Әдеби бағыт және ағым
Презентация қосу
Әдеби бағыт, әдеби
ағым, әдеби мектеп
Жазба әдебиеттің қалыптасуы: бағыт,
ағым және көркемдік әдіс
Қазақтың XX ғасыр басындағы жаңа әдебиеті 1905-1907 жылдардан
басталады. Абай қазақтың жазба әдебиетін қалыптасу жолына салып,
ұлттық сөз өнерінің даму мүмкіндіктерін ашып беріп кетті.Жаңа ғасыр
басында қазақ оқығандарының үлкен шоғыры қалыптаса бастады,
отаршылдық қысым көрсетіп отырған Ресейдің өзінде бостандық, еркіндік
ұрандарын көтерген толқулар пайда болды. Кітап шығару ісі жанданды.
Халықтың көңіл-күйін, елдің тұрмысын көрсететін баспасөз құралдары шыға
бастады. Осылардың баршасы жазба әдебиетінің дамуына ықпал етті.
Әдеби бағыт және ағым
Әдеби бағыт және ағым – көптеген жазушылардың, топтар мен мектептердің шығармашылығына тән
рухани және эстетикалық ұстанымдардың, сондай-ақ, осы ұстанымдардың өзара сәйкестігіне
негізделген бағдарламалық-шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердің
жиынтығы.
Әдеби бағыт, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсініктер. Әдеби
ағымдармен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып, дамуы - әдеби процестің заңдылығы
болып саналады. Әдеби бағыт ағымдар мен мектептерге тән ортақ рухани мазмүндағы көркем
ұстанымдардың негізгі шарттарынқамтиды. Көбіне аталған терминдер синоним ретінде де қолдануы
мүмкін. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады. Еуропалық әдебиет
тарихындағы болған белгілі бағыттар: ренессанстық реализм бағыты, барокко, классицизм,
ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм
постмодернизм. Натурализм, символизм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экспрессионизм,
жхжх
экзистенциализм әдеби ағымдар болып саналады. Аталған бағыттардың ұлттық әдебиеттерде орын
алуы мойындалған тұжырым. Әр бағыттың өзіне тән стилі болады. Әр түрлі ұлттық әдебиеттерде
Әдеби бағыттардың бірдей алмасуы олардың нақты жүйе ретімен қалыптасқанын дәлелдейді.
Әдебиеттің ұлттық арнасы шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. «Бағыт» деген түсінік алғаш рет
Белинский,Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде қалыптасты. Әдеби бағытпен қатар әдеби ағым
түсінігі синоним ретінде қолданылып келеді. 20 ғасыр басындағы әдебиеттануда стиль ұғымы кең
қолданыла басталды, кейінірек «дәуір стилі» деген ұғым орнықты. Кеңес кезіндегі бағыт пен ағым
түсініктері қатар қолданылды.
Бүгінгі әдебиетте әдеби бағыттар мен әдеби ағымдар көптеп
саналады. Классицизм, сентиментализм, авангардизм, символизм,
экзистенц иализм секілді әдеби бағыттардың әрбірні ерекше
зерттеуді қажет етеді. Бұл бағыттар әдебиеттің проза, поэзия,
драма жанрында көптеп кездеседі. Лирикалық жанрлардың да өзара
түрлері бар. Бұл түрлер көрсетпек болған өмір құбылыстарын қалай
суреттеуі, ақыннын көңіл-күйі қалай берілуіне байланысты. Бұл
жанрға тән ақынның дүние танушылығы, көзқарасымен өзінің ішкі
сезімін, күйініш-сүйінішін дайым ұштастыра жырлау десек,
айырмасы, қалай жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш,
асқақтықты білдірсе, кейде мұң, зарды, кейде көңілдің бижай қоңыр
күйін сездіруі мүмкін. Бар адамды бір адамның (ақынның)
«қуанышымен қуантып, қайғысымен қайғыртар, шаттығына бөлеп,
үмітімен таныстырар, құлағымен есіттіріп, тілімен сөйлер…»
(Белинский) лирика дегеніңіз осы ғой!.. Тек ақын талантты болсын
да … ірі болсын, қолынан келсе, ұлы болсын! «Ұлы ақын, — дейді
Белинский, -өзі туралы, өзінің жеке мені туралы айтса, — жалпы
жұрт туралы айтса, — жалпы жұрт туралы, бүкіл адам баласы
туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына
тән күллі қасиеттің бәрі бар».
Міне, осы сипаттарына қарап, лирикалық жанр
әлденеше түрлерге бөлінеді. Олардың ода, элегия,
сатиралық лирика, сонет, мадригал деген түрлеріне
тоқталамыз.
Бір таптық топтың ең керекті санаған адамы не
нәрсесі туралы ақынның өте қуанышты, өте
көтеріңкі тілмен жазған лирикалық өлеңдері ода
деп аталады (мысалы, әскердің жеңуі, сарайда
болған мейрам т.б.). Россияда ода жазушылар
Ломоносов, Державин т.б. болды. Қазақ хандарынын
дәуірлеп тұрған кезінде ханның қасындағы
ақындардан ода шығарушылар көп болды.
Жәңгірдің хан боп тұрған кезінде ханның сарай
ақыны-болған Байтоқ ақынның одаға жататын
бірнеше өлеңдері бар.
Әдеби процесс — әдеби даму.
Әдеби процесс үнемі дамуда болады. Бұл процесте дәлелденген жалаңдық-
сабақтастық басты мәнге ие. Атап айтқанда қоғамда адамзат барлық бүкіл
тарихында құрылған өзгерістер толассыз, тоқтаусыз жүріп жатса, көркем сөз
жүйесінде дүниені көркемдік тұрғыда тану бағытында даму бір сәтке
тоқтамайды, үнемі қозғалыста болады. Бұған әдеби үдеріс дамуы куә. Бір
кездері әдебиетте классицизм басымдық бағытқа ие болса, ендігі бір дәуірде
романтизм әдебиет сахнасына көтерілді. Оған іле-шала реалистік тәсіл
көркемдік әдіс ретінде көпке мәлім.
Әдеби мектеп отандық және әлемдік әдебиетте өз орнын тапқан. Атап
айтқанда, бүгінде қазақ әдеббиетінде Абайдың ақындық мектебі деген ұғым
қалыптасқан. Орыс әдебиетінде натуралдық мектеп деген ұғым бар. Әр
түрлі маңызды тақырыптарға жазылған қуанышты өлеңдер олардан кейін де
болған және күні бүгінге шейін бар.
XIX ғасырдың бас кезінде орыстың дворян әдебиетіндегі оданы шетке қаға
бастады. Элегия деп өзінің жай өмірімен байланысты, басында болған күйініш-
сүйініштерді (сүйіспендік, табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады.
Элегияда көңілдің қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды. Сондықтан элегия қайғылы
өлең деген түсінік туды.
Қазақ әдебиеті тарихын алсақ, элегияның күшейген кезін XIX ғасыр деп айтуға болады.
Мысалы, Шәңгерей ақынның көп өлеңдері де элегияға жатады. Сатиралық лирика
(грекше — satura — қосылды.).
ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының ішінде сатиралық лириканы көп жазған адам Абай
болды. Ол елдегі болыс, билерді шенеп-мінеп, сынға алып, мысқылдап жазған
«Дүтбайға», «Болыс болдым мінекей» деген өлеңдері сатиралық лирикаға жатады.
Қазақ және әлемді әдебиеттегі әдеби мектептер бүгінде
әдеби дәстүрді емін –еркін меңгерген. Әдебиеттің түрлі
жанрында осы мектептердің әдеби дәстүлерін айқын табуға
болады. Бүгінгі әдеби үдеріс отандық және әлемдік
әдебиетттегі әлемдік мектептердің дәстүрлерін
шығармашылықпен игеруде. Ән өлені деп әнге салып айтуға
арналып шығарылған өленді айтады. Ән өлеңі ауыздан-
ауызға көіпіп жүреді. Әнмен айтылатын елеңдер лириканың
қай түріне болса да, көпшішкке жакын түрады. Ән
жүртшылыкка тезірек тарайды.
Лирикалық шығармалар кейде тақырыбы, мазмұнына қарай да бөлінеді: саяси-
азаматтық лирика (тақырыбы да, мазмұны да әлеуметтік мәні зор ірі мәселелелерді сөз
етеді); сүйіспендік, махаббат лирикасы (негізгі әңгіме сүйіспендік, махаббат туралы,
кейде қуанышты, кейде қайғылы болуы мүмкін); табиғат лирикасы, философиялық
лирика (ақын лирикалық өлеңдерін философиялық терен мазмұнға құрады.)
Лириканың антик әдебиетінде көп тараған түрлерінің бірі — идиллия (грекше eidyllion
— суреттеу, сурет) — әлдебір парықсыздау салтанат, қарекетсіз қызық, уайым-
қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр
Натуралдық мектеп
Натуралдық мектеп - 19 ғасырдың 40-50 жылдарында әдебиетте пайда
болған орыс сыншыл реализмінің бағыты. Бұл мектептің көркемдік
принциптерін негіздеуші Н.Гоголь болып табылады.
Натуралдық мектеп принциптерін ұстанушы жазушылар өмірді боямасыз, қаз-
қалпында бейнелеу қажеттігіне ден қойды. Өз кезеңдеріндегі келеңсіз
құбылыстарды, азған-тозған қоғамдық құрылысты аяусыз әшкерелеуге
тырысты. Натуралдық
мектепке И.Гончаров, Н.Некрасов, И.Тургенев, Ф.Достоевский, А.Герценнің ал
ғашқы шығармалары жатады. Орыс әдебиетшісі В.Белинский осы мектептің
ең басты идеологы, теориялық принциптерін жасаушы ретінде көрінеді.
Кейін В.Майков, А.Плещеев т.б. жалғастырды. Натуралдық мектептің өкілдері
"Отечественные записки", кейін "Современник" журналдарының төңірегіне
топтасты.
Абайдың ақындық мектебі
М. Ауезов:«Абай өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді де тапты және бар тапқаны
мен тудырғанын ұстаздыққа салды. Ақын болып өсер ақынды тәрбиеледі»- деп
жазғандай, Абай өзі нәр алған рухани бұлақ көздерін игеріп қана қоймай,
өзінің сана сарабында, қайнар жүрегінде қорытып, ұрпаққа үлгі етіп ұсынуда
дарынды шәкірттер даярлап, жаңа, тың әдеби дәстүрлі жол салды. Яғни ұстаз
Абай қазақ әдебиеті тарихында ақындық мектептің іргетасын қалады.
Абайдың ақындық мектебі мәселесін ең алғаш М. Әуезов «Абай ақындығының
айналасы» атты зерттеу еңбегінде саралап жазды. Онда ғылым Абайдың
ақындық мектебі аясында Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері деп
Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Шәкәрімдерді атаса, «Абай ақынның төңкіріс
алдында, не төңкірестен бергі қазақ ақындарына еткен әсері» деген тезисінде
Абай дәстүрін жалғастырушылар ретінде XX ғасыр басындағы ояну дәуіріндегі
әдебиет өкілдеріне сілтеме жасаған.
Абайдың ақындық мектебіндегі Абайдың ұстаздық еңбектеріне, үлгі-өнегелеріне
мыналарды жатқызамыз: әдебиет тарихында жаңа, тың идеялық-көркемдік бағыт
қалыптастыру, рухани бұлақ көздерінен алынған сюжеттер негізінде шәкірттеріне
тарихи, реалистік және романтикалық эпикалық шығармалар жаздыру, мораль
философиясын, толық адам ілімін адам тәрбиелеудің рухани құралы ретінде ұсыну,
сөз өнерін ұлт, адамзат мүддесі жолындағы әділеттің күрес құралы ету.
Абайдың ақындық мектебінен тәлім алған Абай шәкірттері мен Абай дәстүрін
жалғастырушылардың бұл бағыттағы шағармашылық еңбектеріне талдау жүргізу
қажет. Оларға Ақылбай мен Мағауияның Абай тапсырмасы негізінде романтикалық
поэмалар жазуы, Көкбай мен Шәкәрімнің тарихи жырлар тудыруы, Шәкәрімнің
Абайдың «Толық адам» ілімін «Ар ғылымына» ұштастыра дамытуы, Абайдың азаттық
танымдарының Алаш арыстары ұстанымдарының темірқазығы, өзекті идеялық негізі
болғандығы, Қасым Аманжоловтан бастап, қазірге дейінгі қазақ әдебиеті
тарихының ең таңдаулы өкілдерінің шығармашылықтарындағы Абай тағылымының
көріністері, т. б. жатады.
Абайдың ақындық мектебі мәселесінің зерттелу тарихы және Қайым
Мұхамедхановтың, т. б. еңбектері.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz