Қолдаушы сөйлем


Slide 1 Slide 2

ЭССЕ және оның түрлері

Slide 3

Эссе (француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" - ойлау) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7

Эссе

Шығарма

Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai -тәжірбие, лат. т. exagium - құрау) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Эссе жазылу мақсатына қарай оған қойылатын талаптар да әртүрлі болады. Эссе жазушы мақсатқа сәйкес эссе түрінің талаптарын сақтап отырып жазады.

Шығарма - оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі.

Шығарма - берілген белгілі бір тақырып бойынша жазылатын, міндетті құрылымнан тұратын, пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.

Эссенің қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.

Шығармада жоспарды жазу міндетті.

Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

Шығарма көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.

Эссенің мақсаты - эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтаудағы сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашылық жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.

Шығарманың мақсаты - жазылым тілін, логикалық ойлауды дамыту.

Шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен тиісті орнын өз танымымен көркемдеп бере алу.

Slide 8

Эссе құрылымы

Кіріспе

Эссе тақырыбын туралы жалпы түсінік

Тақырыптың өзектілігі

Кіріспе бөлімнен негізгі бөлімге өтуші сөйлем

Негізгі бөлім

Тақырыптық сөйлем (тезис)

Қолдаушы сөйлем (аргумент, анализ)

Қолдаушы сөйлем

Қорытынды сөйлем

Тақырыптық сөйлем (тезис)

Қолдаушы сөйлем (аргумент, анализ)

Қолдаушы сөйлем

Қорытынды сөйлем

Тақырыптық сөйлем (тезис)

Қолдаушы сөйлем (аргумент, анализ)

Қолдаушы сөйлем

Қорытынды сөйлем

Қорытынды бөлім

Кіріспе бөлімдегі негізгі ойға қайта оралу

Негізгі бөлімдегі барлық абзацтардың түйіні

Эссені қорытындылаушы сөйлем (ұсыныс жазуға болады)

Slide 9

Мәтіндер негізінен бірнеше ой бөлігінен тұрады

Бір ой бөлігінде бір ой толықтай ашып жазылады

Әр ой бөлігі тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады.

Тақырыптық сөйлем - ой бөлігінің негізгі идеясын көрсетеді

Қолдаушы сөйлемдер - тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер

Қорытынды сөйлем - азат жолдағы ойды қорытындылайтын сөйлем

Сонымен қатар, ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады.

Ең бастысы әр ой бөлігі жаңа азат жолдан басталып жазылады.

Slide 10

Мысалы:

Тақырыптық сөйлем:

Фаст-фудпен тамақтану - адам ағзасына зиян.

Қолдаушы сөйлемдер:

Олардың құрамында майлар мен консерванттар көп, дәрумендер мүлде жоқ. Фаст-фуд құрамындағы химиялық қоспалар әсерінен созылмалы тұмау, ашушаңдық, аллергия, инфаркт сияқты сырқаттарға шалдықтыруы мүмкін.

Қорытынды сөйлем:

Сондықтан, денсаулықты күту үшін шапшаң дайындалатын фаст-фуд өнімдерінен аулақ болу қажет.

Slide 11

Өзіндік көзқарас

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан …., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны, …, Мен шын мәнісінде сенемін…, Ал маған келер болсақ …,

Артықшылығы мен кемшілігін санамалау

Артықшылықтардың бірі…, Келесі артықшылығы…, Тағы басқа артықшылықтарына тоқталсақ…, Басты артықшылығы, Ең маңыздысы…, Ең басты артықшылығы…болып табылады, өйткені…

Көзқарасты санамалау

Біріншіден…, Бірінші орында…, Бәрінен бұрын…, Екіншіден…, Үшіншіден …, Қорытындасында…,

Бір сұраққа қатысты тағы да ой қосу

Сонымен қатар …, Сондай-ақ…, мұны /оны айтпағанда …, Бұл мәселеге қосар болсақ …, Бұдан басқа…, …Оны айтпағанда …,

Басқа ресурстарға сілтеме жасау

Сілтемелерге сүйенсек…, Соңғы ғылыми зерттеулерге сүйенсек…, Браунхилл (2013ж) ұсынады…

Көзқарасқа акцент жасау

Шындығында …, Заңдылық…, Сөзсіз…, айқын …, Әрине…,

Мысалдар келтіру

Мысалға…, Мысалы…, Мысалға алсақ…

Басқа адамдардың ой-пікірін білдіру

Көпшіліктің пікірінше…, Кейбір адамдар аргументтерді …. . пайдасына келтіреді …, Көпшіліктің пайымдауынша, …, Кейбір адамдар …. атап өтеді, …, көпшілікке тараған көзқарасқа тарамастан …

Қорытынды жасау

Қорытындылай келе…, Қорытындасында …, Барлығын басшылыққа ала отырып…, Барлық пайымдауларды ескере келе …, Жоғарыдағы пікірлерді ескере келе…

Slide 12

Эссе жазу алдында қандай жұмыстар жүргізген дұрыс?

Талқылау, пікірталас

Афоризм, мақал-мәтелдер

Таным деректер

Бейнематериалдар, (фильмнен үзінді, деректі фильм, әнбаян, т. б)

Суреттер

Көркем шығармадан үзінділер

Кешегі күні Сізге бірден эссе жазуға тапсырма берген уақытта қандай сезімде болдыңыз?

Slide 13

Эссені талдау

Әдеби-талдау эссе

Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автордың батыр мінезін танытуын талдап жазыңыз.

Батыр - ерен күш иесі, еш нәрседен қорықпайтын, жауға тік келетін айбарлы адам. Адамның батырлығы, батырға тән мінезі жағдаят үстінде танылады. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі кейіпкер - Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы. Әзілхан Нұршайықов туындыда аты аңызға айналған батырды оқырманына барынша жеткізуге тырысқан. Оны қан майдандағы батыр ретінде ғана емес, адам құндылықтары тұрғысынан да таныта білген.

Роман-диалогте Бауыржан Момышұлы қара батырға тән мінезімен көрінеді. Оны автор Серебряковтың Жоғарғы Президиумға жазған хатындағы: «. . . ұрыс үстінде Момышұлы жаралы болды. «Енді шегінерлік жер жоқ, полкта адам аз қалды, не көрсем де полкпен бірге көремін», - деп, ол ұрыс даласын тастап кетуден бас тартты», - деген жолдар арқылы жеткізді. Бауыржан Момышұлының бойында жігерін қайрай білетін, бірбеткейлік батырға тән мінез бар. Ол ауыр жараланса да, ұрыс даласынан кетпеді. Мұндай батырларды қазақ халқында қара батыр деп атайды. Батырға тән қасиет алып қара күш иесі және қорықпайтын жаужүрек болумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда Бауыржан Момышұлын кемеңгерлігімен танытады. Автордың «. . . не бары жаудың екі-ақ танкін жойдым» деген сөзіне: «Сен сияқты солдаттың әрқайсысы екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!? . . . сегіз фашисті өлтіріпсің, . . . Ал екі мың отандасыңды ажалдан аман алып қалыпсың. Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек емес, қарағым!» - деген сөзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілдігін, кеңпейілдігін көрсетті. Батыр Бауыржан: «Сенің мұның менің батырлығымның қасында түк емес» - деген сияқты менмендік танытпай, өзі сияқты соғыс жауынгерінің бағасын арттырып, құрметтей білді. Автор, тіпті, «Апырай, а! . . . күні бүгінге дейін еліме мұндай еңбек сіңірдім деп ойламаушы едім» - деп қанаттанып қалды. Мұндай даналық батырлықпен пара-пар.

Қорытындылай келе, роман-диалогтегі автор жеткізген батырдың әр сөзі, әрекеті - оқырманына үлгі. Үлгі болып қана қоймай, отан, туған жер, абырой, парыз туралы ойлануына түрткі болады. Бұл роман-диалогті қазақ қана оқып қоймай, әлемнің әрбір тіліне аударылып, жалпыадамзаттық құндылыққа тәрбиелеудің көркем құралы ретінде таратылуы керек.

Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17

Академиялық жазылым дегеніміз

-Зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі.


Ұқсас жұмыстар
Тапсырма арқылы саралау деңгейлік тапсырма
Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау
Сүйіспеншілік энергиясы
МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Сұрақтың түрлері, техникалары
Біріккен Нидерландтың Тәуелсіздік алуы
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі, үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
Құрмалас сөйлем түрлері
АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ ЖАСАЛУЫ
Бұйрықты сөйлем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz