Әдебиет тегі
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАҚЫРЫБЫ: Әдебиет тектері мен
түрлері.Әдеби жанр теориясы. Әдебиетті
тегке, түрлерге (жанрларға) бөлу -жіктеу.
Орындаған: Н.Сатылғанова
Жоспар
1.Әдебиеттің тектері-эпос,
лирика, драма.
2. Әдеби шығарманың түрлері-
әңгіме, роман, баллада,
поэма, комедия, трагедия,
т.б.
3. Жанрлардың өзара
байланысы және олардың
шартты шекаралары.
ӘДЕБИЕТ ТЕГІ МЕН ТҮРІ, әдебиет яғни сөз өнері эпос,
лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар
әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және
олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау
тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге
бөлінеді. Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей, бояулары
бір-біріне кіріксе де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап
қалады.
Әдебиет
тегі
Эпос Лирика Драма
Эпос -
роман
Эпос
— әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің
баяндау жанрларының басын құрайды.
Эпостық шығармада оқиға өз бетінше
автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер
береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір
ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі.
Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі
әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер
бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл —
эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін
қолданатын тәсілдерінің бірі.
Үш текті әдебиет жанрларының бірі — лирика
Адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі
ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі” (Байтұрсынов). Адамның
сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге
айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен
жарып шықса, міне, бұл — лирика. Лирика — алдымен сезімнің гүлі,
гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі. Мұнда субъектілік басым.
Эпоста автор оқиға көлеңкесінде қалса, лирикада алға шығады, өзі
өлең мазмұнына айналады. Және өз қалпын “бетін өзгертпейді”
(Аристотель). Өлеңнің лирик. кейіпкері көбіне автордың өзіне
тартады. Лирик. кейіпкер — жүрегін от сезімге ораған ой адамының
бейнесі. Лирик. өлеңдегі сұрапыл тебіреніс, толғаныстар, қызу
қанды қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой көзді сезім. Абай:
“Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің”
десе, бұл — лирик ақын бейнесі. Ой мен сезім лирикада
ғашықтардай табысады, сол махаббат ләззатынан көркем сөз атты
перзент туады.
Әдебиеттің үшінші тегі — драма.
Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады. Кейіпкерлер
бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді.
Бәрі әрекет үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес,
айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға қарсы айла, әрекетке қарсы
әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері. Бәрі соған
байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер,
мінезділік — адамның өзегі, алтын арқауы. Атом
бөлшектенгенде орасан зор энергия пайда болатыны
мәлім. Характер ядро іспетті. Драманың ойдағыдай шығуы
сол ядроның қуатын қалай “босата” алғанына, яғни
кейіпкердің мінезін қалай аша білгендігіне байланысты.
Оның тәсілі сан алуан. Характер қақтығыста, тартысқа
көрінбек. Қшінде бүккен сырлары, әлеум.-саяси көзқарасы,
өзге де адамгершілік, құлықтылық, ар-инабаттылық
қасиеттері жан алып, жан берген күрес, шайқастарда
ашыла түспек.
Әдебиет тектері мен түрлерінің жіктелуінде
- белгілі шарттылық бар. Эпос, лирика, драма іштей
бір-бірімен байланысты. Бір әдебиет көзінен тарайтын
бұлақтар. Үш тектің үшеуі де қазақ көркем сөзінің
фольклор, дара ақындар әдебиеті, жазба әдебиеті
тармақтарының бәрінде бір сапада ойға азық, жанға
сусын бола білді. Үшеуі де даму барысында біріне бірі
әсер етіп, бірін бірі демеп, ашып, толықтырып
отырады. Мыс., жаңа эпос-роман жанры психологизм,
драматизм құралдарын барынша пайдаланады.
Жоспары:
І Кіріспе
Әдеби жанр туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім:
a.Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымдарының жанр
мәселесі туралы ой-пікірлері
b.Жанр формалары
c.М.М.Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы
d.Шығарманың жанры мен құрылымы
e.М.С.Каганның жанрлық классификациясы
ІІІ Қорытынды
ӘДЕБИ ЖАНР
Әдебиеттегі жанр мен тек түрлерінің теориясының
негізін тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель
өзінің «Поэтика» еңбегінде әдебиетті «сөзбен өрілген
өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш
түріне тоқталады
ЖАНР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жанр
Олардың құрылысы мүлдем
Жанр - бұл тарихи құбылыс емес,
басқаша болғанымен, нақты жанр
типологиялық құбылысқа жатады
туындысы болады
Роман, комедия, элегиялардың
жанрлық ортақтығы неде?
Оны шығарманың өң бойынан Яғни, шығарма авторының өз
іздеген дұрыс болар деп ойын беру әдісі жанрлық
ойлаймыз тұтастықты құрайды
Бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр
атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен
қатар осы процесс істінде олар әртүрлі
ассоциацияларға ие болып, басқа да
мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда
«новелла» сөзі басында әртүрлі жанрдағы
прозалық шығармаларды, рыцарлық
романдарды, антикалық дәуірдің батырлық
мифтерін, тарихи туындылар мен
мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық
күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал Ресейде
повестерді новелла деп атады. Жазушылар
өздерінің шығармаларына қоғамның
санасында қалыптасатын жанрлық атауын
белгілейді.
Қазіргі
замандағы батыс әдебиеттану
ғылымыдарының
жанр мәселесі туралы ой-пікірлері
Р.Уэллек
О.Уоррен
Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді.
«Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға
мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде
жалпы «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге
сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні,
құрылымы) теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар
тобын атайды
ЖАНР
ФОРМАЛАРЫ
Әдебиеттің түрлері жайлы әдебиеттанцу ғылымында белгілі бір көзқарас қалыптаспаған. Әдебиеттің
түрлерін кейде әдебиет жанрларымен алмастырады. Әрине бұны қателік деуге болмайды. Сонымен
әдебиеттің түрлері мыналар:
Проза,поэзия,драма.
Проза түрі де бірнешеу .Олар,роман,повесть,әңгіме.
Поэзиялық түрлерге мыналар жатады. Дастан,поэма,баллада,өлең.
Драмалық түрге жататын мыналар.Трагедия,комедия,драма.
Поэзиялық шығармалардың түрлері саналуан деуге болады. Ода (грекше — схіе — ән, жыр.) XVIII ғасырда
дворян әдебиетіндегі лирикалық шығарманың бір түрі. Бір таптык топтың ең керекті санаған адамы не
нәрсесі туралы ақынның ете куанышты, өтеи көтеріңкі тілмен жазған лирикалық өлеңдері ода деп аталады.
(мысалы, әскердің жеңуі, сарайда болған мейрам т.б.). Россияда ода жазушылар Ломоносов, Державин т.б.
болды. Қазак хандарының дәуірлеп түрған кезінде ханның қасындағы ақындардан ода шығарушылар көп
болды. Жәңгірдің хан боп түрған кезінде ханның сарай акыны болған Байтоқ ақынның одаға жататын
бірнеше өлеңдері бар.
Әр түрлі маңызды тақырыптарға жазылған қуанышты өлендер олардан кейін де болған және күні бүгінге
шейін бар.
Элегия (грекше е1е§оз — мүң.) ХҮШ ғасырдың аяқ кезі, XIX ғасырдын бас кезінде орыстың дворян
әдебиетіндегі оданы шетке қаға бастады. Элегия деп өзінің жай өмірімен байланысты, басында болған
күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік, табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады. Элегияда көңілдің
қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды. Сондықтан элегия қайғылы өлең деген түсінік туды. Қазақ әдебиеті
тарихын алсақ, элегияның күшейген кезін XIX ғасыр деп айтуға болады. Мысалы, Шәңгерей акынның көп
өлеңдері де элегияға жатады.
Сатиралык лирика (грекше — затирга — қосынды.).
Сатиралык эпос сықылды, сатирамен жазылған лирикалық шығармалар да болады. Сатира дворян
әдебиетінде де болган.
М.М.Бахтиннің жанрлық
тұжырымдамасы
Әдебиетті текке,түрлерге бөлу принциптері қазақ
әдебиеттану ғылымында қалыптасқан деуге толық
негіз бар.Әдебиеттің тегі туралы бүгінгі таңда қазақ
әдебииетінде ғылыми орта мойындаған ұғым бар.
Әдебиеттің тегі жайлы көптеген зерттеу еңбектер
жариялануда. Қазақ әдебиетінде әдеби тек және
әдеби түлері әлемдік әдебиет деңгейінде
қалыптасқан көркем туындылар жеткілікті.
Әдебиеттің тегі жайлы ой пікірлерді халқымыздың
біртуар азамматтарының бірі А. Байтұрсынов өзінің
«Әдебиет танытқыш » атты еңбегінде анық
көрсеткен.
Шығарманың жанры мен
құрылымы
Назарларынызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz