Көркем шығарманың композициясы мен сюжеттік құрылымы


Slide 1

Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті

Slide 2

Көркем шығарманың композицияссы мен сюжеті.

Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру) -көркем шығарманың құрылысы.

Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.

Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.

Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.

Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.

Slide 9

Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.

Slide 10

Сюжет

Сюжет (фр. -зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіпкерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады.

Slide 11

Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты : сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы һәм тәсілі. Оның үстіне, бұлар да мазмұн мен пішін, не тақырып пен идея секілді біріне - бірі көшіп отыратын нәрселер; мәселен, композициялық бүтіндік, тұтастық жоқ жерде сюжет те жоқ.

Slide 12

Бірақ сюжет пен композицияның осындай өзара бірліген түсіне тұра олардың бір - бірінен өзгешелігін де ажырата білген жөн.

Қандай өзгешелік ?

Біріншіден, сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді.

Мысалы, мына өлеңді оқып қарайық :

Өзіңдей ұяңсың сен ар - ұяттың

Өзіңдей қиялсың сен табиғаттың.

Өзендей көкірегімде ағып жаттың,

Жалындай көкірегімде жанып жаттың.

Кешкілік серуен құрып, бақта жүріп,

Сыр шерттің ақ жаныңмен ақтарылып:

Нұрымен көздеріңнің қалды сонда,

Жазылып жүрегіме автогрф.

(С. Мауленов) .

Шабытты жыр, сұлу сыр!…. Осы өлеңде сюжет бар ма ?Жоқ, сюжет жоқ. Композиция бар ма ? Бар болғанда қандай!….

Slide 13

Сюжеттің басталуы (латынша exspositio - дәйектеме) оның кіріспесі іспетті ; мұнда әдеби қаһармандар өзара өарым - қатынасқа көшпес бұрынғы хал - жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі - ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана қалады.

Slide 14

Сюжеттік байланыс

Сюжеттік байланыс (орысша завязка) - адамдар арасындағы әрекеттің басы ; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.

Slide 15

Сюжеттік даму

Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым - қатынасынан, қимыл - әрекетінен туған түрліше жағдайларда (французша situs), шиелістерге (латынша intrigart) байланысты. Шығарманың фабуласы да бірінен - бірі туатын әр алуан ситуациядан, интригадан құралады. Бұлар жоқ жерде сюжеттік даму да, фабулалық оқиға да жоқ. Ал шебер өрбіп, өріле өрістеп бара жатқан сюжет оқырманды да қызықтыра тартып, үйіріп, жетелеп отырады.

Slide 16

Шарықтау шегі

Шарықтау шегі (латынша calmen - шың) - сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы ; адамдар арасындағы қимыл - әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері ; шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Бұл тұста образдар да айырықша анық танылып, адам мінездері жан - жақты ашылады. Шығарма сюжетін күллі кезең - кезеңімен тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның аса жауапты тұсы да - осы.

Slide 17

Шешім

Шешім (орысша развяска) - шығарма сюжетінің де шешуіші кезеңдерінің бірі ; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған “үкімі”; адамдар арасындағы қарама - қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі ; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже ; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал - күйі ; күллі құбылыс - көріністердің соңғы сахнасы.


Ұқсас жұмыстар
Көркем шығармадағы композиция мен сюжет: бірлігі, айырмашылықтары және құрылымдық элементтері
Тьюринг машинасы және Марковтың нормальді алгоритмі: құрылымы, теориясы және композициясы
Несіпбек Айтұлының Бәйтерек поэмасының сюжеттік-композициялық талдауы
Қазақ ертегілерінің жанрлық құрамы, композициясы және тәрбиелік-эстетикалық қызметі
Көркем мәтіндегі автор бейнесі: құрылымы, функциялары және тілдік құралдары (Абай жолы мысалында)
Ахмет Байтұрсынұлының Егіннің бастары мысалы: фабула мен сюжеттік дамуын талдауға арналған сабақ жоспары
А. Кемелбаева Шашты әңгімесін сюжеттік-композициялық және кейіпкерлік жүйе тұрғысынан талдау
Абай поэмаларының тілі: Ескендір поэмасының идеясы мен композициясы
Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі: теориялық және тарихи аспектілері
Инъекцияға арналған екі сатылы кеңеюлі бетонның композициясы, құрылымы және қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz