Исәділ Әлем әдебиеті



Лирика жанрының дамуы. Тақырыптың- идеялық ерекшілігі
Орындаған: Н. Сатылғанова
Қабылдаған: Т. Қ. Омаров
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Лирика жанры
Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді.

Ж. Сәрсектің "Жүрегімнің ішіндегі жүрегім"
Жарас Сәрсек - 1968 жылы 15 мамырда Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2001) . 1985 жылы Сүмбе ауылындағы орта мектепті, 1995 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1996-2000 ж. Парасат журналында, 2000-2001 жылы Жетісу газетінде жұмыс істеді. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. Керуен көшіп барады (1999), Жүрегімнің ішіндегі жүрегім (2002) атты жинақтың авторы.

Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиядағы ұлтық рух
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда қазақ поэзиясында ұлттық тәуелсіздік жаңа көркемдік мазмұнмен жырланды. Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи сананы ояту, ұлттық рухты көтеру басталды деп нық сеніммен айта аламыз. Дәстүрлі даму арнасынан ауытқымаса да мазмұн мен идеяда жаңашылдықтар, көркемдік жаңа айшықтаулармен ерекшеленді. Поэзияда ұлттық рух, ұлттық мұрат, тәуелсіздіктің лебі есіп тұратын кең тынысты жарлар жазыла бастады. Қазақ поэзиясы жаңа есімдермен толықты. Ақын М. Шаханов әр адамда анасынан басқа төрт ана болуы керек, ол -туған жер, туған тіл, туған дәстүр, туған тарих - тәуелсіз ұлттың төрт тірегін атады. Барлап қарасақ, тәуелсіздік жылдарындағы поэзиядағы ана тілі, е л тағдыры, жер тағдыры ең көп жырланған тақырыптар деп айтуға болады. Қазақ тілінің тағдыры жырлағанда, тілдің қазіргі қолданысына көңіл толмау сарыны ерекше байқалады. Ана тілін менсінбеу, өзге тілде сөйлеуді мақтаныш тұтқан жандар аз емес. Ақын С. Адай «Менсінбеймін» дегенше деген өлеңінде өткір жырлайды.
Қатты айттым!
Сынып кеткен шыдам-бұл.
Ұлт ішінде: Айыр тілді жылан жүр.
Өз Тіліңді «Менсінбеймін» - дегенше,
Өз халқыңнан туғаныңды күмән қыл!. .
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды. . .
Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ өз жеріне иелік етуі керек. Алақандай жер үшін қасық қаны қалғанша күрескен бабалар аманатына адал болайық. Тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ еліне, жеріне көз сүзетіндердің қарасы тиылар емес. Жарас Сәрсек те осы мәселені «Көз сүзген » атты өлеңінде жан ашырлықпен толғайды :
Менің туған жерімде төбе - дөңдер көп еді,
Қияғы қылыш секілді, құрағы ырыс секілді.
Бетегесі жусандай, орасан ол да шөп еді, - деп қазақ халқының табиғи сұлулығын мадақтай отырып:
Тіреуі сынды аспанның шілмей төмен қараған,
Жебесі қолдан түскен соң жау жылап кеткен жер еді,
Содан соң бейбіт өмірге маужырап кеткен жер еді.
Есігін түнде ілмеген еркіндеу жатқан елі бар
Өзеуреп келген есерге бейіттер жатқан белі бар.
Автор қырмызы тектес қыздарын да көз сүзгендерге бауырынан үзіп бермеген, жау боп келгеннің жерін - тозақ, жайымен келген жанға - жұмақ екенін дәріптейді. Қазақ елі қашан да меймандостығымен ерекшеленеді. Осы өлеңде: Көңілін берген адамға көктемгі қар боп ерігем,
Көңілім қалған адамға қара тас боп көрінем.
Шіренгенімді көрсең сен - үзеңгі бауым үзілген,
Қуанғанымды көрсең сен - қоралы қойым кеміген [6, 112] .
Байқағанымыздай қолы ашық елдің болмысын табиғи түрде мақтана айтады. Сөз соңында:
Көңілшектігім қартайған
Жасарып қазір келемін
Құдайсынбаған, көз сүзген, бола да қоймас дегенің
деп батыл үн қатады.

Е. Алаштуған "Тақсыр күн"
Белгілі ақын Олжас Сүлейменов Алаштуғанның өлеңдері туралы пікірі
“Алаштуғанның поэзиясымен таныстығым менің өлеңдерімді ана тілімізге аударғаннан басталды. . . Шығармашылығына тереңірек үңіліп, үлкен ізденістердің нәтижесі мен дара дарыннан бөлек, тағы бір дүние назарымды аудара берген еді. Ойдың еркіндігі сөздің көркемдігімен тамаша үйлесім тауып, көненің көкжиегінің кеңейтіп, жаңа жырда келісті кейіпте көрінгені қуантты. Дастан далада жүзжылдықтарен бірге жасап келе жатқан бабалардың бірегей жырының жаңғырығынұлы рухтың ұрпақ жадысындағы жаңғырған жасампаз бейнесіндей “Жалғыз аспаннан” байқап, ел әдебиетінің ертеңіне сенімім ұлғая түскендей. Алаштың ақынына ақ жол тілеймін!” - деген Олжас Сүлейменов.

Ержан Алаштуған - әдеби ортаға тоқсаныншы жылдардың басында танылған ақын. 1975 жылы Жезқазған облысы, Қаражал қаласында туған. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 Республикалық мектеп-интернатта оқыған. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің түлегі. Ұлттық Ғылым Академиясының Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану Институтында, Қарағанды облыстық мәдениет басқармасында қызметтер атқарған. Шығармалары алғаш “Толқыннан толқын туады” ұжымдық жинағына енген. “Тақсыр, Күн”, “Ашиналардың Аспаны” кітаптарының авторы. “Алпауыт ақындар" антологиясының және "Толағай-Талай" жыр жинағының авторы. Ержан бүгінде орыс әдебиеті мен шетел әдебиеті ақындарының поэзиясын қазақ тіліне аударып жүр. Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының кеңесшісі болып қызмет етеді.

«Тақсыр, Күн!» жинағындағы өлеңдерді оқығанда Төле би бабамыздың:
«Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой», - деген сөздері Ержан Алаштуған сынды ерте есейген, 90-шы жылдары жас болса да, есті сөз айта білген азаматтың болмысын бергендей екен деген ой келеді.

Әркімнің өмірден алатын ырзық-несібесі болады. Ақындық - Алла тағала мен табиғаттың бірен-саран адамдарға беретін артық өнері, ерекше қасиеті, таланты. Өнерлі адамның қоғамда алар орны қашанда бөлек. Қазақтың әдеттік құқығында өнерлі адамға залал келтірсе, азулы билер айыптыға «өнер құнын» үстеме төлеуге үкім шығарған. Адамның тапқан, алған, білген білімін өзгелерден жасырып қалуының, жұрттың игілігіне пайдаланбауының ауыртпалығы, жауапкершілігі болады. Ақынның өзі іздеп тапқан ілімінің жарығын жаға отырып, халыққа рухани ілім, рухани азық беруі, пешенесіне жазылған міндеті, - деп білеміз.

Ж. Әшімжан «Тұңғиық"
Жанарбек Әшімжан 1976 жылы 1 сәуiрде Алматы облысы Райымбек ауданы (бұрынғы Кеген ауданы) Жалаңаш ауылында туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнің түлегі. 1996-1999 жылдары қалалық «Алматы ақшамы» газетiнде тiлшi, 2000 жылы републикалық қоғамдық-саяси «Қазақстан» журналында бөлiм редакторы, 2000-2005 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетiнде әдебиет, саясат бөлiмдерiнiң меңгерушiсi, 2005-2008 жылдары республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары қызметтерiн атқарған.

«Поэзия әлемінде» - Жанарбек Әшімжан
Ақын болуды мақсат тұтпаған Жанарбек Әшімжанның арманы - журналист болу еді. Алайда, көңіл түкпіріндегі арман жыр болып, қағазға төгілді.
Бұл турасында ақын: «Жүректегі арманды алдамау керек. Күндердің күні сол арман биікке алып шығады», -дейді.
СЫР
Адасып шыққан ауылдан,
Бейбағыт бейбақ деме сен.
Қаламы қанға малынған,
Бейсауат адам емес ем.
Тұлыммен өскен тау ұлы,
Тауыңнан қаштың демегiн.
Дәуiрдiң соққан дауылы,
Толарсағымнан кемеген.

Саят Қамшыгер
Саят Қамшыгер - 1978 жылы 1 мамырла Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Кезеңсу ауылында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін 1999 жылы үздік аяқтаған. Әр жылдарда Алматы қаласындағы М. Базарбаев атындағы N2138 ғимназияда мұғалім, Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқыттың республикалық мектеп-интернатта оқытушы, «Қайнар» университетінде аға оқытушы, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына ғылыми қызметкер болып еңбек еткен. 2005 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасына әдеби кеңесші.
1996 жылғы «Поэзия көктемі» жыр мүшәйрасының жеңімпазы, 1998 жылы «Жұлдыз» журналы ұйымдастырған Артығали Ыбыраев атындағы жас ақындар мүшәйрасының, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған мүшәйраның, Астананың 10 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның, «Алаш және рух» жыр мүшәйрасының жүлдегер!.
1999 жылы «Білім» баспасынан шыққан «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты студент ақындардың жыр жинағына, 2006 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жас толқын» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен «Сары гүл» атты тұңғыш кітабы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. 2008 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жүректегі ағыстар» атты жыр жинағының авторы.

2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен «Сары гүл» атты тұңғыш кітабы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. 2008 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жүректегі ағыстар» атты жыр жинағының авторы.
Ауылға деген мәңгілік сағыныш Саят жырларының да үзілмес арқауы. «Досым келді» деген өлеңінде ауылдан бала кездегі досы келгендегі тебіреніске түскен көңіл күйін әдемі суреттеген. Досы оны ауылына ғана емес, алыстағы балалық шағына да бір мезгіл қайта оралтқандай болады:
Қимай-қимай досыма қол бұлғаймын,
Ұзап бара жатқандай балалығым.
Досына арнаған осы туындысы 2008 жылы «Жүректегі ағыстар» жыр жинағына енген. 2009 жылы «Жұлдыз» журналына шыққан.

Ақын шығармашылығынан бүгінгі уақыт шындығы көрініс береді. «Жүректегі ағыстар» кітабында:
Жақсы жандар, келіңдерші бос тұр ғой,
Жүрегімнің бөлмелері қаңырап!
-деп өзінің рухани әлеміне шақырады.
Ақынның жүрегі тазалыққа құштар, өзгелердің де бойынан тазалықты іздейді. «Тазалықты аңсаймын. Бірақ бар ма бұл күндері тазалық?» деп сұрақ тастап, жанайқайын жеткізетін «Жүректегі ағыстар» кітабында тың теңеулер мен әсерлі ой оралымдары жиі кездеседі.
Ақындық - ол ақын боп жүру емес,
Жеткен ойды түйсіну ғарыштан мың,
- деп өзі айтқандай, асқақ рухпен суарылған жаңа жырлары оқырмандар көңілінен шығуда.

Исәділ Алмат
Белгілі ақын, аудармашы, журналист Исәділ Алмат Мұратұлы 1976 жылы 20 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы облысы Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы орыс орта мектебінде, аудандық Музыка мектебінің домбыра сыныбында оқыған. ҚазМУҰ-дың журналистика факультетін сырттай бітірген.
Еңбек жолын №2 Кеген орта мектебінде музыка пәні мұғалімі ретінде бастаған. Республикалық оқушылар Сарайында қызметкер, «Алматы ақшамы» газетінде бөлім меңгеруші, жауапты хатшы, «Елорда» баспасында әдеби редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгеруші, Қазақ-Британ университетінің редакциялық-баспа бөлімінің бас менеджері, «Қазақ радиосы» бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы, «Әдебиет айдыны» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақ университеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізуші-редакторы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта республикалық «Алаш айнасы» газетіде Мәдениет бөлімінің редакторы.

Алғаш «Жолдар, жолдар», «Жалғыз» деген өлеңдері «Жас алаш» газетінде басылып, ақын атануыма жол ашқан. Өлеңдері «ХХІ ғасыр поэзиясының антологиясы» сынды бірнеше ұжымдық жинақтарға енген. «Отырар кітапханасының» тұңғыш сериясымен жарық көрген «Жолдар, жолдар. . . » және «Көңілалаң» кітаптарының авторы.
Шығармалары:
Исәділ, А. Жолдар, жолдар [Мәтін] : өлеңдер / А. Исәділ. - Алматы : Жазушы, 2001. - 40 б.
Исәділ, А. Көңіл алаң. . . [Мәтін] : өлеңдер / А. Исәділ. - Алматы : Жалын, 2008. - 80 б. - (Жас толқын) .
Эмре, Ю. Өтер бұл күн. . . [Мәтін] / Ю. Эмре ; аударған А. Исәділ // Әлем әдебиеті. - 2012. - № 5. - 7-28 б.
А. Исәділ. Жас қаламгерлердің әлемтордағы туындылары. Қазақстаным! Өлеңдері.

Әлібек Шегебай
Әлібек Шегебай, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Сүткент ауылында дүниеге келген. Республикалық «Жалын» журналында жарық көрген өлеңдер топтамасына Т. Айбергенов атындағы сыйлық берілді. 2002 жылғы Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Шығармашылықтағы жетістіктері үшін 2004 жылы Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Бірнеше жыр жинақтарына өлеңдері енген. «Алакеуім», «Әйнекке түскен Ай сәуле», «Ақ қауырсын» атты жыр кітаптарының авторы.

Ақын Әлібек Шегебайдың өлеңдері «тілге жеңіл, жүрекке жылы». Түсініксіз өлең деген онда жоқ. Ойыңдағыны тап басып табады. Қарапайым, бірақ сонысымен әдемі.
Ол - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т. Айбергенов атындағы, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлықтарының лауреаты. Қазақ радиосында «Көңіл толқыны», «Жұлдызды түн», «Ақ қауырсын» секілді көптеген әдеби бағдарламаларды жүргізген. Оның «Тамшылар», «Алакеуім», «Әйнекке түскен ай сәуле», «Ақ қауырсын» жыр-жинақтары жарық көрген.

Өлендері
Дәуір дерті
Оралу
«Келін» хикаясы
Адыраспан
Бесік
Таба нан
Тасаттық
Көкпар
Ләңгі
Қара шаңырақ

Батырболат Айтболатұлы: «Жүрегімнің лүпілімен тербетем. . . »
КӨЗМОНШАҚ
Қарашығымсың - көзімсің,
Тағы сен - өлең-назымым,
Жанашырымсың - өзімсің,
Сүйкімдім әрі нәзігім!
Жуымай саған, жаным, мұң,
Болғай-ды дәйім жаз - өңің.
Жартысы менің жанымның,
Нәзөкөн, Нәзкөн, Нәзөгім.
Сен десе, менен жан мансұқ,
Үмітімді тек бақшы үрлеп,
Айналдым, саған ауған сұқ
Адасып мені тапсын деп!
Қалқасы бар жан өзіңдей
Қалай мұң бойға алғызсын?!
Жалғыз болған соң тәтті емес,
Тәтті болған соң - жалғызсың!
Айналдым, ботам, мен сенен,
Жан жетпес тәттім, жақсым деп,
Маған бір бақыт келсе егер,
Айналып сені тапсын деп!
Алақан жайып, қанатым,
Алладан тілек тілер ем:
Тіл-көзден сені қағатын
Көзмоншақ болғай бұл өлең!
Әумин!!!

Айтболатұлы Батырболат
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz