Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі


Slide 1

Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі. 1. Әдеби процесс- әдеми даму. 2. Көркемдік даму заңдылықтары. 3. Адамзат мәдениетіндегі сабақтастық. 4. Әдеби даму және дәстүр жалғастығы

Орындаған : Н. Сатылғанова

Қабылдаған: А. А. Мамыт

Slide 2

Дәстүр мен жаңашылдық

Әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады.

Slide 3

Жаңашылдық

Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шы­ғып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жал­пы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық - диалектикалық бірлестікте бо­лып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс - материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланыс­ты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туа­ды.

Slide 4

Қазақ поэзиясына Абай Құнанбайұлы енгізген жаңашыл үлкен дәстүр болып қалыптасты. Абай қазақ поэзиясын әсіре шешендікпен, әсіре бояудан құтқарып, терең ойлылықты арттырды. Ол ақын орнын, оның қоғамдық, әлеуметтік мәнін танып, көркем сөзді жоғары сатыға көтерді, ауыз әдебиетінің дәстүрінде келе жатқан поэзияны түрлендірін, жаңа арнаға салады. Мысалы, "Көлеңке басын үзартып" өлеңінде; "Адасқан күшік секілді, ұлып жұртқа қайтқан ой" дегенде тынымсыз, мазасыз ойды, жабырқау көңілдің суретін "адасқан күшікке" балайды.

Slide 5

Көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктері негізінде қалыптасқан әр халықтың әдеби дәстүрі - бір кезең, бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, түлеп, байып, дамып отыратын рухани игілік. Қашанда әдеби дәстүр мен әдеби даму - әдеби қозғалыстың өзара ажырамас, тығыз диалектикалық байланыстағы құрамдас қайнарлары.

Жаңашылдық ізденістерінің арнасы ең алдымен жүйелі дәстүрді игеруде жатыр, табанды қаламгер үйрену, үлгі алу, тәжірибе жинақтау кезеңдерінен өтіп алып барып, соныға тартады. Рас, Мұхтар Әуезов, Михаил Шолохов, Шыңғыс Айтматов сынды жиырманың ішінде классикалық туындылар берген, жаңа көркемдік игіліктермен әлем әдебиетін байытқан шеберлердің шығармашылық эволюциясында, тез толысуында құдіретті өнерпазға тән ерекше заңдылық бар.

Slide 6

Әдеби процесс- әдеми даму

Әдебиетте дəстүрлер шебер суреткерлердің жаңашылдық ізденуі арқасында толысып, түрленіп отырады. Көркем əдебиеттегі дəстүр туралы сөз - бүкіл əдебиеттің тарихын қозғайтын күрделі мəселе. Бүгінгі қазақ прозасының көркемдік жетістіктерін аға буын қаламгерлердің қажырлы еңбегінсіз пайымдау мүмкін емес. Сондықтан дəстүр мен жаңашылдық - əдеби процестің басты қозғаушы күші.

Slide 7

Әдеби процесс (үдеріс) - əр ұлт əдебиетінің əр түрлі дəуірлерде түрліше қалыпта даму үрдісі, сонымен қатар əлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан əдебиеттің тарихи дамуы, жанды қозғалысы. Термин 1920 жылдардың соңында мəдени контекст аясында көркемдік тұтастық ретінде танылған əдебиеттің тарихи болмысын, эволюциясын сипаттау мақсатында пайда болды. Бұл ұғым 1960 жылдардан бастап ұдайы қолданыста жүр. Тарихи-теориялық талдау əдеби процесс эволюциясының сызық бойымен, бірқалыпты дамымай, тұрақты жəне өтпелі кезеңдердің диалектикалық тұрғыда ауысып отырғанын көрсетеді.

Slide 8

Көркемдік даму заңдылықтары

Техникалық ғылымдарда ашылған жаңалықтар өзіне дейінгі дəстүрді жойса, əдебиеттің даму заңдылықтары бойынша жаңалық дəстүрлі көркемдік құндылықтарды жалғастыра дамытады. ХХ ғасыр əдебиетінде қазақ қаламгерлері фольклорлық дəстүр жүйесінде ерекше эмоционалдық-мазмұндық жүк арқалаған фольклорлық образдылықты эстетикалық тұрғыда өз туындыларында ұтымды пайдалана білді. Осы ретте адам мен əлемнің, табиғаттың уақыт пен кеңістік тұрғысындағы байланысын көрсететін зооморфты символиканы, яғни, көшпенділер санасында аса маңызды орын алатын қасқыр, ат, түйе, бұғы т. б. тотемдік бейнелерді атауымызға болады (Көксерек, Кербұғы, Бура, Бəйгеторы, Аруана т. б бейнелер) . Түйе - қазақ əдебиетінде концептуалдық ауқымы кең дəстүрлі образдардың бірі. Аруана, бура бейнелері ұлттық көркемдік дəстүрімізде жиі кездеседі. Түйе - шексіз ана махаббатын бейнелейтін қазақ ертегілерінің, мифтік аңыз-əңгімелердің («Бозінген», «Бота» т. б. ) дəстүрлі кейіпкері, киелі болып саналатын төрт түлік малдың бірі, қазақ дүниетанымында тұтастықтың, болмыс бірлігінің, ғарыштың символы. О. Бөкеев «Бура» шығармасында мифтік аңыз-əңгімелердегі халықтың рухани тəжірибесімен суарылған дəстүрлі бейнеден авторлық мифологиялық кейіпкерді сомдайды. Образ «ғарыштық», «табиғи» деңгейге көтеріліп, экспрессиямен, лиризммен молыққан, жалпылық, жинақтық мəн алып, сонымен қатар жаңа мифтік бейнеге, бостандық сүйгіш рухтың бөкеевтік символына айналған.

Slide 9

Адамзат мәдениетіндегі сабақтастық

Қаламгерлердің дара шығармашылық ерекшелігін əдебиеттегі дəстүр мəселесімен сабақтас қарастырудың мəні зор. Әр жаңашыл ақын өзінен бұрынғы ақындар қол жеткізген көркемдік тəсілдерді, көркемдік даму тəжірибесін игеру арқылы дамиды да, өзі де жаңа ой қосады.

Мысалы, Шəкəрім Құдайбердиев дүниетанымының қалыптасуына ұлы Абайдың, орта ғасырдағы сопылар поэзиясының, жыраулар поэзиясының, Л. Толстой шығармашылығының ықпалы зор болды. Шəкəрім ақиқатты тану, рухани тұрғыда өзін-өзі жетілдіру ұмтылыстарын, рухани ізденістерін əдеби, көркемдік ізденістерімен ұштастыра білген сирек тұлғалар қатарына жатады. Оның шығармашылығында діни, эстетикалық, философиялық жəне психологиялық бастаулардың синтезі жүзеге асты.

Slide 10

1960-70 жылдары қазақ поэзиясына келіп қосылған қуатты буын М. Мақатаев, Ж. Нəжімеденов, Қ. Мырзалиев, Т. Айбергенов, М. Шаханов т. б. лирик ақындарымыздың əрқайсысы өзіндік үнімен, дара таланттарымен, қайталанбас қолтаңбасымен ерекшелене отырып, барлығы да қазақтың қара өлеңіне ден қойды. Олардың көркемдік, тілдік, жанрлық ізденістері қара өлеңнен бастау алды. «Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деген Мұқағали ақынның сөзі бекер емес.

Осы ретте əдебиеттегі дəстүр мен жаңашылдық туралы белгілі ақын Т. Медетбек: «Баба дəстүрдің мұрагері - өз ұлтының рухани байлығы мен əлем əдебиетінің үздік үлгілерін бойына жинақтап, оларды өзінше игеріп, өзінше қорытқан, өз уақытының үні бола білген, өз заманының əлеуметтік мəнін ашып көрсете аларлық қуатқа ие немере Жаңалық» - деп қорытады.

Slide 11

Әдеби даму және дәстүр жалғастығы


Ұқсас жұмыстар
Кімнің сөзі
Әдебиеттанудағы ағымдар - бағыттар, әдебиет теориясының зерттелуі
Эпикалық образ
Жанр поэтикасы
Өнер мен әдебиеттегі мәдени дамудың маңызды бағыттары
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ (1902-1985)
Қазіргі қазақ әдебиетінің ерекшеліктері
Қазақ тілі және әдебиеті факультеті
Аударма сапасын анықтаудағы адекваттың және баламаның рөлі
Алаш зиялылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz