Сатып алушылар санының өзгеруі


Slide 1

№11 Сабақ: «НАРЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ»

Авторы: Жулдызбаев Н. Е., Мырзакулов Б. Б.

Проектный офис ОПИБ

Slide 2

Сабақ мақсаттары:

Сұраныс пен ұсыныс заңдарын түсіну;

Сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларды білу

Slide 3

НАРЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ

Алдыңғы сабақтарда біз тауар өндірісі үшін қандай ресурстар мен факторлар қажет екенін және олар өз иесіне қандай табыс әкелетінін қарастырдық. Бірақ тауар шығармастан немесе қызмет көрсетпестен бұрын біз сол өнімдерге сұраныс бар ма деген мәселені анықтап алуымыз керек. Ол үшін нарықтың қызмет ету механизмін түсінуіміз қажет және осы сабақта соны талқылаймыз. Нарықтық механизмнің негізгі элементтері сұраныс, ұсыныс және бәсеке болып табылады.

Slide 4

Сұраныс пен сұраныс заңы

Сұраныс тұтынушылардың қандай да бір тауарды немесе қызметті сатып алу ниетімен анықталады. Бірақ экономикадағы сұранысты тек қана сатып алушылардың қалауы негізінде анықтау жеткіліксіз әрі ол көп қателікке ұрындырады

Сұраныс - төлемқабілетті болуы тиіс. Демек, сұраныс - бұл тұтынушының белгілі бір уақыт кезеңінде белгілі бір баға бойынша тауардың немесе қызметтің белгілі бір мөлшерін сатып алуға деген ниеті мен мүмкіндігі.

Slide 5

НАРЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ

Сұраныс көлемі - бұл белгілі бір уақыт кезеңінде берілген нарықта сатып алушылардың сатып алғысы келетін және сатып алу мүмкіндігі бар тауар саны.

Ал сұраныс бағасы - бұл белгілі бір уақытта сатып алушылардың беруге дайын құны.

Slide 6

Сұраныстың өзгеруі, оның өсуі немесе азаюы бастапқы сұраныс қисығының жаңа жағдайында көрініс табады. Мысалы, сұраныстың өсуі кірістердің ұлғаюы салдарынан D сұраныс қисығын оңға жылжытады, ал табыстардың азаюы сұраныстың төмендеуіне әкеледі. Бұл жағдайда сұраныстың қисығы солға жылжиды.

Slide 7

Сұраныс қисығының жылжуына қандай факторлар әсер етеді, яғни сұраныстың ұлғаюын немесе азаюын тудыратын факторлар қандай?

Slide 8

Сатып алушылардың табыс деңгейі

• Бұл фактордың әсерін біз бұрын талдаған болатынбыз. Ендігі жерде сатып алушылардың табысының өсуі тауарлардың түрлеріне байланысты сұранысқа әртүрлі әсер ететінін нақтылауымыз қажет. «Күнделікті сұраныс» тауарлары мен «бағалы заттар» тауарлары бар. Халықтың табысы ұлғайған кезде «қымбат заттарға» деген сұраныс ұлғаяды.

Тұтынушылардың талғамы мен қалауы

• Тұтынушылардың талғамы мен қалауы жиі өзгереді. Олар сәтті ұйымдастырыл ған жарнамалық кампанияға, тауарды өткізуді ынталандыруға байланысты маркетингілік іс-шараларға, өндірістегі жаңа өнімдердің пайда болуына, сәннің өзгеруіне, жылдың маусымына байланысты.

Slide 9

Егер ұқсас және толықтыратын басқа тауарларға бағалар өзгерсе

• онда өзара алмастырылатын және бірін бірі толықтыратын тауарларға деген сұраныс өзгеретін болады. Осыған байланысты өзара алмастырылатын және бірін бірі толықтыратын туарлар арасында айырмашылық жүргізу қажет.

Өзара алмастырылатын тауарлар -бұл бірдей қажеттіліктерді

қанағаттандыратын тауарлар тобы (мысалы, Пепси мен Coca-Cola сусыны)

Бірін бірі толықтыратын тауарлар - бұл бір-­бірін

толықтырып тұратын тауарлар, яғни біреуін екіншісіз

тұтына алмайтын тауарлар (мысалы, бензин мен автокөлік)

Slide 10

Тұтынушылардың табыс пен бағаның өзгеруін күтуі

• Тауарларға сұраныс адамдардың табыс пен бағаның өзгеруін күтуіне байланысты да өзгерістерге ұшырайды. Егер алдағы айда жалақының көтерілуі туралы шешім қабылданса, онда адамдар табысы өскенге дейін тауарларды көбірек сатып ала бастайды. Олар өз жинақ қорларындағы қаражаттың белгілі бір бөлігін жұмсауға тәуекел етеді және бұрын кейінге қалдырып келген заттарын сатып ала бастайды. Ал бұл үрдіс өз кезегінде тауарларға деген сұраныстың өсуіне әкеледі. Осындай әсер бағаның немесе инфляцияның өсуіне алып келеді. Бұл жағдайда адамдар тауарларды жаппай сатып ала бастайды да, жақын арада құнсызданады деп күтіліп отырған ақшаны жұмсауға тырысады. Соның салдарынан қымбат немесе арзан екеніне қарамастан тауарларға деген сұраныс өсе бастайды

Slide 11

Сатып алушылар санының өзгеруі

• Егер сатып алушылар санының өсуі болса, сұраныс өседі. Мәселен, егер балмұздақ сату дүңгіршегін мектеп ғимаратының қасына қойып сауда жүргізсе, жанынан өткен көптеген оқушылар үзіліс кезінде алыс дүкендерге бармай-ақ тәтті балмұздақты сол дүңгіршектен сатып ала бастайды. Бұл жағдайда балмұздаққа сұраныс артады. Немесе бала туу санының артуы балаларға арналған тауарлар ассортиментіне сұраныстың өсуіне әкеледі.

Slide 12

Төменде берілген сұрақтарға жауап беру үшін бұл факторларды кез келген өнімді өндіру кезінде ескеру қажет:

«Артық тауар қалмайтындай етіп, нарық қажеттілігін қанағаттандыру үшін қанша тауар өндіру қажет?» (бұл әсіресе, тауар тез бұзылатын болса аса маңызды: мысалы, көкөністер немесе сүт өнімдері) ;

«Сатып алушылардың қалауына сай және олар сатып ала алатын тауар қанша тұрады?» (егер баға тым төмен болса, пайда азаяды, ал тым жоғары болса - тұтынушылардың белгілі бір бөлігі оны сатып ала алмайды)

Slide 13

Ұсыныс және ұсыныс заңы

Егер сұранысты сатып алушылар мен тұтынушылар қалыптастырса, онда бұл сұранысты қанағаттандыратын өндірушілер, сатушылар немесе кәсіпкерлер ұсынысты қалыптастырады.

Slide 14

Ұсынысқа әсер ететін факторлар

Нақты өмірде ұсыныс тек өндірілетін тауар бағасының өзгеруі әсерінен ғана өзгереді деп. айта алмаймыз. Себебі берілген тауар бағасының өзгеруіне байланысты емес, ұсыныстың өсуін немесе азаюын туындататын бірқатар факторлар да бар.

Ұсынысқа әсер ететін тауар бағасынан бөлек факторларды қарастырайық:

Slide 15

Ресурстар бағасы

• Мысалы, өндірушілер өз өнімдерін өндіру үшін арзан шикізатты сатып алады деп болжайық. Оны сатып алу шығындары аз болғандықтан, шығарылатын бұйымдарға бұрынғы бағалар кезінде, әр түрлі бастапқы шығындар деңгейі бар өндірушілерге қарағанда сол өнімді көбірек шығаруға мүмкіндігі артады.

Өндіріс технологиясындағы өзгеріс

• Егер қол еңбегі машиналармен алмастырылса еңбек өнімділігі артады және сәйкесінше, тауардың ұсынысы өседі, S ұсыныс қисығы оңға жылжиды

Slide 16

Салық және дотация

• Өндірушілер салықтардың ұлғаюын өндіріс шығындарының өсуі ретінде қарастырады. Пайда салығын шамадан тыс ұлғайту өндірісті қысқартуға әкеледі, өйткені оны өндіруден түсетін пайда көлемі азаяды. Ұсыныс қисығы солға жылжиды.

Дотация - бұл «шығындарға керісінше» әрекет. Дотацияларды төлеу елдің белгілі бір аймақтарында өндірісті немесе жекелеген тауар өндірісін ынталандыру мақсатында жиі жүзеге асырылады. Дотациялар ұсыныстың өсуіне және ұсыныс қисығының оңға жылжуына әкеледі

Slide 17

Басқа тауарлар бағасы

• Бір тауардың бағасының өсуі көбіне басқа тауарға деген ұсыныстың өзгеруіне әкеледі. Мәселен, йогурт бағасының өсуі айран өндірушісінің йогурт өндірісіне ауысуына ықпал етеді де, соның салдарынан айранға деген ұсыныс азаяды. Оның ұсыныс қисығы солға жылжиды.

Өндірушілер санының өсуі

• Біртекті тауар өндіретін фирмалар санының артуы ұсыныстың өсуіне алып келеді және ұсыныс қисығын оңға жылжытады

Slide 18

Ұсыныс қисығының қозғалысы

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі сату арналарының құрылғысы
Менеджменттің жоспарлау қызметі
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Сұраныстың қисығы
Тұтынушылар табысының өзгеруі
Нарық ұғымы, құрылымы, түрлері
Сұраныс икемділігінің түрлері
Бәсекенің пайда болу шарттары
Маркетингтің теориялық негіздері және тұжырымдамалары туралы
Монополияның түрлері табиғи монополия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz