал жазушы әрі драматург
Дулат Исабеков «Тор» драмасында тек
ұлттық тарихты ғана емес, тіпті адамзат
тарихындағы келелі мәселелерге үңіліп,
кеңестік режимнің шығармашылық
адамына қойған талаптарының
қисынсыздығын М.Булгаков образы
арқылы сомдады.
XXI ғасырда Дулат Исабековтің қаламы «сахналық»
жанрда жүрдектік танытып, айрықша стильдік
өрнектерімен, парасатты пайымымен, сом
тұлғаларымен алаш жұртының мерейін өсіріп,
мәртебесін асқақтатты. Шын мәнінде, ол оқырманның
емес, ендігіде көрерменнің көзқуанышына бөленді,
ежелден өзіне үйреншікті сала болғанымен, кез
келген дарынды жазушының өзі бағындыра алмайтын
құпиясы мол күрделі драматургия саласында дүркін-
дүркін олжа салды. «Күрделі жанрдың жауынгері»
атанған сөз зергерінің барлық драмаларының театр
сахнасында қойылған, тағдыр-талайы баянды
туындылар екендігін айта кеткен жөн. Ал қайсыбір
топ жарып шыққан үздіктерінің шетел театрларында
сахналануы жеке қаламгердің ғана емес, ұлттық
драматургияның кезеңдік табысы ретінде тарихта
таңбаланатыны күмәнсіз.
Ә.ТАРАЗИ
«АҚЫН, ПЕРІШТЕ. МАХАББАТ»

Ақын...періште...махаббат... Әкім Тарази ұсынған
бұл лирикалық драма - ақын жанын тереңінен
ұғындырып, қиял көкжиегіне еріксіз ертіп әкететін
теңдессіз туынды
Ә.Таразидің «Ақын, періште, махаббат» драмасы мен

Р.Мұқанованың «Мұқағали» драмасы. Дегенмен
тәуелсіздік кезеңіндегі драматургияның тақырыптық аясы
тек тарихи тақырыппен шектелмейді. Драматургтер өз
кезеңінің ащы шындығын түрлі мәселелер арқылы көтеріп
өз шығармаларына арқау етті. ... Махаббат» пьесасы да
Мұқалиға арналған басқа пьесадағылардай негізгі
сюжеттік желісі ақын өлеңдерімен ұштасып отырады.
Бірақ автор бұл әдісті ақынның ерекше болмысын, мінезін
таныту үшін ғана емес, оның өлеңдеріндегі тәуелсіздік
рухын, азаттықты аңсаған астарлы идеяларын көрсеткісі
келген сияқты.
Ш.ҚҰСАЙНОВ "ТОМИРИС"
ДРАМАСЫ
Қазақтың батыр қыздары дегенде, әрққайсымыздың көз
алдымызға бірден Әлия мен Мәншүк келетіні белгілі. Негізінде,
қазақ қыздарының батырлық жолы Томирис – Тұмар анамыздан
бастау алатыны белгілі. Тәуелсіздік алған Қазақстанның
драматургиясында тарихи бейнелер мол-мол сурттеле бастаса,
соның бір шырайын шығарған туынды – Шахмардан
Құсайыновтың "Томирис" драмасы. Бұл пьеса – Томирис
анамыздың өмір сүрген б.э.д 503 жылдардағы ата- бабамыздың
атамекенді қалай сүйгенін, қалай қорғағанын, қалай сақтағанын
суреттеген биік парасатқа жетелейтін көркем туынды. Томирис
туралы Геродот жазбаларынан жеткен мәлімет парсының
елдерді бағындыруға бет алған Кир патшаның қан аңсаған
басын қанға бөктіріп, «іздеп келгенің қан болса, қанып іш!» деп,
дүниені сақ қызының әлемді дүр сілкіндірген қайратты ерлігі
арқылы қайталанбайтын бейнесін танытады. Томиристің
осындай ерлігі қазіргі қазақ қызының әрқайсысының бойынан
табылатыны сөзсіз.
Т.НҰРМАҒАНБЕТОВ "БЕС БОЙДАҚҚА
БІР ТОЙ"
Көрнекті жазушы-драматург Т.Нұрмағамбетовтің
"Бес бойдаққа бір той" комедиясы ұлтымыз үшін
маңызын жоймайтын ұрпақ тағдыры мен оның
болашағы мәселесін күлкі призмасынан
қарастырады. Бес бойдақ – Қырманбай шал және
оның ұлдары. Жер ортасынан ауғанда кемпірі
дүние салған Қырманбай ұлдарының тұрмыс-
тыныс тіршілігіне қарны ашады, сондықтан өз
әулетінің ертеңіне алаңдаулы болса, ұлдары
әкесін үйлендірмекке әлек.Бүгінгі күн мәселесін
ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын,
әзілге толы қойылымда әсем ән мен қазақы
қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра
түседі.
С.БАЛҒАБАЕВ "ҒАШЫҚСЫЗ ҒАСЫР"
Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті
дамуының заңды жалғасы. Драматургия шығармалары қаламгерлердің халық
тағдырын көркем шындық поэтикасы аясында бейнелеуімен ерекшеленеді.
Драматургиядағы шығармалар – көркемөнердің баға жетпес рухани
құндылықтары. Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарына
Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәбит
Мұқанов, Жұмат Шанин секілді таланттарды жатқызуға болады. Өзіндік айтары
бар пьесалар арқылы драматургтер ұлттық классикалық дәстүр жолын
қалыптастырды. Қазіргі таңда қазақ драматургиясында өзіндік ерекшелігімен
танымал болған ірі тұлғалардың бірі – Сұлтанәлі Балғабаев. Оның «Қыз жиырмаға
толғанда», «Ең әдемі келіншек», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес»,
«Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Әйелдер әлемі», «Сағыныш пен
елес» атты пьесалары еліміздің барлық театрлары мен Өзбекстан,
Қарақалпақстан театрларында қойылып жүр. Сұлтанәлі Балғабаев – жазушы-
драматург ғана емес, өз ойын сөз құдіретінің асыл нәрімен сусындата білген
көсемсөзші. Қаламгер қаламынан туған әңгімелері мен пьесалары бүгінгі заман
адамдарының психологиялық болмыс-бітімін, тірліктегі қарекетін, өмірдегі өзіндік
күресін шынайы көрсетумен ерекшеленеді. Оның туа біткен дарыны арқасында
дүниеге келген пьесаларының тақырыптық, жанрлық ауқымы сан қилы. Трагедия,
драма, комедия деп бөліп-жармай, қаламгер қоғам, өмір, орта ұсынған
мәселелерді сахна төріне ыңғайлауда өзінің жеке-дара жазу стилін
қалыптастырған шебер суреткер. Сонымен қатар оның пьесалары арқылы
жұршылық өз заманының құбылыстарын, пендешілікке салынған адамдар
бейнесін және әр пенденің жан дүниесінен кездесетін жақсылы-жаманды
мінездерді көре алады.
Қаламгердің «Ғашықсыз ғасыр» драмасының такырыбы – отбасылық,
ерлі-зайыптылық тұрмыс, идеясы – тіршілік қақтығыстарына төтеп
бере алатын еркек пен әйел арасындағы шынайы махаббат сезімінің
қуаттылығын таныту. Пьесадағы ең басты өзекті мәселе – өмірге
келген, енді келетін жаңа ұрпақ тағдыры. Басты кейіпкерлері – біздің
замандастарымыз. 47 жастағы ғылым докторы, профессор Қайырбай
мен 43 жастағы ғылым кандидаты Фарида жастай бірін-бірі сүйіп
қосылған, төрт перзенттері бар, кенжесі Жұлдыз – мектептегі жоғары
сынып оқушысы. Тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы жақсы отбасы үшін
пьеса сюжетіндегі шиеленісті жағдайы – Қайырбайдың ұлды болу
мұратымен Нәзікеш есімді қызбен көңіл қосып, оның екіқабат болып
үйге өзі іздеп келгені. Қазіргі үйінен амалсыз кетіп, бірақ ұл емес, қыз
туған Нәзікешпен бірге тұрған кезі Қайырбай үшін жайлы болмады.
Оқиғаның шиеленісті, шарықтау кездерінде Фарида мен Қайырбайдың
қайта қауышуын, Қайырбайдың жүрек ықыласына ие бола алмаған
Нәзікештің бөбекті Фаридаға әкелгенін, өзінің басқа жаққа кеткенін,
Жұлдыздың сәби-сіңлісін жұбатып, жылы жүрекпен қабылдағанын
көреміз.
Сұлтанәлі Балғабаевтың өмір шындығының сан салалы мәселелері сөз

болатын тырнақалды туындысының бірі – «Ғашықсыз ғасыр» пьесасы.
Бұл пьесаның негізгі идеясы –мәңгілік махаббат жырын насихаттау
арқылы жас ұрпақ санасына отбасының берік тірегі, алтын қазығы
адалдық пен пәктік, шынайылық пен түсіністік, сезім мен сенім
екендігін ұғындыру.
Р.МҰҚАНОВА "МӘҢГІЛІК БАЛА
БЕЙНЕ"
Әңгіме – қиын жанр. Алдымен оның көлемі шағын. Ол
жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Сюжет
желісі де оқырманды баурап алатындай қызықты, тартымды
болуы тиіс. Сюжетке ене бастаған беттен-ақ оқырманның көз
алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын
аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән
еркешелікпен дараланып, сол арқылы әлеуметтік топ,
қоғамдық орта танылуы шарт. Ал әңгімедегі басты дараланған
кейіпкер – қоғамның өкілі, типтік тұлға болуы керек. Әңгіме –
әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн
қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр.
Әңгіме – шеберлік мектебі. Қысқа мерзімде оқырманға қыруар
эстетикалық ләззат беру тек шебер жазушының ғана қолынан
келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен
өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына
қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп жақсысына
сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру – ірі шеберлік.
Р. Мұқанованың «Мәңгі­лік бала бейне» әңгімесінің
кейіпкері Семей полигонынан зардап шеккен қыз –
Ләйлә. Прототипі – Еңлік атты Семей қаласының
тұрғыны. Адам қолынан жасалып, жанына бітпес
жара салған осынау қасіреттен зардап шегуші
тағы да - адам. Әңгімеде жаны жаралы Ләйлә
көбінде аймен сырласып, бар мұң-зарын, қайғы-
қасіретін соған айтумен болады. «О, жарық Ай,
мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз баламын.
Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Бірақ мынау тіршілік
дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім кек пен
қасіретке толы» - деп қамығады.
И.САПАРБАЙ "СЫҒАН СЕРЕНАДАСЫ"
«Сыған серенадасы» - театр сахнасындағы шоқтығы биік
туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған.
Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды
сазгердің тағдырын бейнелейді.Белгілі ақын, сазгер,
драматург Исраил Сапарбай драма саласына кеш келгенімен,
«Сыған серенадасы» музыкалық драмасын дүниеге әкелген.
Бұл қойылым Қазақтың М.Әуезов атындағы Мемлекеттік
академиялық драма театрының сахнасында көрсетілген соң,
Қазақстанның басқа қалаларындағы өнер ордаларының
репертуарларынан орын тапты. Қара шаңырақта
шығарманың сахналауына Есмұхан Обаев пен Төлеубек
Аралбай ықпал етті.Шәмшінің сезім серпілтер көп
шығармаларының ішіндегі «Сыған серенадасы» әнінің
болмысы бөлек. «Сыған серенадасы» ұлы сазгердің көзі
тірісінде кеңінен тарала қоймаған. Көп ұзамай бұл әнді сахна
төріне әнші Тоқтар Серік алып шығады.
Ә.АҚПАНБЕТҰЛЫ "ДҮНИЕ ДУМАН"
1943 жылы 22 шілдеде Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген.
1959– 1962 жж. кеңшарда, құрылыс басқармасында істеген. 1966 жылы
Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық институттың
филология факультетін бітірген. 1966 – 1973 жж. Сырдария ауданындағы орта
мектептерде мұғалім, аудандық оқу бөлімінде әдіскер, 1973 – 1977 жж. «Мектеп»
баспасында редактор, 1977 – 1981 жж. Қазақ КСР Оқу министрлігінде инспектор,
Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында ғылыми
қызметкер, 1981 – 1990 жж. Қазақ радиосының әдеби-драмалық хабарлар Бас
редакциясында редактор болып жұмыс істеген. 1991 жылдан бері республикалық
балалар басылымы «Балдырған» журналында бөлім редакторы, редакцияның
алқа мүшесі. ҚР білім беру ісінің үздігі.
Алғашқы өлеңдері 1964–1965 жж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан», облыстық

«Ленин жолы» газеттерінде жарияланды. Ә.Ақпанбетұлының «Тұңғыш кітап»
(1977), «Бал дәмі» (1980), «Нұр жауған күн» (1984), «Той үстінде» (1988), «Қатын
қашқан» (1994), «Өтеді күндер» (2006), «Сыңар аққу» (2008), «Үш мақтаншақ»
(2011) атты өлеңдері мен әңгімелері, хикаялары бар. Жазушының «Түнгі көбелек»
аталатын трагикомедиясы 1998 жылдан Қызылорданың Нартай Бекежанов
атындағы музыкалық драма театрында, Шымкенттің Ж.Шанин атындағы драма
театрында қойылып келеді. «Дүние-думан» комедиясы қазақтың мемлекеттік
М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында 2001 жылдан қойылуда.
Д.АМАНТАЙ "СӘЛЕМЕТСІЗБЕ ҚОҢЫР
МҰҢ"
«Көгілдір такси» драмасы
Ащысы мен түщысы қатар өріліп,

жақсылық пен жаманлық алмасып
жататын бұл өмірде адам баласының
басынан нендей жағдайлар өтпейді
дейсіз!?
«Көгілдір такси» драмасы басты кейіпкері

- Мәриям атты келіншектің кермек
тартқан тағдырынан сыр шертетеін
сахналық қойылым.
Тәуелсіздік тұсынан бүгінгі күнге дейінгі қазақ
әдебиетіндегі қай драматургті алсақ та, пьесалардыңкез-
келгеніналсақта, заманғалайық кейіпкерлердің шынайы
бет бейнесін көреміз. Өйткені қазіргі драмалық
пьесалардыңбәрі сахнағалайықталыпжазылады.
Тәуелсіздікалғаннан кейінгі бүгінгі қоғамда жазылған
пьесалардан әрдайым заманның бейнесі сезіліп тұрады. Қазіргі
драматургиядағы көркемдік әлемнің өзіндік ерекшелігі деп те
осы қырын айтуға болады. Еліміз егемендік алған жылдан бері
театр репертуарындағы тарихи қойылымдар, драма, трагедия,
комедия жанры ерекше дамып келеді. Сол жеткен
жетістіктердің арасында жоғарыда талданған Жолтай
Әлмашұлының да алар орны зор. Қорыта келгенде, қазақ сөз
өнеріндегі дәстүрлі негізі әдебиет шығармалары мен фольклор
мұраларында (би-шешендер сайыстары, ақындар айтыстары,
жар-жар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қаланған ұлттық сөз
өнерінің драматургия саласы қазақтың рухани мәдениетінің
әлем өркениетіндегі көрнекті орнын да танытты. Қазіргі қазақ
драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді
шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы
осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді.

Ұқсас жұмыстар
Островский театры
Жанр поэтикасы
Өлең мотивнің ауыз әдебиеті үлгісе ұқсастығы
М.Дулатовтың азаматтық жырлары
Қазақ зиялылары философиясы
Шығарманың тілі
Дулат өлеңдерінің ерекшелігі
Қазақ драматургиясының зерттелу жолдары
Бейнелеу өнерінің терминдері мен түсініктері
Қазақ драматургиясы туралы
Пәндер