Тіл дамуының заңдылықтары
Презентация қосу
Тілдін даму
заңдылықтарының өзіндік
ерекшіліктері
Орындаған: Н.Сатылғанова
Қабылдаған:
Тілдің даму заңдылықтары
Тіл дамуының заңдылықтары. Тіл
дамуының өзіндік заңдылығы бар, оның
өзгеріске ұшырауына себепші, түрткі
болатын жағдайлары болады. Тілде болатын
өзгерістердің біразы оны қолданушы
қауымның еркінен тыс, тілдің өзіндік ішкі
даму заңы бойынша іске асады. Тілдің ішкі
даму заңы жалпы тілдік болуы да, жеке,
нақтылы бір тілдік болуы да мүмкін. Бірақ
бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Тілдер дамуындағы жалпы заңдылыққа
төмендегілер жатады
Бірте-бірте эволюциялық жолмен даму.
Тілдік қабаттардың барлығы бірдей
дәрежеде, біркелкі дамымайды, жағдайға,
өмір талабына сәйкес әр түрлі қарқында, әр
түрлі сапада дамиды.
Тіл қатынас құралы қызметін атқарып
түрған жағдайда әрқашан да даму үстінде
болады. Сондықтан оның дамуын тарихтан
бұрынғы,тарихтан кейінгі деп кезеңге,
немесе әр түрлі сатыға бөлу дұрыс емес.
Тілдің дамуы қоғам дамуымен тығыз байланыста болады,
бірақ бұл екеуінің дамуы бір емес, әрқайсысының өзіндік
ерекшелігі бар.
Тілдің даму қарқыны, шыңдалып жетілу дәрежесі қоғам
дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше болады. Оның кейбір
кезеңдерінде тіл мардымды өзгеріске ұшырамайтын болса,
екінші бір дәуірлерінде тез қарқынмен дамиды.
Тілдің қай-қайсысында да оның құрылымдық элементтерін
абстракциялап қолдану заңы бар.
Дыбыс тілі дамуына тән тағы бір ортақ заңдылық—
дифференция заңы.
Тіл дамуында дифференцияциялаумен қатар, оған қарама-
қарсы мәндегі интеграциялау(топтау, біріктіру) принципі де
болады.
Тілдер дамуында болатын ортақ құбылыстардың тағы бір түрі
— аналогиялық принцип. Бұл тәсіл бойынша тілде бұрыннан
бар белгілі бір тұлғаға, амал-тәсілге сүйеніп, соған ұқсас
жаңа, тың туындылар жасалады
Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы
себептері.
Тілдік құбылыстарға себепші, болатын
факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл
білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде
екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі
— сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп
аталады. Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда
болуына түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің
өзіне, өз жүйесіне тән, өзінің ішкі ерекшелігінен
туған заңдылығы болса, ол ішкі себеп болады да,
тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары,
тілді қоршаған әлемнен, ортадан туған түрткі
болса, ол сыртқы себеп болады.
Тілдік өзгерістерге себепші болатын сыртқы
факторлардың ең күштісі — қоғамдық
прогресс, қоғамның рухани өміріндегі,
өндіргіш күштер мен техникадағы,
ғылымдағы, шаруашылықтағы өзгерістер.
Қоғам өмірінде болатын мұндай прогресс тіл
дамуына елеулі ықпал жасайды. Бүған
дәлелді басқа жақтан іздемей-ақ қазақ тілінің
Октябрь революциясынан кейінгі
жағдайынан-ақ табуға болады. Бұл кезең
ішінде қазақ халқының саяси-шаруашылық,
ғылыми техникалық, рухани, мәдени өмірінде
бұрынғы ұзақ ғасырлық тарихында болып
көрмеген ұлы өзгерістер, жаңалықтар болды.
Тілдің әр саласының даму
ерекшеліктері
Тілде дамымай өзгеріске ұшырамай бір қалыпта
қалып қоятын ешнәрсе де жоқ, заман өткен
сайын оның барлық саласы да өзгеріске үшырап,
дамып отырады. Оларда болатьш өзгеріс-
қүбылыстардың тағдыры, қарқын-сипаты
алдыңғы тарауда сөз болған ішкі, сыртқы
себептерге байланысты.
Дегенмен дәуір талабы, сол тілде сөйлейтін
қауым мұқтажы деңгейлес бола тұрса да тілдік
әр қабаттың әр түрлі сипатта өзгеріп,
дамитындығы бола беретін құбылыс. Ол әр
қабаттың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.
Лексиканың дамуы.
Тілдің лексикалық құрамы оның басқа
салаларының қай-қайсысынан болса да
өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрамның
тілдік категориялар ішіндегі ең бір
өзгерімпаз, дамығыш сала болатын себебі
ол адамдардың қоғамдық өмірінің барлық
саласымен, күллі тіршілігімен тікелей
байланысты, қоғам өміріндегі өзгерістерді,
жаңалықтарды тез қабылдайды және
дереу, тікелей атап көрсетеді.
Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі әр
тілдің өзіндік байырғы материялары негізінде,
екінші басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.
Бірінші тәсіл — тілдің сөздік қорын дамытудың ең
өнімді ең маңызды жолы. Бұл тәсіл арқылы тілдің
сөздік құрамын дамытудың, жаңа заттардың, жаңа
үғымдардың атауларын жасаудың жолдары әр
түрлі. Ондай жолдардың біріншісі, тілде бұрыннан
бар, бірақ әрқайсысы әр түрлі мағынада
қолданылатын екі түрлі сөзді біріктіру арқылы жаңа
сөз жасалады да, жаңа ұғымды білдіреді. Мысалы,
қазақ тілінде бертінде ғана біріктіріліп айтылып,
жаңа ұғымдарға атау болып жүрген өнеркәсіп,
жалақы, демалыс, еңбеккүн бесжылдық, баспасөз,
көзқарас, қолөнер, өмірбаян, кәсіпорын, шикізат,
келіссөз дегендер тәріздес сөздер.
Екінші жол тілде бұрыннан бар сөздердің
ескі мағыналарының өзгеріп, жаңа
мағынада немесе бұрынғы мағыналарының
үстіне қосымша жаңа, кеңірек мағынада
қолданылуы арқылы іске асады.
Баспасөздің дамуына байланысты
тіліміздің жазу тіліне, ғалым тіліне
айналуының нәтижесінде бұрынғы
көптеген қарапайым сөздеріміз күрделі
жаңа ұғымдардың көрсеткішіне, белгілі бір
ғылыми саласындағы терминдік сөздерге
айналды. Оларға дыбыс, жұрнақ, жалғау,
одақ, жарыс, сезім, баспа, түйсік, ұя,
қондырма, айналым, төңкеріс тәріздес
Фонетиканың дамуы
Әдетте, тілдің дыбыстық құрылымы лексикаға қарағанда
әлдеқайда баяу өзгеретін сала деп есептеледі. Сөйлеудің
фонетикалық құбылыстарға ұшырауы — оны пайдаланып
отырған бір ұрпақ өмірінде болмайтындығы, оның тілдің бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысқан дәуірінде болатындығы
ғылымда орныққан қағида. Өзгерістің бұл түрі «көпшілік
жағдайда кейінгі ұрпақтың алдыңғы ұрпақтан қабылдаған
тілдік жүйеден ауытқуға жол беретіндіктеріне келіп тіреледі.
Ондай ауытқу екі түрлі болады: а) Алдыңғы ұрпақ тілінде өзара
жақын болғанымен бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі
дыбысты кейінгі ұрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде
қолдануы, бұл тіл білімінде конвергенция деп аталады. ә)
Алдыңғы ұрпақ тілінде бір дыбыс, немесе бір дыбыстың
варианты ғана болып келгендер кейінгі ұрпақ тілінде екі бөлек
дыбыс болып кетуі мүмкін. Бұл дивергенция деп аталады.
Грамматиканың дамуы.
Тілдердің грамматикалық құрылыстарының
трұақтылығын, оның өте баяу өзгеретінін лингвистер
өткен ғасырдың өзінде-ақ байқаған. Бірақ әңгіменің
түйіні ненің тез, ненің баяу өзгеретінін айтуда ғана емес,
сонымен бірге оның себебін ашуда. Грамматикалық
құрылымның баяу өзгеруінің себебін көптеген көрнекті
ғалымдар оның құрылым ерекшелігінен, өзіндік ерекше
категориялары болатындығынан ізденуді ұсынады.
Грамматикалық жүйе басқа қабаттар жүйесіне, әсіресе
лексика жүйесіне қарағанда әлдеқайда күрделі, берік,
қат-қабаты мол жүйе. Сондай-ақ, грамматикалық
формалар мен олардың мағыналарының ара-
қатынастары да анағүрлым күрделі, жанама түрде болып
келеді.
Бұлардың үстіне тілдің грамматикалық
құрылымындағы құбылыстар лексикадағыдай
бірден көзге түсіп, көрнеу тұрмайды. Мысалы,
қазіргі тіліміздегі қосымшалар, сейлем мүшелері
мен жай және құрмалас сөйлем түрлері, тағы
осылар сияқтылар — сонау ертеректердегі жазу
нұсқаларының өзінде де бар категориялар. Бүкіл
түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінде
қазіргі грамматикалық құрылысының
типологиялық негізгі белгісі — жалғамалылық
қасиет сонау V ғасырлардан сақтанған Орхон-
Енисейжазбаларыныңөзінде де әбден орныққан,
жетілген күйде, яғни қазірдегі тәрізді сипатта
кездеседі.
Назарларынызға
рахмет!!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz