СЮЖЕТТІК ЭЛЕМЕНТТЕР



Компазиция мен сюжеттің бірлігі мен айырмашылығы.
Орындаған: Н. Сатылғанова
Қабылдаған: Мамыт Амангелді Алтыбайұлы

Көркем шығарманың композицияссы мен сюжеті.
Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру) -көркем шығарманың құрылысы.
Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.
Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.
Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.

Сюжеттік элементтер
«Сюжет», «сюжетқұрылысы» - отандық және дүниежүзілік әдебиеттану ғылымында біраз зерттелген ұғымдар. Сюжет - бұл «оқиғаның көркем мәтіндегі», «дәйектілігі суретте бейнеленген оқиғалар» және «оқиғалар тізбегі, бұрылыстар мен кедергілерден өтуге әрекет, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, айқын әрекет жүретін көркем шындық арқылы» өтіп жатқан іс-шараларды білдіреді деген көптеген және әртүрлі анықтамалар берілген.

Сюжетке арқау болған оқиғалардың даму кезендері
Оқиғалардың арасындағы байланыс характерге тәуелділігне қатысты екі негізгі типпен ерекшеленеді: хроникалы және шоғырлы (концентрациялы) . Хроникалы және шоғырлы сюжеттер оқиғадағы кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Сюжет типтерінің критерийі- оқиғалар арасындағы характер байланысы. Хроникалы және шоғырлы сюжеттердің арасындағы негізігі айырмашылығы- бұл әрине уақыт. Хроникалы сюжет уақыттың ағысын жаңғыртады. Шоғырлы сюжетте уақыт ешқандай физикалық мәнді анықтамай, психологиялық уақытпен алмастыралады. Мұнда қақтығыс, шиеленіс маңызды болғандықтан, детектив, триллер, әлеуметтік және психологиялық романдар мен драмалар жатады.
Э. М. Форстер өзінің «Аспекты романа» кітабында сюжеттің екі түріне де мысал келтірген: «Патша қайтыс болды, сосын патшайым өлді»- бұл хроникалы сюжет; «Патша қайтыс болды, сосын патшайым қайғыдан өлді»- бұл шоғырлы сюжет.

Сюжетке арқау болған оқиғалардың даму кезендері
Композицияны үлкен құрылысқа теңесек, оның іргетасы, қабырғасы, есік-терезесі, шатыры болатыны сияқты көркем шығармада оқиғаның басталуы (экспозиция), байланысы (завязка), дамуы (ситуация), шарықтау шегі (кульминация) , шешімі (развязка) болады.
Сюжет өз міндетіне толық жету үшін, біріншіден, іштей тиянақталуы, яғни суреттелген тартыстың даму сипаттары, себеп-салдарлары толық ашылып көрсетілуі қажет. Екіншіден, оқырманды өзіне баурап алып, суреттелген оқиға дамуындағы әрбір эпизодтың, әрбір детальдың мәніне ойлана үңілдіруі қажет.

Сюжетке арқау болған оқиғалардың даму кезендері
Сюжеттің көркемдік тартымдылығына қол жеткізу үшін қаламгерлердің қолданатын құралдары сан қилы. Қаламгерлердің бірі оқырманды бірден баурап әкететін аса өткір жағдайларды таңдайды, екінші бірі оқырмандар зейінін әуелі кейіпкердің тосын әрекеттеріне аударып алып, сол төңіректе, сол әрекеттердің себептері жайында ойландыра отырып, кейіпкер әрекеттерінің негізгі себептерінің мәні туралы ойландырады. Сюжетке тән бұл ерекшеліктер белгілі бір оқиғалар желісі суреттелетін шығармаға қатысты. Мұндай шығармаларға драмалық шығармалардың бәрі және эпикалық шығармалардың басым бөлігі жатады. Өйткені кей жағдайларда эпикалық шығармаларда табиғат көрінісі немесе сыртқы дүние ісерінен туған ой - сезім қозғалысы бейнеленіп, оқиғалар жүйесі болмауы да мүмкін. Ал лирикалық шығармаларда тартысқа толы оқиғалар болмайтыны белгілі. Мұндай туындыларда адамның ішкі жан дүниесіндегі ой - сезім арпалысы, көңіл - күй өзгерісі түрлі сипатта көрсетіледі де, лирикалық туындылардағы сюжетті осы жан әлеміндегі түрлі құбылыстар, толқыныстар айқындайды.

Экспозиция
Сюжет экспозиция, байланыс, әрекет дамуы, шарықтау шегі, шешім сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилог та кездеседі. Бұл бөлшектердің әрқайсысы шығарма құрылымында өзіндік мән иеленеді. Шығармадағы негізгі тартысқа дейінгі кейіпкерлердің қалыптасу деңгейі және олардың мінез - құлық, әрекеттерінің кейбір басты тұстарын суреттеу - экспозиция деп аталатыны белгілі. Экспозиция үнемі шығарманың басында кездесе бермей, кейде шығарманың соңында да кездеседі. Қалай болғанда да, экспозицияның міндеті біреу, ол - кейіпкерлер қалыптасқан ортаментаныстырып, олардың кейінгі әрекеттерінің заңдылығын дәйектеу.

Сюжеттік байланыс
Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.

Ситуациялық жағдай
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.

Шарықтау шегі
Шарықтау шегі (латншы-шың) -сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.

Шешім
Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.
Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.

Компазиция
Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.
Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бқлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.

Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәнді де, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.

Пролог
Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес, сюжеттен тыс нәрселер де кіреді. Солардың бірі пролог (грек сөзі-алғы сөз) -көркем шығармаға кіріспенің бір түрі. Мұнда кейде негзгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалады, кейде бас кейіпкердің өткен өмірінен бірер көрініс беріледі, кейде автордың көңіліндегі аздаған сыр айтылады.

Мысалы
Мысалы: «Шұғаның белгісіндегі» І тарау, бір жағынан прологтың да қызметін атқарып тұр. Екі салт атты бірі-автор да, екінші-әңгімеші Қасымжан. Жол үстінде бірін-бірі ел, жер жайын әңгімелеп келе жатады да, енбі бірде Қасыжанның: «Сол сүрлеумен барып, Шұғаның белгісінен қара жолды қиып аламыз»-деген сөзі автор елең ете қалады.
- «Шұғаның белгісі» дегеніңіз не нәрсе, тау ма?-дедім.
- Жоқ, әншейін бір обашық, -деді. Кейін қалып бара жатқан соң, тағы бірр тебініп қатарласып:
- Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз-ау, -деді.
- Мен қайдан білейін, бұл жаққа бірінші келуім, -дедім.
- Білмессіз…сіздер жассыздар ғой, -деді. Маған қрағанда өзі едәуір көпті көрген үлкен адам болып көтеріліп қойды.
- Сіз білмейтін шығарсыз, жассыз ғой, уақытысында Нұғаның әңгімесін бұл өлкенің баласына шейін біліп болып еді…Өйб шіркін, өзі де Шұға десе Шұға еді-ау!-деді.
Жолдасымның бұл сөзінен мен де Шұғаға ынтықтым. Анығын сұрап білгім келді.
- Шұғаның әңгімесін айтсаңыз қайтеді, жол қысқарсын, -дедім.
- Айтайын, -деді
Қара керді тағы тебініп тағы тебініп қатарласты. Жалпылдатып жайылып келе жатқан етегін жинай тақырымына асып, ерніндегі насыбайын ьстап, бір-екі түкірініп алып, ыңғайланып:
- Бұл қызық әңгіме, тыңдаңыз, -деді.

Пролог, біріншіден, шығармаға әншейін кіріспе ғана емес, шығармадағы көркем шындықты қабылдауға дайындық, оқырманды соған үйіре тартып, баурап алатын суреткерлік тамаша тәсіл; екіншіден, шебер жасалған пролог сюжеттен тыс тұрғанмен, композицияға орнымен орайласатын, жіксіз жымдасатын беташар екенін аңғарамыз.
Пролог әр тұста әр сипатта болған. Мысалы, Көне грек трагедияларында көрермен көңілін сахнаға аудару үшін арнау, жарлау түрінде қолданған. Бұл тәсіл қазіргі пьесаларда бастаушы, диктор, ақын сөзімен беріледі.

Эпилог
Пролог секілді сюжеттен тыс элементтердің бірі-эпилог (грекше-соңғы сөз) -көркем шығарманы қорытудың бір түрі: тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткеннен соң, сюжеттік шешімнен кейін тұрып, басты қаһармандардың одан арғ хал-күйінен қысқаша мәлімет береді де, сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра, кейде тіпті тереңдете түседі.

Мысалы
Бұған да мысалды «Шұғаның белгісінен» келтірелік:
«Шұғаның өлген орнын көру Әбдрахманға мақсұт болды. Жұрттың «өлді» дегеніне нанбаған секілді. Бәріміз келдік.
Есімбектің үйі қым-қуыт екен. Келе жатқан көп адамды көрген соң, келіндері далаға шықты. Көздері қып-қызыл!. . Зәйкүл ымдап шақырады. Қалтасынан алып бір қағаз ұсынды. Хат екенін білдім. Жүрегім елжіреп, жылап жібердім. Әбдірахман да сезіп тұр екен, оңашарақ шығып оқыдық. Әбдрахманның көз жасы сорғалап хатқа тамумен болды. Сондағы Шұғаның өлерде жазған хаты:…Хаты деген артық жазған ғашық жардың,
Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармен
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың!…»

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz