Салыстырмалы - тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы орны


Slide 1

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы орны

Орындаған: Н. Сатылғанова

Қабылдаған: Укибасова Калия

Slide 2

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі

Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы -тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс блған бұл жайт ХІХ ғасырдын алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы -ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой пікір дамуның заңды, табиғи нәтижесі. ХҮІІІ ғасырдың сонғы жартысы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зертту әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.

Slide 3 Slide 4

Жаңа әдістің қалыптасуы

Жаңа әдістің қалыптасуы - ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.

Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізгі салушы деп саналады. Бопп еңбектері шынында да, зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындығын көрсетті.

Slide 5 Slide 6

Салыстырмалы - тарихи тіл білімі, ағымдар . Жас граматикалық бағыт .

Салыстырмалы -тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі -неміс ғалымы Якоб Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады . Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды .

Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Ол тарихи салыстырудың баспатдақты, хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырады . Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дам уының табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді .

Slide 7

ХІХ ғасыр тіл біліміндегі ағымдар .

Тіл білімі өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссызбірден жеткен жоқ . Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және қазір де бар. Ондай ағымдардың тууына түрткі болған себептердің бірі -тілдің өзіндік табиғаты мен мәнін ашу мәселесі. Кейбір ғалымдар тілдің қоғамдық мәнің дұрыс түсініп оны зертейтін ғылымды табиғаттану ғылымдары тобына қосты, тілді таза психикалыққұбылыс деп санап, тіл білімің психология ғалымына тәуелді етпекші болғандар да болды. Осыдан көзқарастағылар өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өз алдарына лингвистикалық мектептер болып қалыптасды . Олардың қатарына натуралистік, психалогиялық, жас грамматикалық депаталатын лингвистикалық мектептер жатады .

Slide 8

Натуралистік немесе биалогиялық көзқарас.

Натурализм латынның натура (жарталас ) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдын екінші жартысында Дарвин ілімнің әсерінен пайда болды.

Ғылымда натуралистер деп аталатындар -қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар.

Slide 9 Slide 10

Психологиялық көзқарас

Натуралистергеқарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт -психологиялық ағым деп аталады . Тіл біліміндегі психологизм ХІХ ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады . ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы көрнекті тіл ғылымдарының көбі осы бағытты жақтады . Тіл психологиясының обьектісі -адамдар сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер . Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің профессоры Александр Потебня (1835-1891), неміс ғалымдарыВильгелм Макс Вундт (1832-1920) , Герман Пауль, тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету -ХІХ ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді .

Slide 11

Жас грамматикалық бағыт

Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты . Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды . Францияда М. Бреаль, Швейцарияда Ф. ДеСоссюр, Америкада Уитни, Италияда Г. И. Асколи, Россияда Ф. Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды .

Бұл ағым өкілдері салыстырмалы -тарихи тіл білімінің өздеріне дейнігі өкілдерін «бұлар -жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-еуропалық ата тілді мүсіндеушілер» деп кекетіп, тіл ғылымдарын сол «сасық шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шақырған болатын . Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф. Царнке оларды «жас грамматистер» деп ажуаланғанеді. Осы ажуа ат бірте-бірте лингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты.

Slide 12

Мәскеу лингвистикалық мектебі

Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХғасырдың 70-80 жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тіл білімінің еөрнекті ғалымдарының бірі -академик Филипп Федорович Фортупатов (1848-1933) . Ол Германияда, Францияда Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үнді-Еуропа тілдерінің фонетикасы, морфологиясын зерттеп, бұл саладан біраз еңбектер берген.

Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академикАлексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933), т. б болды

Slide 13

Қазан лингвистикалықмектебі

Бұл Қазан қаласындағы университетте ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты . Оған дем беруші -поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-1929) . Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан.

Slide 14

Сонымен, айтылғандарды жинақтай, нақтылай, толықтыра түссек салыстырмалы-тарихи әдіс бойыншатуыстас тілдер фактілері бір-біріне салыстырыла зерттеледі. Мұндай салыстыруда екі түрлі мақсат көзделеді. Олар: салыстырылып отырған тілдер фактілері дамуының жалпы заңдылығын, олардың арасындағы туыстастықты ашу, тіл я тілдер тарихын айқындауға қажетті мәліметтер табу.

Slide 15

Зерттеу тәсілі - фактілерді салыстыру, көздейтін мақсаты - олардың тарихын ашу болғандықтан әдіс - «Салыстырмалы-тарихи тіл білімі» немесе латын тілінен алынған термин бойынша компаративистика делінеді.

Slide 16

Тіл тарихын зерттеуде жергілікті тіл ерекшеліктер, тіл біліміне байланысы бар тарих, археология, этнография сияқты ғылымдар табыстарында ұмыт қалдырмайды. Сонымен бірге салыстырмалы-тарихи әдісті тіл білімінің бірден-бір әдісі деп емес, зерттеудің әр түрлі тәсілдерінің бірі деп қарайды.

Slide 17

Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің кемшіліктері


Ұқсас жұмыстар
XIX ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі
Тіл біліміне кіріспе
Жалпы тіл білімі тіл ғылымының зерттеу нысаны
Грек тіл білімі
Тіл теориясы
Тіл философиясы
Тілдік жағдаят
Атаулар сөздігі
Жалпылама тіл білімі
Когнитивтік лингвистика ғылымының лингвистика ғылымының басқа салаларымен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz