Орта ғасыр тіл білімі


Slide 1

Орта ғасыр тіл білімі

Орындаған: Сатылғанова Н

Қабылдаған:

Slide 2

Орта ғасыр тіл білімі

Орта ғасыр - адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір.

Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) III-V ғасырлар арасы. Бұл - құлдық дәуірінің ыды-рап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) VІ-Х ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы; б) ХІ-ХVІ ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғам-ның туа бастаған, тарихта "қайта өркендеу дәуірі" деп аталатын кезең.

Slide 3

Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан діндерін жатқызуға болады.

Slide 4

Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Канондық тіл бірден-бір дұрыс тіл деп жарияланды да, әр халықтың өз ана тілі, сөйлеу тілі, теріс тіл, пендешілік тілі деп есептелді.

Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы - Құранның тілі болды.

Slide 5 Slide 6

Канондық жазбалармен қатар біраз елдерде жазба жұмысы мен әдебиет едәуір дамыды. Жергілікті тілдерді зерттеу, нормалау, олардың грамматикаларын жазу талабы күн тәртібіне қойылды.

Сөйтіп, VІІ-ХV ғасырлар аралығында иран, исланд, француз, испан, итальян, түркі, ағылшын, т. б. тілдердің грамматикалары жарық көреді.

Slide 7

Грамматика мәселелерімен қатар ежелгі дәуірден келе жатқан зат атауларының табиғаты жөніндегі мәселе де ескерусіз қалмады. Оны сөз етушілер бұл дәуірде де екі топқа бөлінді. Оның бірі - реалистік, екіншісі - номиналистер деп аталады. Реалистер заттар жөніндегі жалпы ұғым - ақиқат, ол алғашқы, зат соңғы деген идеалистік бағытты ұсынады. Номиналистер керісінше, зат болмаса, ол туралы ұғым да болмайды, сондықтан ақиқат нәрсе - зат, ол алғашқы, ал зат туралы ұғым соңғы деген материалистік бағытты уағыздайды.

Slide 8

Араб тіл білімі

Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі - арабтар. Бұлардың жазбалары ІV ғасырлардан басталды. Арабтар тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық арабтарда тіл білімінің ерекше дамыған көзі - Халипат дәуірі деп аталатын VІІ-ХІІ ғасырлар шамасы. Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттаудың араб тіл ғалымдары бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын ашу арқылы жүргізді. Олар сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтін Нахв, сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін Сарф, сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін - Таджвид деп аталатын бөлімдер. Арабтар Үнді, Грек тіл ғылымы табыстарын жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын зерттеуге ерекше назар аударады. Фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға көп көңіл бөледі. Кейбір ғалымдар (Сибавейхи) жасалу орнына қарай дыбыстарды 16 топқа бөліп қараған. Грамматика мәселесінде (көрнекті өкілі - Сибавейхи), әсіресе сөздерді тапқа бөлуде араб ғалымдары Аристотельге еліктеген. Аристотель сияқты бұлар да сөздерді есім, етістік, жалғауыштар деп үш топқа бөлді. Арабтар тіл білімінде өзіндік тың жол салған пікірлер айтқан.

Slide 9 Slide 10

Араб тіл ғалымдары

Араб тіл ғалымдарының тілдің грамматикалық жүйесін зерттеу тәсілдері де, грамматикалық терминдері де бұрынғылардан өзгеше болды, өзіндік дәстүр қалыптастырды. Арабтар киелі, қасиетті, канондық тіл деп саналатын Құран тілінің нормасын зерттеудің өзінде де, көп жағдайда, сөйлеу тілі нормасына сүйенеді, соны зерттеді.

Бұл Ежелгі дәуір тіл ғылымының ешқайсысында да кездеспеген жаңалық. Араб тілі грамматикасын зерттеудің дәстүрін, өзіндік жүйесін қалыптастыруда Сибавейхидің 796 жылы жазған "Ал китаб" деп аталатын еңбегі шешуші роль атқарған. [1] Араб тіл ғалымдары қалыптастырған біртұтас зерттеу жүйесі кейінгі замандарда туған Еврей тіл ғылымына да елеулі әсерін тигізген.

Slide 11 Slide 12

Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы - лексикография көрінеді. Арабтың бір ғана Әл-Фируза-бади деген лингвисі "Хомус" (мұхит) атты 60 томдық сөздік жасаған.

Slide 13

Араб тіл ғалымдары ғылым тарихында бірінші болып, әр түрлі тілдер материалдарын бір-біріне салыстыра, салғастыра зерттеу тәсілін қолданған. Осы тәсілді қолдана отырып, олар түркі, монғол, парсы тілдерін зерттеп, олардың салыстырма сөздіктерін, шағын көлемді грамматикалық еңбектерін жазған. Осындай еңбектің ғылымда белгілі ең көнесі және ең толығы түркі халқынан шыққан, Арабияда оқып білім алғандықтан, араб ғалымы деп аталып кеткен Махмуд Қашқари жасаған «Түркі тілдерінің сөздігі» (Девону луғат ит түрк) . Бұл сөздік 1073-1074 жылдары жазылған. Сөздікте сол дәуірдегі түркі тайпаларының көпшілігінің тілдік материалдары қамтылған және ол тайпалар тілдерінің өзара бір-біріне ұқсастық, өзгешеліктері тілдік мате-риалдарды салыстыра қарау арқылы айқындалған. Бұл - түркі тілдері жөнін-дегі ең тұңғыш, ең көлемді және ең терең мәнді ғылыми еңбек. Сонымен қатар, бұл сөздік - тіл ғылымы тарихында әр түрлі тілдер фактілерінің бір-біріне салыстыра зерттеу әдісімен жазылған тұңғыш еңбек. Мұның түркі тілдері үшін мәні ерекше.

Slide 14 Slide 15

Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі

Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, қайта өркендеу дәуірі ХІV-ХVІ ғасырлар арасын қамтиды. Бұл - қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезі. ХІҮ ғасырдан бастап, алдымен Италияда қалыптасқан "Қайта өркендеу" деген термин феодалдық қатынастың орнына келген капиталистік қоғамдағы буржуазия мәдениетімен тығыз байланысты. Өйткені қайта өркендеу дәуірі - озық ойдың еркін дамуына мейілінше кедергі жасаған, догмалық ережелерге сүйенген орта ғасырлық керітартпа дәстүрден, мешеу мәдениеттен шынайылықты, гуманизмді уағыз-дайтын жаңа дәуір мәдениетіне өту. Бұл дәуірде орта ғасырда діннің қуғынына ұшырап, елеусіз қалған көне мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлу, оларды қайта көркейту, өрлету ұраны көтерілді. Сірә, жаңа дәуірдің "Қайта өркендеу" деп аталуы да осыдан болса керек.

Slide 16 Slide 17

Универсалды грамматика

Универсалды грамматика екі бөлімнен тұрады: оның бірі -фонетика, екіншісі - грамматика. Алты тарауға бөлінген бірінші бөлімде дыбыс пен әріп, буын, екпін мәселелері, оқуға үйрету әдісі сөз болған, екінші бөлімі жиырма төрт тараудан құралған. Оларда морфология, синтаксис мәселелері талданған.


Ұқсас жұмыстар
Грек тіл білімі
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Жалпы тіл білімі тіл ғылымының зерттеу нысаны
Тіл теориясы
Лингвистикалық мектептер
Салыстырмалы - тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы орны
ЕЖЕЛГІ ГРЕК - РИМ МӘДЕНИЕТІ
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Атаулар сөздігі
ХІІІ ғ-ХУ ғ. бірінші жартысында қалалық мәдениеттің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz