Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті
Презентация қосу
Типтік бейненің басты
ерекшілігі туралы
Типтік бейне ерекшелігі
Суреткердің өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан
белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге
сай талғап-тану, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы
өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы,
даралуы типтендіру болып табылады.
Демек, типтендіру-мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формулаға»
көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби
шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және
әрқашан тың, тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем
бейненің құны мен қасиетін оның өмірдегі жанды дерегіне қарап
белгілейді. Жазушының тип жасау үстіндегі көңіл аударатыны-
типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. Суреткер бір
типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды.
Қөркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса
шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы дейік,
бәрібір, осылардын бәрі — бір-ақ ұғым — образ. Бейнелеу
— образдылық болса, бейне — образ. Әдебиеттегі адам,
сөздегі сурет, шығармада өмір шындығын жинақтау, адам
мінезін даралау, сайып келгенде, осылардын, бәрінің
сарқып кұяр сағасы біреу, ол — образ. Ал “образ —
эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты,
әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті”.
Біз енді осы образ дегеннін, өзін пайымдамақпыз. Образ
жасау — тек таланттыға ғана тән әрекет. Ал “талантты
жазушының әр образы — тип” дейді Белинский.
Демек, біз тип туралы толғаймыз.
«Талантты жазушының әр образы-тип»
дейді Белинксий.
…Нағыз суреткердің қолынан шыққан әрбір әдеби тип
әрі әбден жинақталған, сондықтан өзінен өзге ешкімге
ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен
мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр.
Жазушының өмірдегі ұсақ-түйек, кездейсоқ
жайлардан аулақ биік талғамы арқылы жинақтау және
даралау әрекетінен әдеби бейне туады. Әдеби бейненің
өмірдегі модельдерін өзгерте, құбылта, құлпырта
келгенде суреткердің, шығармасындағы әр
кейіпкердің, болмыс-бітімінде бір адамның емес, бір
алуан адамның сыр-сипаты жатады. Сонда бұл белгілі
бір әлеуметтік ортадағы бір топ адамның өкілі ретінде
танылады. Тип сыры осында
Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым кесек һәм күрделі нәрсе.
Неге десеңіз, мінез, бітім, әрекет, ұғым, рух, парасат жағынан байыптап
қарасақ, нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип — әрі әбден
жинақталған, сондықтан өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі
әбден дараланған, сондықтан өзі-нен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға.
Демек, типтің түрі мен мазмұнында “жалпы” мен “жалқының” бірлігі жатыр.
Оның көркем образ ретіндегі кесектігі де, күрделілігі де осында деп білу
керек.
М. Әуезовтің “Абай жолында” ондаған, жүздеген кейіпкер бар; көбі — тип.
Мысалға бір ғана Құнанбайды алып байқайық, бұл кім? Аса күрделі бейне:
әбден дараланған, бүкіл ішкі-тысқы бітімі өзінен өзге ешкімге ұқ-самайды.
Мінезі де, ақыл-парасаты да ерекше, іс-әрекеті де бірегей, бөлек. Бұл ретте
Құнанбай — жалқы тұлға. Сонымен қатар, ол әбден жинақталған, бір
Құнанбайда сол дәуірде өмір кешкен күллі құнанбайлардың бәріне ортақ мінез,
бітім, әрекет бар. Бұл ретте Құнанбай — жалпы тұлға, бүтін бір
әлеуметтік ортаның әр қилы өзгешеліктерінің жиынтығы.
Горыкийдің типке қояр талабы осылардың
бәріне түйін-тұжырым секілді:
“Егер сіздін, суреттеп көрсеткіңіз келгені дүкенші
болса, бір дүкеншіде отыз дүкенші жатсын; поп болса,
бір поп отыз поптан құралсын: мұныңызды
Херсондағылар оқыса, Херсон попын,
Арзамастағылар оқыса, Арзамас ‘попын көретін
болсын”.
Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті.
Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол
сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет
өмірлік материялды жинақтаудан әдеби тұлған ы даралауға
дейін барады.
Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар.
Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті.
Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау –
мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Мұның өзі, шын
мәніндегі өнер адамы үшін әрі әдемі, қызық әрекет те, әрі
“инемен құдық қазғандай” қиын әрекет. Суреткерлік, шеберлік
те осы әрекет үстінде көрінбек.
Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі –
типтілік туралы “қисын”емес, тірі мүсін – прототип.
Дәл осы себептен болуға тиіс, қылқалам шеберлері мен сөз зергерлерінің
бірқатары өздері өнерде жасамақ болған типтерге өмірден әдейі прототипін
іздеген. Мәселен, Леонардо до Винчи Иуданың прототипін іздеп,
Флоренцияның түкпір-түкпірін түгел тінтіп шыққан. Федотовтың “Майор
құдалығына”, Репиннің “Бурлактарына” прототиптер іздеуі де осыған ұқсас.
Ибсен суретшіге қандай керек болса, драматурга да сондай керек екенін
айтқан. Лесков көркем шығарма жазбас бұрын өзінің әрқашан “жан
дүниесімен көз тартып, көңіл ұйытар тірі кісілер” іздеп жұретінін
мойындаған.
Мұндай әрекет реализмге дейін шынында да сирек ұшырасады: классицизм
мен романтизм өкілдері прототипті көп пайдалана қоймаған. Типтің түп
нұсқасын протиптен табу – шыншыл суреткерге тән мінез. Бұл ретте,
Грибоедовтың “Ақылдан қайғысындағы” шыншылдық сыры тіпті қызық:
комедияға типтер галереясынан Мәскеудің әр ақсүйегі өзін тауып ала берген.
Қорытынды
Әр істі бастау қандай қиын болса, аяқтау сондай қиын.
Виктор Шкловский әдеби ‘қауымға кеңінен таныс теориялық зерттеу-лерінің бірін
қалай бастаудың бабын таппай қиналып, бұл реттегі жауапкершілік жөнін былай
білдіріп еді: “Көне риторика үлгісіне бақсақ, заттың тақырыбын тұжырымдайтын
қысқа кіріспеден бастауға болады. Кейде кешегі өткен жайларға қайырыла сөйлеген
жөн деседі; кейде өзіңнің жаза білмейтініңді әңгімелеу орынды, кейде
тыңдаушымен кеңесу қонымды, кейде ұстазыңның мықтылығы мен өзіңнін,
осалдығыңды мойындаудан бастаған дұрыс деседі”*.
Ал аяқтау бұдан да жауаптырақ.
Александр Твардовский совет классикасынық асыл қазынасына қосылғай керемет
кітабын басынан емес, бел “ортасынан бастап, аяқсыз бітіргенін” өлеңмен айтты.
Бұл тегін айтылмаған: өмір қандай шексіз болса, өнер де сондай шетсіз,— бұлар
жайлы сөз ешқашан бітпек емес.
Осы еңбектің басқы тарауларының бірінде біз сөз өнері туралы тұңғыш толғамдар
бұдан бес мың жыл бұрын туа бастағанын айттық. Аристотель тұсында теориялық
толғам эстетикалық трактатқа айналды. Содан бергі он-сан ғасыр бойына сөз
өнерінің табиғаты күллі әлем көлеміңде тексерілген үстіне тексеріліп келеді, бірақ
ешкім талдап түгесе алар емес және көркем сөз құпиялары қазыла қопарылған
сайын тереңдей түседі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz