Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі




Презентация қосу
Көркем шығармадағы
мазмұн мен пішіннің бірлігі
Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, ілгері
философиялық ұғым Мазмұн мен пішін – тек өнер
ғана емес, өмірдегі ақиқат, шындықтағы кез
келген затқа және құбылысқа тән нәрсе.
Қамтылатын мәселелер:

- мазмұн мен пішін бірлігі — көркемдік
шарты;
- көркем туындыны мазмұн мен пішіннің
бірлігі тұрғысынан қарастыру - әдебиет
теориясының негізгі принципі;
- бір мазмұнның бірнеше пішінінің
болатындығы.
Мазмұн мен пішін бірлігі — көркемдік
шарты;
Мазмұн мен пішін бірлігі-көркемдік шарты.
Мазмұн мен пішін-іргелі философиялық ұғым. Бұл
екеуі бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте
болады. Көркем шығарманың күллі құны мен
қасиеті оның мазмұны мен пішінінің бірлігінде
жатыр.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретн
бір нәрсе-бір мамұнының бірнеше пішіні
болатыны. Мысыла, Ұлы Отан соғысының сөз өнерінде әр
түрлі пішінде суреттелгенін Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі
туралы аңыз», Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас»,
Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы» атты шығармаларынан
аңғаруға болады. (поэзия, проза, драматургия).
Мазмұн мен пішін ең алдымен бір-бірінен айырылмас байланыста,
бірлікте; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз
мазмұн жоқ.
Көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі
тұрғысынан қарастыру - әдебиет теориясының негізгі
принципі;
Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға
жетімділігі де оның пішініне байланысты.
Мазмұнға қарағанда, пішін өзгерімпаз болады.
Мысалы, махаббат. Бұл-өмірде тұрақты шындық,
өнерге мәңгілік тақырып. Бірақ өмірдің осы
шындығының өнердег пішіні әр дәуірде әр алуан. Бір
мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп
отырады. (Қазіргі махаббаты Қыз Жібек пен Төлегеннің
сезімдеріндей суретесе, осы дәуірдегі сай келмес еді).
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде ескеретін тағы
бір ерекшелік-мазмұнын мен пішіннің тарихи категория
екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін
тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз
шындығын, демек, өз мамұнын ала келеді.
Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің
бірлігі дегеніміз-өнер туындысының
көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай.
Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің
бірлігі-оның етене бүтіндігі, эстетикалық
бағалылығы.
Қорыта айтқанда, шығарманың мазмұны-
оның ақиқат шындыққа негізделген
тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби
қаһармандардың өзара қарым-қатынасына,
тағдыр тартысын негізделген сюжеті,
композициясы және жазушының өмірі
өнерге айналдырған ең құралы-суретті сөз,
яки көркем шығарманың тілі.
Пішін дегеніміз – бір нәрсенің
мазмұны; басқа ережесі жоқ.
Осының енді сыртқы қасиеті,
анықтамасы бар, ол – пішін.
Мазмұн дегеніміз – бір
нәрсенің мазмұны; басқа
ережесі жоқ. Оының енді
сыртқы қасиеті, анықтамасы
бар, ол пішін.
Мазмұн мен пішіннің бірігі осының өзінен- ақ
анық көрініп тұрғандай. Махмұн пішіннің іщкі
қасиеті. Пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы
болғанда ғана әрқайсысы өзін-өзі айқындай алады.
Жалғыз-ақ осынау мазмұн мен пішіннің бір-біріне
ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн
жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда
болсын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау
үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен
пішіннің мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның
пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан
жөн.
Бақылау сұрақтары:
1. Көркемдік шарты не?
2. Мазмұн мен пішін бірлігі қандай
қағидаға негізделген?
3. Мазмұн дегеніміз не?
4.Көркем түрге (форма-пішін)
"Әдебиеттану терминдер сөздігінде"
қандай анықтама берілген?
5. Қандай бірлестік негізінде көркем
түр мағыналық сипат алады?
Әдеби шығарманың мазмұны –
өз эстетикалық идеалының
тұрғысынан суреткер таныған
ақиқат өмірде, пішін –осы
шындық тұтастырыла
жинақталған көркем образдар
жүйесі, яки әдеби қаһармандар
өмірі
Лев Толстой кез келген көркем шығарманың
құны мен қасиетін үш түрлі сипатына қарап
бағалаған:

Мазмұн сонылығына
Пішініне немесе өзіміз көп айтатын талантқа
Автордың шығарма предметіне байсалды
көзқарасы мен ыстық ықыласына
Пішін әдейі мазмұнға тәуелді, бейтарап
нәрсе дейге болмайды. Пішіннің атқарар
рөлі – белсенді рөл. Шығарма
мазмұнының ұтымдылығы да,
оқырманға жетімділігі де оның пішініне
наңыз байланысты. Анығырақ айтқанда,
пішіннің әсемдігі – суреткер шеберлігі.
Әрбір ірі суреткер өз шығармасының
пішініне айрықша зер салатыны тектен –
тек емес.
Мазмұнға қарағанда, пішін өзгерімпаз.
Өмірде де, өнерде де солай. Айталық,
махаббат. Бұл –өмірде тұрақты шындық,
өнерде мәңгілік тақырып.
Мазмұн мен пішін тарихи категория.
Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың
пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана
қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек
өз мазмұнын ала келеді.
Назар
аударғандарыңызға
рақмет !!!

Ұқсас жұмыстар
Махмұн пішіннің іщкі қасиеті
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР ТҮРЛЕРІНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ
Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті
СЮЖЕТТІК ЭЛЕМЕНТТЕР
Көркем шығарманың тілі
Атажан тобы
КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫ
Негізгі оқиғалар
Көркем шығармадағы суреткер шеберлігіне аса ден қоятын ғалым
Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті
Пәндер