Балық өсіру тоғандарының категориялары




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
" Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті "
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
" Технология және биоресурстар " факультеті
" Су ресурстары және мелиорация " кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:Тоған шаруашылығына су тасымалдайтын
топырақтан қазылған каналдың негізгі параметрлерін есептеу

Орындаған: Ахатхужаев Б.А
Тобы :РХ-304
Қабылдаған:Рыскулбекова Л.М

Алматы 2022
Мазмұны:
I.Кіріспе
IІ. Негізгі бөлім
2.1 Балық өсіру шаруашылықтарының типтері. Балық өсіру
тоғандарының категориялары
2.2 Тоған шаруашылықтарының формалары
2.3 Тоғандық балық өсіру шаруашылығындағы айналымдар
2.4 Тоғандардағы су алмасу
2.5 Тоған балық шаруашылығын салуға арналған орынды таңда
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Өндірістік балықтардың бір түрі малинька, олар ұсақ болып,15-20см кемнен кем 60 см
дейін теңгелері майда болады. Олар тек таза суларда өседі және ағындысуларда көбірек
кездеседі.Өте әрекетшең балық болып ,2 метрлік сарқырамаға еркін жүзіп шыға алады.Бұл
балық түрі Қазақстанда Іле малинкасы, Балқаш малинкасы атымен көп өсіріледі.Қазақстандағы
барлық өндірістердің 30% құрайды және өндірістік балық түрі леч карп балығы тұқымдасына
кіреді, оның денесі жалпақ, бойы 30 с м,1,5-2кг дейін барады. Бұл балық Арал көлі балық
өндірісінің 40%-н құрайды. Бұл дәмді балықтың бірі болып, балықтардың ішінде жоғарғы
орнында тұрады.
Орта Азияда сазан балықты білмейтін адам жоқ. Себебі сазан балығы әртүрлі жағдайда өмір
сүруге үйренген.Бұл балық тұзды, тұщы,ағынды, көл суларда да еркін өмір сүреді. Оның бойы
1 метр, салмағы 30кг-ға жуық болады.Ұрықтану уақытыапрель, май айлары. Олардың бізде екі
түрі кездеседі:
•Қарапайым сазан өндірісте.
•Декартив, күміс түсті сазан.
2.1 Балық өсіру шаруашылықтарының типтері. Карп балығын өсіру
тоғандарының категориялары
Қазіргі тоған шаруашылқтарын шартты түрде 2 типке бөледі: жылы жəне
суық сулы. Оның негізінде өсірілетін балықтардың биологиялық ерекшеліктері,
олардың сыртқы орта жағдайлары əсеріне, температураға, гидрохимиялық
режимге жəне т.б. бейімделгіштігі жатады. Жылы сулы шаруашылықта негізгі
өсірілетін объектілерге тұқы, ақ жəне шұбар дөңмаңдай, ақ жəне қара амур,
күміс мөңке, шортан, көксерке, канал жайыны, буффало, бестер, ескектұмсық
жəне тиляпия жатады. Суық сулы шаруашылықтарда құбылмалы бахтахты,
пелядь жəне көкшұбарды өсіреді. Тоғандар қазылған немесе плотина жəне
дамбалар көмегімен салынған болуы мүмкін (1-сурет).

1-сурет. Тұқы тоған шаруашылығының жалпы
кескіні. (Привезенцевтен алынған): 1-карантиндік
тоғандар; 2-су беретін канал; 3-өрістеу тоғандары;
4-өсіру тоғандары; 5-семірту тоғандары; 6-су
төгетін каналдар; 7-су жинағыш қондырғы; 8-
қорған бөгет (дамба); 9–жауыншашын суын
жіберетін арық; 10-аналық тоғандар; 11-қыстау
тоғандары; 12-шарбақтар; 13-шаруашылықтық
орталық.
Балық өсіруші тоғандардың категориялары. Балық шаруашылығы тоғандарын өзінің
қызметіне байланысты 4 топқа бөледі: 1. Сумен қамтамасыз етуші: - бас тоғандар,
жылытушы, тұндыру тоғандары;2. Өндірістік тоған оған келесілері жатады: уылдырық
шашушы, дернəсілдік, өсіруші, қыстау, жайылымдық жəне аналық тоған; 3. Санитарлық –
профилактикалық; 4. Көмекші – шарбақтық тоған (2.1-кесте). Бас тоған – суды толтырып
оны ары қарай өндіруші тоғандардың жүйелеріне беруге арналған. Бас тоғанның орналасуы,
ондағы су айдыны барлық басқа өндіруші тоғандардан биікте болатындай етіп орналасады.
Егер өзенде жүзбе заттар көп болса, онда бас тоған тұндырма тоғанның қызметін атқарады.
Ал, егер оны сумен қамтамасыз ету үшін қолданбаса, онда оны жайылымдық тоған ретінде
қолданады.
2.3 Тоғандық балық өсіру шаруашылығындағы айналымдар

Балықты тоғандарда жəне басқа да ашық су көздерінде өсірген
кезде балықтың түрін таңдау едəуір шамада табиғи-климаттық
фактормен анықталады. Тоғандық балықтарды өсірген кезде балық
өсіру – технологиялық нормативтеріне мекендеу ортасының
температуралық режімінің көрсеткіштері тікелей ықпал етеді. Осыған
байланысты бұрынғы КСРО аумағы жеті балық өсіретін аймақтарға
бөлінген болатын, бұл аймақтар осы уақытта да өзгеріссіз қалды. Бұл
аймақтардың шекарасы ауа температурасы 15°С жəне одан да жоғары
болатын бір жылдағы күндердің санымен сипатталатын
изосызықтармен анықталған. Мұндай күндердің саны солтүстіктен
оңтүстікке қарай əрбір келесі аймақта 15-ке көбейеді. Осы принцип
бойынша Қазақстанның аумағында алты балық өсіру аймақтары
бөлінген (2.2-кесте).
Осы аймақтық нормативтерді Қазақстанның барлық балық өсіру шаруашылықтары
пайдаланады, олар Балық шаруашылығы Комитеті Төрағасының 2005 жылдың 1
сəуіріндегі № 16-6/28п «Құнды балықтардың шабақтарын өсіру жөніндегі уақытша
балық өсіру-технологиялық нормативтерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
Көрсетілген алты аймақта орналасқан тоғандардың балық өсіру өнімділігі бір-
бірінен едəуір ерекшеленеді. Климаттық фактордың əсерінен 2-ші жəне 3-ші балық
өсіру аймақтарында балық тауарлық массасына үшінші жылда, ал қалған аймақтарда –
екінші жылы жетеді.
2.4 Тоғандардағы су алмасу

Балықтардың оттегін тұтынуы орта есеппен сағатына 1 кг салмаққа 8-ден 10 мл-ге дейін
құрайды. Егер осы жылдық шабақтың орташа массасы 30 г болса, онда құйылатын жердегі О2-
нің мөлшері 8 мл/ (л х сағ) жəне шығатын жерде 3 мл/ (л х сағ) болса, онда əр 80 -100 мың
шабаққа 2 л/ сек су беру керек.
Қыс бойы судың келуін, егер ол жеткіліксіз болып, газдық режимді жақсарту қажет болмаса
реттеудің қажеті жоқ.
Суқойманың газдық режимі қыста жəне жазда тұрақты болмайды. Келетін судың
нормативтерін міндетті түрде əр жағдайға бөлек-бөлек отырғызылған балықтың саны мен
массасының негізінде жəне қыстау тоғанына қажетті О2- алмасуы негізінен есептейді. Бұл
алмасу суда еріген оттегінің мөлшерінен құралады. Келетін ағыстың өлшеміне байланысты
тоғанның ауданын келесі формуламен есептеуге болады:

бұндағы, А- тоғандардың ізделіп жатқан ауданы (га); Б- қыстық су ағысы, л/с; В – судың толық ауысымының
мерзімі, тəулік; Г- тереңдік, м; 86400 – тəуліктегі секундтар саны; 1000 – 1м3 -дегі литрлер саны; 10000 – 1
га-дағы м2 саны.
2.5 Тоған балық шаруашылығын салуға арналған орынды таңда

Тоған шаруашылықтарын салғанда жер бөлігін таңдау маңызды орын алады. Бұл фактор
құрылыстың өзіндік құнын жəне шаруашылықтың экономикалық тиімділігін анықтайды.
Тоған балық шаруашылығындағы негізгі гидротехникалық құрылғыларға жататындар:
Плотина – ағып жатқан судың жолына басты тоған жасау үшін көлденеңінен салынатын
құрылыс. Плотинаны əртүрлі құрылыс заттарынан салады: топырақ, тас, ағаш, бетон,
темірбетон жəне болат. Ең кең тараған арзан жəне қарапайымы жерден жасалған плотина.
Жерден жасалған плотина: судың 10 м қысымына есептелсе, төмен қысымды плотина; 10-нан
25 м дейін орташа қысымды; 25 м жоғары қысымды деп аталады.
Жер плотина келесі негізгі элементтерге ажыратылады: плотинаның астыңғы бөлігі -
табаны, плотинаның үстіңгі жиегі - қыры, табаны мен қыры арасындағы биіктік аралық -
плотина биіктігі, бүйір жақтарының шектелуі - көлбеулігі, көлбеулігінің жазықтыққа
проекциясы – табанына көлбеулігі деп аталды.
Сутөккіш арық – жауын-шашыннан жəне су көзінен келген артық суды төгуге арналып,
басты тоған жағына орналастырады.
Суқақпасы - магистральді каналдың басқы бөлігінде орналастырылады. Ол негізінен
реттегішпен (шлюз) жабдықталған, сумен қамтамасыз етілуі механикалық болса - насосты
станцияны білдіреді.
Магистральді каналдар - су көзінен суды тұтынатын жерге дейін əкелетін құрылғылар. Оларды
жерден жасайды кейде, құбырлармен алмастырады.
Су жіберетін каналдар - жерден жасалған тоғандарға су беретін арықтар. Кейде ағаш астаулармен
немесе құбырлармен алмастырады.
Дамбалар немесе шағын бөгеттер - тоғандардың жағалауын қалыптастыру жəне араларын бөлу үшін
жасалады. Оларды топырақты үйіп жасайды. Олар сыртқы пішінін қалыптастырғыш (контурлық) жəне
бөлгіш болып екіге бөлінеді.
Су жинағыш тараптар - тоғанның түбіндегі каналдар жүйесі, тоғандарды судан тазартып олардың
түбін кептіруге арналған.
Сутүбілік су ағызғыштар (монахи) - бұл ағаш, темірбетондық немесе металдық құрылғылар, судың
толық ағып кетуін қамтамасыз ететін немесе тоған суының айдынын реттеуге арналған. Су ағызғыштар
плотина немесе дамбының ең аласа жерлері түбінде орналастырылады.
Аэроторлар - судың газдық режимін жақсартуға арналған құрал. Ол арқылы су шашырап, ауамен
араласып оттегімен қанығады. Жоғарыда айтылғандардан басқа, негізгілері жұмысын 65 қамтамасыз
ететін қосымша гидротехникалық құрылғылар бар. Магистральді каналдардың биіктігін жою үшін
сарқырамалар, тез ақтырғыштар; табиғи жəне жасанды жағдайлар үшін – дюкерлер, акведуктар жəне
көпірлер; сүзгіленген суларды əкететін-дренаждар орналастырылады.
Қорытынды
Қазақстан ауыл шаруашылығы әлемдік нарықтағы өз орнын тек экологиялық таза өнім
мен шикізат өндіру арқылы алатынын атап өтті. Қазіргі таңда дүние жүзінде шешімі қиын
екі мәсле тұр, ол азық-түліктің жетіспеушілігі және биоалуантүрліліктің азайып, яғни
табиғи ортадағы өсімдіктермен жануарлар әлемінің жойылуы. Қалайда болса осы
мәселелердің ерте ме, кеш пе шешімін табу қажет. Дегенмен бұл мәселелердің шешімі екі
жақты. Бірақ табиғи ортадағы балық қорын ауламай-ақ және жоймай-ақ олардың санының
көбеюіне қол жеткізуге болады.
Қара уылдырық және өзінің ет сапасымен танымал карп балықтарының су
айдындарында санынның азаюы кімді де болса ойландыратыны анық. ХХ ғасырда
жүздеген тонналап ауланатын бекіре балықтарының саны қазіргі таңда 10 тоннаға дейін
жетпей отыр. Яғни табиғи суқоймалардағы бекіре тұқымдас балықтарының саны апаттық
жағдайға жетуіне байланысты 2012 жылдан бастап 5 жылдық маратории жарияланды.
Бірақ бекіре балықтары қайта өз деңгейіне жету үшін біраз уақытты талап етеді.
Сондықтан табиғаттың қалыптасуына демеу болатын, бекіре балықтарын қолдан өсіру
жұмыстарының айтарлықтай маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер
•Айнабаева Н.С., Сапарғалиева Н.С., Асылбекова А.С. Аквакультура.
Университеттердің балық шаруашылығы мамандығы бакалавры мен
магистранттарына арналған оқу құралы. –Алматы, ҚазҰАУ. - 199 бет.
•Barakbayev T.T., NNugazy K.Sh., Badryzlova N.S., Fedorov E.V.
Assylbekova S. Zh.Variability of biological traits and fish capacity groups of
three years old Russian sturgeons hatched in ponds/ Journal of Animal and
Veterinary Advances 14 (5): 2015 – р. 315-324.
•The state of world fisheries and aquaculture/FAO, 2014 - 243 p.
•АРАКБАЕВ ТЫНЫСБЕК ТЕМИРХАНОВИЧ Қазақстан
Республикасының 6 - балық өсіру аймағындағы тоған шаруашылығы
жағдайында бекіре және тұқы балықтарын поликультурада өсіру
тиімділігі 2016ж.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысының балық өңдейтін зауыты
Балқаш
Балық зауыттары
Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Халықтың қызыл балық деп жүргені бекіре тұқымдас балықтар
Балық өңдеу
БАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫМЕН КҮРЕСУ
Тауарлы балық
Жүзу жарғағының қабынуы
Сазан бүл ауруға біршама төзімді
Пәндер