Стартап - жобалардағы маркетинг
Презентация қосу
№8 Сабақ: «Стартап-жобалардағы маркетинг»
Автор: Проектный офис ОПИБ
Сабақ мақсаттары:
•Стартап-жоба үшін маркетингтің мәнін түсіну.
• Тұтынушылар сегменттері мен олардың қажеттіліктерін,
нарық сыйымдылығын талдау.
• Өміршеңдігі минималды өнімнің (MVP) қағидаларын
түсіну.
• Өз стартапында ең аз мөлшерде өнімді сату туралы
шешім қабылдау
Стартап-жобалардағы маркетинг
10-сыныпта маркетинг негіздері туралы мағлұмат алдыңыздар, қазір маркетингтің
не екенін, маркетингте қандай стратегиялар болатынын білесіздер, маркетинг миксті
қалай пайдалануға болатынын да меңгердіңіздер. Марке-тинг зерттеулерін
кабинетте отырып не далада жүргізуге дағдыландыңыздар, сондай-ақ SWOT талдау
жүргізе аласыздар. Өнімнің мақсатты аудиториясын қалай анықтау керек екенін,
тұтынушыларды қалай сегменттеуге болатынын түсіндіңіздер. «Бренд» ұғымы, ATL,
BTL маркетингтік коммуникациялары, сандық маркетинг ұстанымдары жайында
мағлұмат алдыңыздар.
Маркетинг дегеніміз (ағылш. marketing — «нарықтық қызмет») — сатып
алушыларға өнімді немесе қызметтерді жасау, жылжыту және ұсыну үдерістерін
ұйымдастыру қызметі мен жиынтығы, олармен ұйым үшін пайдалы қарым-қатынас
орнатуды басқару.
Бірегей сауда ұсынысы (БСҰ)
Сонымен, сіздің қандай да бір өніміңіз не бизнес идеяңыз бар? Тұтынушылар
не себепті оны сатып алуға мүдделі болуы керек? Оның басқа тауарлар мен
қызметтерден қандай айырмашылығы бар? Несі артық? Бұл сұрақтардың жауа-
бы өніміңіздің бірегей сауда ұсынысында (БСҰ) көрсетіледі.
Бірегей сауда ұсынысы (БСҰ) - сіздің өніміңіздің қозғаушы күші, Оны алға
жылжыту үшін қосымша энергия қажет. Яғни, БСҰ бәсекелестердің өнімдері
мен қызметтеріне қарағанда тауардың немесе қызметтің нақты тұжырымдалған
артықшылығы болып табылады.
Сіздің бизнес-идеяңыз бар. Идеяңызды әжеңізге қалай айтып берер едіңіз? Немесе көшеде бірінші
кездескен адамға өніміңізді сатуыңыз керек болды. Сонда не дер едіңіз? Өніміңізді сипаттаған
сөзіңіз бірегей сауда ұсынысыңыз болады.
1. Сіздің БСҰ өз өніміңізбен айналысқыңыз келетін нақты тауашаны (пайда әкелетін нарықтың
игерілмеген бос орны) көрсете алады. Мысалы, сіз караоке ашуға шешім қабылдадыңыз, бірақ
нақты аудиториямен — рок табынушыларымен жұмыс істегіңіз келеді. Сіздің БСҰ «рок караоке-
бар» деп аталады. Мұндағы барлық үш сөз өнімнің бірегейлігін сипаттайды. Жай ғана «караоке»
емес, «рок караоке» (яғни аудиторияның белгілі бір сегментіне бағытталған) және жай ғана «рок
караоке» емес, «рок караоке-бар» (яғни сіз өз клиенттеріңізге мынаны айтасыз: «Сіз мұнда рок
тыңдай аласыз, кешкі асқа достарыңызбен отырасыз, сырласып сөйлесе аласыз, ал қаласаңыз —
жақсы компанияда сүйікті әндерді айта аласыз»).
2. Сіздің БСҰ бұрын болмаған бірегей тауарды нарыққа шығарғаныңыз ту-ралы хабарлай аласыз.
Мысалы, сіз қала бойынша экскурсия жасағыңыз келеді. Бірақ бәсекелестерден өзгеше болу үшін
сіз нарықта жоқ авторлық экскурсияларды ойлап тапсам деп шештіңіз. Сіздің «Гастрономиялық
Ал-маты» экскурсиясының» БСҰ сіздің өніміңіз туралы: «Сіз қаланы аралап, біліп қана қоймай,
оның ерекше тұсы — әлемнің әртүрлі халықтарының асханаларының дәмін татып таныса аласыз»
деп әңгімелейді
3. БСҰ-да өніміңізге қосымша сервис тіркелгенін айтуыңызға болады. Мыса-лы, сіздің электроника
дүкеніңіз бар. Ноутбук барлық дүкенде сатылады. Бірақ БСҰ-ңызда ноутбук сатып алған адамға
лицензиялы Windows, Office, антивирус сыйлыққа тарту етілетіні туралы хабарласаңыз, сатып алушы
басқаға емес, сіздің дүкенге келеді.
4. БСҰ клиенттердің нақты бір тобына арналуы мүмкін. Мәселен, «Арулардың көлік жүргізу мектебі»
атты БСҰ-ңызда курста қыз-келіншектерге не ке-рек екенін білетін нұсқаушылар мен студент қыздар
ғана болатынын, т.с.с. айтуыңызға болады.
5. БСҰ-да негізгі ерекшеліктерді көрсетуге болады. Мысалы, «Кішкене пиц-цаның бағасымен үл кен
пицца» атты БСҰ-ңыз тұты нушы ларды сіздің жеке пиццерияңыз бар екені нен хабар дар етумен
қатар үл кен пиццаны кішке-не пиц ца ның бағасымен бе руі ңізге байланысты осы жер де та
мақтанған әлдеқай да тиім ді болатынын да білдіреді.
6. БСҰ-да қандай да бір позиция бойынша басымдықты көрсетуге болады: тез жеткізіп беру, бағасы,
сапасы, т.с.с. Мысалы, «Желден жүйрік» деген БСҰ жүкті бір жерден екінші жерге жеткізіп
беретіңізді ғана емес, өте тез жет-кізіп беретініңізді де білдіреді
7. Ақыр соңында, БСҰ сіздің өніміңіздің немесе қызметіңіздің жоғары тиімділігі туралы хабарлауы
мүмкін. Со ны мен, English.kz ағылшын тілі мектебінің БСҰ «1 ай ішінде IELTS-тың 1 балы
қосылады» деп айтса, осылайша клиенттер IELTS ағылшын тілін білу емтиханын тапсыруға
дайындалып қана қоймай, сондай-ақ оны тез үйренетіні де айтылып тұр.
БСҰ бизнес-модель канвасына арналған сабақтарда талд-ған негізгі құндылықтармен де сабақтас.
БСҰ-ның бизнес-модель канвасының негізгі құндылықтарынан айырмашылығы — ол бизнесіңіздің
мәнін аз сөзбен жеткізеді, оны тыңдаған тұтынушы бәсекелестеріңізден ерекшелігіңізді,
клиенттеріңізге қай жағынан көмектесе алатыныңызды анық түсінуі керек
«Pillowz.kz» бірнеше БСҰ құрастырды, олар оны алдарына қандай адам ке-луіне байланысты
сұрыптап пайдаланады. Бірінші БСҰ «Орынға алдын ала тап-сырыс беру (броньдау)» деп аталады.
Бұл БСҰ-да тұтынушының «Pillowz.kz» сер-висі арқылы қаладағы тұрғын үйді қалай алдын ала
тапсырыс бере алатыны туралы айтылады. «Қызметтік іссапар ұйымдастыру» атты БСҰ іскер
адамдарға ыңғайлы. Онда іссапарға қажеттінің бәрі кешенді түрде ұйымдастырылады. Олар талап-
тілегін көрсетіп, өтінім қалдырса, болды. Көрсетілген критерийлер көңілдерінен шыққан жағдайда
пәтерді не қонақүйді жалдаушылар өздері ха-барласа береді. «Пәтер не қонақүйді тәуліктік жалдау»
БСҰ алдын ала тапсырыс бермеген адамдарға арналған. Алайда БСҰ-ны естігенде «Pillowz.kz»
сервисі не-мен айналысатынын бірден түсінеді.
1-тапсырма
Командаларыңызбен бас қосып, стартаптарыңызға жасаған бизнес-модель канвасын
естеріңізге түсіріңіздер. «Негізгі құндылық» атты 2-тармағын басшылыққа алып,
өнімдеріңіз үшін 3-5 БСҰ құрастырыңыз.
2-тапсырма
Өніміңізді жарнамалауыңыз үшін плакат жасауыңыз керек болды. Ватман, жапсырма,
түрлі түсті маркер, фотосуреттерді, т.с.с. пайдаланыңыз. Плакатыңызда 1-тапсырмада
құрастырған БСҰ-ыңызды сипаттауыңыз керек.
3-тапсырма
Өзіңіз құрастырған БСҰ-ға сүйене отырып бизнес-модельдің канвасын
толықтырыңыз (2. Негізгі құндылықтар).
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz