Шешендік шеберліктің маңызы



№1 Сабақ «Питчинг»
«Сөйлей алмайтын адам мансапқа жете алмайды»
Наполеон

Құрметті 11-сынып оқушылары!
Қазіргі заманда әлемде бастаушы бизнесмен-стартаперлерге бизнес-жоба құру,
менторлардан көмек, кеңес алу, дағдыларын жетілдіретін бизнес-акселераторлар
бар. Осындай акселераторлар университет шеңберінде де жұмыс істейді. Ал сіздердің жолдарыңыз болды: осының бәрін мектеп қабырғасынан шықпай-ақ, осыған ұқсас бағдарламаларды іздеуге қосымша уақыт пен күш жұмсамай-ақ үйрене аласыздар. Сіздерге жоғарғы оқу орнына барғанша күтудің қажеті жоқ. Бүгінгі сабақтан бастап-ақ бизнесмен болуға машықтанасыздар! Курсты оқу барысында кәсіби маман ретінде жетіліп, алған білім-дағдыларыңыз, жаңалықтарыңыз мектеп қабырғасынан шыққан соң пайдалы болады.

Сабак мақсаттары:
Кәсіпкер (стартапер) үшін питчингтің мәні мен мағынасын түсіну.
Оқу-ойын жағдайында өз идеяларын іске асыру үшін питчинг дағдыларын қолдану.

Шешендік шеберліктің маңызы
Әдемі сөйлей білетін, шешендік өнерді толық меңгерген адамды кез келген қоғамда құрметтейді. Бұрынғы заманда да осы шеберлікке үйрететін мектептер болған, шешендік шеберлік біртіндеп нақты ғылымға айнала бастады. Кез келген жерде (қоғамда, отбасында, достар арасында, мектепте, универ-ситетте, қызметте) адамдармен қарым-қатынас құру үшін шешендік шеберліктің маңызы зор. Сондықтан дұрыс сөйлей білу қажет.

Өзіне сену
Өзіне сену - табыстың маңызды факторы. Өз күшіне сенімді болу жеткілікті ме? Бұл сұраққа белгілі психолог Брайан Трейсидің формуласы жауап береді:
Формуладан көрініп тұрған дай, табысқа жетуге үш фактор әсер етеді:
Сенімділік,
Тума талант
Алған білім
Егер адамның таланты мен білімі болғанмен (50-де
50%), өзіне сенімділігі болмаса, мына формула шығады:
0 × (50 + 50) = 0

Кәсіпкерліктегі шешендік өнер
Коммерциялық қызметте шешендік өнер ерекше маңызды. Сайып келгенде, қандай да бір мәміленің нәтижелі болуы бизнесменнің шешендік қабілетіне байланысты. Өз өніміңізді өңдеуге тез арада қаражат қажет болып, бірақ бюджеттегі қаражат тапшы болған жағдайда команданы сақтап қалу әрі макетті әзірлеп шығу үшін қосымша салым қажет болады. Бизнесмен қаржыгердің не демеушінің көзін жеткізіп, қосымша қаржы таба алады не серіктесті жобаға тартады. Стартапер шешен болмаса, питчинг болмаса, ондай мәміле жасай алмайды.

Питч - ықтимал серіктестерге не инвесторларға жобаның презентациясын қысқа да нұсқа түрде сипаттау.
Питчтің мақсаты - инвесторды қызықтырып, ақша қаражатын тарту. Сөз сөйлеуге санаулы минутттар ғана берілетіндіктен, ол өте табысты болуы керек.
Енді питчинг дегеніміз не?

Ұзақтығы бойынша питчті үш түрге бөледі:
Elevator Pitch
Idea Pitch(3 минут)
Funding Pitch(7-10 минут)
Сөзге аз уақыт қана берілетіндіктен, ол қысқа да нұсқа болуы қажет. Сапалы питчтің өзіндік құрылымы болады әрі ол нақты логикалық бөлімдерден тұрады. Уақыт тығыз болған сайын бөлімдері де аз болады.

Elevator Pitch (1 минут) - лифтіде инвестормен жасауға болатын жобаның ең қысқа таныстырылымы. Уақыт тек үш бөлікке ғана жетеді: мәселе, шешім және жобаны монетизациялау мүмкіндігі. Әлбетте, «лифтідегі питч» кезінде бизнесмен инвесторды қызықтырып, оны жобаға қаражат салуға ынталандыру керек.

Idea Pitch (3 минут) жобаның атауынан, проблемадан, шешімнен, нарық өлшемінен, бизнес-модельден, командадан, қорытындыдан және байланыстардан тұрады.
Ол келесі элементтерден тұрады:
Жобаның аты.
Мәселе.
Шешімі.
Нарық көлемі.
Бизнес-модель.
Команда.
7. Қорытынды. Инвесторлар жадында қалуы тиіс ең маңызды сәттерді айту және өз байланыстарын көрсету.
Notes: Idea Pitch (3 минуты) состоит из наименования проекта, проблемы, решения, размера рынка, бизнес-модели, команды, заключения и контактов. Он состоит из следующих элементов: 1. Имя проекта. Не стоит тратить время на представление себя и рассказ обо всех членах команды, это стоит оставить на специально выделенную часть презентации. Вначале стоит ограничиться лишь названием проекта. 2. Проблема. Лучше всего преподносить её в виде истории, во время рассказа которой у инвесторов возникают ассоциации и визуальные образы проблемы. 3. Решение. Просто, кратко и доступно объяснить решение проблемы и его отличительные особенности по сравнению с уже имеющимися аналогами, если таковые есть. 4. Объём рынка. Показать общий объём рынка, часть рынка, которую стартапер планирует получить, и целевую аудиторию на данном этапе существования проекта. 5. Бизнес-модель. Продемонстрировать, как проект будет генерировать деньги, откуда они идут, сколько ориентировочно прибыли проект будет приносить в год и, самое главное, откуда берутся представленные цифры, почему были сделаны именно эти предположения. 6. Команда. Рассказать о специалистах, которые есть в команде, об их достижениях. 7. Заключение. Сказать самые важные моменты, которые должны остаться в памяти инвесторов, и указать свои контакты.

Funding Pitch (7-10 минут) Idea Pitch-тің барлық бөліктерін, сонымен бірге бәсекелестердің сипаттамасын, жоспарларды, не жасалғаны және жалғастыру үшін қанша қаражат қажет екені туралы деректерді қамтиды.

Питч кезінде не айтуға болады?
Жоба қандай мәселені шешеді?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz