Стартапты дамытуға арналған коммуникацияның офлайн арналары
Презентация қосу
№11 Сабақ: «Стартап-жобалардағы коммуникация
арналары»
Автор: Жұлдызбаев Н.Е., Мырзақұлов Б.Б.
Проектный офис ОПИБ
Сабақ мақсаттары:
• «Ақпарат тұтынушыға қалай (қандай арналар арқылы)
жеткізіледі?» деген сұраққа жауап беру.
• Коммуникация арналарын таңдауының себебін түсіндіру.
Стартап-жобалардағы коммуникация арналары
Өткен сабақтарда тауарыңызға кімдер қызығатынын анықтап, бірегей сауда
ұсынысын әзірлеуге дағдыландыңыздар. Сол арқылы стартабыңыздың басқалардан
ерекшелігін түсіндіңіздер. Енді БСҰ-ңыз туралы ақпарат беріп, тұтынушылардың
қызығушылығын тудыру қажет.
Ол үшін не істеу керек?
Стартабыңызды қандай ақпарат арналары насихаттаған ыңғайлы болады?
Бүгінгі сабақта осы сұраққа жауап
беруге тырысамыз.
Онлайн және офлайн
Бизнестің дәстүрлі схемасы бойынша әуелі өндіруші бір тауарды шығарады,
кейін ол дүкен сөрелеріне жеткізіліп, тұтынушылар оны сатып ала бастайды.
Бұл схема бойынша, бизнестің құрамдас бөліктерінің бәрі нақты болатын:
дүкен сөрелеріне нақты тауар әкелінеді, нақты тұтынушылар нақты
дүкеншімен сөйлесіп, нақты затты нақты ақшаға сатып алатын. Уақыт өте
келе тауардың түрі өзгереді, нақты өніммен қатар виртуалды өнімдер де
сатыла бастайды. Мысалы, сақтандыру құжаты, концерттің билеті не ұшақ
билеттері, т.с.с. Сақтандыру полисі арқылы қандай да бір қатер туындаған
жағдайда сақтандырушы тараптың бүкіл шығыны өтелетініне кепілдік
беріледі.
Стартапты дамытуға арналған коммуникацияның офлайн
арналары
Өніміңіз туралы ақпаратты жеткізудің жолы көп: көшеде парақша тарату,
радио арқылы жарнамалау, баннерлер ілу, кафеде тауарыңыз
жарнамаланған холдер орнату, алаңқайдағы тақтаға хабарландыру ілу,
аниматорлар жалдап өніміңізді көшеде жарнамалау, тауарыңыздың
жарнамасын автокөліктерге жапсыру, тұтынушылар тауарыңызды ұстап
көре алатындай болуы үшін жарнама акцияларын ұйымдастыру, т.с.с.
Қиялыңызға қарай түрлендіре беруге болады. Ескеретін нәрсе —
коммуникация арнасы тұтынушыларға ыңғайлы болуы керек. Ол
жайында өткен сабақта да айтқанбыз.
Енді коммуникацияның ең көп таралған офлайн арналары жайында
сөз етейік:
1. Коммуникацияның ең негізгі арнасы — дүкен не компанияның кеңсесі. Бизнесмен тауар не
қызметін қалай ұсынатынын нақтылап алуы керек: кеңсесінен тарата ма, серіктес дистрибьюторлар
арқылы жеткізе ме әлде тауарды дүкенге апармай-ақ бірден тұтынушыға жеткізу үшін қойма керек
бола ма? Дүкен не кеңсенің қай жерде орналасатыны тауарыңыз бен БСҰ-ға байланысты болады. Сән
салоныңыз болса, клиенттердің көзіне түсіп, кіруге ыңғайлы болуын ескеруіңіз керек. Топтап сатып
алушыларға арналған техникаңыз болса, қойманы қаланың шет жағына орналастыруыңызға болады. Ол
жақта жалға алу да арзанға түседі.
2. Газет-журналдағы мақала. Тұтынушыларыңыз газет-журналды көбірек оқитын болса, өніміңіз
туралы ақпаратты сонда жариялауыңызға болады. Міндетті түрде жарнамалаудың қажеті жоқ.
Жүгіруге арналған киімді қалай таңдау керек екені (спорт дүкеніңіз болса) немесе жаттығу кестесі
қандай болуы керек екені жөнінде (фитнес орталығыңыз болса) айтып беруіңізге болады.
3. Визит карточкалары. Әртүрлі іс-шараларда адамдармен кездесіп, өзіңіз туралы
айтып, әңгімелесушілерге тарату үшін визитка басып шығаруыңызға болады. Осылай
олар сізді жақсырақ есте сақтайды. Егер олар біршама уақыттан кейін қызметтеріңізді
пайдаланғысы келсе, сізді тез тауып алады. Мысалы, сіз қалаңыздағы жаңажылдық
жәрмеңкеге қатысасыз. Қазір барлық пайдаланушыда сіздің тауарыңызды сатып алу
мүмкіндігі болмаса да, олар қазірдің өзінде сатып алу тізімін жоспарлап қойған және
сіздің визиткаңыз оларға қандай да бір уақыттан кейін сізді іздеу үшін қажет болады.
4. Стикерлер немесе жапсырмалар. Сіз брендті жапсырмалар басып, оны әлеуетті
пайдаланушыларға тарата аласыз. Жапсырмалар қызықты болса, олар
жапсырмаларды өз заттарына қуана-қуана желімдеп алады, содан кейін оларды
қоршаған басқа да әлеуетті пайдаланушылар көре алады.
6. Кездесулер мен семинарлар өткізу. Қалаңызда өтетін тақырыптық кездесулер
аясында өз семинарларыңызды өткізуіңізге болады. Мысалы, стартаперлер
конференцияларында өзіңіз туралы айтуға немесе пайдаланушыларыңызға өз
білгеніңізді үйретуге болады. Мұндай кездесу сіз тұратын қалада болса, бір
кафеде немесе коворкинг алаңында жиналып. әңгімелесуге болады. Сіз туралы
ақпарат беретін мобильді қосымша жасауыңызға болады. Семинар тақырыбына
келетін болсақ, «Балаларға арналған бағдарламалау негіздері» тақырыбы — өте
өзекті
7. Тауарларды брендтеу. Әлеуметтік желілерде немесе веб-сайтта
аккаунтыңызды көрсету арқылы брендіңіз таңбаланған блокнот, қалам, магнит,
кружка, майка және т.с.с. жарнамалық заттар шығара аласыз. Сіз оларды сатып
алу кезінде тауарға қосып беруіңізге болады, іс-шараларда және басқа
орындарда тарата аласыз. Брендтелген өнім қызықты болса, адам оны пайдалану
арқылы басқа адамдарға да тауарыңызды жарнамалайды
8. Қоңыраулар. Әлеуетті клиенттеріңізге қоңырау шалып, өніміңіз туралы айтып
беруге немесе оны сатып алудың науқандық шарттарын ұсынуыңызға болады.
Әңгімелесушілер әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан әртүрлі жағдайда не айту
керегін, қалай айту керегін білу үшін және шыдамыңыз таусылмас үшін әртүрлі
жауаптың скриптін дайындап алғаныңыз жөн.
9. Афишалар. Афиша нұсқалары өте көп — баннерлер және қаладағы
жарқыраған дисплейлер, үйлер маңындағы хабарландыру тақтасындағы жарнама
афишалары және т.б. Сондай-ақ, кеңсеңізде ілінген жеке баннер де афиша болуы
мүмкін. Шағын афишаларды клиенттеріңіз көп жиналатын жерлерде — кафе,
кинотеатр, саябақ және т.с.с. орналастыруға болады. Афишаны орналастыру өте
қымбат тұрады, бірақ сіз кез келген іс-шарада баннер орналастыруға тырысыңыз,
оның орнына бартер түрінде қызметтеріңізді ұсына аласыз
10. Сауда көрмелеріне, жәрмеңкелерге және
фестивальдарға қатысу.
Әр қалада әртүрлі сауда көрмесі өтеді, оларға ең
шағын компаниялар да қатыса алады. Әсіресе, мұндай
көрмелер мерекелер алдында немесе демалыс күндері
көп өтеді. Жақын арада сіз тұратын маңайда қандай
фестивальдар немесе жәрмеңке болатынын біліп,
оларға қалай қатысуға болатынын ойластырыңыз.
Стартапты офлайн жылжыту мысалы
Pillowz.kz стартапы виртуалды жылжыту арналарына көп көңіл бөледі, ол туралы
біз келесі сабақта айтамыз, себебі Рillowz.kz өнімінің өзі виртуалды. Дегенмен олар
кейбір офлайн арналарын да пайдаланады. Олардың біріншісі — түрлі іс-шара мен
акселерациялық бағдарламаларға қатысу. Асылбек Қошқаров өзінің стартапы
туралы айтып бере алатын түрлі іс-шараға аптасына екі рет қатысу немесе бизнес-
кездесу ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Асылбек Pillowz.kz-ті ұсынған
алаңдардың арасында — Алматы әкімдігі, Invest Day, Go Viral конференциясы, Tech
Garden кластері, MOST бизнес-инкубаторы, SmArt Point коворкинг орталығы, Visit
Almaty туристік ақпарат орталығы, Алматы қаласының туризм басқармасы және т.б.
бар. Барлық іс-шарада Асылбек өзінің визит карточкаларын таратады
1 Тапсырма
Стартаптарыңыздың командаларын жинап, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Стартабыңызды өнімнің/қызметтің қандай түрі дамытады? Виртуалды әлде заттай түрі ме?
2. Сіз қандай офлайн коммуникация арналарын пайдалана аласыз? Неліктен? Олар клиенттеріңіздің
қандай сегменттері үшін қолайлы? Стартапыңыз үшін кем дегенде бес офлайн коммуникация
арнасын сипаттаңыз, клиенттердің қандай түріне есептелгенін және неге олай екенін көрсетіңіз.
Ыңғайлы болуы үшін төмендегі кестені толтыра аласыз:
Офлайн коммуникация Тұтынушылардың Сипаттамасы
арнасы сегменті
2-тапсырма
Сіз жазып шыққан офлайн коммуникация арналарына
сүйене отырып, өз бизнес-моделіңіздің канвасын
толықтырыңыз (3-тармақ «Арналар»)
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz