Көркем шығарманың тілі
Презентация қосу
Көркем шығарманың
тілі .Поэтикалық тілі. Кейіпкер
тілі және автор тілі.
Поэтикалық фактуралар
Тіл, сөз жайын тексеретін
ғылым үш түрлі : тіл білімі,
стилистика және көркем сөз
теориясы. Бұл үш саланы бір –
бірінен ажырата білу,
әрқайсының өзіне тән сыр –
сипатын айқын тани білу шарт.
Ахмет Байтұрсынов өзінің “Әдебиет
танытқышында” сөз өнері адам
санасының үш негізінде (ақылға,
қиялға, көңілге) тірелетінен айта
келіп : “тілдің міндеті — ақылдың
аңдауын аңдағанынша, қиялдың
меңзеуін меңзегенінше, көңілдің
түюін түйгенінше айтуға жарау”
деп дәйектеген.
Көркем шығарманың тілі
Тіл – адамның баласының бір-бірімен қарым-
қатынас жасайтын құралы. Қоғамның жеке
мұшелері тіл арқылы бір-бірімен байланысады.
Қоғамдық ой-сананың дамуы, ілгерілеуі үшін де
тілдің атқаратын қызметі зор.
Экономикалық дамудың негізінде қоғам дамиды
ілгері басады десек,қоғам дамуларымен нық
байланысты тілде өзгеріп отырады,заман озған
сайын кейбір тіл,кейбір сөздер
ескіріп,пайдаланудан шығып қалады да,бұрын
тілде жоқ жаңа сөз,жаңа атаулар пайда болады.
Әдеби шығарма тілі
Әдеби шығарма тілі немесе Көркем әдебиет тілі -
көркем әдебиет шығармаларының тілі, өмір
шындығын бейнелеуші, әйгілеуші, мінездеуші. Сөз
құдіретімен көркемдік шындыққа айналдыратын, ұлт
тілінің эстетикалық қызметін үздіксіз жүзеге асырып,
шығармашылық мүмкіншілігін көрсететін, стильдік,
сюжеттік, жанрлық ерекшеліктерден қайталанып
отыратын, ортақ сипат, белгілерден құралатын тілдік
жүйе. Кейде поэтикалық тіл деп те аталады
Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол
болуы керек. Бұл – қалам иесіне қойылар
бұлжымас талап. Тіл байлығы сөз
өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі. Ал
халыққа қажет шығарма – мазмұнды
шығарма.
Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес
құндылығы деп саналады. Тіл – дүниетаным
құралы, ұғым мен пайымдаудың объективтенуі.
Тілдің тірегі – сөз. Сөз – халқымыздың өткен
тұрмыс-тіршілігінің, ой-сезімінің, елдігі мен
ерлігінің, парасатының куәсі. Тілдің сөз
байлығын танытатын – көркем
шығарма. Көркем шығарма тіл байлығын
танытумен ғана шектелмейді, сондай-ақ тілді
байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі.
“Әлемнің тілдегі бейнесі” көркем
туындылар тілінен, яғни суреткердің тіл
шеберлігінен де көрінеді.
Поэтикалық тіл
Поэтикалық тіл (орыс. поэтический язык) — поэтикалық,
көркемдік, эстетикалық қызмет аткаратын тіл. Поэтикалық тіл
ұғымы алғашында поэзия тіліне қатысты болғанымен, кейін
жалпы көркем әдебиет тілінін ерекше сапасын білдіру мәнінде "
Көркем тіл" тұрғысында жұмсала бастады. Поэтикалық тіл әрі
өнертану, поэтика, әдебиет теориясымен, әрі тіл білімінін
стилистика, лингвистикалык поэтика салаларымен байланысты.
Тілдін әсемдік. поэтикалык касиеттеріне көне антикалық дәуір
ойшылдары (Горгий, Аристотель т.б.) көніл аударған. Тіл білімінде
онын зерттеле бастауы 19 ғасырдың аяғында эстетикалық бағыт
өкілдерінін (Б. Кроме, К. Фосслер, А. А. Потебня т. б.) есімдерімен
байланысты. Поэтикалық тіл мәселесі көрнекті орыс ғалымдары
Г. О. Винокур, В. В. Виноградов, Л. В. Щерба,Б. А. Ларин
енбектерінде жана арнада зерттелді. Казак филологиясында
Поэтикалық тіл теориясынын негіздері
Мұхтар Омарханұлы Әуезов, К- Жұмалиев енбектерінде талданған
Кейіпкер тілі және автор тілі.
Кейіпкер деген сөздің өзі белгілі бір тұлғa. Оның
болмысы мен мінезі және сөйлеу тілі – aвтордың
қиялы. Бәлкім ол қиялдaн дa тууы мүмкін,
шынaй объект болуы дa мүмкін. Жaлпы
әдебиеттегі берілетін кейіпкерлердің дені
aвтордың қиялынaн туындaғaн, бір дүниені яки
aйтқысы келген ойын жеткізу үшін
пaйдaлaнaтын aдaмы. Сол кейіпкер aрқылы тaғы
біреудің болмысын aшып көрсетуге болaды. Aл
осы кейіпкер тілі aрқылы aвтор өзінің aйтқысы
келген дүниесін aшып көрсете aлaды.
Көркем мәтіндегі кейіпкер тілін тaлдaғaндa
диaлог мәселесіне соқпaй кету мүмкін емес.
Диaлогтың қызметі екі aдaмның сөйлесуімен
шектелмейді. Оның шығaрмaдaғы қызметі
көптеген мәселелерді қaмтиды. Мәселен,
кейіпкерді мінездеу, шығaрмa оқиғaсын
дaмыту мен идеясын көрсету – диaлогке тән
нәрсе. Диaлогтың лексикaлық құрaмымен
қaтaр, синтaксистік құрaмынa дa нaзaр
aудaрылуы тиіс. Жaй сөйлемдердің, сұрaулы,
бұйрықты, лепті сөйлемдердің мaғынaлық
қызметіне қaрaй кейіпкер тілінің
ерекшеліктері сaрaлaнaды.
Көркем мәтіндегі кейіпкер тілін талдағанда
диалог мәселесіне соқпай кету мүмкін емес.
Диалогтың қызметі екі адамның сөйлесуімен
шектелмейді. Оның шығармадағы қызметі
көптеген мәселелерді қамтиды. Мәселен,
кейіпкерді мінездеу, шығарма оқиғасын
дамыту мен идеясын көрсету – диалогке тән
нәрсе. Диалогтың лексикалық құрамымен
қатар, синтаксистік құрамына да назар
аударылуы тиіс. Жай сөйлемдердің, сұраулы,
бұйрықты, лепті сөйлемдердің мағыналық
қызметіне қарай кейіпкер тілінің
ерекшеліктері сараланады.
Автор тілі
Көркем шығарманы талдауда кейіпкерге қатысты
айтылып, қатар жүретін тағы бір термин бар. Ол –
көркем шығарманың құрамдас бөлігі ретінде
қарастырылатын портрет. Портреттің мазмұндық
және формалық түрлері, яғни көлемі шағын және
көлемдісі болады. Талдау барысында портреттің
сөздік құрамын қарастырудың да маңызы бар.
Өйткені кейіпкер туралы жан–жақты мәлімет тілдік
құралдардың сұрыпталуы мен қолданылуына қарай
анықталады. Автордың портрет жасаудағы
ерекшелігі кейіпкерді суреттеуде адамға қатысты
қандай ерекшеліктерді қамтығанынан байқалады.
Поэтикалық фигуралар
Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі
үшін де әжептәуір қажет тәсіл – айшықтау,
яғни фигура (латынша келбет, бейне) – сөз
тіркестерін дағдылы синтаксистік
қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен,
айрықша айшық пен құру. Мұндағы мақсат
біреу-ақ - сөздерге ерекше леп, екпін,
тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға
әсерін күшейту.
Айшықтаудың (фигураның) түрлері көп, біз солардың
бірнешеуін ғана мысал ретінде ұсынамыз.
Мыс, солардың бірі арнау – адамның, яғни ақынның өзіне не
өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қату, олармен
іштей кеңесуі. Арнауды А.Байтұрсынов жарлай арнау, сұрай,
зарлай арнау. Кейін бұл үлгіге айналды.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз ауызыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың…
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі Дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың…
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.
(Абай)
Фигураның (айшықтаудың) бір түрі – қайталау – сөз
әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша
аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте
қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият
сіңіре түсу. Жай қайталау, еспе қайталау үлгілері
Мыс:
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім.
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
(Махамбет)
Фигураның бір түрі – шендестіру, яки антитеза
(грекше қарама-қарсылық) – бір-біріне керреағар
құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды,
түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою
арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылысттың,
ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-
кейпін анықтау, аңғару, елестету.
Мысал үшін «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің
Қартқожаққа:
Қара жерге қар жауар
Қарды көр де, етім көр.
Қар үстіне қан Тамар
Қанды көр де, бетім көр,-
деп тақапақтап айтқан жұртқа мәлім жауабын
Фигураның бір түрі – дамыту, градация (латынша бірден-
бірге күшейте беру) – алдыңғы сөзбен соңғы сөзді, алдыңғы
ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты
асыра, асқақтата түсі. Мыс, «Қобыланды батыр»
жырындағы Бурылдың шабысы.
Шырағым, Бурыл шу! – деді.
Құбылып бурыл гуледі.
Табаны жерге тиемді.
Тау менен тасты өрледі.
Төрт аяқты сермеді.
Құлақтың түбі терледі.
Тер шыққан соң өрледі
Адырды көзі көрмеді,
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі…
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz