Түрік тілдерінің сөздігі мәңгі өшпес мұра


Slide 1

«Диуани луғат ат-түріктегі әдебиет үлгілері, олардың жанрлық түрлері»

Махмуд Қашғари

С-1701-10 тобының студенті Сатылғанова Нургул Айдарбекқызы

Slide 2

«Түрік тілдерінің сөздігі» мәңгі өшпес мұра. Бұл кітап - түрік тілдерінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Ғұлама өз еңбегінде түрік тілдес тайпалардың тілін ғана зерттеп койған жоқ, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар қалдырды.

Slide 3 Slide 4

ЕҢБЕКТІҢ АТАУЫ НЕЛІКТЕН «ДИУАН ЛҰҒАТ аТ-ТҮРІК»? Түркі тілінің тұңғыш оқулығын әзірлеп, грамматикасын түзген, түбі бір түркі халықтары тіл өнерінің өрісін мәңгілікке кеңейтіп, өркенін өсірген, түркі тілдерінің диалектологиясының, лексикологиясы мен грамматикасының негізін қалап, тіл білімі тарихында салыстырмалы тарихи әдісті тұңғыш рет қолданған ғұлама ғалым Қашқари Махмұд, атын мәңгілікке өлтірмейтін, өзіне және зерттеушілеріне сарқылмас қайнаркөз болатын тынысы кең байсалды да ұлы еңбегіне Диуан Лұғат-ит-түрк, яғни түркі тілі сөздігінің жинағы деп ат қояды. Бұл жөнінде «Диуанында»: «Маған шексіз абырой, сарқылмас-түгесілмес қайнаркөз болсын деген тілекпен осы кітапты жазып шықтым да, бір Тәңірге сиынып, оған «Диуан Лұғат ат-Түрік» - түркі тілдері сөздігінің жинағы» деп ат қойдым», - деп жазады. Түбі бір күллі түркі тілдерінің тұтастығын білдіретін ортақ қасиеттері мен айырым белгілері айқындалып, өзекті заңдылықтары жүйеленген, түркі жазба әдеби тілінің грамматикасы түзіліп, сөздік қоры жинақталған осынау ғажайып еңбектің аты затына сай, өте дөп қойылған деп есептейміз.

Slide 5 Slide 6

ҚАШҚАРИ «ДИУАНЫН» ҚАШАН ЖАЗҒАН? Еңбекті Қашқари Бағдатқа келген соң не келмей тұрып жазғандығы жөнінде түрлі көзқарастар бар. Дегенмен Стамбұлдағы жалғыз нұсқаның соңғы бетінде келтірілген мәліметке қарағанда Қашқарлының Диуан Лұғат ат-Түркі 1072 жылдың 25 қаңтарында басталып, 4 рет редакцияланған соң 1074 жылдың 10 ақпанында аяқталған. Осы күні Стамбұлдың Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған Диуан Лұғат-ит-Түріктің жалғыз нұсқасы Мәмлүктер топырағында Сұлтан Бейбарыс заманында Савада туып, Дамаскіде өмір сүрген Мұхаммед ибн ӘбуБәкір ибн Әбул-Фатхтың қолымен шамамен 200 жылдан кейін 1266 жылдың 1 тамызында көшірілген.

Slide 7

«ДИУАН» ҚАЙ ТІЛДЕРГЕ АУДАРЫЛҒАН»

түрік, қазақ, ұйғыр, өзбек, әзірбайжан, қытай, ағылшын және парсы тілдеріне аударылып жарияланған «Диуан Лұғат-ит-түріктің» аудармалары мыңдаған кандидаттық және докторлық диссертациялар мен іргелі зерттеу еңбектеріне әлі күнге арқау етіліп келеді. .

Жәдігерді тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлетіп, баспаға дайындаған Асқар Егеубаев болды. 1997 жылы 1-2 томдарын, 1998 жылы 3-томын «Түрік Сөздігі» деген атпен жариялаған болатын.

Slide 8

ҚАШҚАРИДІҢ ҒАЖАЙЫП КАРТАСЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?

«Диуанның» негізгі ерекшеліктерінің бірі ретінде еңбектің 23-24 беттерінде орын алған әлемнің картасын атап өтуге болады. Бұл бір түркі азаматының қолымен сызылған әлемнің тұңғыш картасы. Әлбетте осыдан 1000 жыл бұрынғы шарттардағы жағрапия ғылымының мүмкіндігі тұрғысынан баға берер болсақ, өте жоғары деңгейде әзірленген.

Slide 9

Әдеби мәні

Әдебиет ескерткіштерінің қысқаша хрестоматиясы” деуге болар еді. Өйткені мұнда автор өмір сүрген дәуірде ғана емес, одан сан ғасырлар бұрын өмірге келген халықтық өлең-жырлардың, мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің, көркем теңеулердің, фразеологиялық тіркестердің, т. б. ғажайып үлгілері бар.

“Диуани лұғат ат-түркке” екі жүзден астам өлең, үш жузге тарта мақал-мәтелдер, толып жатқан қанатты сөздер, көркем теңеулер, т. б. енген. Бұл жөнінде Махмұд Қашғари: “Мен бұл кітапты арнайы әліппе тәртібі бойынша парасатты-ғибрат сөздер, сажьдар (ақ өлең ұйқасымен жазылған прозалық шығарма), мақалдар, өлеңдер, ражаз (ерлік жырлары) және наср (проза) деп аталатын әдеби үзінділермен көркемдедім”- деп жазады.

Slide 10

Сөздіктегі Алғашқы қауымда тіршілік еткен адамның ерекше назар аударған нәрсесі- Табиғат туралы өлең -жырлар. құбылыстары болды.

Мұның өзі түснікті де. Өйткені адам әлі өзін қоршаған табиғатқа толық тәуелді еді. Сондықтан да ол жанға жайлы, арқар-киігі асыр салған көктем көріністерін мақтады, ал қаһарлы, мейірімсіз қыс аязына ызаланып, оған арнап өзінше өлең шығарды. Мәселен, ежелгі дәуір адамдарына көктем көріністері қалай әсер еткенін, олардың табиғатқа жас баладай қызығып, тамсанып қарайтынын төмендегідей өлең жолдарынан сезуге болады:

Қар, боз кәмұғ эрушді,

Тағләр сууі ақішді,

Көкшін бүліт өрүшді,

Кәйғұқ болуб окрішүр.

(Қар, мұз еріді, тау суы аға бастады. Кегілдір бұлт көтерілді, ол суда жүзген қайықтай аспанда жүзіп бара жатты) .

Slide 11

“Диуани лұғат ат-түрктегі” өлең- жырлардың қайсысы қай кезде жазылғанын дәлме-дәл анықтап білу қиын. Әйтсе де сол әдеби шығармалардан алынған шағын үзінділердің мазмұнына, тілі мен жазу стиліне қарап қай дәуірдің әдеби туындылары екенін шамалап айтуға болады. Көптеген өлең-жырлардың өте-мөте ертеде, тіпті алғашқы қауым кезінде өмірге келгенін аңғару қиын емес. Мұндай көне жырларда, мақал-мәтелдерде түрлі тайпалардың өте ерте замандағы өмірі, алғашқы қауымдағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, олардың Көк тәңірісі мен Күнге табынуы, табиғат құбы-лыстарынан зәресі қалмай қорқуы бейнеленеді.

Slide 12

Махмүд Қашғаридің “Диуани лұғат ат-түрк” атты түркі сөздерінің жинағы арқылы бізге жеткен алғашқы қауым адамдарының еңбек жөніндегі өлең-жырлары - сол дәуір адамдарының аңшылық, егіншілік және мал өсіру саласындағы өмірін, _еңбек процесін, тайпа мүшелерінің қауымдасқан тұрмыс-тіршілігін бейнелейді.

Ерлікті Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамдары Мадақтау. жүрек жұтқан ерлікті, батырлықты ерекше қастерлеп, жырға қосқан. Жан түршігерлік үрейлі аңдармен арпалыста

немесе түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерлігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен көзге түскен батырларды көкке көтере мадақтайтын өлең жолдары “Диуани лүғат ат-түркте” жиі ұшырайды. Мәселен, осындай қаһармандық жырлардың бірінде

тау басында тұрған батыр жақындап келе жатқан тобын көріп былай дейді: Көзі кіқріб уғіш тердім,

Иағі қару керіш көрдім,

Тоқүш ічра уруш бердім,

Эран көруб баші тіғді,

(Таудан төмен қарап айғайлап, ру-тайпаларымды жинадым. Жауға қарсы садағымды оқтадым. Майданға шығып, өзім шайқас бастадым. Мені көріп жау батырларыныц бастары салбырап қалды) .

Slide 13

Мақал-мәтелдер.

Бұрын халық арасына кең тараған мақал-мәтелдер, афоризмдер жиі ұшырайды.

Халықтың мұндай даналық сөздері адамдардың сан ғасырлық өмір тәжірибесінен туатыны мәлім. Мақал мен мәтелге айналып кеткен ғибрат сездер - өмірдің қыры мен сырына әбден қанығып барып жасалған корытынды пікірлер секілді болып келеді.

Енді “Диуани лұғат ат-түркте” кездесетін осындай макал-мәтелдерден бірнеше мысал келтірейік:

Алп чірәнда, білка тіракта

(Батыр - майданда, ғалым - оцгімеде сыналар) .

Күз Келігі йазун балкурур

(Күздің келетіні жаздан-ақ белгілі) .

Кұт білгісі - біліг

(Бакыт белгісі - білім мен ақыл) .

Ардам баші - тіл

(Әдептің басы - тіл) .

Арсылан қарыса сычған енін күзетур

(Арыстан қартайса тышқан інін күзетер) .

Slide 14

М. Қашғари “Диуани лұғат ат-түрікте” тұрмыс- салт жинаған тұрмыс- жырларынан келтірілген үзінді өлеңдер Салт жырлары.

көбірек кездеседі. Мұның өзі түсінікті де. Халық өмірінің айнасы саналатын тұрмыс-салт жырлары - түркі тілдес халықтар фольклорының ең көне жанрларының бірі деуге болады. Әсіресе, төрт түлік мал туралы өлеңдері мен наурыз жырлары - барлық өлең тобының ішіндегі ең қадым замандардан сақталып келе жатқан түрлеріне жатады, Мұндай жырлардан өте ерте замандағы адамдардың тұрмыс-тіршілігін, еңбегін, кәсібін, әдет-ғұрпын” салт-санасын, тотемдік түсініктерін танып білеміз.


Ұқсас жұмыстар
ГРАММАТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАП, ТІЛ БІЛІМІ ТАРИХЫНДА
Түркі ғалымы
ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ - Енисей өзені бойында табылған, ежелгі түркі сына жазуымен жазылған ескерткіштер
Махмұт Қашқари
Тоныкөк ескерткіші
Қазақ философиясы туралы
Миссионерлік бағыттағы қазақ фонетикасының зерттелуі
Қыпшақ ескерткіштерін қазақ тілімен сабақтастыра зерттеу
Жамаладдин ибн Мұхан түрік данасы
Түрік сөздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz